Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас



бет2/10
Дата14.06.2022
өлшемі134.55 Kb.
#459241
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас

КІРІСПЕ


Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі жаңа қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім дамуына жаңа ықпалдарды талап етеді, қалыптасқан әдіснама мен педагогика ғылымының парадигмаларын өзгертуді қажет деп санайды. Білім беруді дамыту концепциясы тек қана білімнің теориялық ұстанымдарының жаңартылуына бағытталған, ал реформаның негізгі талаптарына жауап бере алмауда. Сол себепті Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдар аралығында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім берудің әрбір кезеңдеріне білім жүйелерінің жетілген жаңа үлгілерін енгізу міндеттелді, оның ішінде, гуманитарлық тәрбие парадигмасына айрықша назар аударылып отыр [1].
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында бұрынғы кеңестік жүйеде өмір сүрген барлық ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда тәрбие теориясы мен практикасы мәселесі үлкен дағдарысқа ұшырағаны айқындалды. Ол дағдарыс: құндылықтық, мақсаттылық, мазмұндық, технологиялық, нәтижеліліктің деңгейлерінің барлығында да көрініс тапты. Осындай тарихи-қоғамдық формация жағдайында, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалынған талдау жаңа қоғамдық формацияның даму және қалыптасу ерекшеліктеріне сәйкес Қазақстанда жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастыру арқылы болашақ маманның адами сапасын арттырудың аса маңызды міндеттердің бірі екендігін көрсетіп беріп отыр [ 2].
Жоғары мектеп педагогикасы бүгінгі күні көптеген жалпығылымилық, әлеуметтік-философиялық, әлеуметтік-мәдени және адамгершілік-эстетикалық процестердің тоғысуына тап келіп отыр, өйткені қоғамдық өмірдің күрделі талаптарына сәйкес тәрбиенің құндылық сипаттарын қайта анықтау өзекті мәселе ретінде қарастырылуда. Оқу-тәрбие процесін гумани-тарландыру арқылы, яғни болашақ маманға бүкіладамзаттық құндылықтарды дарыту арқылы, әрбір студенттің тек білімі, біліктілігі және дағдысын ғана емес адамгершілік сипатын анықтайтын өзіндік рухани байлықтарының сапасын арттыру жүзеге асырылады деп саналады [3].
Білім беру мен тәрбие арқылы жас ұрпақтың гуманистік көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыру педагогика тарихында кең қаралған мәселелер қатарына жатады. Педагогика тарихында жас ұрпақтың гуманистік көзқарасын қалыптастыру адамзаттың ізгілікті-прогресшіл бағытта дамуының басты алғы шарты екендігі Я.А.Коменский [4], К.Д.Ушинский [5], В.А.Сухомлинский [6], Г.Н.Волков [7], Ы.Алтынсарин [8], А.Құнанбаев [9], Ж.Аймауытов [10], А.Байтұрсынов [11], М.Жұмабаев [12], т.б. еңбектерінде айтылған болатын.
Диссертацияда жоғары оқу орындарында білімді мамандарды дайындау және олардың гуманистік көзқарасы мен тәрбиесін қалыптастыру мәселесі бойынша жасалынған ретроспективті талдау педагог-ғалымдардың аталған мәселені шешуде түрлі аспектіден қарағандарын көрсетті:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет