Сабақты әзірлеу тіпті тәжірибелі мғалімдер үшін де қиын іс болып табылады. Олардың творчестволық лабораториясы нақ осы жерде ашылады. Проблемалық сабақтарды әзірлегенде мұғалімдерге қиындық келтіретн нәрсе не? Мұғалім кандай, оның оқушылары қандай екендігіне байланысты олар көп болуй мүмкін. Дегенмен неғұрлым ерекше төрт қиындықты айталық:
Біріншісі тек қана оқу материалын меңгертуді ғана емес, сонымен қатар оқушылардың дербес танымдық қызметін, олардың ақыл-ойының даму процесін басқаруды қамтамасыз ете алатындай сабақты және оқыту методын ұйымдастыруды іздестірумен байланысты.
Екінші қиындық проблемалық ситуацияның типтерін айқындау мен оларды класс үшін және оқушылардың жекеленген топтары үшін арнап жасаудың тәсілдері мен әдістерін табудан тұрады. Ол мұғалімде проблемалық сұрақтарды, есептерді және тапсырмаларды тұжырымдау шеберлігі мен дағдыларының жоқтығымен байланысты.
Үшіні қиындық мұғалімнің қайсыбір оқушының жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін өздігінен меңгерту процесін сөзсіз дараландыруға тап болуымен де байланысты: өйткені әркім проблеманы және оны шешу тәсілін өзінше түсінеді, танымдық есептерді тұжырымдаудың варианты болуы керек.
Төртінші қиындық мұғалім оқушылардың сабаққа деген ынтасын қоздырудың жаңа әдістерін үнемі іздестіруі мен олардың эмоциялық көңіл күйін жасаумен байланысты пайда болады.
Осы қиындықтардың негізгі себептері неде? Мұғалім мен оқушылардың оқу процесіндегі қызметінің арақатынасы өзгерді. Мұның өзі олардың өзара әрекетінің жаа құрылымын іздестіруді талап етті. Мектеп оқушыларының өзіндік дербес оқу-танымдық қызметінің үлгісі артты, сөйтсе тұра мұғалімнің қолындағы бар методика оған сабақ құраудың барлық қиыншылығын жеңіп шығуға көмектеспейді, бұрыңғы көрнекі материал көп жағдайда сөздік көрнекілік оқытуға арналған да, оқушылардың өздігінен орындайтын белсенді жұмысы үшін үйлесімі аз, ал жаңа техникалық құралдар жеткіліксіз игеріліп, тиімсіз пайдаланылады.
Сондықтан оқыту теориясының алдында оқу-танымдылық процесі жандандыру жолын іздестірумен бірге проблемалық сабақтарды әзірлеудің дәлелдеген тәсілдерін табу міндеті төтенше шұғыл қойылды.
Әзірлеудің өзара байланысты екі жағы бар: оқу мазмұнын әзірлеу, яғни нені оқыту керек және оны меңгеру процесін әзірлеу, яғни қалай оқыту және оқу шеберлігін қалай дарыту керек деген мәселе. Әрине, оқыту теориясында бұл мәселеге бұрын да көп көңіл бөлінген. Сонымен қатар проблемалық оқыту тұрғысынан жоспарлаудың белгілі принциптері анықтай түсу мен толықтыруды керек етеді. Әр түрлі зерттеушілер тарапынан шарттар белгіленген, оларджы сақтау, проблемалық сабақтарды әзірлеуде табысқа жетуді қамтамасыз етеді:
А) оқушылардың берік меңгеруіне арнеп мұғалімнің жоспарларын ұғымдар мен әрекет тәсілдері өздігінен қорытудың нәтижесі ретінде пайда болуы керек;
Ә) оқу тапсырмасын айқындау және оның сапасын бағалау қажет (сабақта қандай проблемалық тапсырмалар беруге болады, олардың фактіге негізделген материалмен байланысы, олардың фактіге негізделген материалмен байланысы, олардың қайталанушылығы ауыр-жеңілдігі; сабақта қандай тапсырмаларды пайдаланып, білімдерді тексерген кезде немесе үйге қандай тапсырмалар беру керек);
Б) оқушылардың тапсырманы орындауға деген әзірлеген бағалау (олардың осы тәріздес мәселелерді қарастыру белгілі әрекет тәсілін жаңа ситуацияға қолдану, жауаптың логикалық схемасын жасау шеберлігі) және оқушылардың ойлау қызметінің құрамын айқындау;
В) мұғалімнің ұғымдардың мәнін түсіндіруі үшін ол ұғымдарды анықтау.
Педагогикалық озық тәжірибеде әзірлеудің көрсетілген шарттарын қамтамасыз етіп, проблемалық сабаққа қойылатын талаптарды сақтайтын үнемі проблемалық ситуатциялар жасап отыру мен оқүшылардың дербес жұмысын ұйымдастыруды көздейтін мұғалімдер ғана жақсы нәтижелерге қол жеткізіледі. Оқү материалын талдау кезінде олар ең алдымен берілген ғылымның негізгі (неғұрлым жалпы) және екінші дәрежелі (жеке) ұғымдарын ажыратады, сабақтар жүйесін жоспарлайды, сөйтіп сабақта әрбір келген оқушының ең күрделі деген ұғымды түсінуге шамасы жететіндей болу үшін олардың мәнін ашуға уақытты көп бөледі, оларды бекіту үшін көптеген жаттығу жұмысын жүргізеді.
Біздің зерттеулеріміз сабақтарда арналған оқу материалын әзірлеу мен жоспардың ғылыми негізделген жуйесі мынаны қамтитынын көрсетеді:
А) праграммалардың (оқу материалының) мазмұнын дайындау және ә) оқыту процесін жоспарлап, дидактикалақ шарттар жасау.
Сабақтардың (сабақтың және сабақтар жүйесінің) мазмұнын дайындау қазіргі заманғы оқу-тәрбиелік процеске және проблемалық сабаққа қойылатын таламтарды айқындайды.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, «Мұзмұн-методтар» жүйесінде бірінші элемент жетекші болып табылғандықтан сабақтарға ғылыми негізделген дайындық оқып үйренуге жататын білімдер жүйесі терең және жан-жақты талдаудан (мұғалім бір сабақты немесе сабақтар жүйесін жоспарлауға кіріскен, кіріспегеніне байланысты емес) басталуы керек екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Оқу материалын талдауды төмендегі схема бойынша жүргізген жөн: а) ұғымдық талдау; ә) логикалық; б) психологиялық; в) оқү материалының тәрбиелік маңыздылығын талдау және г) дидактикалық талдау.
Схема элементтерінің әрқайсымын проблемалық сабақтардың негізгі типіне дайындау тұрғысынан қарастырайық.
Оқу материалын ұғымдық талдау, яғни мазмұндағы негізгі принциптерді, заңдарды, ұғымдар мен фактілерді ажырату дидактикалық мақсат пен міндеттерді дұрыс анықтау үшін, сабақ өтудің әдістері мен методтарын іріктеу үшін қажет. Мұндай дайындық үшін мұғалім.
Жаңа материалдың көлемін айқындайоның бұрын оқып үйренілген материалмен байланысын анықтайды (жалпы жоспарда) және дидактикалық мақсатты белгілейді; міндетті және информатциялық материалды ажырытады; оқушылар меңгеруге тиісті негізгі ұғымдарды ( немесе бұрыннан-ақ белгілі нәрсенің оқып үйренбеген қасиеттері мен белгілерін, жаңа ұғымдарды, (немесе олардың белгілерін) бөліп алады; негізгі және екінші дәрежедегі ұғымдарға бөледі, олардың күнделік дәрежесіне назар аударады, талдау және есте қалдыруға арналған фактілерді саралайды;
Білімдер құрамын анықтап, жаңа ұғымдардың мәнін ашып көрсетудің тәсілін ажыратып, ненің қайсысы творчестволық және ненің репродуктив меңгеруге жататындығын нақтылайды; ұғымдардың өзара байланысын (жаңа және белгілі болған), оқушылар сол ұғымдарға негізделіп білімдерді өздіктерінен (түгелдей немесе мұғалімнің көмегімен) меңгере алатын болуы керек, бұрын меңгерілгенің қайсысын тереңдетіп, бекіту, қандай ұғымдар мен әрекет тәсілдерін сабақта актуалдау керектігін айқындайды;
Қорытындылардың, анықтамалардың, ережелердің, теоремалардың, заңдардың және т.б. тұжырымдарының варианттарын әзірлейді;
Жүйеде келесі сабақтарда оқып үйренуге арналған ұғымдарды бөліп алады, олардың сол сабақтағы негізгі ұғымдарымен байланысын айқындайды.
Оқу материалының тәрбиелік мәндігін талдау мыналарды көздейді, мұғалім: а) ғылыми қозғалысты қалыптастыруға оқушылардың эстетикалық, атеистік, идеялық-саяси, еңбек тәрбиесін қалыптастыруға ықпал жасайтын ұғымдар мен түсініктерді саралайды; ә) мұғалімнің немесе оқушылардың қорытындыларын дәлелдейтін коммунистік құрылыс практикасын, ғылым тарихынан алынған фактілермен оқу материалын толықтырады.
Проблемалық оқыту процесі,ұғымдарды ғылыми жолмен қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, яғни олардағы танымдық қайшылықтарды шеше отырып, білімді сенімге айналдыру жөніндегі жүйелі жұмыс болып табылады.
Қоғамтану курсының қарастырылып отырған мысалында материал капитализмнің сөзсіз құритыны туралы, адамзаттың социализмнен коммунизмге өтуінің заңдылығы туралы сенімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осыған қоса қоғамдық өмір фактілерін талдау, оларды практикалық, таптық тұрғыдан бағалау және қорытынды жасау шеберлігіне тәрбиелейді.
Мұғалімдерде материалдарды дидактикалық талдауда едәуір тәжірибе бар, талдау методикасы әдебиеттерде де жазылған. Проблемалық сабақты әзірлеу кезіндегі дидактикалық талдау мынаған әкеліп саяды.
Оқу материалын ұғымдық, логикалық және психологиялық талдаудан алынған нәтижелерден, мұғалім педагогикалық болжау тұрғысынан сабақтың дидактикалық мақсатын анықтайды және тұжырымдайды, оқушылар қандай ұғымдарды меңгеруі және қандай әрекет тәсілдерін қалыптастыруы тиіс екендігін белгілейді; дидактикалық міндеттер мен сабақ кезеңдері бойынша мұғалім мен оқушы қызметінің түрлері анық айқындалады;
Материалдардың көлемін анықтайды (меңгеру және информациялық материал үшін міндетті), қажет болған кезде оқулық материалын толықтырады, логикалық өзара байланысты бөліктерге бөледі және әрқайсысын оқып үйрену уақытын белгілейді; оқытудың жалпы және бинарлық методын анықтайды; сабақтың методикалық құрылымын белгілейді;
Сұрақтар мен танымдық міндеттердің, тапсырмалардың мүмкін болатын тұжырымдарын,проблемалық ситуация (және проблема қою) жасауға керекті сөз бен көрнекіліктің мүмкін болатын ұштастырылуын анықтайды; проблемаларды шешудің тәсілдерін анықтайды; бұрын алған білімді қайталауға және жаңаны меңгеруге керекті дербес жұмыс жүйесін таңдан алады;
Оқушылардың болжамдары мен гипотезаларының болуы мүмкін варианттарын қарастырады, жаңа ұғымдарды жақсы меңгеруге және проблеманы шешүінің дұрыстығын тексеруге қажетті ғылым тарихынан мысалдар мен мәліметтер жинайды; қосымша информацияның материалдарын айқындайды, оқушылар қандай фактілерді, мәліметтерді өздігінен табатындығын және оларды сабақта қалай пайдаланатындығын анықтайды;
Дидактикалық материалдарды және ОТҚ-ны әзірлейді; программаланған оқу құралын пайдалану мүмкіндігін қарастырады;
Білімді бағалау үшін, дараландыру үшін оқушылар тізімін белгілейді;
Пән аралық байланыстарды және өмірмен байланыстырудың әдісі мен тәсілдерін, сондай-ақ проблемалық ситуация, сонымен бірге қосымша сұрақтар, карточкалар, көрнекілік немесе өздігінен орындайтын жұмыстардың құралдарын жасаудың әдістерін анықтайды;
Меңгерілгенді қолдану шеберліктер мен дағдыларды, оқушылардың білімдерін бағалау үшінкеректі білімдер мен жаттығулар жүйесін таңдап алады.
Үй тапсырмасы үшін материал әзірлеп, оның сипатын анықтайды .
Біз бұдан әрі дидактикалық талдаудың мазмұны проблемалық сабақ жоспарының негізгі мазмұнына сәйкес келетіндігін көреміз. Нақты материалдан мұғалімің жоғарыдағы атап өтілген әрекеттері оңай да тез жүзеге асатыны әбден түсінікті, өйткені мұғалім бірден барлық материалды қамтиды, оның үстіне ол оны біледі.
2) Проблемалық сабақтарды әзірлеу және жоспарлау.
Оқу материалының мазмұнын ғылыми талдау оқу-тәрбие процесін жоспарлаудың негізі болып табылады. Педагагикада және мектепте жоспарлаудың алуан түрлері белгілі: календарьлық-жылдық, тақырыптық, сабақтық. Олардың мақсаты-оқу-тәрбие процесін ғылыми негізде ұйымдастырып, оқушылардың оқу программасын жақсы меңгеруіне қол жеткізу.
Календарьлық-жылдық жоспарлау-жоспарлаудың неғұрлым жалпы түрі (мектеп программасы мен оқу жоспарының бірдейлігі түрінде берілген), оларды басшылыққа алып, педпгпг жоспарлардың екі-тақырыптық және сабақтық түрін-жүзеге асырады.
Тақырыптық жоспарлау ең алдымен оқу тәрбие процесінің сабақтар жүйесіндегі және мектеп программасының сол тақырыбы немесе негізгі (оқытушы, дамытушы жәнен тәрбиелеуші) функциясын іс жүзесіне асырудың қолайлы жолдарын айқындау қызметін атқарады. Ол педагогикалық болжамды іс жүзіне асыру үшін де қажет. Дамытып оқытуды ұйымдастырудың озық тәжірибесі тақырыптық жоспарлау белгілі бір схема бойынша құрылуы керек екендігін көрсетіп отыр.
Қазіргі тақырыптық жоспар үшін қандай элементтер міндетті?
Педагогика бар календарьлық-тақырыптық жоспарлардан өзгешелігі, онда, оқу мателиалы мазмұнының элементтерін көрсетуден басқа, сабақтардың мақсаты, типі және құрылымы, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеудің методы көрініс табуы керек.
Толық жарымы тақырыптық жоспарды коллективтің күш-жігерімен методикалық орталықтарда талдау жасап, мұғалімге дайын түрде ұсыну керек. Әрбір облыс немесе республикада мұғалімдер білімін жетілдіру институттары бар. Пән кабинеттерінің методистері ең жақсы мұғалімдердің ішіндегі активтермен бірлесе отырып, ал қажет болған жағдайда, педагогикалық институттардың методистерінің қатысуымен де тақырыптық жоспарларды ең жоғарғы ғылыми дәрежеде талдау жасай алады, сол арқылы мұғалімнің оған кететін уақытын босатып оның сабаққа жоғары дәрежеде әзірленуіне мүмкіндік береді. Праграммалар тұрақты, сондықтан тақырыптық жоспарлар кейбір қосымшалармен және өңдеулермен бірнеше жыл пайдалана алады. Тақырыптық жоспар өзінің негізгі талаптарын іс жүзіне асырудың әдістері мен тәсілдерін творчестволықпен іздеу үшін бағыт береді, яғни сабақ жоспарын жасауда мұғалімнің творчествосын керек етеді.
Копшілік жағдайда тақырыптық жоспарлар қандай схема бойынша жасалады? Әдетте, аптасы және күні, сабақтың тақырыбы, кейде мұғалімнің (немесе оқушылардың) жұмыс түрлері көрсетіледі.Бұл жоспарлардың кемшілігіне де? Олар қазіргі заманғы сабақтардың барлық талаптарына сай келмейді, мұғалімді белсенді оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға бағдарламайды. Оларда сабақтың құрылымына сүйену жоқ,проблемалық принцип ескерілмеген.
Барлық пәндердің мұғалімдері оқытудың аса маңызды функциялары: программаны терең меңгерді, оқушылардың интеллектуалдық дамуын, оларды жан-жақты тәрбиелеуді іс жүзіне асыруды қамтамасыз ете алатындай тақырыптық жоспарлаудың схемасына мұқтаж.
Сонымен тақырыптық жоспарлаудың схемасы бес бөлімнен тұрады, олардың ар қайсысының тұтастай алғанда сабақтар жұйесі үшін міндетті,бірақ сабақтарды ар түрлі типтерінде ар түрлі мазмұны болатын бірқатар элементтері бар. Схеманың негізін бірінші типтегі сабақ құрылымы құрайды.
Тақырыптық жоспордың бөлімдерінің мазмұнын қарастырайық.
Сабақ тақырыбының аты (практикалық оқу) немесе сабақтардың жүйесі праграммадан алынады.
Сабақтың (немесе бірінші сабақтардың) мақсаты программаның жоспарлаған тақырыбының, бөлімінің мазмұнына сүйеніп анықталады; ол сабақтың (сабақтардың) үйретуші, тәрбиелеуші және дамытушы функциясын көрсетеді, тақырыптық жоспарда жалпы түрде көрініс табуы мүмкін.
Сабақтың типі: сабақтың мақсаты мен материалының мазмұнына сәйкес, бұл жерде сабақ типтерінің біреуі ғана көрсетіледі. Мәселен, бірінші тип (жаңа материалды оқып үйрену сабағы, проблемалық) немесе екінші тип (білімдерді жетілдіру, проблемалық емес). Сабақтың типтері мен шағын типтерін көрсетуге педагогикалық көрегендік принципін іс жүзінде асыруға жағдай жасайды, кейінгі жолы сабақты жоспарлау мен сабақты оқытуды техникалық құралдарын (ОТҚ) қамтамасыз етуді бірталай жеңілдетеді. Мұғалім таяудағы және алыстағы мақсаттарды белгілеп,авлдын ала даярлықты бастап, оқушыларға материалды күні бұрын бөліп беруі мүмкін. Сабақтын типін көрсету мұғалімнің өзінің білімдер жұйесіне әзірленуінің сипатын да күні бұрын анықтайды,оған танымдық міндеттер мен оқу тапсырмаларын әзірлеуге мумкіндік береді.
Оқытуды методы: жалпы методтар немесе тек дидактикалық міндеттер мен методы іс жүзіне асыруды формалары көрсетіледі, мәселен, баяндама (әңгіме) құрастыру немесе тексті түсінік бере отырып оқу шеберлгін калыптастыру.
Сабақты жабдықтау және информация көздері материалдың мазмұны мен ұсынылған жалпы методқа сүйеніп анықталады. Тек қана негізгі оқытудың техникалық құралдары қажетті әдебиет көрсетіледі.
Актуалдау. Жоспардың бұл бөлімі жұмыс процесінің өзін алдын ала анықтайды. Оның көрсетуіне мыналар жатады:
Бұрын оқып үйренген қандай ұғымдар актуалдануы тиіс (бұл жерде өткендегі оқумен байланысы да еске алынады);
Өздігінен орындайтын жұмыс қандай типте болуы керек, білмін актуалдап, бұрын мегерген білімді түсінуді тереңдетеді.
Жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін меңгеруді жоспардың негізгі бөлімі деп есептеу керек. Бұл жерде методис мыналарды атап көрсетеді:
Осы сабақта немесе бірінші сабақта қандай жаңа ұғымдар енгізіледі (немесе ертерек меңгерілген ұғымдардың белгісіз белгілері оқып үйреніледі).
Сабақтар мен уй тапсырмалары жүйесінде оқушылардың білімдегі, шеберліктері мен дағдыларындағы болжамды жетілдіру (нақты нұсқау да болуы мүмкін-олар сабақтардың тақырыбын, жүйесін оқып үйрену қорытындысында нені меңгеріп неменені үйренуі тиіс); өздігінен орындайтын жұмысты типі бұл бөлімде көрсетілмеуі мүмкін, әдетте ол творчестволық немесе жартылай творчестволық сипаттама келеді де; оқу проблемасының сипатымен, проблемалық ситуацияның типімен байланысты болады.
Бір немесе бірнеше сабақтардың негізгі (жылжымалы) проблемалары тұжырымдалады немесе теқ қана аталып өтіледі.
Шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Тақырыптық жоспарлардың бұл бөлімінің мазұнында атап көрметілетіндер:
Сабақта оқылған материалды қамтитын оқушылылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының типтері;
Жұмыс формалары (фронтальды, топпен, жекелей).
Үй тапсырмасын қамтитыны:
Оқулықтан және информатцияның басқада көздерінен қайталауға арналған материал
Келесі сабаққа әзірленуге арналған өздігінен орындайтын жұмыстың типі.
Тақырыптық жоспар сабақтардың (бөлімнің, тақырыптың бүкіл жүйесін қамтиды, алайда жіктеп-саралау әдісіде болуы мүмкін (жеңіл тақырыптарда (сабақтар) жоспардың тек қана жалпы схемасы болуы мүмкін, ал неғұрлым күрделі тақырыптар толығырақ талданып жасалады). Тақырыптық жоспарлы белгігі бір бөлімі нақты сабақта сабақтың мақсатына және оның типіне байланысты атап көрсетуі мүмкін. Ол сабақтық жоспарда іс жүзіне асырылады (толтырылады), типті мұндада әр бір сабақта бөлімнің барлық элементтері бірдей орын ала алмайды.
Сабақты жоспарлау тақырыптық жоспарлауға қарағанда неғұрлым нақты болады.
Мұнда материалының мазмұны, белгілі бір уақыт аралығына (45минут) оны оқып үйренудің тәртібі мен тәсілі дәл анықталады. Сабақтық жоспарды мұғалім тақырыптық жоспарға праграмманың мазмұнына және өзінің класс жөніндегі біліміне, оқушылардың әзірлік, даму дәрежесіне және сабақты өткізудің шартына сүйене отырып,өзі жасайды.
Тақырыптық жоспарларға қарағанда, сабақтық жоспарлап бөлімдерінің саны мен олардың элементтерімен, бұл элементтердің бір ізділігі және мазмұны мен ерекшеленеді. Әрбір жоспардың мұғалімнің даралық жұмыс стиліне, оқушылардың оқытылу мен жас дәрежесіне,параллель кластың әзірлене және т.б. байланысты өз ерекшеліктері болады.
Дәстүрлі сабақты жоспарлауға оқушылардың ойлау қызметін активтендірудің арнаулы міндеті енгізілмеген, әдетте олардың сыртқы қызметі жоспарлап келеді. Дәстүрлі сабақтардың жоспарлары тұрақты,оларда сабақ бөлімінің дидактикалық тұтастығы жоқ. Мәселен, үй жұмысын тексеру мақсатын міндетті түрде сұрау жүргізу жоспарланады, ол материал жаңа материалмен байланысты немесе байланысты еместігіне қарамай-ақ жүргізіле береді.
Проблемалық сабақты әзірлегенде мұғалім оқүшылардың ой қызыметін, олардың жаңа білімдерді меңгеру кезіндегі ойлау қызыметінен белгілі бір әдістері болатынын үміт артып жоспарлайды; оқушылар қызметін басқару жөніндегі өзінің қызметін жоспарлайды (жалпылама сұрақтар түріндегі бағдарлау, проблемалық міндеттер және т.б.). Мұның өзі оның кездейсоқ жаймен оқушылар ойының өзі алдын ала болжалдай алмаған жүрісімен кезднсіп қалуын жоққа шығармайды. Мұғалімнен үлкен эрудиция оралымдық пен сезім ұшқырлығын талап етеді. Бірақ бұл ол сабаққа ешқашан да толық дайын бола аммайды дегенді білдірмей ме? Әлбетте, жоқ. Сабаққа дайындық ұғымының өзі өзгереді.
Сабақты жоспарлай отырып, мұғалім оқушылардың ой бағдарын болжауға тырысады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, класта бір ғана мәселе жөніндегі әр түрлі пікірдің саны үш-төрттен көп болмайды. Екінші жағынан,айтылған пікір (ойдың) варианттарының саны шешілуге тиісті нарсенің мазмұнына байланысты болады. Сондықтан жоспарлау кезінде мұғалім оқу материалын ғана емес,сонымен қатар оны оқып үйренудің әрбір кезеңін де, қайталауы мүмкін болатын жауап тұрғысынан (дұрыс және қате) алынғын әрбір сұрақы да талдайды. Басқаша айтқанда, мұғалім материалды мазмұны, логикалық құрамы, тәрбиелік мәні және оқушылардың ерекшелігі (психологиялық, ойлағаншық, дүниетаным, жас ерекшелігі) бойынша талдайды. Талдау неғұрлым терең және нақты болса оқушылардың проблеманы шешуге тиісті болжамдары көп болып, сабақ барысының мүлде кездейсоқ ауытқуына тап болуы аз болады.
Оқушылардың ойлау қызыметінің алуан түрлі варианттарын болжау мұғалімінің өз қызметінде алуан түрлі вариантта жоспарлауға мәжбүр етеді. Жоспардың кейбір элементтері көп вариантты болуы мүмкін. Жоспар бір класта былай, бір класта олай іс жүзіне асырылады. Көп варианттық оқушыларға даралық көзқарасты қамтамасыз етеді.
Білім беру жүйесіндегі басты буында – оқытудың мазмұнында елеулі өзгеріс болды. Бұл оқыту процесін уйымдастырудың әдістері мен формаларына өзгеріс еңгізу қажеттелігін тудырады. Білім берудің мазмұнын модернизациялау оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарлатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудырды.
Совет педагогикасы В.И.Лениннің «адам баласы жасап шығарған байлықтың барлығын білу мен ой өрісінді байытқанда ғана коммунист болуға болады» деген нұсқауына сүйеніп, мектеп оқушыларының білімдер жүйесін меңгеруінің маңыздылығын әрқашан баса көрсетіп отырды. Лениннің бұл идеясын біздің мектеп ойдағыдай іске асыруда. Ғылымдар негіздерін репродуктивтік меңгерудің жолдары мен тәсілдері және дәстүрлік оқытуды ұйымдастырудың методтары оқыту теориясында, жекелеген методикалар мен педагогикалар оқулықтарында жеткілікті зерттеліа, сипатталған.
Алайда білімдер мен репродуктивтік ойлау дағдыларының белгілі мөлшерін жинақтау оқушылардың танымдық дербестігі мен творчестволық қабілеттерін дамыту үшін жеткіліксіз. Бұл арада тек нәтиже, алған білімдер ғана емес, сонымен бірге оларды меңгеру процесі де зор маңызға ие. Жарты ғасыр бұрын, комсомолдың Бүкіл Россиялық III-съезі делегаттарына арнап В.И.Ленин былай деген болатын: «біз........ адам баласы тапқан білімдердің бүкіл жиынтығын ала беруіміз керек, ол білімдерді алғанда – сіздерге коммунизм жаттап алған сықылды болып жүрмесін, өздерінің әбден ойластырған нәрселерінің болсын, қазіргі замандағы білімнің тұрғысынан қарағанда сөзсіз келіп шығатын қорытынды болсын».
Соңғы жылдары «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтың жауабын іздестіру әжептәір нәтижелер берді. Істің табысты болуы негізінен алдыңғы қатарлы педагогикалық практиканың нәтижелерін теориялық ойға салып түсінумен анықталды.
60-жылдары Липецк, Ростов, Новосиберск облыстарының, Татар АССР-інің озат мұғалімдерінің тәжірибесі неғұрлым әйгілі болды. Бұл тәжірибеге ізденістің жалпы белгілері, жалпы бағыты тән еді:
оқытудың өмірмен байланысын күшейту, өмірлік фактілерді жаңа білімдердің қосымша көзі ретінде пайдалану;
сабақтың дәстүрлі құрылымын өзгерту және оны шаблондық қолданудан бас тарту;
оқушылардың сабақтағы өз бетімен орындайтын жұмыстарын олардың санын көбейтіп, репродуктивтік және творчестволық жұмыстарға бөлу мағынасындағы ролін арттыру;
өз бетімен шешуге арналған танымдық міндеттерді мұғалімнің оқу материалын баяндауымен ұштастыруға қолдану;
оқытуды даралауды күшейту (жаңа білімдерді меңгеру кезеңіндегі даралық әдісті ұйымдастыру және дифференцияланған тапсырмаларды дайындау);
сабақтар жүйесін дайындағанда және оларды өткізгенде педагогикалық болжау принципін іске асыру;
оқушылардың өз беттерімен зерттеу элементтерін, олардың жаңа ұғым, ереже, заңдарды іздестіру мен ашуын күшейту.
Проблемалық ситуацияның рөлі мен мәнін айқындау оқу процесін оқушының белсенді ойлау қызметінің психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын дәйектілікпен есепке алу негізінде қайта құру идеясына алып келді. Жаңа педагогикалық фактілерді теориялық ой елегінен өткізу барысында проблемалық оқытудын негізгі идеясы анықталады: білімдердін елеулі бөлігі оқушыларға даяр күйінде берілмейді,оларды оқушылар проблемалық ситуация жағдайларындағы дербес танымдық іс-әрекет процесінде алады.
Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты-қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.
Проблемалық оқытудың педагогикалық негізі.
Қазіргі педагогикалық оқыту процесінде балаларды жалпы дамыту мәселелері зерттелуде.
Жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке бастың аса маңызды көрсеткіші - жоғары дәрежедегі ойлау қабілетінің болуы. Егер оқыту творчестволық қабілеттерді дамытуға алып келетін болса, онда мұны сөздің қазіргі мағынасында дамыта оқыту деп санауға болады, ал егер олай болмаса, онда басқа емес, тек оқыту процесін активтендіру туралы,оның тиімділігі туралы айтуға болады.
Дамыта, яғни жалпы және арнайы дамуға алып келетін оқыту деп мынадай оқытуды айтады: бұл оқыту жағдайында мұғалім, ойлауды дамыту заңдылықтарына сүйене отырып, арнайы педагогикалық құралдар арқылы оқушыларының ғылым негіздерін оқып үйрену процесінде ойлау қабілеттері мен танымдық қажеттерін қалыптастыру жөнінде нысаналы жұмыс жургізеді. Осындай оқыту, біздің ойымызша, проблемалық немесе проблемалық-дамытушы оқыту болып табылады.
Проблемалық оқытуды, ол оқыту процесін күшейтетін болғандықтан, активтендіруімен тенестіреді. «Оқытуды активтендіру», «мектеп оқушысының белсенділігі», «оқушының танымдық белсенділігі», «проблемалық оқыту» терминдері көбінесе сараланбай қолданылады. Оқытуды активтендіру принципін оқушыларын ақыл-ой жұмысын күшейту жолында күрескендердің бәрі-ақ ұсынып келді. Алайда бұл ұғымдардың мазмұнын анықтауда да, белсенді оқудың мәнін түсінуде де пікір бірлігі болмады.
Егер ойлау психологиясының қорытындыларын ескеретін болсақ, «оқытуды активтендіру» мен «проблемалық оқыту» ұғымдарының айырмашылық мәні жақсы түсініледі. Психологтар «белсенді ойлау», «өздігінен ойлау», «творчестволық ойлау» ұғымдарын айқын ажыратады. Ойлау әрқашан белсенді және әртүрлі дәрежеде болады. Сондықтан оқудың кез келген үрдісі белсенді.
Проблемалық оқыту оқушыларды ақыл-ой әрекеттеріне бұлайша жаттықтыруға әкеп саймайды. Проблемалық оқыту жолымен активтендірудің мақсаты-оқушылардың ұғымдарды меңгеру дәрежесі көтеріп, кездейсоқ, стихиялы түрде қалыптасқан тәртіптегі жекелеген ойлау операцияларына емес, қайта стереотипті емес міндеттерді шешуге арналған ақыл-ой әрекеттерінің жүйесіне үйрету. Бұл белсенділік мынадан көрінеді: оқушы фактілік материалды талдап, салыстыра, синтездей жалпырастыра, нақтылай отырып, одан өзі жаңа информация алады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл-бұрын менгерген білімінің көмегі арқылы білімдерін кеңейту, тереңдету және бұрынғы білімдерін жаңаша қолдану болып табылады. Бұрынғы білімдерін жаңаша қолдануға кітап та, мұғалім де үйрете алмайды мұны тиісті ситуацияға тап болған оқушы іздейді әрі табады. Оқушылардың ақыл-ой әрекеттерінің жүйесіне біртіндеп ие болуы шеберліктердің, дағдылардың, сондай-ақ әрекеттер жасау тәжірибесінің жинақталуына, ақыл-ой қызметінің сапасының өзгеруіне, әдетте ғылыми, сыни, диалектикалық деп аталатын ойлаудың ерекше типінің қалыптасуына алып келеді.
Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның творчестволық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқыту процесін ұйымдастырудың негізінде оқушының оқу-танымдық ізденіс әрекетінің (білімдерді проблемалық меңгерумен байланысты) принципі, яғни олардың ғылым қорытындыларын, әрекет тәсілдерін ашу, жаңа нәрселерді немесе білімдерді практикада қолданудың тәсілдерін ойлап табу принципі жатыр.
Проблемалық оқытуда мұғалімнің түсіндіруі мен оқушылардың репродуктивтік қызметті талап ететін міндеттер мен тапсырмаларды орындауы жоққа шығарылмайды. Бірақ ізденіс қызметінің принципі әсіресе жаратылыстық-математика пәндерінде басым түсіп жатады.
Проблемалық оқыту жағдайындағы мұғалімнің қызметі мынадан тұрады: ол қажетті жағдайда неғұрлым күрделі ұғымдардың мазмұнын түсіндіре отырып, ұдайы проблемалық ситуациялар жасайды, оқушыларға фактілерді хабарлап, олардың оқу-танымдық қызметін фактілерді талдау негізінде оқушылар өздіктерінен қорытындылар мен жинақтауларды жасайтындай, ұғымдарды, ережелерді, теоремаларды, заңдарды тұжырымдайтындай немесе белгілі жаңа ситуацияға өздігінен қолданатындай (ойлап табады, жоспарлайды, әдемілеп жасайды), ал немесе, ақырында, шындық болмысты көркем бейнелейтіндей (өлеңдер, шығармалар жазады, сурт салады,ойнайды) етіп ұйымдастырады.
Соның нәтижесінде оқушыларда ақыл-ой операциялары мен әрекет дағдылары, білімдерді тасымалдау дағдылары қалыптасады, зейін, ерік, творчестволық қиял, ойлап тапқыштық дамиды, жаңа білімдер мен гипотезалар ұсыну және оларды негіздеп дәлелдеу жолымен әрекеттің жаңа тәсілдерін табу қабілеті қалыптасады.
Проблемалық оқыту оқытудың біртұтас типі ретінде озат педагогикалық тәжірибені жинақтау мен оны теориялық дәлелдеудің негізінде пайда болды. Ол өз бойына алгортмдерді, программаланған тапсырмаларды, ақыл-ой қызметінің тәсілдерін кезеңге бөліп қалыптастыруды және т.б. қолдану мүмкіндігін қамтиды.
Проблемалық оқыту мұғалімге оқу материалы мен оқыту әдістерін түрлендіріп отыруға мүмкіндік береді. Оқу проблемаларының әр түрлі типтерінің болуы оқушының ізденіс, ішінара ізденіс, конструкциялы-өнертабыс, көркем оқу-танымдық іс-әрекеті мен репродуктивтік және практикалық сипаттағы өздігінен орындайтын практикалық жұмыстарын немесе мұғалімнің оқу материалын баяндап беруін қамтамасыз етеді.
Проблемалық ситуация мен оқу проблемасы проблемалық оқытудың негізгі ұғымдары болып табылады, проблемалық оқыту сабақ беру мен оқу қызметінің механикалық қосылуы ретінде емес, қайта осы екі іс-әрекеттің диалектикалық өзара әсер етісуі мен өзара байланысы ретінде қарастырылады. Олардың әрқайсысының өзінің дербес функциялық құрылымы болады.
Көрнекті психолог Г.С.Костюк бала дамуының қозғаушы күші қайшылық болып табылады деген қорытынды шығарды және олардың әрқайсысының өзінің дербес функциялық құрылымы болады. Оған ілесе дидакт М.А.Данилов оқу процесінің қозғаушы күші,бір жағынан, бүкіл оқыту барысы алға қоятын таным міндеттері және екінші жағынан, оқушының білім, шеберлік, дағдысы мен оның ақыл-ой дамуы дәрежесінің арасындағы қайшылық болып табылады деп анықтады. Бұл қорытынды оқытуды активтендіру теориясының дамуындағы аса маңызды кезең болып табылды және психологтар мен дидакттердің эксперименттік зерттеулерінің нәтижелерімен ұштастырылып, қазіргі дидактиканың негізіне алынды.
Проблемалық оқытуға барлық оқушылардың шамасы жете ме? Іс жүзінде барлығының дерлік шамасы жетеді. Алайда оқушылардың жас және даралық еркешеліктеріне, олардың проблемалық оқытудың методтарына үйретілу дәрежесіне байланысты проблемалық деңгейі мен танымдық дербестік дәрежесінің айырмасы болады.
Проблемалық оқытудың теориялық мәселелерін М.И.Махмутов, Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, И.Я.Лернер, Д.В.Вильнеев, Ю.Н.Бабанский және т.б. кең зерттеген еді.
Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтап алға басқан кезеңінде проблемалы оқытуды игеріп, оқу-тәрбие жұмыстарында қолданбаса болмайды. Проблемалық оқытуды игеруге бағытталған біз ұйымдастырған ізденіс жұмыстары проблемалық оқыту сабағының дәстүрлі аралас сабаққа қарағанда біршама артықшылықтары барлығына көз жеткізді.
Ізденіс жұмыстары колледж оқытушыларын қатыстыра отырып жүргізілген болатын. Колледжде әр сабақтың ұзақтығы 90 минут болатынын ескерсек, мұнда проблемалы оқытуды енгізуде мектептерге қарағанда мүмкіндігі мол. Өйткені проблемалы оқыту сабағын өткізуде уақыт тапшылығы болмағаны жақсы.
Проблемалы сабақ барысында жіберілген қателіктерді анықтап, талдау жасауға ерекше көңіл бөлінуге тиіс және бұндай жұмысты оқушылармен бірлесіп жұмыс жасаудың барлық кезеңінде жүргізіп отырған жөн.
Ізденіс жұмыстарын өткізу кезеңінде оқушылардың жіберген қателіктерін талдаудың мынадай бағыты белгіленді:
- оқушылар жіберген қателіктерді анықтап алу;
- қателіктер кеткендігіне оқушылардың көздерін жеткізу (дәлелдеу);
- қателіктердің жіберілу себептерін оқушылар күшімен анықтау;
-оқушылар қателіктердің жіберілу себептерін өз күшімен анықтай алмаған жағдайда оларға көмек көрсету;
- оқушылармен бірлесе отырып қателіктерді түзету.
Ізденіс жұмыстары мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
- проблемалы оқыту сабақтары дәстүрлі аралас сабақтармен салыстырғанда, біріншіден, көп дайындықты қажет етеді, екіншіден, сабақтың жүрісі көп уақытқа созылады (кезеңдер саны екі еседей көп және оқушылардың ойланып – толғануын қажет етеді);
- белгілі бір пәнді бөлінген сағатына сай игеру үшін пән программасында көрсетілген тақырыптарды негізгі және қосалқы материалдарға бөліп алу қажет;
- қосалқы материалдарға бөлінген сағаттарды азайту арқылы негізгі материалдарға арналған сағаттарды көбейтуді ойластыру қажет;
- негізгі материалдарды оқытуды проблемалы сабақтарды ұйымдастыру арқылы өткізуге тырысып, қалғандарын дәстүрлі аралас сабақтармен өткізу пән тақырыптарын үйлесімді игерудің ең тиімді жолы екендігі анықталды.
Оқушылардың әр түрлі оқу есептерін шығару, қойылған мәселелерді шешу кезінде өз білімдерін қолдана білуіне, маңыздысын іріктей білуіне, терең ойлай білуіне жасалынған талдау, проблемалық оқытудың арқасында оқушылардың жоғары дәрежеде өз бетімен жұмыс істеу қасиеті қалыптасатынын көрсетеді. Оқушылар талдаудың, іріктеудің, жіктеудің логикалық операцияларын ойдағыдай игере отырып, өз білімдерін жан- жақты қолдана білуге үйренеді. Сонымен қатар, оқушыларда ойлап-талғаудың биік деңгейі мен ақпараттарды өз күшімен игеру қасиеттері пайда болады.
Оқу тәрбие үрдісінде проблемалық оқытуды мұғалім жаңа материалды түсіндірген кезде мұғалім сұрақты шебер қою арқылы қарама-қайшы ситуациялар жасайды, бұл ситуациялар оқушыларда қайшылықты шешетін жауап табуды қажетсіну сезімін күшейтеді.
Мұғалімдер білімдерді меңгеру дәрежесін анықтау үшін оқушыларға ұдайы сұрақтар беріп отырады. Бұл жағдайда тіпті күрделі де маңызды сұрақтардың өзі де, әдетте, проблема қойғандық болып табылмайды: олар белгілі білімдерден тұратын жауаптар алу мақсатымен беріледі.Әрине, мұндай сұрақтар оқушылардың белсенді ойлау қызметіне түрткі болмайды; ес мидың қоймасында бар дайын информацияны іздегенде қиналмай жұмыс істейді. Информациялық сұрақтар дегеніміз осы.
Оқушыларда интеллектуалдық қиындық тудыратын сұрақтар проблемалық сұрақтар болып табылады, өйткені оларға берілетін жауаптар оқушының бұрынғы білімдерінде де, мұғалім ұсынатын информацияда да жоқ. Сұрақтардың бұл өзгешелігін педагогтар бұрын да кездестіріп отырған және оларды «қиындығы бар сұрақтар» деп атаған.
Проблемалық сұрақта әлі ашылмаған (оқушылар тарапынан) проблема, белгісіз дүниелер, жаңа білімдер болады, оларға қол жеткізу үшін қандай да бір интеллектуалдық әрекет, белгілі нысанадағы ойлау процесі қажет.
Сұрақ тек төмендегі жағдайларда ғана проблемалық сұраққа айналады:
- оның бұрын меңгерілген ұғымдармен де, сондай-ақ белгілі оқу ситуациясында меңгерілуге тиісті ұғымдармен де логикалық байланысы болуы қажет;
- онда танымдық қиыншылық және белгілі мен белгісіздің көзге түсетін шекаралары болуы керек;
- жаңаны бұрыннан белгілі мен салыстыру таң қалу сезімін, өзінде бар білім, шеберлік және дағды қорымен қанағаттанбаушылық тудыруы тиіс. Мәселенің бұл жағы ерекше маңызды, өйткені ол танымдық қиындықты қызығушылықпен және қабылдаудың эмоциялылығымен байланыстырады.
Практика көрсетіп отырғандай, проблемалық ситуациядан шығудың төрт жолы болуы мүмкін:
а)проблеманы мұғалімнің өзі қойып, өзі шешеді;
ә)мұғалім проблеманың тұжырымдауға, болжамдар ұсынуға, гипотезаны дәлелдеу мен шешімді тексеруге оқушыларды қатыстыра отырып, проблеманы өзі қойып, өзі шешеді.
б)оқушылар проблеманы өздіктерінен қойып, бірақ оны мұғалімнің қатысуымен (ішінара немесе толық) және көмегімен шешеді;
в) оқушылар проблеманы өздіктерінен қойып, оны мұғалімнің көмегінсіз ( бірақ, әдетте, оның басшылығымен) шешеді.
Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты(жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс ) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Атамыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлес қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский. Мысалы, Дистервергтің дәлелдеуінше, « жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді».
Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет.Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.
Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Шінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. «Мен білдім!» деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды
Мұғалім проблемалық оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.
Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
- Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
- Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
- Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады.Білім беру – оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз үдерісі. Белгілі балалар психологы Д.Б.Эльконин дәлелдегендей, 3-10 жас аралығындағы балалар біріккен мәдени – білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүру керек. Яғни бұдан шығатын қорытынды – бұл сабақтастықтың яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Көрнекті психолог Л.С.Выготскийдің негізі бойынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы деген екен.
Оқу-тәрбиесінде мынадай өзекті яғни актуальды жерлерінде проблемалар бар: 1. Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз.Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым,техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде.
Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.Білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзіне де, процесінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.басқасын ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.
Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады.Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды.
Проблемалық оқыту арқылы өнімді, тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тарапынан проблеманы дәл, нақты қоя білудің де маңызы зор.Оқушылар проблеманы шешуде қиындыққа кезіксе, мұғалім оларды жетелеп, әдіс-тәсілдерін ұсынады.
Проблемалық оқытудағы оқушының шығармашылық іс-әрекетін бұлай тұжырымдауға болады:
1. Оқу материалының мазмұнын талдау, саралау.
2. Проблеманы ашу, өнім жасаушы шығармашылық еңбекке қол жеткізу.
3. Қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау.
Проблемалық оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін талап етеді, ол тапсырмалардың барлығы – оқушылардың шығармашылық қабілетін дарынын дамытуға бағытталады.
Проблемалық оқыту технологиясы дұрыс іздене білгенде, ол тіл дамытуда өнімді нәтижелі қорытынды береді
Қазіргі қоғамның жылдам өзгеру жағдайында қоғамға өз бетінше шешім қабылдай алатын, өз бетінше білім алу әдістерін меңгерген, өз білімін кез келген жағдайда қолдана алатын тұлға қажет. Сондықтан заманауи қоғам алдында білім алушылар үшін өз беттерінше оқу міндеттерін шешуге үйрететін педагогикалық технологияларды қолдану өзекті мәселе. Жан-жақты дамыған жеке тұлғаның маңызды көрсеткіштерінің бірі – жоғары деңгейдегі ойлау әрекеттері. Оқу шығармашылық сипатқа ие болса, онда оқу дамытуға бағытталады. Дамытушы оқу кезінде оқытушы оқушының ойлау әрекеттерінің даму заңдылықтарын біле отырып арнаулы педагогикалық әдістер арқылы оқушылардың ойлау және таным әрекеттерін қалыптастыруға бағытталған мақсатты жұмыстарды жүзеге асырады. Осындай оқу проблемалық деп аталады. Проблемалық оқыту мақсаты оқушыларды өз беттерінше жаңалықтар ашуға бағыттау. Сабақ барысында оқушылар өз беттерінше тұжырымдар ұсынып, оған дәлелдемелер келтіріп, өз пікірін жүйелі, нақты айтуға үйренеді. Оқушының дұрыс ойлау әрекеті жетекші орында тұрады. Дұрыс ойлау арқылы оқушы өзінің оқудың қай сатысында тұрғанын бағалай алады.
Белгілі психологтардың В.В.Давыдов, Л.В.Занковтың зерттеулері бойынша бастауыш сынып оқушыларының психологиялық дамуының маңызды резервтері мен мүмкіндіктерінің көрініс табуына проблемалық оқытудың ықпалдастығы бар екенін анықтаған. Проблемалық жағдаяттарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың ойлау әрекетін белсендіру оқытудың сапасын арттырады.
Адамның іс-әрекеті белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады. Оқушыладың қажеттілігі бір нәрсені білуге бағытталса, онда білуге деген оқу, талпыныс арқылы білім алу олардың білуге деген қажеттілігіне жауап береді. Осы жағдайдағы білім – оқушылардың таным қажеттілігі болып табылады. Оны меңгеруге бағытталған оқушының оқу әрекеті оқуға түрткі болады. Оқушыларда танымдық қажеттілік болмаса онда оқушыларда оны меңгеруге деген әрекет еріксіз түрде болып, білім сапасы төмендейді. Бастауыш сынып оқушылары әртүрлі оқу, ойын, еңбек әрекеттерін орындайды. Солардың ішінде оқу- таным әрекеті – жетекші әрекет.
Мұғалім үшін оқушылардың оқу барысындағы қажетті әрекеттерді ғана біліп қоймай оларды дұрыс қалыптастыруы маңызды.
Проблемалық жағдаят – белгілі бір қызықтыратын мәселе туралы кедергіге кездескен кезде оны түсіндіре алмау ,оны шешуде өзіне кейде белгісіз әдістермен ,өзі білетін білімді қолдану арқылы шешу. Педагогикалық жағдаяттар үйренетін обьектінің мәнін ашып, оқушы әрекетін белсендіретін түрде ұйымдастырылады.
Оқушы үшін айтарлықтай қиындық тудырмайтын сұрақтар және керісінше оқушы шешімін таба алмайтын өте қиын тапсырмалар оқушы үшін проблемалық жағдаят болып есептелмейді ,қызықтырмайды
Проблема лық жағдаят А.Матюшкин бойынша мынандай компоненттерден тұрады:
Прооблемалық жағдаят арқылы шешімін табатын белгісіздік
Белгісіз әрекеттер арқылы таным әрекеттерді тудыру
Міндетті шешу барысындағы оқушылардың мүмкіндіктері
Проблемалық тапсырмалар – оқушылардың ойлау әрекетін дамытатын оқу әрекетінің бір компоненті
Проблемалық оқыту кезінде талдау, салыстыру, синтез ,
жалпылау, бағалау ой әрекеттерінің әдістері арқылы оқушының ойлауы дамиды.Проблемалық тапсырмаларды білімді бекіту,қайталау, меңгеру кезеңінде қолдануға болады.
Оқытушы проблемалық тапсырмаларды ұйымдастырады,оны шешуге оқушыларды ұйымдастырып бағыттайды .Проблемалық тапсырмалар арқылы оқушы білімді сапалы игереді.
Проблемалық жағдаят тудырудың әдістемелік тәсілдері:
Оқытушы оқушыларды кедергілер алдына қояды, оларды өздерінің шешуін ұсынады
Белгілі сұраққа қатысты әртүрлі болжамдарды ұсынады
Білгісіздікті табу үшін жан-жақты тараптарды қарауды айтады
Салыстыру, түйіндеме жасау, жалпылау, фактілерді қайта қарау, түсіндіруді ұсынады
Проблемалық оқыту ойлау әрекетін белсендіреді. Ойлау арқылы оқушы өзіне
«жаңалық» ашады
Оқушы проблемалық тапсырмамен танысады, проблеманы шешу жолдары мен әдістерін қарастырады, шешу әдістерін айқындайды және оны жүзеге асырады. Бастауыш сынып оқушылары үшін қалай оқу керек біліктілігі қалыптасады.
Дүниетану сабақтарындағы «Тері» тақырыбында оның жылуды реттеу қызметі қарастырылады. Осы оқу міндетін пайдалану арқылы проблемалық тапсырманы былайша құрастыруға болады.
Проблемалық сұрақ:
«Тәулігіне адамның терісі арқылы бөлінетін жылуды пайдаланып 33 литр суды қайнатуға болады. Сыныпта отырған оқушылардың терісі арқылы бөлінетін жылу арқылы қанша литр суды қайнатуға болады?»
«Бөлме өсімдіктері» тақырыбында оқушыларға
«Неліктен табиғатта болып жатқан өзгерістерге қарамастан бөлме өсімдіктері жасыл болып, кейбіреулері тіптен гүлдейді?»
Оқушылар жауаптары әртүрлі болуы мүмкін «Бөлме жылы болады. Адам бөлме өсімдіктеріне күтім жасайды»
Оқушыларға мұғалім бір күні талдың өркенін топыраққа отырғызым бөлмеге кіргізіп, күтім жасағаны туралы айтады.Алайда күзде бұтақтар жасыл жапырақтарын түсіріген.Бұны қалай түсіндіруге болады?
Оқушылар талқылау арқылы бұл өсімдіктердің (бөлме өсімдіктерінің) отаны жылы елдер екенін айтады,сондықтан олар мәңгі жасыл болатынын айтады
Математика сабақтарында проблемалық оқытудың фрагменттерін мысал ретінде келтірейік .Сабақтың тақырыбы: «Көпбұрыштың периметрі»
Ойды белсендіру
Көпбұрыштың, квадраттың қабырғаларын көрсетіңдер .
Сендер оқитын сыныптың едені қандай фигураны құрайды?
Проблемалық тапсырма
Жазда жөндеу жұмыстары жүреді. Сыныптың еденіне линолеум төселеді, оның жиегіне тақтайшалар қағылады
Сендердің алдарыңдағы міндет: Еденнің жиегіне қанша тақтайшалар кетеді Тақтайшалардың ұзындығы қанша болады? Ол үшін біз алдымен нені табуымыз керек деп ойлайсыңдар?
Оқушылар проблемалық тапсырмалар бойынша талдау жүргізеді. Жалпы сыныптың еденінің ұзындығы 10 м , ені 5 м
Тақтайшалардың ұзындығын білу үшін алдымен тік бұрыштың периметрін табу керек. Р = ? Р = а + а + в + в
Дүниетану сабақтарында Жердегі мұхиттар туралы білімді кеңейту мақсатында оқушылардың ойын белсендіру сұрақтары
Глобусты қараңдаршы, жер бетінде құрлық көп пе, әлде су ма?
Жауабы : су
Онда Жер ғаламшарын неліктен Мұхит деп атамаған?
Оқушылар жауабы: Жердің 2/3 бөлігін су – дүниежүзілік мұхит алып жатқанмен Жер ғаламшарының қалың қабаты тау жыныстарынан құралған, оның кейбір беткі бөліктері судан түрады.
Дүниежүзілік мұхиттың орташа тереңдігі 4 м болса, жердің осіне дейінгі қашықтық 6371 км
Мұхит Жердің – беткі қабаты.
-Қалай ойлайсыңдар жер бетіндегі ең үлкен су қоймасы не?
Жауап: мұхит
Мұхитқа сөздіктен жауап іздейді
Мұхит – дүниежүзілік мұхиттың құрлықтар арасында жатқан бөлігі
-Жер бетінде қанша мұхит бар?
-Дүниежүзілік мұхит деген не?
Мұхиттардың түрлері, тереңдігі туралы оқушылар тапсырма бойынша өз беттерінше оқып ізденеді
Проблемалық оқытудың құрылымы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды әрекетке ендіру
Білуге қажетті маңызды материалдарды айқындау
2.Білімді өзектендіру
-Жаңа білімді «ашуға» қажетті әрекеттер, білімдер реттілігін анықтау
3.Оқу проблемасын айқындау
4.Оқушылардың жаңа білімді «жаңалықты» ашуы. Әрекеттер реттілігін айқындау.
(пікірлер, ұғымдар ұсынуы)
5.Бірінші реттік бекіту
Меңгерген білімді жүйелеу
6.Оқушының өз бетінше жұмысы
7.Қайталау арқылы жаңа білімді өзінің білімдер жүйесіне ендіру
8.Сабақтың қорытындысы
– сабақ барысындағы рефлексия
– оқушының өзін – өзі бағалауы
Проблемалық оқыту білім алушыларда өзіне деген сенімді қалыптастырады
Дүниетану сабақтарында проблемалық тапсырмалар ұйымдастыру кезінде оқу міндеті оқушылардың таным әрекеті ретінде таным міндетіне айналады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халкына Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестікке қабілеттілік бірінші кезекте оның біліктілік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кіруге білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз», - деп көрсеткендей, қазіргі кезде мұғалімдердің біліктілігін неғұрлым сапалы деңгейге көтеруде білім беру жүйесінін қызметкерлерін кайта даярлау жөніндегі республикалық және аймақтық институттарда әлемдік деңгейдегі жаңа технологияларды кеңінен қолдануды қажет етеді. Жаңа формация педагогін даярлауда жоғары педагогикалық оқу орының ескөрсек, оқытудың жаңа технологияларын педагогикалық процеске енгізудің әдістемелік нұсқауын даярлау - өмір талабы.
Проблемалық оқыту дегеніміз – оқытушының басшылығымен проблемалық ситуацияларды туғыза отырып, оны шешу жолында студенттердің белсенді дербес іс - әрекетін қалыптастыру, мұның нәтижесінде білім, біліктер мен дағдыларды шығармашылықпен игеру, ақыл - ой қабілеттерінің дамуы іске асады. Проблемалық оқытудың мақсаты ауқымды: ғылыми таным нәтижелерін меңгеріп қана қоймай, оны алудың жолдарын игеру; студенттің танымдық дербестігін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту; білім, білік, дағды жүйелерін меңгеру және дүниетанымды қалыптастыру.[3] Педагогикалық әдебиеттерде бұл құбылыстың бірнеше анықтамалары бар. Айталық, «проблемалық ситуация» мен «оқу проблемасы» проблемалық оқытудың негізгі ұғымдары. Оқу проблемасы ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтайтын, қызығушылықты оятатын меңгеру процесінің логикалық -психологиялық қарама-қайшылықтарының көрінісі. Педагогикалық проблемалық ситуациялар белсенді әрекет барысында, танымдық жаңалығын, маңыздылығын баса көрсететін оқытушының қоятын сұрақтарының көмегімен туады. Проблемалық ситуациялар оқу процесінің барлық кезеңдерінде түсіндіру, бекіту, бақылау барысында туады. Оқытушы ерекше әдістемелік тәсілдерді пайдалана отырып проблемалық ситуацияларды тудырады: - ол қарама-қайшылықты тудырады да, одан шығудың жолын табуды студенттердің еншісіне қалдырады; - бір сұраққа әр түрлі көзқарас білдіреді; - студенттерді салыстыруға, топшылауға, фактілерді сәйкестендіруге итермелейді; - анық сұрақтар қояды (негіздеуге, айғақтауға, логикалық талқылауға); - проблемалық теориялық және практикалық тапсырмаларды анықтайды; - проблемалық тапсырмалар қояды (әдейі қате жіберілген, уақыты шектелген, сұрағы анық емес және т.б.).
Проблемалық оқытудың жалпы функциялары:
- студенттердің білімін терең ойлау, талдау, тұжырым жасау әрекеттерін меңгеру арқылы дамыту;
- студенттердің білім жүйесі мен ақыл-ой және практикалық іс-әрекет амалдарын меңгеруі;
- студенттердің танымдық дербестігі мен шығармашылық, қабілеттерінің дамуы;
- студенттердің дүниетанымының негізі болып табылатың диалектикалық- материалистік ақыл-ойының қалыптасуы.
Арнайы функциялар:
- білімді игерудің шығармашылық дағдыларын тәрбиелеу (логикалық тәсілдерді, жеке амалдарды пайдалану);
- білімді шығармашылықпен пайдалану дағдыларын тәрбиелеу (игерілген білімді жаңа ситуацияда пайдалана алу) және оқу проблемаларын шеше алу;
- шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру және молайту (ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру, практикалық проблемаларды шешу). Проблемалық оқыту барлық жағдайда бірдей тйімді бола алмайды. Практикада көрсеткендей проблемалық оқыту процесі танымдық белсенділікті дамытуда, жаңа білімді меңгеруде студенттердің әр түрлі білім деңгейін анықтап отыр. Шығармашылықтың түріне сәйкес проблемалық оқытудың үш түрін бөліп айтуға болады: - біріншісі, теориялық шығармашылық студенттің өзі үшін жаңа ережені, заңды, теорияны ашады. Мұның негізінде теориялық оқу проблемаларын қою және оны шешу дағдыланады; - екіншісі, практикалық шығармашылық: студенттің меңгерген білімін жаңа ситуацияда қолдануы, құрастыруы, ойлап табуы негізінде практикалық оқу проблемаларын қою және оны шешу мақсат көзделеді.
Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады. Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.
Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғару, жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл процесс ойлау актісінің үш фазасымен ұқсастық бойынша өрістейді (С.Л. Рубинштейн бойынша), ол проблемалық жағдайда пайда болып, проблеманы аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой тұжырымын қамтиды. Проблемалық оқыту оқушылар үшін қиыншылық деңгейі бойынша әртүрлі болуы мүмкін, ол оның проблеманы шешу үшін қандай және қанша іс-әрекеттер жүзеге асырылатынына байланысты. В.А. Крутецкий оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттерін бөлу негізінде дәстүрлі оқытумен салыстыра отырып, оқытудың проблемалығы деңгейінің сызбасын ұсынды.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
·Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
·Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;
·Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;
Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты - қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.
Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1.Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.
2.Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.
3.Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.
4.Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.
Проблемалап оқыту әдісінің екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі, оқыту мақсатына байланысты, мұнда оқу материалының мазмұны зерттеледі, ол белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып, оқу программаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады. Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді. Проблемалап оқыту теориясының аумағында әлі де зерттеулерді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Бұл маңызды мәселелердің бірі - оқыту процесінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі. Оқу-тәрбиесінде мынандай өзекті проблемалар бар:оқушылардың өз бетінше ойланып,әрекет етулері жеткіліксіз. Бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп, өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын. Проблемалық оқыту əдісі негізінен екі функциясымен анықталады:
1. Ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни оқушылардың проблемаларды шешудіңамалдарын іздестіруі.
2. Оқушының жаңа білімді меңгерудегі танымдық қабілетін дамыту, оқу əрекеті белседілігін қалыптастыру.
Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты(жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс ) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Атамыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлес қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский. Мысалы, Дистервергтің дәлелдеуінше, «жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді».
Проблемалық оқытудың күшті жақтары: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады, оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады, берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Проблемалық оқытудың кемшіліктері: Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету, мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
Проблемалық оқыту – ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың негізгі тәсілі, ол адамның танымдық және практикалық қызметін реттеп отыратын белгілі бір жеке бастық субъективтік тұрғы ретінде ұғынылады,дүниетаным теориялық білімнің, практикалық тәжірибенің, идеялық-эмоциялық бағалардың жоғары синтезі ретінде анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |