Бастауыш мектепте проблемалық оқытудың ерекшеліктері


ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘРЕЖЕС1



бет4/6
Дата19.06.2022
өлшемі114.71 Kb.
#459353
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Бастауыш мектепте проблемалық оқытудың ерекшеліктері

2.1 ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘРЕЖЕС1.


Социалистік қоғамның прогресімен байланысты жалпы білім беретін мектептің міндеттеріне сүйеніп, оқытудың дәстүрлі типін проблемалық оқытумен салыстырудан шығарылған қорытындылар негізінде проблемалық оқытудың негізгі міндеттерін тұжырымдауға болады. Оларды шартты түрде жалпы және арнайы қызметтерге бөлуге болады.
Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері: окушылардың білімдер жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет тәсілдерін меңгеруі;
окушылардың танымдық дербестігі мен творчестволык кабілеттерін дамыту;
мектеп окушыларының коммунистік дүниетанымының негізі ретінде олардың диалектикалық-материалистік ойлауын қалыптастыру;
Бұған қоса проблемалық оқытудың арнайы міндеттері бар:
Білімдерді творчестволық меңгеру дағдыларына тәрбиелеу(логикалық әдістерді немесе творчестволық қызметтің жекелеген тәсілдерін қолдану);
Білімдерді творчестволық қолдану дағдыларына және оқу проблемаларын шешу шеберлігіне тәрбиелеу;
Творчестволық қызмет тәжірибесін қалыптастыру және жинақтау;
Проблемалық оқытудың барлық міндеттері ішінен аса маңызды екі міндетті бөлу қажет. Біріншісі-оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру және екіншісі-ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тиімділігін арттыру.
Проблемалық оқыту кезінде оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру программаға ашылған жаңалықтар туралы материалды ендірумен ғана, ғылым негіздері мен ғылымның логикалық құрылымдарын жақындатумен ғана емес, сондай-ақ оның таным қайшылықтарын шешуге бағытталған методтарын оқып үйренумен де қамтамасыз етеді. Жаңа құбылыстың мазмұны мен мәні, оның элементтерінің өзара байланысы ғылымда зерттеу процесінің бірізді кезеңдерін: бақылау, сипаттау, түсіндіру, болжау-жүзеге асыру барысында ашылады.
Оқушылардың білімдерді меңгеруінің ғылыми дәрежесін арттыру екі тәсіл арқылы қамтамасыз етіледі:
Бірінші тәсіл- мұғалімнің түсіндіруін күшейту. Әңгіме дәстүрлі оқыту жағдайындағы оқыту материалын сипаттай түсіндіруден проблемалық оқыту жағдайындағы дәлелді түсіндіруге көшу туралы болып отыр. Мұғалімнің негізгі міндеті-түсіндіру-жаңа сапаға ие болады, бұл сапа мыналармен сипатталады, мұғалім:
а)өзі жасаған проблемалық ситуация аясында жаңа ұғымның мәнін түсіндіреді.
ә)түсіндіре отырып, сол ғылым тарихында белгілі бір проблеманы шешуге алып келген ғылыми зерттеудің жолдарын, логикасын көрсетеді.
Меңгерудің ғылыми дәрежесін арттырудың екінші тәсілі- сабақ беру мен оқудың жаңа қатынасын белгілеу, ал атап айтқанда; мұғалімнің түсіндірушілік міндетін орынды түрде шектеп, оқу проблемаларын шешу жолымен оқушылардың ұғымдарды өздігінен ашу және түсіндіру жөніндегі іс-әрекетін кеңейту.
Бұл тәсіл анағұрлым маңызды тәсіл болып табылады,өйткені проблемалық оқыту процесінде жаңа ұғымдардың мәнін оқушылардың өздері продуктивтік, творчестволық қызмет барысында ашады, оның үстіне қызмет зерттеу әрекеттерінің шеберліктері мен дағдыларын қалыптастырады, ал білімдерді «бір ғана зердемен емес, өз ойының күш салуымен» алады.
Сөйтіп, бір жағынан, мұғалім неғұрлым күрделі және өздігінен оқып үйрену үшін шама жетпейтін жаңа ұғымдарды түсіндірудің сапасын арттырады, екінші жағынан, жеке өзінің түсіндіруінің санын азайтып, оқу проблемаларынан тұратын, сол дәрежеде білім алған оқушылардың шамалары жететін ұғымдарды өздігінен оқып үйрену процесін ұйымдастырады. Бұл процесс сапалы және берік есте қалдыру үшін оқу материалын жеңілдету жолымен емес, қайта оқу процесін біртіндеп күрделендіру арқылы интеллектуалдық қиындықтар жүйесін жасау жолымен жүруге тиіс. Бұл дамыта оқытудың басты бағыты және білімдерді саналы, терең әрі берік меңгерудің шешуші шарты болып саналады. Л.В Занковтың зерттелуінің көрсеткеніндей бастауыш сыныптарда оқушылардың шамасы келетін қиындық дәрежесі жоғары сабақтар өткізу олардың ақыл-ойының даму процесін тездетеді.
Оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру кейде оқу материалын қиындатуы мен байланыстырылады, бұл, әрине, оқушылар үшін өзінің шама жетерлік болу дәрежесін төмендетуге және артық ауыртпалыққа әкеліп соғады. Біз артық ауыртпалық түсіру мен сабақ берудің ғылымилық дәрежесіне арасына, процессуальдық пен мағыналық қиындық арасында тиімдік белгісін қоюға негіз жоқ деп есептейміз. Математикадағы алғашқы қадам үшін алгебраның арифметиканың элементтеріне қарағанда көбірек лайықты болатынын және бұл жағдайда бастауыш білім беруді төрт жылда емес, үш жылда аяқтастыруға болатыны теориялық және практикалық жақтан анықталған.
Соңғы жылдар зерттеулерінің нәтижелері: егер мұғалімнің әрекеттері оқушының танымдық қажеттерін қалыптастыруға және неғұрлым жоғары дәрежеде қорытылған білімдерді меңгеруді қамтамасыз ететін оның ойлау қызметінің құрылымын өзгертуге бағытталса, оқытудың ғылыми дәрежесі артатыны туралы тұжырым жасауға негіз береді.
Проблемалық оқыту-ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың негізгі тәсілі, адамның танымдық және практикалық қызметін реттеп отыратын белгілі бір жеке бастық субьективтік тұрғы ретінде ұғынылады. Дүниетаным білімдердің, практикалық тәжірибенің және идеялық-эмоциялық бағалардың жоғары синтезі ретінда анықталады.
Ғылыми көзқарасты қалыптастырудың негізгі шарты-маркстік-лениндік философияның ұғымдар жүйелерін ғылыми ұғымдар жүйелерін меңгеру. Ұғым өзінен өзі пайда болмайды, ол жекелеген заттар мен құбылыстарлың неғұрлым мәнді белгілерінің және қасиеттерінің қорытылуы ретінде қалыптасады. Бірақ мектептік оқытк жағдайларындағы меңгеру процесі әртүрлі болады, яғни түрліше тәсілдермен өтеді.
Судыратып жаттап алған білімдер мектеп оқушысының дүниетанымын қалыптастыруға әсер ете ме? Сөз жоқ, әсер етеді. Оқушы білімдердің, ұғымдардың мазмұнына сенеді, ол мұғалімнің сөзіне, кітаптың авторына сенеді. Бірақ пікір таласы туған жағдайда бұл сенімдердің тасталқаны шығуы мүмуін, өйткені оқушы олардың ақиқаттығын дәлелдей алмайды. Оны дәлелдеуге үйретпеген.
Терең, орнықты білім-меңгерген білімдерді теориялық, дүниетанымдық жоспарда қорыту негізінде ғана қалыптасуы мүмкін.
Түсіндірме-иллюстрациялық оқыту көптеген ұғымдарды саналы меңгеруді қамтамасыз етеді, әдетте, олардың механикалық жаттап алуды азайтып, сенімдерді қалыптастырудың маңызды құралына айналды. Алайда проблемалық оқытуға қарағанда оның мынандай кемшілігі бар: оқушылар мұғалімнен ғылымның даяр тәсілдерін алады, ұғымдардың қалыптасуы процесінің өзі ашылусыз, меңгерілусіз қалады.
Дүниетанымды қалыптастыру-ең алдымен интеллектуалды-белсенді жеке басты қалыптастыру. «Жеке бас,-деп жазды Ф.Энгельс,-оның не істейтінімен ғана емес, сонымен бірге мұны оның қалай істейтінімен де сипатталады».
Проблемаларды өздігінен шешу жөніндегі қызметті іске асыра отырып, оқушылар ұғымдардың қалыптасу процесін меңгереді, оқып үйренілетін ұғымның мәнін ашатын интеллектуалдық әрекеттің тәсілін меңгереді. Олар ұғымның ақиқаттығын дәлелдеуді жүзеге асырады, ал бұл-белсенді ойлау қызметімен байланысты.
Демек,ғылыми дүниетанымды тиімді қалыптастырудың бірінші аса маңызды шарты-оқушының ұғымдар жүйелерін меңгеру жөніндегі белсенді интеллектуалдық ойлау қызметі.
Маркстік-лениндік таным теориясы заттық заттық дүниеде адам тек ойлаудың көмегі арқылы ғана емес, сонымен бірге барлық сезімдердің көмегі арқылы да қалыптасады деп үйретеді. Сондықтан дүниетанымның мазаұны-ұғымдар мен түсініктердің жай ғана жиынтығы емес, сенімдер жүйесі. Сенімдер тек қана білімдер емес, сонымен бірге сезімдер, эмоциялар да болып табылады, дәлірек айтқанда, ол білімдер мен шындық болмыстың талассыз бейнесі ретіндегі білімдерге деген ерекше-қарым-қатынастың бірлігі. Сенімдердің эмоциялық жағы оларды терең сезінумен байланысты.
Сенімдер жүйелері ретінде дүниетанымды қалыптастыру оқу-тәрбие процесінде интеллектуалдық, эмоциялық-еріктік жәнепәрменді-практикалық факторлардың бірлігінсіз мүмкін емес.
Демек, ғылыми дүниетанымды тиімді қалыптастырудың екінші шарты-адамның сезімдері мен эмоцияларына ықпал жасау, оның білімдерін сенімге айналдыру.
Проблемалық оқытудың кез-келген жағдайда бірдей тиімді болуы мүмкін емес. Практика проблемалық оқытудың тиімді процесінің жаңа білімдерді меңгеру немесе бұрынғы білімдерді жаңа ситуацияда қолдану кезінде оқушылардың интеллектуалдық қиындықтарының да, сондай-ақ олардың танымды белсенділігі мен дербестігінің де әр түрлі дәрежесін тудыратынын көрсетеді. Творчество түрлеріне сәйкес проблемалық оқытудың да үш түрін бөліп көрсетуге болады:
Бірінші түрі-теориялық творчество-бұл теориялық зерттеу, яғни оқушының өзі үшін жаңа ережені, заңды, теореманы және т.б. іздестіруі әрі ашуы. Проблемалық оқытудың бұл негізінде теориялық оқу проблемаларын қою және шешу жатыр.
Екінші түрі-практикалық творчество-бұл практикалық шешімді іздестіру, яғни белгілі білімді жаңа ситуацияға қолдану тәсілін іздестіру, конструкциялау, өнертабыс. Проблемалық оқытудың бұл түрінің негізінде практикалық оқу проблемаларын қою мен шешу жатыр.
Үшінші түрі-қөркем творчество-творчестволық қиял негізінде шындық болмысты көркем бейнелеу, ол әдеби шығармаларды, сурет салуды, музыкалық шығармалар жазуды, ойынды және т.б. қамтиды.
Проблемалық оқытудың барлық түрлері оқушының продуктивтік, творчестволық қызметінің болуымен, проблеманы іздестіру мен шешудің болуымен сипатталады. Олар педагогикалық процесті ұйымдастырудың әр түрлі формалары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Алайда бірінші түрі бәрінен гөрі сабақта көбірек болады, онда проблемаларды жекелік, топтық және шептік шешу байқалады, екінші түрі-лабораториялық, практикалық сабақтарда, пән үйірмесінде, өндірісте, үшінші түрі-сабақта және сабақтан тыс шұғылдануларда болады. Проблемалық оқытудың соңғы екі түрі негізінен жекелік немесе топтық оқу проблемаларын шешумен сипатталады. Проблемалық оқытудың саналып өтілген түрлерінің әрқайсысы оқушының танымдық белсенділігінің әр түрлі дәрежесінде өтуі мүмкін.
Жұртқа мәлім, дәстүрлік оқытудың тиімділігі мектеп оқушысының меңгеріп алған оқу материалының көлемімен, меңгерудің тереңдігімен және беріктігімен өлшенеді, мұның өзі оқушылардан сұраққа жауап алып, олардың жазба жұмыстарын тексерген кезде анықталады, сондай-ақ міндеттерді шешу дағдыларының бар-жоқтығы да тексеріледі. Проблемалық оқыту үшін мұндай әдіс жеткіліксіз. Оқу процесінің сапасы мен оның тиімділігі педагогикалық, психологиялық және әлеументтік сынайдағы көптеген факторларға байланысты. Проблемалық оқытудың тиімділігін немен және қалай өлшеуге болады? Бұл-қиын сұрақ және ары қарай эксперименттік зерттеулер жүргізуді талап етеді. 
Мектеп оқушысының оқу нәтижесі оның білімдерінің құрылымындағы өзгерісті, өздігінен оқу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастырдың жайын көрсетеді. Оқушының танымдық дербестігінің дәрежесі онда:
А) проблеманы көру мен оны санаға салып тану;
Ә) проблеманы тұжырымдау және қайта тұжырымдау;
Б) болжамдар мен гипотезалар ұсыну;
В) ұсынылған гипотезаларды негіздеу және дәлелдеу;
Г) практикада оқу проблемасын шешудің табылған тәсілін қолдана білу шеберлігінің қалыптасқан-қалыптаспағандығымен анықталады.
Аталған шеберліктер оқушының бойында:
А) проблемаларды шешудің бұрын меңгерілмеген (мәлім) тәсілдерін жаңа оқу ситуациясында немесе өмірлік ситуацияда (фактілерді ауыстыру, таңдау және талдау, жаңаның бұрын оқып үйренілген нәрсемен байланыстарын табу және т.б.) қолдану;
Ә) оқу проблемаларын шешудің жаңа тәсілдерін (шешудің мүмкіндігін анықтау, фактілерді талдаудың нәтижелерін қолданып,нақтылау және т.б.) табу қабілеттерінің қалыптасқан-қалаптаспағанына байланысты.
Барлық осы көрсеткіштер түгел оқығанда оқушының интеллектуалдық даму дәрежесін сипаттайды және мұғалім оларды оқушының ақыл-ой дамуындағы ілгерілеуінің көрнекті көрсеткіштері ретінде, оқу процесін тиімді басқарып, оқушының танымдық дербестіктің қол жеткен дәрежесінен гөрі неғұрлым жоғары дәрежесіне көшіру үшін қажетті кері информацияның негізгі мазмұны ретінде қолдану мүмкін. Сабақ өту методтары, мұғалім сұрақтар, міндеттер және тапсырмалар түрінде қалаптастырып оқу проблемаларының әр алуан типтері басқару методы болып табылады. Осылардың бәріне және мұғалім мен оқушының өзара қимылының сипатына байланысты шартты түрде проблемалық оқытудың төрт дәрежесін бөлуге болады:
Дербес емес (әдеттегі) белсенділік дәрежесі-оқушының мұғалімнің түсінігін қабылдауы, проблемалық ситуация жағдайларына ақыл-ой әрекет үлгісін меңгеру, оқушының характерді жаңғыртатын өзіндік жұмыстарды, жаттығуларды орындауы, ауызекі жаңғытру;
жартылай өздігінен болатын белсенділік дәрежесі бұрыңғы білімдерді жаңа ситуацияларда қолданумен және мектеп оқушыларының мұғалім қойған оқу проблемасын шешу тәсілін іздестіруге қатысумен сипатталады;
дербес белсенділік дәрежесі-репродуктивтік-ізденіс типіндегі жұмыстарды орындау, бұл кезде оқушы оқулықтың тексі бойынша өзі жұмыс істейді, бұрыңғы білімдерін жаңа ситуацияға қолданады, конструкциялайды, қиындығы орташа есептерді шығарады, мұғалімнің сәл демеуімен гипотезаны дәлелдейді және т.б.
творчестволық белсенділік дәрежесі-творчестволық қиялды, логикалық талдау мен табуды, оқу проблемасын шешудің жаңа тәсілін ашуды, өздігінен дәлелдеуді талап ететін өзіндік жұмыстарды орындау; өздігінен тұжырым жасау мен қорытынды шығару, өнертабыс және көркем шығармалар жазу.
Оқытудың бәрі проблемалық болуға тиіс пе? Жоқ, бәрі емес, проблемалық оқытудың оқу проблемаларын шешу ғана және барлық оқу материалын өздігінен меңгеру ғана деп білсек. Ия, оқытудың барлығы проблемалық болуға тиіс, егер проблемалық оқытуды білімдерді оқу проблемаларын шешу жолымен, жаңалық ашу жолымен өздігінен меңгеру мұғалім немесе оқулық (не месе диктор) баяндаған білімдерін репродуктивтік меңгерумен ұштастырылған методтар жүйесі ретінде түсінсек. Оқушы адамзат білімінің бүкіл тарихи даму жолын қайталай алмайды және қайталауға тиіс те емес, бірақ ол бұл дамудың принциптері мен әрекетінің жалпырастырылған тәсілдерін қайталауға тиіс, мұны оқушы оларды меңгертіп, өз бойында творчестволық қызмет тәсілдерін қалыптастыру үшін қайталауға тиіс. Ия, барлығын, егер проблемалық оқытуды зерттеу методымен ұқсастырмай, оқушы ойының және оның есінең дамуын, білімдерді творчестволық меңгеруді, ғылыми фактілерді жинақтап, сенімдерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқыту типі ретінде түсінсек.
Проблемалық оқытуға барлық оқушылырдың шамасы жете ме? Іс жүзінде барлығының дерлік шамасы жетеді. Алайда оқушылардың жас және даралық ерекшеліктеріне, олардың проблемалық оқудың методтарына үйретілу дәрежесіне байланысты проблемалық деңгейі мен танымдық дербестік дәрежесінің айырмасы болады.
Проблемалық оқыту проблемалы жағдайлар жасау арқылы білім алушылардың ойлау және мінез-құлық механизмдерін қосуды ұйымдастыру бойынша педагогтың мақсатты іс-әрекетін қамтамасыз ететін тәсілдер жүйесі болып табылады. Проблемалық оқыту процесінде оқытушы дайын білімді (ақпаратты) хабарламайды, ол студенттердің алдына проблема қоя отырып және оған деген қызығушылықты ояту арқылы оларды шешу үшін құрал табу ниетін тудырады. Бұл жағдайда ғылым алдында тұрған проблемаларды шешу туралы емес, белгілі оқу ақпаратын беру (баяндау) сипаты туралы сөз болып отыр, бірақ ғылым әзірлемеген және практикада шешілмеген мәселелерді қою мен талқылау да жоққа шығарылмайды
. Проблемалық оқыту негізгі үш түрде жүзеге асырылады: а) оқытушының дәрістердегі материалды проблемалық баяндауы (проблемалық дәрістер); б) семинарлық және зертханалық сабақтарды өткізу кезінде оқытушының қатысуымен студенттердің ішінара-іздестіру қызметі; в) рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жобалар жазу кезінде, сондай-ақ студенттердің ғылыми үйірмелерде, салалық зертханаларда зерттеу жұмыстарын орындауы кезінде оқытушының басшылығымен студенттердің өз бетінше зерттеу және проблемалық жағдайды шешуі
Проблемалы оқытудың негізгі түсінігі – «проблемалық жағдай» болып табылады. Ол белгілі бір жағдайды (жағдаятты) жасайтын белгілі бір жағдайлар мен мән-жайлармен ұштастыра зерделеуді, кеңейтуді, зерттеуді талап ететін күрделі теориялық немесе практикалық мәселені қамтиды. Проблемалық жағдайдың екі жағы бар: а) тірек білімдерінің қарамақайшылығын ажыратуға, қандай да бір маңызды ақпараттың жетіспеушілігіне байланысты пәндік-мазмұнды; б) студенттердің қандай да бір жаңа білім алуы жағдайында қарама-қайшылықты түсінуге және оны жою ниетін оятуға бағытталған мотивациялық
. Проблемалық оқыту деңгейі оқу материалының мазмұнына (қиындықтардың әр түрлі дәрежесіндегі проблемалық жағдайларды жасау мүмкіндігінің болуы) және студенттің өзіндік іс-әрекетінің түріне байланысты. Осы белгілер бойынша мамандар проблемалылықты заңды түрде төртке бөледі: 1) репродуктитвті іс-әрекетті негіздейтін деңгей; 2) бұрынғы білімдерді жаңа жағдайда қолдануды қамтамасыз ететін деңгей; 3) репродуктивті-іздеу деңгейі; 4) шығармашылық деңгей. 7 Проблемалық жағдайларды кез келген деңгейде бөлу және тұжырымдау кезінде оқытушы келесі талаптарды басшылыққа алуы тиіс: шындықты дайын күйінде ұсынбау, қандай да бір құбылыстың пайда болуы мен дамуын детерминациялайтын қайшылықтарды анықтау және көрсету; студенттерді танымдық іс - әрекеттегі барынша дербестікке бағыттау; проблемалық жағдайды қарапайым емес, жеткілікті түрде қиын болуын көздеу; негізгі дидактикалық принциптерге (ғылымилық, жүйелілік, көрнекілік және т. б.) сүйену. Проблемалық оқыту тұжырымдамасы кең таралған, дегенмен оны түсіндірудің бірнеше жолы бар деуге болады.
Проблемалы оқыту - бұл проблемалық жағдайларды ұйымдастыру, проблемаларды қалыптастыру, оқушыларға мәселелерді шешуге қажетті көмек көрсету, осы шешімдерді тексеру және, соңында, алынған білімді жүйелеу және бекіту процесіне басшылық ету сияқты әрекеттердің жиынтығы . Проблемалық оқыту - бұл дамыта отырып оқытудың түрі, оның мазмұны әртүрлі күрделілік деңгейіндегі проблемалық тапсырмалар жүйесімен ұсынылған, оларды шешу барысында оқушылар жаңа білім мен әрекет тәсілдерін меңгереді, ал бұл арқылы шығармашылық қабілеттерін: өнімді ойлау, қиял, танымдық мотивация, зияткерлік эмоциялар қалыптастыру болады.
Проблемалық оқыту - бұл оқытушының басшылығымен проблемалық жағдайлар жасауды және оқушылардың шешу бойынша белсенді дербес қызметін болжайтын оқу сабақтарын ұйымдастыру, соның нәтижесінде кәсіби білімді, дағдылар мен іскерлікті шығармашылық меңгеру және ойлау қабілетін дамыту. Проблемалық оқыту - оқытушы ұйымдастырған оқытудың проблемалық-ұсынылған мазмұнымен субъектінің белсенді өзара ісқимылының тәсілі, оның барысында ол ғылыми білімнің объективті қайшылықтарына және оларды шешу тәсілдеріне қосылады. Берілген білімді шығармашылықпен меңгеруді үйренеді.
Өз генезисінде оқу процесі дамудың бірқатар сатыларынан өтті, бұл ретте тұтастық деңгейі жоғары болды және қазіргі уақытта оның жоғары деңгейіне проблемалық оқыту үдерісі сәйкес келеді. Проблемалық оқыту теориясы М. И. Махмутовтың және басқа да бірқатар авторлардың Ю. К. Бабанский, Т. В. Кудрявцев, И. Я. Лернер, Дж. Брунер, В. Оконь, Т. Новацкий, Х. Вектің еңбектерінде зерттелген.
Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін ғана емес, сонымен қатар осы нәтижелерді алу жолдарын, процесін (таным тәсілдерін меңгеру) меңгеру, ол сонымен қатар студенттің зияткерлік, мотивациялық, эмоционалдық және басқа да салаларын қалыптастыру мен дамытуды, оның жеке қабілеттерін дамытуды қамтиды, яғни проблемалық 8 оқытуда оқушылардың ғылымның дайын қорытындыларын трансляциялауға емес, оқушының жалпы дамуына баса назар аударылады
. Проблемалық оқыту - бұл дидактикалық және педагогикалық практиканың заманауи даму деңгейі. Ол оқушылардың жалпы дамуының тиімді құралы болып табылады. «Проблемалық деп аталу себебі оқушылар ондағы барлық оқу материалын меңгеру арқылы өз бетінше проблемаларды шешу және ашуы»
. Бірақ оқу процесін ұйымдастыру проблемалық қағидатқа негізделеді, ал оқумәселелерін жүйелі түрде шешу-оқытудың осы түрінің сипатты белгісі. Бұл ретте барлық әдістер жүйесі оқушының жалпы дамуына, оның жеке қабілеттерін дамытуға бағытталғандықтан, проблемалық оқыту шынайы дамытушы оқыту болып табылады .
Проблемалы оқыту схемасы келесі процедуралардың реттілігі ретінде ұсынылады: оқытушының оқу-проблемалық міндет қоюы, оқушылар үшін проблемалық жағдай туындату; туындаған проблеманы түбегейлі түсіну, қабылдау және шешу, оның барысында олар жаңа білім алудың жалпыланған тәсілдерін меңгереді; нақты тапсырмалар жүйесін шешу үшін осы тәсілдерді қолданады. Теория оқушының шығармашылық қызметін ынталандыру және зерттеу іс-әрекеті процесінде оған көмек көрсету қажеттілігі туралы тезис жариялайды және оқу материалын арнайы түрде қалыптастыру және баяндау арқылы жүзеге асыру тәсілдерін анықтайды.
Теорияның негізін білім алушылардың шығармашылық қызметін проблемалық тұжырымдалған тапсырмаларды қою және белсендендіру арқылы, соның есебінен олардың танымдық қызығушылығын және де барлық танымдық іс-әрекетін пайдалану идеясы құрайды. Проблемалық оқыту деп әдетте оқу мақсатында дәйекті түрде құрылатын проблемалық жағдайларды шешу түрінде өтетін оқыту түсініледі.
Психологиялық тұрғыдан алғанда проблемалық жағдай туындаған немесе ұсынылған міндетті шешу үшін қажетті білімдердің арасында сәйкессіздіктен, келіспеуден туындайтын анық ұғынылған қиындық болып табылады.
Проблемалық оқытудың психологиялық негізі ретінде С. Л. Рубинштейн «ойлау проблемалық жағдайдан басталады» деген тұжырымдама берген. Қиындықтардың сипатын, бар білімнің жеткіліксіздігін ұғыну жаңа білімді, іс - әрекеттің жаңа тәсілдерін іздеуде тұрған оны жеңу жолдарын, ал іздеу-шығармашылық ойлау процесінің компонентін ашады. Мұндай белгісіздік және іздеу қажеттілігі туындамаса, демек, шығармашылық ойлау да жоқ. Осылайша, қиын жағдай туындамайды, яғни ойлаудың да қажеттілігі 10 болмайды. Проблемалық оқыту бар білімнің жеткіліксіздігінен пайда болуы тиіс және бұл жетіспеушілікті оқушылар түсінуі тиіс.
Алайда, кез келген проблемалық жағдай ойлау процесін туғызбайды. Атап айтқанда, проблемалық жағдайды шешу жолдарын іздеу білім алушылар үшін қол жетімсіз болса немесе олардың шамасы келмейтін болғанда ойлау пайда болмайды. Сондықтан проблемалық оқытуды ұйымдастыруда берілетін тапсырма білім алушының шамасына қарай берілуі қажет екенін ескеру өте маңызды.
Мұғалім проблемалық жағдай жасайды, оқушыларды оны шешуге бағыттайды және шешімін іздеуді ұйымдастырады. Осылайша, бала өзінің оқыту позициясына айналады және оның нәтижесі ретінде жаңа білім қалыптасады, ол іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін меңгереді. Проблемалық оқытуды басқарудың қиындығы проблемалық жағдайдың туындауы - жеке акт болып табылады, сондықтан мұғалімнен дифференциалды және жеке тәсілді қолдану талап етіледі.
Проблемалық жағдаятты мұғалім ерекше әдістемелік тәсілдерді қолдану арқылы арнайы жасайды: - мұғалім оқушыларды қарама-қайшылыққа итермелейді және оларға оны шешу жолын табуды ұсынады; - бір сұраққа түрлі көзқарас туындатады; - класқа құбылыстың әртүрлі жақтарынан қарауды ұсынады; - білім алушыларды салыстырма, қорыту жасауға, жағдаяттағы фактілерді талдауға ынталандырады; - нақты сұрақтар қояды (жалпылауға, негіздеуге, нақтылауға, ойлау логикасына); - проблемалық теориялық және практикалық тапсырмаларды анықтайды; - проблемалық міндеттерді қояды (жеткіліксіз немесе артық деректері бар; мәселені қоюдағы белгісіздікпен; қарама-қайшы деректермен; жіберілген қателіктері бар деректермен; шешу уақыты шектеулі; психикалық инерцияны жеңуге және т.б.
). Проблемалық технологияны жүзеге асыру үшін: - ең өзекті, маңызды міндеттерді іріктеу; - оқу жұмысының алуан түрлеріндегі проблемалық оқытудың ерекшеліктерін анықтау; - проблемалық оқытудың оңтайлы жүйесін құру, оқу және әдістемелік құралдар мен басшылықтарды құру; - баланың белсенді танымдық қызметін тудыруға қабілетті мұғалімнің жеке көзқарасы мен шеберлігі.
Проблемалық оқыту кез келген жағдайда бірдей тиімді бола алмайды. Тәжірибе көрсеткендей, проблемалық оқыту процесі оқушылардың зияткерлік қиындықтарының, сондай-ақ жаңа білімді меңгеру немесе жаңа 11 жағдайда бұрынғы мәндерді қолдану кезінде олардың танымдық белсенділігі мен дербестігінің әр түрлі деңгейлерін туындатады.
Мұғалім мен оқушылардың өзара іс-әрекет сипатына қарай проблемалық оқытудың төрт деңгейін бөліп қарастыруға болады: - тәуелді (жалтақ) белсенділік деңгейі - оқушының мұғалімнің түсінігін қабылдауы, проблемалық жағдай жайында ақыл-ой әрекетінің үлгісін меңгеруі, оқушының өз бетінше жұмыс жасауы, ойын сипатындағы жаттығулар, ауызша қайталау; - жартылай өзіндік белсенділік деңгейі - жаңа жағдайда бұрынғы білімдерді қолдануымен сипатталады және оқушылардың мұғалім қойған мәселені шешу тәсілін іздестіруге қатысуы; - өзіндік белсенділік деңгейі (репродуктивті) - іздеу түріндегі жұмыстарды орындау, оқушы оқулықтың мәтіні бойынша өзі шешеді, жаңа жағдайда бұрынғы білімін қолданады, құрастырады, күрделілігі орташа деңгейдегі есептерді шешеді, мұғалімнің елеусіз көмегімен гипотезаны дәлелдейді және т. б.; - шығармашылық белсенділік деңгейі - шығармашылық қиялды, логикалық талдау мен болжауды, оқу проблемасын шешудің жаңа тәсілін ашуды, өзіндік дәлелдеуді талап ететін дербес жұмыстарды орындау, өзіндік тұжырымдар мен қорытындыларды, өнертабыстарды, көркем шығармаларды жазу
. Бұл көрсеткіштер оқушылардың зияткерлік даму деңгейін сипаттайды және мұғалім оқушының білімі жағынан дамуында алға жылжуының көрінетін көрсеткіштері ретінде, кері ақпараттың негізгі мазмұны ретінде қолдана алады. Проблемалық оқыту шығармашылық іс-әрекетке қабілеттілікті қалыптастыру мен дамытуға бағытталған, яғни ол оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға әсер етеді. Бірақ проблемалық оқытудың бұл қызметі ең жоғары деңгейде іске асырылуы үшін оқыту процесіне проблемалардың кездейсоқ жиынтығын енгізу жеткіліксіз. Проблемалар жүйесі осы білім саласына тән проблемалардың негізгі түрлерін қамтуы тиіс, бірақ олармен шектелмеуі мүмкін. Осылайша, оқыту процесін зерттеу процесіне жақындататын оқу проблемаларының кем дегенде үш негізгі түрін көрсетуге болады
. Бұл, біріншіден, пәннен тыс (білімнің, техниканың, өндірістің әртүрлі салаларында) немесе пән ішінде туындайтын проблема. Проблемалардың екінші негізгі түрі бірінші типтегі проблемаларды шешу нәтижесін зерттеуден тұрады. Проблемалардың үшінші негізгі түрі екінші типтегі проблемаларды шешу нәтижесінде алынған жаңа теориялық білімдерді қолданумен байланысты
. Осылайша, проблемалардың үш негізгі түрі әртүрлі қызметтерді орындайды: бірінші типтегі проблемаларды шешу жаңа білім береді; екінші 12 түрдегі проблемаларды шешу осы білімді жүйеге келтіреді; үшінші түрдегі проблемаларды шешу осы білім жүйесін қолданудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Проблемалық оқытудың басқа оқыту әдістерінен ерекшелігі сол, ол оқу мақсаттарының бірнешеуіне бірден қол жеткізуге мүмкіндік береді, атап айтсақ:  білім алушылардың қажетті білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;  шығармашылық ойлауды дамыту;  өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту;  өзін-өзі оқытуды дамыту;  зерттеу белсенділігін қалыптастыру. Әдістің айтарлықтай тиімді жақтарының болуына қарамастан, келесідей кемшіліктерді атап кетуге болады:  проблемалық зерттеу стратегиясын практикалық дағдыларды қалыптастыру үшін пайдалану қиыншылығы;  жаңа материалды меңгеру үшін көп уақыт қажет (басқа оқыту әдістерімен салыстырғанда);  проблемалық оқыту әдістемесі бойынша сабақтар тек бір мағыналы емес шешімдер мен пікірлерге жол беретін материал негізінде ғана мүмкін;  проблемалық оқыту әдісі балаларда белгілі бір білім қоры бар болғанда жағдайда жүзеге асады. Сонымен, проблемалық оқыту әдісін қашан қолдануға болады?
Проблемалық оқыту әдісінің мәні проблемалық жағдайларды құру және оларды шешу тәсілдерін табудың ерекшелігінде. Бұл әдістегі ең қиын нәрсе – ол дұрыс проблемалық жағдайды құру. Сол проблемалық жағдайды өз мәнінде құру үшін мына төмендегілер ескерілуі тиіс: Біріншіден, оқушыларға ұсынылатын мәселе сол жастағы балалар үшін қолжетімді және жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
Екіншіден, мәселе қолда бар білім мен дағдылардың көмегімен ғана шешілмеуге тиіс, яғни жаңа идеяларды да ұсынуға және жаңа білімді іздеуге итермелеуге тиіс. Үшіншіден, құрылған жағдайда қайшылық, белгісіздік болуы тиіс. Төртіншіден, жағдай білім алушының ерекше қызығушылығын тудыруы керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет