Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері мазмұНЫ



бет3/14
Дата24.06.2022
өлшемі330.5 Kb.
#459462
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері

Жастық кезеңдер реті
Тән – дене, сондай – ақ ақыл дамуы адамның жастық кезеңдерімен тығыз байланыста екендігі ежелгі дәуірден белгілі болған. Бұл өзінен- өзі айқын шындық дәлелді қажет етпейді: адам неғұрлым ұзақ өмір сүрсе – бойы өседі, денесі қатаяды, жастың келуімен даналық қонады, тәжірибе топталады,білім қоры ұлғаяды. Әр жас кезеңінің өзіне тән дене,психикалық және әлеуметтік даму деңгейі болады. Әлбетте, бұл сәйкестік жалпы және тұтастай жас кезеңдеріне тура келеді, ал нақты адамның дамуы қандай да ауытқулармен қабаттаса жүруі мүмкін. Даму үдерісін дұрыс басқару үшін педагогтар ертеден – ақ, адам өмірінің кезеңдерін белгілі уақыт топтарына жіктеуге тырысқан. Бұл іспен өз замандарында ғалым – педагогтар: Коменский, Штрац, Бюллер, Горлок, Левитов, Эльконин, Пршигода, Ванек, Шванцара және т.б. айналысып, жастық кезеңдерге бөлістірудің бірнеше ондаған сұлбасын ұсынған. Солардың ішінде педагогтардың көпшілігінің қолдауын тапқан бір сұлбаға назар аударайық.
Кезеңге бөлістіру жас ерекшеліктеріне негізделеді. Жастық ерекшеліктер – деп нақты өмір дәуіріне тән анатомиялық, физиологиялық және психологиялық сапаларды атаймыз. Жастық ерекшеліктер мәні адамның тән дене дамуынан айқын көрінеді. Бойдың өсуі, салмақ қосылуы, алғашқы тістердің пайда болуы, кейін олардың түсіп, ауысуы, жыныстық жетілу және басқада биологиялық үдерістер елеусіз ауытқуларымен әртүрлі жас кезеңдерінде жүріп жатады. Адамның биологиялық және рухани дамуы өзара тығыз байланыста болғандықтан, психикалық аймақтағы өзгерістерде белгілі жас кезеңдеріне сәйкес келеді. Биологиялық өзгерістер сияқты қатаң белгілі бір жас кезеңіне сәйкес болмаса да,әлеуметтік пісіп – жетілу көрніс береді, тұлғаның рухани даму динамикасы да өз кезегімен орындалып жатады. Осылардың бәрі адам дамуы мен оның жастық кезеңдерін белгілі сатыларға бөлуде табиғи негіз қызыметін атқарады.
Дамудың толық кезеңдестігі адамның бүкіл өмірін белгілі дәуірлерімен қоса қамтиды. Ал шамалап сатыларға бөлу нақты ғылым саласын қызықтырған өмірдің бір бөлігін өз ішіне алады. Бастауыш мектеп педагогикасын баланың мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы өмір және даму кезеңдері қызықтырады. Бұл баланың туылғанынан он,он бір жасқа дейінгі өмір аралығы. Психология аймағында да балалардың психикалық даму кезеңдерін айырады, бірақ психологиялық кезеңдерге бөлу педагогиклық жас кезеңдері мен бірдей сәйкес бола бермейді, себебі психика дамуы ананың жатырында басталады, ал бала тәрбиесі оның дүниеге келген мезетінен басталады. Бала дамуы ерекшеліктерін әр жас кезеңіне байланыстыра түсіну үшін төмендегі салыстырма кестеге назар аударыңыз:

Психологиялық кезеңдер

Педагогикалық кезеңдер

1.Ана жатырындағы кезең



1.Сәбилік
(өмірдің бірінші жылы)

2.Дүниеге келу кезеңі
(өмірдің алғашқы 6 аптасы)

2.Бала – бақшаға дейінгі жас кезеңі
(1 – ден 3 жасқа дейін)

3.Емізу кезеңі
(1 жасқа дейін)

3.Мектепке дейінгі жас кезеңі
(3 – 6 жасқа дейінгі)

4.Еңбектеу кезеңі
(1- 3 жасқа дейін)

Кіші мектеп алды жас кезеңі
(3 – 4 жас аралығы)

5.Мектеп алды жас кезеңі
(3 – 6 жасқа дейін)

Орта мектеп алды жас кезеңі
(4 – 5 жас аралығы)

6.Кіші мектеп жасы
(6 – 11 жас)

Жоғары мектеп алды жас кезеңі
(5 – 6 жас аралығы)

7.Жыныстық жетілу кезеңі
(11 – 15 жас)

4.Кіші мектеп жас кезеңі
(6 – 10 жас аралығы)

8.Бозбалалық жас
(15 -20жас)

5.Орта мектеп жас кезеңі
(10 – 15 жас аралығы)




6.Жоғары жас кезеңі
(15 – 18 жас аралығы).

Педагогикалық кезеңдерге бөлудің негізін, бір жағынан, дене және психикалық даму сатылары құраса, екінші жағынан, бұл тәрбие жүріп жатқан жағдайларға байланысты келеді.


Жүйке – жүйесін және дене мүшелерін біріктірген ағзаның биологиялық пісіп жетілуі және онымен бірге жүретін танымдық қабілеттердің даму сатылары өз бетінше жасайтын шынайы, табиғи құбылыс болса, ал саналы құрылған тәрбие үдерісі жас кезеңдері ерекшеліктеріне икемдесуі және оларға негізделуі қажет. Педагогикада дамудың жастық сатыларын мойындамау әрекеттері де болған.Тіпті, орайлас әдістеме табылса, қалаған 3 – 4 жастағы баланы жоғары математикаға, басқа да дерексіз түсініктекрге үйретіп, кез -келген әлеуметтік тәжірибені, білімдерді, тәжірибелік ептіліктер мен дағдыларды игертуге болады деген теориялар да пайда болған. Бірақ бұл мүмкін емес.Бәлкім,бала өте күрделі сөздерді де дұрыс айтуға үйренер, бірақ оның мағынасын ұғуға оған әлі ерте. Жас кезеңдері шектеулерін осы күнгі балалардың шапшаң дамуымен олардың сөздік және түсінік қорының кеңдігімен шатастыруға болмайды. Бұл құбылыс әлеуметтік дамудың жеделдеуімен, әрқилы ақпраттық дерек көздеріне кең жол ашылуымен, балалардың көп нәрседен хабардар болуымен түсіндіріледі. Даму үдерісінің жеделдеу мүмкіндіктері кеңеюде, бірақ шексіз емес.Жас кезеңі дамуды мезгілінен тыс жаздырып жібермей, өз билігін таңады. Бұл саладағы ықпал жасаушы заңдылықтар даму мүмкіндіктерінің шама – шарқын белгілеп береді. Оқу – тәрбие жұмысында балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді өз заманында Я.А.Коменский талап еткен.Әр нәрсенің табиғатта өз мезетінде болатынындай, тәрбие де өз кезегімен – уақытында және ретімен алып барылуы тиіс. Сол жағдайда ғана адамға ізгілік сапалар табиғи жұғысты келіп, ақыл есінің жетілуіне байланысты ол болмыс шындығын толық, мән - мағынасымен түсінеді. «Игерілуі қажет болғандардың бәрі жас сатыларына сәйкес бөлініп,әр жас кезеңіне түсініктілері ғана оқып – үйрену үшін ұсынылуы шарт » - деп жазған Я.А.Коменский.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет