Бастауыш мектепте проблемалық оқытудың ерекшеліктері

Проблемалық оқыту туралы ұғым

бет2/6
Дата19.06.2022
өлшемі114.71 Kb.
#459353
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Бастауыш мектепте проблемалық оқытудың ерекшеліктері

1. Проблемалық оқыту туралы ұғым.

Проблемалық оқыту деген не? Оның теориялық негіздері қандай? Оның түсіндірме-иллюстрациялық оқытудан айырмасы неде? Бұл сұрақтарға берілген дұрыс жауаптар проблемалық оқытуды ұйымдастыру жолдарын да айқындай алады.
Мектеп оқушысының оқуын проблемалық оқыту арқылы активтендірудің мәні ғылымның даяр қорытындыларын жай ғана меңгеріп алуда емес, жаңа білімдер мен ақыл-ой қызметінің тәсілдеріне өздігінен ие болу жөніндегі оның танымдық қызметін активтендіруде.
Ең жалпы түрдегі оқыту- аға ұрпақтардың тәжірибесін жас ұрпаққа беру. Бұл жердегі тәжірибе- тұрмыстық және ғылыми білімдерді, іс-әрекет тәсілдерін, творчествалық қызмет тәжірибесін, моральдық қазыналарды қамтитын кең ұғым. Бұл мазмұнды берудің тәсілдері әр түрлі болып келеді. Мазмұнға және оны берудің тәсіліне байланысты оқытудың түр-түрі пайда болады, бұлар, әдетте, оқыту жүйелері деп саналады. Бұл жүйелерді теориялық түсіндіру-дидактика деген сөз (нені үйрету керек?-мағыналық, қалай үйрету керек?-процессуальдық жақтар).
Бірақ мазмұны бірдей бола тұрып, оқыту жинақталған тәжірибені берудің тәсілдері немесе, дәлірек айтқанда, оқушы мен мұғалімнің өзара қимылының түрлері, яғни оқыту типтері арқылы ерекшеленуі мүмкін. Оқыту процесін құрудың бұл типтері мен ережелерін теориялық түсіндіруді біз дидактикалық жүйе ретінде ұғамыз. Оқыту мен білім берудің жалпы теориясы ретінде, процесті ұйымдастырудың дербес теориялары сияқты, дидактиканың да бірнеше жүйелері болуы мүмкін.
Совет мектебініңміндеті үйлесімді дамыған жеке адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі педагогикалық оқыту процесінде балаларды жалпы дамыту мәселелері зерттелуде. Ол үйлесімді дамыған жеке адамжы қалыптастыруға алып келеді және арнайы дамыту үшін база, негіз қызметін атқарады. Арнайы деп әдетте сәбидің музыкалық, көркемдік және т.б. дамуын түсінеді. Біз бұл ұғымға бала интелектісін, оның ойлау, творчестволық қабілеттерін дамытуды да қосамыз.
Жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке бастың аса маңызды көрсеткіші- жоғары дәрежедегі ойлау қабілетінің болуы. Егер оқыту творчестволық қабілеттерді дамытуға алып келетін болса, онда мұны сөздің қазіргі мағынасында дамыта оқыту деп санауға болады, ал егер олай болмаса, онда басқа емес, тек оқыту процесін активтендіру туралы, оның тиімділігі туралы айтуға болады.
Дамыта, яғни жалпы және арнайы дамуға алып келетін оқыту деп мынадай оқытуды айтады: бұл оқыту жағдайында мұғалім, ойлауды дамыту заңдылықтарына сүйене отырып, арнайы педагогикалық құралдар арқылы оқушыларының ғылым негіздерін оқып үйрену процесінде ойлау қабілеттері мен танымдық қажеттерін қалыптастыру жөнінде нысаналы жұмыс жүргізеді. Осындай оқыту,біздің ойымызша, проблемалық немесе проблемалық-дамытушы оқыту болып табылады.
Проблемалық оқыту туралы ұғым.

Қазіргі қоғамның жылдам өзгеру жағдайында қоғамға өз бетінше шешім қабылдай алатын, өз бетінше білім алу әдістерін меңгерген, өз білімін кез келген жағдайда қолдана алатын тұлға қажет. Сондықтан заманауи қоғам алдында білім алушылар үшін өз беттерінше оқу міндеттерін шешуге үйрететін педагогикалық технологияларды қолдану өзекті мәселе. Жан-жақты дамыған жеке тұлғаның маңызды көрсеткіштерінің бірі – жоғары деңгейдегі ойлау әрекеттері. Оқу шығармашылық сипатқа ие болса, онда оқу дамытуға бағытталады. Дамытушы оқу кезінде оқытушы оқушының ойлау әрекеттерінің даму заңдылықтарын біле отырып арнаулы педагогикалық әдістер арқылы оқушылардың ойлау және таным әрекеттерін қалыптастыруға бағытталған мақсатты жұмыстарды жүзеге асырады. Осындай оқу проблемалық деп аталады. Проблемалық оқыту мақсаты оқушыларды өз беттерінше жаңалықтар ашуға бағыттау. Сабақ барысында оқушылар өз беттерінше тұжырымдар ұсынып, оған дәлелдемелер келтіріп, өз пікірін жүйелі, нақты айтуға үйренеді. Оқушының дұрыс ойлау әрекеті жетекші орында тұрады. Дұрыс ойлау арқылы оқушы өзінің оқудың қай сатысында тұрғанын бағалай алады.
Белгілі психологтардың В.В.Давыдов, Л.В.Занковтың зерттеулері бойынша бастауыш сынып оқушыларының психологиялық дамуының маңызды резервтері мен мүмкіндіктерінің көрініс табуына проблемалық оқытудың ықпалдастығы бар екенін анықтаған. Проблемалық жағдаяттарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың ойлау әрекетін белсендіру оқытудың сапасын арттырады.
Адамның іс-әрекеті белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады. Оқушыладың қажеттілігі бір нәрсені білуге бағытталса, онда білуге деген оқу, талпыныс арқылы білім алу олардың білуге деген қажеттілігіне жауап береді. Осы жағдайдағы білім – оқушылардың таным қажеттілігі болып табылады. Оны меңгеруге бағытталған оқушының оқу әрекеті оқуға түрткі болады. Оқушыларда танымдық қажеттілік болмаса онда оқушыларда оны меңгеруге деген әрекет еріксіз түрде болып, білім сапасы төмендейді. Бастауыш сынып оқушылары әртүрлі оқу, ойын, еңбек әрекеттерін орындайды. Солардың ішінде оқу- таным әрекеті – жетекші әрекет.
Мұғалім үшін оқушылардың оқу барысындағы қажетті әрекеттерді ғана біліп қоймай оларды дұрыс қалыптастыруы маңызды.
Проблемалық жағдаят – белгілі бір қызықтыратын мәселе туралы кедергіге кездескен кезде оны түсіндіре алмау ,оны шешуде өзіне кейде белгісіз әдістермен ,өзі білетін білімді қолдану арқылы шешу. Педагогикалық жағдаяттар үйренетін обьектінің мәнін ашып, оқушы әрекетін белсендіретін түрде ұйымдастырылады.
Оқушы үшін айтарлықтай қиындық тудырмайтын сұрақтар және керісінше оқушы шешімін таба алмайтын өте қиын тапсырмалар оқушы үшін проблемалық жағдаят болып есептелмейді ,қызықтырмайды
Проблема лық жағдаят А.Матюшкин бойынша мынандай компоненттерден тұрады:

  • Прооблемалық жағдаят арқылы шешімін табатын белгісіздік

  • Белгісіз әрекеттер арқылы таным әрекеттерді тудыру

  • Міндетті шешу барысындағы оқушылардың мүмкіндіктері

Проблемалық тапсырмалар – оқушылардың ойлау әрекетін дамытатын оқу әрекетінің бір компоненті
Проблемалық оқыту кезінде талдау, салыстыру, синтез ,
жалпылау, бағалау ой әрекеттерінің әдістері арқылы оқушының ойлауы дамиды.Проблемалық тапсырмаларды білімді бекіту,қайталау, меңгеру кезеңінде қолдануға болады.
Оқытушы проблемалық тапсырмаларды ұйымдастырады,оны шешуге оқушыларды ұйымдастырып бағыттайды .Проблемалық тапсырмалар арқылы оқушы білімді сапалы игереді.
Проблемалық жағдаят тудырудың әдістемелік тәсілдері:

  • Оқытушы оқушыларды кедергілер алдына қояды, оларды өздерінің шешуін ұсынады

  • Белгілі сұраққа қатысты әртүрлі болжамдарды ұсынады

  • Білгісіздікті табу үшін жан-жақты тараптарды қарауды айтады

  • Салыстыру, түйіндеме жасау, жалпылау, фактілерді қайта қарау, түсіндіруді ұсынады

Проблемалық оқыту ойлау әрекетін белсендіреді. Ойлау арқылы оқушы өзіне
«жаңалық» ашады
Оқушы проблемалық тапсырмамен танысады, проблеманы шешу жолдары мен әдістерін қарастырады, шешу әдістерін айқындайды және оны жүзеге асырады. Бастауыш сынып оқушылары үшін қалай оқу керек біліктілігі қалыптасады.
Дүниетану сабақтарындағы «Тері» тақырыбында оның жылуды реттеу қызметі қарастырылады. Осы оқу міндетін пайдалану арқылы проблемалық тапсырманы былайша құрастыруға болады.
Проблемалық сұрақ:
«Тәулігіне адамның терісі арқылы бөлінетін жылуды пайдаланып 33 литр суды қайнатуға болады. Сыныпта отырған оқушылардың терісі арқылы бөлінетін жылу арқылы қанша литр суды қайнатуға болады?»
«Бөлме өсімдіктері» тақырыбында оқушыларға
«Неліктен табиғатта болып жатқан өзгерістерге қарамастан бөлме өсімдіктері жасыл болып, кейбіреулері тіптен гүлдейді?»
Оқушылар жауаптары әртүрлі болуы мүмкін «Бөлме жылы болады. Адам бөлме өсімдіктеріне күтім жасайды»
Оқушыларға мұғалім бір күні талдың өркенін топыраққа отырғызым бөлмеге кіргізіп, күтім жасағаны туралы айтады.Алайда күзде бұтақтар жасыл жапырақтарын түсіріген.Бұны қалай түсіндіруге болады?
Оқушылар талқылау арқылы бұл өсімдіктердің (бөлме өсімдіктерінің) отаны жылы елдер екенін айтады,сондықтан олар мәңгі жасыл болатынын айтады
Математика сабақтарында проблемалық оқытудың фрагменттерін мысал ретінде келтірейік .Сабақтың тақырыбы: «Көпбұрыштың периметрі»

  1. Ойды белсендіру

Көпбұрыштың, квадраттың қабырғаларын көрсетіңдер .
Сендер оқитын сыныптың едені қандай фигураны құрайды?

  1. Проблемалық тапсырма

Жазда жөндеу жұмыстары жүреді. Сыныптың еденіне линолеум төселеді, оның жиегіне тақтайшалар қағылады
Сендердің алдарыңдағы міндет: Еденнің жиегіне қанша тақтайшалар кетеді Тақтайшалардың ұзындығы қанша болады? Ол үшін біз алдымен нені табуымыз керек деп ойлайсыңдар?
Оқушылар проблемалық тапсырмалар бойынша талдау жүргізеді. Жалпы сыныптың еденінің ұзындығы 10 м , ені 5 м
Тақтайшалардың ұзындығын білу үшін алдымен тік бұрыштың периметрін табу керек. Р = ? Р = а + а + в + в
Дүниетану сабақтарында Жердегі мұхиттар туралы білімді кеңейту мақсатында оқушылардың ойын белсендіру сұрақтары

  • Глобусты қараңдаршы, жер бетінде құрлық көп пе, әлде су ма?

Жауабы : су

  • Онда Жер ғаламшарын неліктен Мұхит деп атамаған?
    Оқушылар жауабы: Жердің 2/3 бөлігін су – дүниежүзілік мұхит алып жатқанмен Жер ғаламшарының қалың қабаты тау жыныстарынан құралған, оның кейбір беткі бөліктері судан түрады.

Дүниежүзілік мұхиттың орташа тереңдігі 4 м болса, жердің осіне дейінгі қашықтық 6371 км
Мұхит Жердің – беткі қабаты.
-Қалай ойлайсыңдар жер бетіндегі ең үлкен су қоймасы не?
Жауап: мұхит
Мұхитқа сөздіктен жауап іздейді
Мұхит – дүниежүзілік мұхиттың құрлықтар арасында жатқан бөлігі
-Жер бетінде қанша мұхит бар?
-Дүниежүзілік мұхит деген не?
Мұхиттардың түрлері, тереңдігі туралы оқушылар тапсырма бойынша өз беттерінше оқып ізденеді

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет