3. Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей) «білім алу жолдарын білетін», ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі педагогикалық тәсілдемелер мен технологиялар қолдана алады. Атап айтқанда, олар:
оқытудың коммуникативтік (қатысымдық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);
2) зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін?, нені білгім келеді?, нені үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
3) жүйелі-әрекеттік тәсілдеме;
4) дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);
5) саралап оқыту технологиясы (оқушыларды қабілеті, мүмкіндігі, ерекшелігіне қарай оқыту).
«Қазақ тілі және әдебиет» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:
1) мұғалім мен оқушының «субъект-субъект» дидактикалық қатынаста білім іздеу процесіне бірдей енуі;
2) оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану; оқу проблемаларын шешудің әдіс-тәсілдерін оқушыларға дамыта оқыту ұстанымына сай жолмен құру және көрсету;
3) оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту;
4) ойын әдісі;
5) «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» арқылы қолдау жасау;
6) сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
7) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру;
8) тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттеріне (түрлі шығармашылық жұмыстар жасау) ынталандыру;
9) оқушылардың білімін жүйелі түрде мониторингілеу;
10) оқушыларды зерттеушілік әрекетке және зерттеушілікке негізделген белсенді оқуға ынталандыру;
11) оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді);
12) оқушылардың оқу әрекетін жеке, жұптық, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға үйренеді);
13) оқыту барысында «не білемін?, не білгім келеді?, нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру.
Басты назар білім мен сол білімді қолдану процесіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен табыс критерийлерін алдын ала белгілеу керек.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытуда келесі ұстанымдарды басшылыққа алу қажет:
1) оқушыны қатесі үшін жазалап оқыту емес, қателерін түзету үшін оқыту;
2) өз ойларын еркін айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беру.
28. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (әрі қарай – АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және қарым-қатынасында технологияларды орынды және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны қолдану дағдылары арқылы қалыптасады.
29. Ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу, мәліметтермен, ой түйіндерімен алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең мүмкіндіктерін пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру арқылы оқушылар АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған оқу бағдарламаларын меңгеру үрдісінде дамытады.
30. Бұл «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасында төмендегідей көрініс табады:
1) оқытудың сапасын арттыру үшін сабақта жаңашыл әдістер мен ақпараттық технологияларды пайдалану;
2) Интернет ресурстарымен жұмыс жасайды (мысалы, веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті материалды іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру және сақтау);
3) мәтін және слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан күрделірек бағдарламаға көшу (Word, Power Point);
4) ақпаратты өңдеп, электронды түрде жеке құжат ретінде сақтау үшін жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;
5) электронды оқулықтарды пайдалану;
6) тақырыпқа байланысты медиақұралдарды қолдану;
7) ақпаратты саралап, зерттей алу.
31. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – жеке тұлғаны әлеуметтендіру, яғни түрлі әлеуметтік топтармен тіл табысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін ынталандырушы және қолдаушы ортаны құра отырып, қажетті тілдік дағдыларды дамыту керек. Мұндай ортада оқушылар тілдесімнің түрлі формаларын қолдана отырып, өз пікірін еркін білдіре алады. Оқыту процесінде оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым-қатынасында тілді сауатты пайдалануын ынталандыру қажет.
32. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
1) тыңдауға, мазмұнын түсінуге әр түрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну;
2) мәтінді қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;
3) тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;
4) мәтін бойынша жоспар құру;
5) тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
6) мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу;
7) мәтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтау;
8) мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;
9) ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;
10) жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру;
11) жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, «Бағытталған оқу», «Бірлесіп оқу» және «Бағытталған жазу», «Бірлесіп жазу»);
12) берілген тақырып бойынша диалог құрастыру.
33. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
1) көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;
2) интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалар дайындау);
3) мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөліміне сүйене отырып, оқиғаның дамуына болжам жасау;
4) әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау);
5) көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;
6) мәтіннің негізгі ойы мен бөлімдерін анықтай отырып оқу;
7) ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу;
8) кітапқа ауызша және жазбаша шолу жасау;
34. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
1) тыңдалған және оқылған мәтіннің қысқаша мазмұнын, фильм мен кітаптан алған әсерлерін жазу;
2) таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу
3) әдеби шығармадан алынған көркем, бейнелі сөздерді жазу;
4) әдеби шығармадағы жаңа сөздерден сөздік құрастыру;
5) газет-журналдарға шағын хабарлама/мақала жазу;
6) белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау;
7) әдеби шығарма мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;
8) ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру;
9) сұрақтар дайындау.
4. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды
бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз
байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан
тұрады.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процесін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу бөлімін оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |