Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы қорытынды


Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып техникалық және кәсіптік



бет3/25
Дата17.01.2022
өлшемі23.29 Kb.
#454629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
ббб

2. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып техникалық және кәсіптік,

орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұнына қойылатын талаптар

1)

  • білім беру ұйымдарының жылдық жұмыс жоспарының болуы және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің міндеттеріне сәйкестігі:

  • түлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

  • білім алушылармен кәсіби бағдарлау жұмысын қамтамасыз ету;

  • теориялық оқыту, өндірісте оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін оқыту жүйелерін дамыту;

  • кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне уақытылы бейімделуіне ықпал ететін







оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану;

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары мен өндірісті интеграциялау.

Талдау нәтижелері:

-2017-2018 оқу жылына арналған колледждің жұмыс жоспары әзірленген. Жоспарда 2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша сараптама жасалып, қысқаша қорытынды берілген. 2017-2018 оқу жылына арналған жоспарда колледж педагогикалық ұжымының мақсаттары мен міндеттері жазылған. Сонымен қатар, оқу, тәжірибені ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік қызметтің, тәрбие жұмысының жоспарлары қарастырылған. Аталмыш оқу жылына арналған

педагогикалық кеңестің жылдық жоспарыда көрсетілген. Жоспардың ішінде білім алушылармен кәсіби бағдарлау жұмысы қамтылмаған.

-2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспары 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен бірдей жасалынған. Еш қандай айырмашылық жоқ. Бұл жоспарда оқу жылдары ғана өзгертілген. 2017- 2018 оқу жылына арналған жоспардың ішінде 6.4 нөмірленген тармағында ғылыми-әдістемелік кеңес отырысының жоспарында 2019- 2020 оқу жылына арналған деп кеткен. Сонымен қатар 2018-2019 оқу жылына арналған жоспардың ішінде 2021 жылдың жоспарларыда болды. 2018-2019 оқу жылы жоспарының мазмұнында көрсетілген педагогикалық кеңестің жоспары салынбаған.

-2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жоспардың ішіндегі I тарауында қателік жасалынып 2020-2021 оқу жылына сараптама берілген. Көрсетілген жоспарда 2018-2019 оқу жылының қорытынды сараптамасы жасалуы керек. 2019-2020 оқу жылдарына арналған жұмыс жоспары 2017-2018, 2018-2019 оқу жылдарына арналған жоспардан көшіріліп алынған. Жылдық жоспар 1 оқу жылына арналғандықтан өзгерістер енгізілуі қажет.

-2020-2021 оқу жылының жұмыс жоспарында колледждің миссиясы, пайымы, стратегиялық мақсаттары мен міндеттері көрсетіліп жазылған.

Сонымен қатар, оқу, тәжірибені ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік қызметтің, тәрбие жұмысының жоспарлары қарастырылған.

Жоспардың ішінде білім алушылармен кәсіби бағдарлау жұмысы қамтылмаған.

-2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарында колледж туралы қысқаша мағұлмат беріліп, колледж жұмысының негізгі бағыттарының жұмыс жоспарлары бар. Аталмыш оқу жоспарында 2021- 2022 оқу жылына арналған кәсіби бағдарлау жұмысының мақсаты мен міндеті жазылып, нақты қандай жоспарлары жасалатыны туралы жазылмаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет