Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбы үшін


Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер



бет27/63
Дата28.01.2024
өлшемі2.5 Mb.
#490068
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63
Бастауыш оқу бағдарламалары №266 бұйрығы 08.04.2016

3. Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер



  1. Құндылықтарға бағытталған ұстаным. Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған ұстаным оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықтарға бағытталу – ол тұлғаның өз әрекетінде жекелеген құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарда бағдарлану қабілеттілігі) қабілеттілігі (қасиеті), және оларды өзінің әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі. Құндылықтарды жүзеге асыру дегеніміз құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні қоғамда сәтті әрекет ету үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, жүріс-тұрысты қалыптастыруда көрініс табады.

  2. Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен өзін-өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны ынталанырудың өте маңызды факторы ретінде жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттерді бағдарлайды. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары орта білім беру құндылықтарының негізі болып табылады. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойы оқып-үйрену - орта білім берудің құндылықтары ретінде белгіленді.

  3. Тұлғаға бағытталған тәсіл. Тұлғаға бағытталған тәсілдің мақсаты оқу процесін дараландыру, оқу процесінде тұлғаны, оның жеке психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен жүріс-тұрыс уәждерін, әлеуетті қабілеттіліктерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу.

  4. Іс-әрекеттік тәсіл. Іс-әрекеттік тәсілдің негізгі мазмұны – оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегінде білімдердің, біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған:«біледі», «түсінеді», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды».

  5. Саралап оқыту тәсілі. Саралап оқыту тәсілі - оқу процесін оқушылардың әртүрлі топтарына мамандандырылуын, оқушылардың жеке қабілеттіліктерін ескеру мақсатында әртүрлі топтарға түрлі жағдайларды жасауды көздейді. Саралап оқыту тәсілі әртүрлі оқушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану - сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады.

  6. Коммуникативтік тәсіл. Білім берудегі коммуникативтік тәсіл дегеніміз ақпаратты тарату мен жариялауда, білім, білік және дағдылармен алмасуда екіден асатын адамдардың сөйлеу арқылы атқарылатын әрекеттесу процесі. Коммуникативтік тәсілдің нәтижесі болып тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі, яғни тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана және қатынас жағдайына сай тиімді қатынас жүріс-тұрысын таңдай отырып, түрлі жағдайларда қатынас әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу және алмасу қабілеттілігі болып табылады. Коммуникативті тәсілге сәйкес ұйымдастырылған оқу процесі қатынасу икемділікті қалыптастыратын тапсырмаларды және шынайы қатынас жағдайларына сай жұмыс режимдерін (жұптық және топтық жұмыстарды) кіріктіру керек.

  7. Ортақ тақырыптар арқылы оқыту. «Жаратылыстану» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының жақын аймағынан, яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. 6-7 жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.

  8. Ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту. Оқу процесінде білімді меңгертуде оқу әдісі ретінде ойын іс-әрекетін қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық ойын технологияларының басты элементтері – ойын алдында оқушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады, оқу материалы ойынның құралы болып табылады. Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі арқылы, олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін сыйлауына, әртүрлі өнімді іс-әрекет негізінде соңғы нәтижені алдын-ала көре білуіне, өздік іс-әрекетін жоспарлауына, мақсатқа жету амалдарын таңдауына мүмкіндік беріледі.

  9. Жобалық тәсіл. Оқу жобасы – оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешу жөніндегі нәтижелерге қол жеткізуіне бағытталған оқу-танымдық әрекеті. Ортақ мақсатымен, келісілген әдістер мен іс-әрекеттердің реттілігімен, кеңейтілген шешімдер мен белгілі тәсіл бойынша рәсімделген нәтижелермен сипатталады. Бұл әдіс білім алушының өз алдына жеке проблема қойып, оны шешудің өзіндік жолдарын табуымен сипатталады. Бастауыш мектепте жобалау әдісі білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бірақ, жобалау іс-әрекетінің алгоритімі (жоба – мұғалімнің көмегімен білім алушының маңызды проблеманы шешудегі өзбетіндік іс-әрекет кешені) толығымен сақталады. Бөлім мазмұнымен танысу аясында білім алушылардың ұжымдық/топтық жобалар бойынша жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру сабақпен шектелмейді, сондықтан да сабақ-сабақтан тыс интеграцияда қарастырылады.

  10. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және коммуникацияда сенімді және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ның негізгі дағдылары арқылы қалыптасады;
2) оқушылар өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында дамытады. Яғни, АКТ-ны пайдалана отырып ақпаратты табу, құру, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды және жетілдіреді;
3) бұл «Жаратылыстану» пәні бағдарламасында төмендегідей жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады:
БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;
дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;
сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды таңдап, өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;
сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу;
ақпаратты құру және өңдеуде АКТ-ы пайдалану;
заңдылықтар мен тенденцияларды зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру;
басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;
электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысу арқылы, басқа оқушылармен және мұғалімдермен әртүрлі байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;
интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану;
аяқталған жұмысты мектеп шеңберінде және өзге орталарда мультимедиялық таныстыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет