Жас ерекшеліктерін ескеру іргелі педагогикалық принциптердің бірі.Оны арқау ете отырып,мұғалімдер оқу жүктемесін ретке келтіреді,әрқилы еңбек түрлерінің көлеміне негіздеме береді,даму үшін қолайлы күн тәртібін, еңбекпен айналысу және демалу уақыттарын белгілейді. Жас ерекшеліктері оқу пәндерінің және әр пәндегі оқу материалдарының іріктелуімен оқу бағдарламасында жайғасуына орай мәселелерді дұрыс шешуге міндеттейді. Оқу - тәрбие қызыметінің формалары мен әдістерін таңдауда осы принципке тәуелді.
Қазіргі дәуірде жас топтары арасындағы шектерді қайта қарастыруға себепші болатын және бір құбылыс педагогтарды толғандыруда.Бұл акселерация (лат.сөзі – жеделдеу ), - яғни балалық және жасөспірімдік шақта тән – дене, кей жағдайда психикалық дамудың ерекше жедел алуы.Акселерацияны биологтар ағзаның физиологиялық жетілуімен, психологтар – психикалық функциялардың іске қосылуымен байланыстырады, ал педагогтар тұлғаның рухани дамуы мен әлеуметтенуінен деп түсіндіреді. Педагогтардың пікірінше, акселерация физикалық дамудың салдары емес, ол ағзада жүріп жатқан физиологиялық жетілу үдерістері мен тұлғаның әлеуметтенуі арасындағы қайшылықтардан.
60 – 70 жылдарға дейін балалар мен жасөспірімдердің тәндене рухани даму тепе – теңдігі бірқалыпта болды. Ал бұдан кейінгі дәуірде пайда болған акселерация нәтижесінде ағзаның физиологиялық жетілуі ақыл – ес , психикалық, әлеуметтік дамудан әлде қайда қарқынды болды. Даму сәйкессіздігі қылаң берді. Адамның ақыл, әлеуметтік ізгілік сапаларының негізі болған психикалық қызметтерден гөрі тән дене, сүйек құрылымдарының өсуі жылдамдады. Осыдан баланы артық психологиялық жүктемеге түсіретін жағдайлар пайда болды, яғни бала өзінің ақыл – есі жетпейтін істерге асылатынды шығарды.Акселерация үдерісі балалардың өздеріне ғана әртүрлі қиындықтар тудырып қоймастан, мұғалімдер мен ата - аналардың тәрбиеге байланысты материалдық және рухани мәселелерін туындатты.
Акселерацияның негізгі себептері - өмірдің қарқынды дамуы, материалдық жағдайлардың, тамақ және медициналық қызмет сапаларының көтерілуі, ерте жастан балалар күтімінің оң сипат алуы, көптеген бала сырқаттарының жойылуы. Бұл құбылыстың және де бір себептері бар: адамның тіршілік ету ортасының радиоактив ластануы алғашқы да бойды өсіріп, ал уақыт өтуімен, тәжірибелер көрсеткендей, адамзаттың жалпы тіршіліктің тектік қорын әлсіретеді, атмосферадағы оттегі көлемін азайтады, ал бұның ізімен адамның көкірек клеткасы шектен тыс кеңейіп,осыған сәйкес бүкіл ағза ұлғаяды.Дегенмен,шынына жүгінсек акселерация көптеген жағдаяаттардың тоғысынан келіп шығатын табиғи құбылыс.
80-жылдардың ортасынан бүкіл әлемде акселерация бір шама кеміп, физиологиялық даму қарқыны айтарлықтай төмендеді.
Акселерациямен бірқатарда көрінетін құбылыс – ретрадация, яғни балалардағы тән-дене және ақыл-ес дамуының кешеуілдеуі.Мұндай кешеуілдеуге себепші – нәсілдіктен болған генетикалық тетіктердің бұзылысы, даму үдерісіне кері ықпал жасаушы экологиялық орта,бір жағынан, радиациялық фон, екінші жағынан ретрадация әсіресе балалардың психикалық дамуында елеулі келеңсіз көрініс береді.Мұндайға ұшыраған балалар оқу-тәрбие үдерісіне икемдесіп, қатарларымен бірге жасай алмайды.
Сонымен, әрбір жас кезеңіне сәйкес физикалық,психикалық және әлеуметтік өз дамуы болады. Педагогтар үшін балалар мүмкіндіктерін,оларды жас кезеңдерімен сәйкестендіруді жеңілдету үшін жастық кезеңдестіру сұлбасы жасалған.Ол сұлба жас ерекшеліктерін ажырата білуге негізделген.Жас ерекшеліктері-бұл нақты өмір жасына тән анатомиялық-физиологиялық және психикалық сапа қасиеттер. Саналы ұйымдастырылған тәрбие балалардың жас ерекшеліктеріне икемдестіріліп,оларға негізделуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |