Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас


- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу



бет6/10
Дата14.06.2022
өлшемі134.55 Kb.
#459241
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас

- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

- Ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жеткізу;

- Шығармашылық іс-әрекетіне және үнемі ізденісте болуына жағдай тудыру;

- Өзіндік жұмыс түрлерін орындай алу;

- Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастыру;

- Ақпараттық технологияларды меңгерту;

Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Осыған орай,өз тәжірибемде дамыта оқыту технологиясын үздіксіз пайдалану арқылы келесі жұмыс түрлерін атап айтар болсақ, оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету.Сонымен қатар , сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой –өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады.Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады.

Дамыта оқытудың басты мақсаты-баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Бастауыш мектеп-оқушы тұлғасы мен сапаның дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезеңі.Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын да дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету.

Бастауыш сынып сатысының ерекшелігі мектепке қабылданған оқушылардың дайындық деңгейінің, психологиялық, физиологиялық жағынан әр түрлі болуында. Сондықтан бастауыш мұғалімінің қызметі әр баланың жеке ерекшелігіне қарай жағдай жасау үшін тұлғалық, бағдарлы болуға тиіс. Әрине, бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әр түрлі болады. Дегенмен әр бала бір нәрсеге бейім болады. Бейімділік-оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет