Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас



бет9/10
Дата14.06.2022
өлшемі134.55 Kb.
#459241
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас

Қорытынды


Зерттеулерге қарағанда бастауыш сынып оқушылары сөздік материалдан гөрі, көрнекі материалдарды жақсы есте қалдырады. Бұдан бастауыш сынып оқушыларында көрнекі , образды есте қалдыру басымырақ болып келетіндігін байқауға болады.
Қабылдау, ес, ойлау сияқты психикалық процестердің жоғары сатыға көтерілуі – ақыл – ой дамуының негізін құрайды. Баланың ақыл – ойын дамытуда оқытудың алатын орны зор. Бірақ барлық оқыту дамытуды жүзеге асырмайды. Оқытудың дамытушылық ролін арттыру мақсатында 60- шы жылдары Л.В.Занков пен Д.Б.Элькониннің жетекшілігімен оқыту жүйесін өзгертуге әрекеттер жасалынды. Олар бастауыш білім беруді реформалауға бағытталған. Л.В.Занковтың пікірінше, білім дамытудың алғышарты болып табылса да, өзінше дамытуды қамтамасыз ете алмайды және сондықтан да дамытуды кешенді дидактикалық жүйелерге негіздеп, мақсатқа бағыттап жүзеге асыру қажет.
Л.В.Занков пен М.В.Зверевойдың оқушыларды жеке вариантты дамытуға арналған зерттеулері, ең алдымен үлгерімі төмен оқушыларға жеке қатынас тұрғысынан қарау қажет екенін, әрі оқушыларға жеке қатынас тұрғысынан қарау білім, білік, дағдыларды игерудің алғы шарты бола отырып, оқушыларды жалпы дамытуға бағытталғаны жөн екенін көрсетеді.
Д.Б.Эльконин ақыл – ойды дамытуды ынталандыру мүмкіндіктері, ең алдымен оқу материалының теориялық деңгейін арттыру оқушылардың ақыл – ой қабілеттерін көтеруге алып келеді. Демек, дамытуды күшейту үшін білім беру мазмұнын өзгерту қажет деп санайды.
Д.Б.Элькониннің пікірінше, оқыту балада қалыптасқан психикалық іс - әрекетке (қабылдау, ес, бейнелі ойлау) бағытталған болса, онда ол баланы дамытпайды. Даму әрқашан артта қалып отырады. Сондықтан ол бастауыш сыныптан бастап ғылыми ұғымдар жүйесін меңгеру керек деп ойлайды.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе ұғымды жай ғана жапсыра салуға болмайтынын, ұғымды нақты заттармен, материалдармен әрекет ету барысында, олардың өзіндік қасиетін ашу, бір – бірімен мәнді байланыстарын анықтау барысында, олардың өзіндік қасиеттерін ашу, бір – бірімен мәнді байланыстарын анықтау барысында қалыптасатынын және оны мұғалімнің жетекшілігімен оқушы өзі меңгеруі қажеттігін байқадық. Ал заттармен тікелей әрекет ете отырып, оның қасиеттері мен өзара мәнді қатынастарын анықтау – ойлау процесінің негізгі жұмысы.
Ой операцияларының түрлері бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқу әрекетінде әртүрлі тереңдікте кездеседі. Осыған орай, бастауыш сынып оқушылары жеке заттарды ұғымға қалай жатқызады, соған тоқталайық.
А.А. Люблинская баланың ұғымды меңгеруіндегі мынадай жұмыстарды негізгі деп атап көрсетті:
- қалыптасатын ұғымды көрсеткен фактілерді (сөздерді, геометриялық фигураларды, математикалық формулаларды) бақылау мен іріктеу;
- әрбір жаңа құбылысты (затты, фактіні( талдау мен ондағы белгілі бір категорияға жатқызылған, мүнымен тектес басқа барлық заттарда да қайталанатын маңызды белгілерді айқындау;
- барлық маңызсыз, қосалқы белгілерден дерексіздену, ол үшін маңызсыз белгілері түрленіп отыратын, ал маңызды белгілері сақталынатын заттар пайдаланады;
- жаңа заттарды таныс сөздермен белгіленген тиісті топтарға енгізу.
Көптеген психологиялық зерттеулерге қарағанда бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ойлауында мынадай ерекшеліктер кездеседі:
- заттардың өзіне таныс белгілерін олардың мәнділік дәрежесіне қарамастиан бөліп шығарады;
- бір бағытты салыстыру тән, яғни не заттардың ұқсастығын байқамай, тек айырмашылығын ғана көреді, не тек ұқсас, ортақ жақтарын ғана байқайды.
Сонымен, жоғарыда айтлған пікірлерді қорыта келе, бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ойлау процесінде ортақ белгілер мен ерекшеліктер бар екенін байқадық. Дегенмен, әр оқушының ақыл – ой мүмкіндігі әртүрлі дәрежеде. Оқыту процесін тиімді ету үшін белгілі бір оқушылар тобында қайталанатын ақыл – ой әрекетінің қасиеттерін анықтау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет