ҚОРЫТЫНДЫ:
-Факультативтік сабақтар мен консультациялардың жүзеге асырылуы ҚР БжҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген ТжКБ МЖБС сәйкес келмейді.
14)
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №107 бұйрығымен бекітілген МЖМБС талаптарына және кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына және кәсіпорындарды (ұйымдарды) практика базасы ретінде айқындау қағидаларына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы жүзеге асыру және одан өту
Талдау нәтижелері: 2017-2021 жылы бекітілген оқу жұмыс жоспарларының мазмұны өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы қамтиды. Оқу практикасы оқу жұмыс жоспарларындағы оқу үрдісі кестесінде көрсетілген. Мамандық бойынша әлеуметтік серіктестер Жамбыл атындағы №21 ЖББОМ, К.Сәтпаев атындағы №19 мектеп- гимназиясы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мекиеп, Қ.Қайсенов атындағы №33 ЖББОМ, Амангелді атындағы ЖББОМ, Амандосов атындағы
|
|
ЖББОМ, «Болашақ мектеп-балабақшасы» мекемесімен келісімшарт жасалған. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР БжҒМ 2016 жылғы 29 қаңтардағы №107 бұйрығына сәйкес 2017-2020 жылдар бойынша кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу бойынша анықтайтын өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың құжаттары: өндірістік оқыту және кәсіптік практика кестелері, оқу жұмыс бағдарламалары, практиканы өткізу немесе білім алушыларды практикаға жіберу туралы бұйрықтар, өндірістік оқытуды есепке алу журналдары болмағандықтан талдау жүргізілмеді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |