«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлімі



бет2/2
Дата15.12.2023
өлшемі128.79 Kb.
#486663
1   2
Нашақорлық ғасыр дерті

ІІ жүргізуші: Қазір ББ-Б-22 оқу тобының студенттері Денсаулық сақтаудың маңыздысын айтатын болады.


І жүргізуші: Адам баласын бойында өзін-өзі сақтандыратын қасиеттер болады. Соны дұрыс пайдаланған жөн. Әйтпесе нашаға елігіп, бір сәттік рахат сезімге алданып, соның зардабын өмір бойы тартуы мүмкін.
ІІ жүргізуші:
«Шылымның адам өміріне зияны»
Мидың жұмысын бұзады.
Есті жоғалтады.
Сөйлеу қабілетінен айырлады.
Қарым-қатыныс бұзылады.
І жүргізуші: Келесі кезекте жағдаят сұрақтар:

  1. Адам темекіні бір рет тартқанда қандай күйде болады? Осыдан кейін тағыда тартқысы келедіме, жаман әдетті неге тастап кетпейді?

  2. Барлық адам темекінің зиян екенін біледі, бірақ оны неге тоқтатпайды?

  3. Біздің ағзамызға темекі шегу қаншалықты қауіпті?

  4. Қазіргі қыздар шылым шегуге неге құмар?

  5. Әйел адам ағзасына темекі қалай әсер етеді?

ІІ жүргізуші: Мақал – мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші
1. Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )
2. Ішпеген, шылым шекпеген, (Жасайды жылдар көптеген.)
3. Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)
4. Адам арақты ішеді, (Арақ ақылды ішеді. )
5. Жасында темекісін будақтатқан, ( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан )
6. Арақ- ішіп ішіне көшеді, (Ақыл шөлмек ішіне түседі )
І жүргізуші: Біз бүгінгі тәрбие сағатымызда нашақорлық жайында ашық әңгіме жасадық. Осы тақырып төңірегіндегі өз ойларымызды ортаға салып, жолдастарымыздың пікірлерін білдік, тыңдадық. Қазір сіздер өз өздеріңізбен кеңесіп сөз бересіздер. Және алдарыңыздағы қағазға жазып, тақтаға ілесіздер. Барлығыңыздың пікірлеріңіз әртүрлі екен. Мен сіздерге үндеу айтқым келеді: 
Үндеу!
Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді – өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз. Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді. Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!
ІІ жүргізуші: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет