Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беруде мұғалімнің құзырлылығы қандай?
«Тәрбиелеу үрдісі оқушыны тәрбиелеуге емес, оқушы өзін өзі тәрбиелеуе әкелетін үрдіс болуы тиіс» – деп көрсетеді Л.С.Выготский.
Оқыту үдерісіне соңғы кездері жаңа жобалар мен озық технолоиялар енгізіліп жатыр. Оның мәні – тұлғаны өзінің әрекеттеріне талдау жасауға, өзі үшін маңызды мәселелерді анықтай алуға және шешу жолдарын таба білуге бағыттау.
Осы орайда Джон Дьюи философиясының идеясын айтар болсақ, яғни өмірлік тәжірибеге негізделген өз білімін оқушының да, оқытушының да пайдалана білуі жүзеге асырылады. Сондықтан жаңа үрдісті тәжірибеге енгізуде мұғалімдердің сыртқы форманы ғана басшылыққа алмай, оның философиясын ұғыну маңызды шарт. Өйткені оқытудағы басты мақсат – алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай қолдана білуге үйрету.
«Менің ойымша, білім беру - болашақ өмірге дайындық емес, өмір сүру үдерісі». - деді Джон Дьюи
Дьюдың айтуынша, білім тек оқушыларды ұмытып кететін ақылсыз мәліметтерді үйрететін мұғалімдер ғана емес. Ол жаңа тәжірибелерді жасау және түсіну үшін бір-бірінің үстінен құрылатын тәжірибе саяхаты деп ойлады.
Дьюидің пікірінше, немесе нақты оқу мүмкін емес еді. Оқушыларды психологиялық байланыстардан, яғни қоғамнан және отбасынан ажырату, өздерінің оқу сапарларын мағыналы етпейді және осылайша білімін кем есте сақтайды.
Сол сияқты, мектептерде оқушыларды қоғаммен байланыстыра отырып, қоғамдағы өмірге дайындауға тура келді деген екен. Қазіргі ұсынылып отырған жаңартылған білім мазмұнының да айтары сол. Окушыға білім беріп қана қоймай, алған білімін өмірде қолдана білуге бағыттау.
Білім беру үрдісіндегі демократиялық және гуманитарлық қарым-қатынастар оқушының танымдық қабілеті дамуына, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуына, өзін үнемі жетілдіріп отыруына ықпал етеді. Оқытудың осы тұрғыда ұйымдастырылуы әр оқушының жеке тұлғасындағы өзіндік ерекшеліктері, өзіндік өмір тәжірибесі мен құндылықтарын ескеру арқылы бірін-бірі дамытуға жол ашады.
Осылайша қарастыру негізінде білім беру үрдісінде оқушының өзіндік сана, өзіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субьектілігі сияқты педагогикалық рефлексиялық сапалары пайда болады және одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады. Осы тұста ұлт педагогы
Достарыңызбен бөлісу: |