Мектептің мақсатына, міндетіне байланысты оқыту проблемалық та, проблемалық емес те бола алады. Егер мектептің алдына оқушылардың ойлауын,олардың творчестволық қабілетін дамыту міндеті қойылса, ондн педагогикалық жағынан дұрыс ұйымдастырылған оқытудың проблемалық емес болуы мүмкін емес.
Проблемалық оқыту естің ғана емес, сонымен бірге оқушылардың ойлау қызметінің, оның танымдық қызығушылығы табиғатының рухани қажеттіліктерін, оқу себептерінің заңдылығын ескеретін теорияның негізінде құрылады.
Проблемалықтың мәнін танымның заңдылығы ретінде түсіну, оқытудағы оның рөлін анықтау және дидактикаға «проблемалық принципі» ұғымын енгізу оқушылардың оқу-танымдық қызметін активтендіру жолдарын теориялық жағынан түсіндіру үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Проблемалық принципін ескере отырып құрылатын дамыта оқыту процесі шын мәнінде проблемалық оқыту болып табылады. Ол өзіне оқушылардың оқу-танымдық қызметін активтендірудің бұрыннан белгілі барлық түрлері мен тәсілдерін, сондай-ақ олардың репродуктивті қызметінің тәсілдерін де қамтиды, онсыз ешқандай творчество да, ешқандай белсенділікте болуы мүмкін емес. Бірақ проблемалық оқытудың түйінді моменті, оқушының ойлауын дамытудың негізгі шарты проблемалық ситуацияның болуы мен оқу проблемасын шешу болып табылады.
Проблемалық оқытудың теориясы активтендірудің белгілі тәсілдерін бір ғана принциптің негізінде жүйеге келтірді. Ол проблемалық ситуациясыз проблемаларды шешусіз активтендірудің ешқандай тәсілдері оқушылардың өзіндік ізденіс қызметінің, олардың тұрақты танымдық қажеттілігінің әдістері мен тәсілдерін қалыптастырмайды
1) Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика», Алматы – 2005жыл
2) Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы – Алматы: Мектеп, 1987жыл, 2-тарау.
3) Махмутов М.И. Проблемалық оқытудың ерекшеліктері.
4)Жұмабаев Ә. Қиын оқушыларды мектеп жағдайында тәтбиелеу.
5)Ералиева М. Мектепті ізгілендіру жолдары.
6)Қоянбаев Ж.К. Педагогика. – Алматы, 2001.
7)Әбілова З. Ә. Этнопедагогика. – Алматы, 1997.
8)Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы, 2000.
9)Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 1995
Достарыңызбен бөлісу: |