Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты


Білім беру ұйымының оқушыларының білім жетістіктерін бағалау



бет4/4
Дата11.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#128509
1   2   3   4

3.2. Білім беру ұйымының оқушыларының білім жетістіктерін бағалау
41. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критериалды бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына алдын-ала белгілі, білім беру ұйымының білім беру мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген.

42. Критериалды бағалау жеке оқушының оқу іс-әрекетінің табыстылығы мен бүкіл сынып үлгерімін анықтаудың айқын және объективті құралы болып табылады.

Бағалау әрбір тақырыптық бөлім бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау негізінде нақты оқу пәні бойынша оқу жоспарларында берілген оқу мақсаттары жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл сынып бойынша мақсаттарға сатылап жетуде оқушылардың алға жылжуының объективті көрінісін байқауға мүмкіндік береді. Оқушылардың барлық оқу жылдары (тақырып бөлімдері – тоқсан – сынып – білім деңгейі) бойындағы оқу жетістіктерінің қарқыны оқушылардың білім берудің ұзақ мерзімді мақсаттарына, орта білім беру ұйымынан «шығу» кезіндегі нәтижелерге жетудегі ілгерілеуді бағалауға мүмкіндік береді.

43. Оқу үдерісінде келесі бағалау формалары пайдаланылады:

формативті (ағымдық) бағалау;

ішкі жиынтық бағалау

сыртқы жиынтық бағалау.

44. Бастауыш білім беру деңгейінде бағалау формативті және ішкі жиынтық бағалауды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бастауыш білім беру деңгейінде сыртқы жиынтық бағалау жүргізілмейді.

Ішкі жиынтық бағалау білім беру ұйымының педагогтары тарапынан жүзеге асырылады. Жиынтық жұмыстар үшін қойылған бағалар есептік оқу кезеңдері үшін қорытынды бағаларды анықтауға негіз болып табылады.

45. Бастауыш білім беру деңгейінде қарастырылатын бағалау:

«Математика», «Қазақ/Орыс тілі және әдебиеті», «Қазақ/Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Ғылымға кіріспе», «АКТ», «Дүниетану», «Бейнелеу өнері», «Музыка» «Дене шынықтыру» пәндері бойынша формативті (ағымдық) бағалау;

«Математика», «Қазақ/Орыс тілі және әдебиеті», «Қазақ/Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Бейнелеу өнері», «Музыка», «Ғылымға кіріспе» пәндері бойынша ішкі жиынтық бағалау;

«Өзін-өзі тану» пәні бағаланбайды.


4. Оқушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
4.1. Оқу жүктемесіне қойылатын талаптар
46. Оқушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі білім беру ұйымында 29 сағаттан аспауы керек.

47. Инвариантты және вариативті компоненттерді құрайтын оқушылардың оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік (типтік) оқу жоспарында белгіленеді.

Апталық оқу жүктемесі сыныптағы (элективті курстар) және сыныптан тыс (дербес сабақтар мен үйірме жұмыстары) оқу жұмысының барлық түрлерін қамтиды. Жалпы білім беретін арнайы мектептердің оқу жоспарларында білім алушылардың дамуындағы кемістіктер түріне сәйкес міндетті коррекциялық компонент қарастырылған. Жалпы білім беретін арнайы мектептердің оқу жоспарларында инвариантты, коррекциялық және вариативті компоненттер оқушылардың айрықша білім алу қажеттіліктерін ескере отырып бекітіледі.

48. Оқу жылында демалыс уақытының ұзақтығы 30 күннен кем болмауы тиіс. Демалыстар оқу жылында 3 рет беріледі – күзде, қыста және көктемде. Бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда қосымша 1 апталық демалыс беріледі.

49. Қалалық жалпы білім беру ұйымдарында сыныпта 24-тен астам, ал ауылды жерде – 20-дан астам оқушы болған жағдайда сыныпты 2 топқа бөлу мына пәндерде жүзеге асырылады:

оқыту қазақ тілінде емес мектептерде «Қазақ тілі» ;

оқыту орыс тілінде емес мектептерде «Орыс тілі»;

«Шетел тілі»;

«АКТ»;

50. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында аз ұлт өкілдерінің тілін үйрену бастауыш білім берудің үлгілік (типтік) оқу жоспарының вариативті компоненті есебінен жүзеге асырылады және жергілікті бюджет бөлетін қаржы есебінен қаржыландырылады. Аз ұлт өкілдерін ана тілінде оқыту білім беру ұйымындағы топта кемі 10 адам болған жағдайда жүзеге асырылады.


4.2. Білім беру үдерісіне қойылатын талаптар
51. Білім беру ұйымының білім беру үдерісінде орта білім беру Құндылықтары мен Мақсаттарына негізделген оқыту мен тәрбие бірлігінің қағидаты іске асырылады, ол мектептен «шығу» кезіндегі күтілетін оқу нәтижелері және білім беру салалары бойынша күтілетін оқу нәтижелері жүйесінде байқалады. Күтілетін оқу нәтижелері оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің мазмұндық негізін құрайды.

52. Оқыту барысында әрбір оқу пәні арқылы тәрбие мәселесі шешіледі. Тәрбие жұмысының барлық түрлері оқушылардың субъективті жаңа білімді танып білу мен меңгеру мәселелерін шешуге, заманауи өмірдегі қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрлері, мәдениеті мен құндылықтарын зерттеуге бағытталған.

53. Сабақтан тыс түрлі іс-әрекет формаларын ұйымдастыру оқушылардың азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көркем-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Тәрбиені іс жүзінде жүзеге асыру түрлі оқушылар қоғамдастығы, өлкетану зерттеу экспедицияларының іс-әрекеттері, жазғы әлеуметтік тәжірибелер, әлеуметтік акциялар, тәрбие сипатындағы жобалар, сондай-ақ сыныптан тыс бастамашыл іс-шаралар, қосымша білім беру түрлері (үйірме, секция, студия), ұлттық және мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шаралардың шеңберінде жүзеге асырылады.

54. Білім беру үдерісі барлық қатысушылардың «субъект-субъект» қатынасымен сипатталады: оқушы – өз танымының субъектісі, мұғалім – оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырушы. Толыққанды білім беру үдерісінің бөлігі түрінде оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде оқушылардың жетекші іс-әрекеті ретінде оқуға басты роль беріледі. Оқу оқушылардың ізденуге, мәселелерді талқылаудағы белсенділігіне, көзқарасын дәлелдеуде, конструктивті шешім қабылдауда ынтасын таныту арқылы тәжірибе игеруді ұйымдастыруға негізделген интерактивті оқыту әдістерін пайдалануды қарастырады.

55. Оқушылардың жоба және зерттеу іс-әрекетін дамытуда жүйелілікті қамтамасыз ету білім беру ұйымдарында білім беру үдерісін ұйымдастырудың негізгі қағидаттарының бірі болып табылады.

Оқушылардың жоба іс-әрекеті ұйымдастыру жағынан жеке дербес жұмыс, шағын топтарда, топтық жобалар жұмысында, әлеуметтік бағыттағы ірі жобалар түрінде жүзеге асырылады. Оқушылардың жоба іс-әрекеті мазмұндық жағынан пәндік, пәнаралық сипатқа ие бола алады. Жобалар оқу жоба іс-әрекеті түрінде ғана емес, тәрбие сипатындағы жоба іс-әрекеті түрінде де жүзеге асырыла алады.

Жоба және зерттеу іс-әрекетінің негізінде оқушылар міндетті оқу пәндері аясында ғана емес, сонымен қатар сабақтан тыс іс-әрекет ұйымдастыру барысында да жаңа білім алады.

56. Оқушылардың денсаулығын жақсарту және қимыл белсенділігін арттыру мақсатында жергілікті атқару органдары сабақтан тыс жұмыс түрінде спорттық секция дәрістерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

57. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойына білім беру ұйымына келе алмайтын оқушылар үйінде немесе емдеу мекемелерінде жеке тегін оқытумен қамтамасыз етіледі.

58. Даму жағынан мүмкіндіктері шектеулі оқушылар үшін олардың айрықша білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, орта білім алу, дамуындағы кемістікті түзету және әлеуметтік бейімдеу үшін қажетті жағдайлар жасалады.
4.3. Білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасына қойылатын талаптар
59. Білім беру ұйымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуі тиіс.

60. Білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы: 

1) сабақтар және сабақтан тыс іс-әрекет өткізу, демалу, тамақтану, медициналық қызмет көрсету, спортпен айналысу, бұқаралық мәдени шаралар өткізу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар қамтамасыз ететін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келетін тиісті инфрақұрылымды ғимараттардан;

2) заманауи құралдармен жабдықталған оқу кабинеттерінен (байланыс және коммуникация, желілік өзара әрекет құралдары, кең таспалы интернет, аудио-бейне техника, компьютерлік, мультимедиялық, интерактивті және зияткерлік жабдықтар);

3) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай қажетті жарық және ауа-жылу режимі бар бөлмелер, киім ілгіш, санитарлық тораптар және жеке гигиена бөлмелерінен;

4) мүмкіндіктері шектеулі оқушылар үшін ғимараттарда арнайы жасалған шарттардан (логопед, арнайы психолог, арнайы педагогтың жекелей және топпен жұмысына арналған кабинеттер);

5) оқушылардың мектеп-интернат шарттарында тұруы, тамақтануы және демалуына арналған ғимараттардан, мектеп жанындағы жер телімінен тұрады.

61. Білім беру ұйымы білім беру ұйымының оқушылары үшін арнайы ойын аймақтарымен жабдықталуы керек.

62 Білім беру ұйымының оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі керек.

63. Білім беру ұйымдарын қаржыландыру:

1) жалпыға қол жетімді, тегін, кепілді бастауыш білім алу;

2) білім беру ұйымында қажетті материалдық-техникалық базаны құру;

3) оқушылар өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау шарттарын жасау;

4) дамуы жағынан мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды логопед, арнайы психолог, арнайы педагог тарапынан психологиялық-педагогикалық сүйемелдеумен қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет