Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы қорытынды



бет5/25
Дата17.01.2022
өлшемі23.29 Kb.
#454629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
ббб

ҚОРЫТЫНДЫ:

ҚР БжҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген МЖМБС 5-қосымшасына сәйкес келмейді.

3)

үлгілік оқу жоспары негізінде, ол болмаган жағдайда, техникалық және кәсіптік білім беру МЖБС-ның 1, 2 және 3-қосымшалары мен орта білімнен кейінгі білім берудің МЖМБС қосымшасында келтірілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу жоспары модельдерінің, модульдік оқыту технологиясы кезіндегі оқу жоспарының немесе кредиттік оқыту технологиясы кезіндегі оқу жоспары моделінің негізінде оқу нысаны мен мерзімін көрсете отырып белгілі бір бейін, мамандық және біліктілік бойынша әзірленген оқу жұмыс жоспарларының болуы (будан эрі - ТжКБ ОЖЖ)

Талдау нәтижелері: Осы өлшемшарт бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу 3 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай оқыту мерзімі негізінде 2017, 2018, 2019, 2020, 2021 жылы бекітілген оқу жұмыс

жоспары негізінде жүргізілді.

Білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие процесі ҚР БжҒМ 2015 жылғы 15 маусымдағы №384 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру мамандыктары бойынша үлгілік оқу жоспары негізінде әзірленген 2017, 2018, 2019, 2020 жылы бекітілген оку жұмыс жоспарларына және ҚР БжҒМ 2017 жылғы 31 қазандағы №553 бұйрығымен (жаңа редакцияда ҚР БжҒМ 15.09.2021 жылы №469) бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспары негізінде әзірленген 2021 жылы бекітілген оқу жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Жасақталған оқу жұмыс жоспарлары үлгілік жұмыс жоспарларының мазмұнына сәйкес және нысаңцағы құрылымды сақгайды.

3 жыл 10 ай бойынша 2017 жылы 0105013 - Бастауыш білім беру мұғалімі біліктілігінің бекітілген оқу жұмыс жоспарында міндетті оқытудың қорытындысына 5760 сағат көрсетілген, курстар бойынша сағатгар санын қосқанда міндетті оқытудың қорытындысы 5956 сағатты құрайды. Оқу жұмыс жоспарларында аралық аттестаттауға 252 сағат берілген, курстар бойынша бөлінісі көрсетілмеген. Сондықтан міндетті оқыту жиынының курстар мен семестрлер бойынша бір оқу жылына бөлінген сағаттар санын нақты анықтау мүмкін емес.

2 жыл 10 ай бойынша 2018 жылы 0105033 - Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі біліктілігінің бекітілген оқу жұмыс жоспарында міндетті оқытудың қорытындысына 4320 сағат көрсетілген, курстар бойынша сағаттар санын қосқанда міндетті оқытудың қорытындысы 4694 сағатты құрайды. Қорытынды аттестаттауға 144 сағат бөлінген. Оқу үрдісі кестесінде және уақыт бюджеті жиынтық мәліметінде оқу жұмыс жоспарында жоқ ДЖ-далалық жиын аптасы көрсетілген. Пәндер тізілімінде алғашқы әскери дайындық пәні оқытылмайтындығы ескерілмеген.

2 жыл 10 ай бойынша 2019 жылы 0105013 - Бастауыш білім беру мұғалімі біліктілігінің бекітілген оқу жұмыс жоспарында міндегті оқытудың қорытындысына 4320 сағат көрсетілген, курстар бойынша сағаттар санын қосқанда міндетті оқытудың қорытындысы 4372 сағатты құрайды. Оқу жұмыс жоспарында аралық аттестаттауға берілген 216 сағаттың курстар бойынша бөлінісі көрсетілмеген. Сол себепті міндетті оқыту жиынының курстар мен семестрлер бойынша бір оқу жылына бөлінген сағаттар санын нақты анықтау мүмкін емес.

2 жыл 10 ай бойынша 2020 жылы 0105033 - Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі біліктілігінің бекітілген оқу жұмыс жоспарында міндетгі оқытудың қорытындысына 4320 сағат көрсетілген, курстар бойынша сағатгар санын қосқанда міндетті оқытудың қорытындысы 4550 сағатты құрайды. Оқу үрдісі кестесінде және уақыт бюджеті жиынтық мәліметінде оқу жұмыс жоспарында жоқ ДЖ-далалық жиын аптасы көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет