Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас



бет7/10
Дата14.06.2022
өлшемі134.55 Kb.
#459241
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас

Қазіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін « дайын» білім көзі болмай, керісінше кіші мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі қажет.Бұрынғы догмалық әдістерден арылып, тиімді әдістемелік жолдарды қажетіне қарай пайдаланып отыру тәжірибеге айналып келеді.Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелді қолдану керек. Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін айтқан.

Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес. Сауат ашудың негізгі мақсаты-болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге , өз Отанын , ел – жұртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу, білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын негізгі талаптардың ішіндегі аса күрделісі – алты жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі.

Өйткені мектеп есігін алғаш ашқан баланы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Ол қиындықтар балалардың физиологиялық – психологиялық өзгешеліктеріне байланысты .Себебі сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға , ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет бейімділікті талап етеді. Дұрыс , сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына , буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге , әріп алмастырып алмауға бір сыпыра көмектеседі. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын балаларға ережені түсіндіргенде де, жаттығулар жүргізгенде де , олардың жазуларындағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп.Сауат ашу кезінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста болады. Оқушыларды сауатты жазуға «Әліппені» оқытудың алғашқы кездерінен үйрету керек, ол үшін графикалық диктант жүргізген жөн. Мақсатына қарай оларды өткізудің тәсілдері түрлі-түрлі. Жақсы оқи алатын бала таза да ,сауатты жаза біледі, ал , жазуды жақсы меңгерген оқушы оқуды жеңіл меңгереді.Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады.Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыныптан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы дұрыс айтылуын қадағалаймын. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушыларсауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Осы арқылы жазуын ғана емес, сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Таза жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір бөлігін дұрыс сызыпкөруі арқылы қалыптасады. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып жүрген оқушылардың білім сапасын көтеруде жағдай жасайтын сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда сабақ уақытын ұтымды пайдалануға мұғалім мен оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс – диктанттарды қолдана білу. Мәселен оқушылардың білім сапасын жақсартуда, ой-өрісін кеңейтуде, алған білімдеріндегі кейбір олқылықтарды толықтырып, бұрын өткен материалдарды бір жүйеге түсіру үшін диктанттарды пайдалану мен үшін өте тиімді. Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде түрлі жазба жұмыстардың, әсіресе диктанттың маңызы зор. Тек диктант түрлері грамматикалық ережелерді әр оқушының қалай меңгергенін және нелерді шала білетінін байқатады. Сондықтан диктант қай сыныпта болмасын, неғұрлым жиі алынса, оқушылардың сауаты соғұрлым табысты болмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет