3 жасынан 6 – 7 жасына дейінгі дәуірде балада ой-өріс дамуы жылдамдасады, қоршаған дүние жөніндегі танымы қалыптасады,өмір ағысындағы өзін-өзі және өз орнын түсіне бастайды, өзіндік баға беру ептілігі шыңдала түседі.Оның бұл күндегі негізгі іс-әрекеті-ойын,енді бірте-бірте ойынның жаңа сеп-түртклері басты рөл атқара бастайды,бала өзін қияли жағдайларға салып,сондағы қимыл-әрекеттерді орындауға тырысады.Бұл кездегі басты үлгі-ересектер.Егер кешегі күні өнегелік әсерлерді анасынан,әкесінен,тәрбиешілерінен алатын болса,бұл күнде ол теледидардың өрескел ықпалына түсіп, қарақшылардың,тонаушылардың,зорлықшылардың,ланкестердің қылықтарын қайталағанды қызық көреді.Балалар экранда не көрсе,соның бәрін тікелей тұрмыста қайталауға құштар келеді.Осыдан баланың психикалық және әлеуметтік дамуында өмір шарттары мен тәрбие шешуші рөл атқаратыны жөніндегі тұжырымның дұрыс екеніне көзіміз жетіп жүр.Табиғи қасиеттер,нышандар тек тәрбие жағдайлары бола келіп,бірақ бала дамуында қозғаушы күш міндетін атқара алмайды. Бала қалауынша қалыптасады, қалай ол өседі – мұның бәрі оны қоршаған адамдарға тәуелді, олардың қалай тәрбиелеуіне байланысты. Мектепке дейінгі балалық шақта даму үдерісі барша бағыттарда өте қарқынды жүріп жатады. Оның миы әлі жетіле қойған жоқ, қызметтік ерекшеліктері дараланбаған, қызметі шектеулі. Сәби бала өте икемді, оқу әрекетіне берілгіш. Оның мүмкіндіктері ата-аналары мен педагогтардың шамалағанынан көп жоғары. Осы кезеңдік ерекшеліктерді тәрбиеде толығымен пайдалана білу қажет. Сонымен бірге тәрбиенің жан – жақты жаңа үйлесімді сипатын қамтамасыз етуге тырысу керек. Тек қана ізгілік дамуын тән – дене тәрбиесімен, еңбек қабілетін көңіл – күймен, сананы эстетикалық сезіммен табиғи байланыстыра отырып, мектеп жасына жетпеген баланың барлық сапа қасиеттерін бірқалыпты және үйлесімді дамытуға болады.
Мектеп жасына дейінгі баланың қабілеттері дәл, сезімтал қабылдауға, күрделі жағдайларда жол таңдауға епті, сөз байламы пайымды, бақылағыш және тапқыр келеді. 6 жасқа жақындағанда арнайы, мысалы, музыкалық, көркем өнерлік – қабілеттері дами бастайды.
Баланың ойлау қабілеті оның таным – білімімен байланысты, неғұрлым көп білген балада жаңа ойлар құрастыруға қажет ұғымдар қоры ұлғая түседі. Бірақ, жаңа білімдерді жинақтау барысында бала өзінің алғаш ұғымдарын жетілдіре түсумен бірге, мағынасы күңгірт, белгісіз болған болжаулар мен түсініксіз сұрақтар шеңберіне шырмалады. Бұл қарқынды дамудағы танымдық үдеріске кедергі жағдайларды тудырады. Түсініксіздерге кезіккен бала дамуы енді сәл тоқырауға кез болады. Ойлау үдерісі жас шектеуіне кезігіп, “балалықтан” шыға алмай әуре болады. Әлбетте, әр түрлі айла жолдарымен бұл жағдайдан аттап өтуге болар, бірақ, 6 жасар баланы оқыту тәжірибесі көрсеткендей, мұнымен айналысудың қажеті жоқ.
Кіші жастағы бала өте қызыққыш, көп сұрақтар беріп, қәпелімде жауабын талап етеді. Бұл жаста ол шаршап, шалдығуды білмейтін зерттеушіге айналады. Педагогтардың көпшілігі мұндай жағдайда баланың талғамдарын қанағаттандырып, құмарын басу үшін ол неге қызықса, не жөнінде сұрап жатса, соған жауап беріп, үйрету, оқыту орынды болатынын алға тартады.
Бұл жаста баланың сөйлеу тілі жемісті дамуда болады. Сөздік қоры ұлғайып (4000 сөзге дейін), тілдің мағыналық тарапы өрістей бастайды. 6-7 жаста балалардың көпшілігі дұрыс дыбыстауды игереді.
Бірте – бірте балалардың үлкендермен қатынастар сипаты өзгере бастайды. Әлеуметтік шарттар мен еңбек дағдыларының қалыптасуы жалғаса түседі. Осы жаста дағдыланған өзін - өзі күту, жуыну, тіс тазалау сияқты әрекеттері өмірлік әдеттерге айналады. Егер осы қасиеттердің қалыптасу дәуірін байқамай, өткізіп алсақ онда олардың орнын толтыру өте қиынға түседі. Бұл жастағы баланың сезімі ауысымды, қозғыш келеді. Әр күні көретін теледидардағы қысқа хабарлардың өзі оның денсаулығы үшін өте зиянды. 2 жасар баланың ата – аналарымен бір сағат, кейде одан да артық теледидар алдында отырып қалатын жағдайлары көп ұшырасады. Бала әлі өзінің не тыңдап, не көріп отырғанын түсіну дәрежесіне жеткен жоқ.Сондықтан,оның жүйке жүйесі үшін шектен тыс тітіркендіргіш болған теледидар оны шаршатып,көз жанарын әлсіретеді.3-4 жастан бастап балаға кішкентайларға арналған хабарларды аптасына 1-3 рет 15-20 минут уақыт арасында қарап тұруға рұқсат берген жөн.Егер жүйке-жүйесінің қозулары жиі және ұзақ қайталанатын болса,бастауыш мектеп жасында-ақ бала жүйке сырқаттарына тап болуы сөзсіз.Кейбір деректердің айғақтауынша,мектеп жасына жеткен балалардың төрттен бірінің ғана денсаулығы күмәнсіз өз қалпында.Қалған балалардың қандай да науқас белгілеріне шалдығудың басты себепшісі-теледидар.Күн ұзақ экранға үңілген сәби қалыпты тән-дене дамуынан қалады,қажетсіз жүйкесін шаршатады,тіпті керек болмаған ақпаратпен әлі жетіліп болмаған миын ластайды.Ал ата-аналар болса,педагогтар мен дәігерлердің кеңесін жол-жөнекей тыңдап,құлақ асқысы келмейді.Мектепке дейінгі жастың соңғы кезеңінде балаларда саналы белгіленген мақсат және ерік - күшімен байанысты ырықты белсенді зейін нышандары көрінеді.Ырықты және ырықсыз зейін бірінің орнына бірі келіп,алмасып тұрады.Зейіннің бөліну және ауысу қаиеттері әлсіз дамыған.Сондықтан да,бала бір орында отыра алмайды, алаңдағыш, назары шашыраңқы.Мектеп алды баласы көп нәрсе біледі және көп нәрсені орындай алады.Бірақ, оның ақыл мүмкіндіктерін,былдырлаған тіліне қызығып,артықша әсірелеуге болмайды.Ойлаудың қисынды қапы әлі ода қалыптаспаған.Бұл кезеңдегі жетілген ақыл-ес дамудың қортындысы – көрнекі – бейнелі ойлаудың ең жоғары түрі.Баланың ақыл дамуында мтематикалық ұғымдар маңызды рөл атқарады.Кейінгі он жылдықтарда әлемдік педагогика 6 жасар балаларды оқыту мәселелеріне орайлас логикалық,математикалық,жалпы абстракт ұғымдарды қалыптастырудың көптеген қырларын түбегейлі зерттеді.Осының арқасында мұндай абстракциялар пайда ету үшін бала ақылы әлі жетіспегені дәлелденді.Дегенмен, орынды әдістерді қолданып,отыратын болсақ,бала білім игеруде көңіл толарлықтай табыстарды иеленуі мүмкін.Ақыл дамуы желісінде түсінім “кедергілері”ұшырасады.Бұл құбылыстың мәнін ашуда швед психологы Ж.Пиаже көп еңбектенген.Балалар ойын барысында ешқандай оқымай-ақ заттардың формасы,көлемі,саны жөніндегі түсініктерді жеңіл игеріп алады.Бірақ, арнайы педагогикалық басшылық болмай, қатынастарды түсіну “кедергілерінен” балалардың аттап өтуі қиын.Мысалы,мектепке дейінгі бала қай жерде көлемдік,ал қай жерде сандық айырмашылық барын түсіне алмай дал болады.Бір кілә мақта ауыр ма,бір кілә темір ауыр ма?деген сұраққа бала ойлануға ақылы жетпегендіктен – бір кілә темір ауыр дей салады.Бұл қарапайым мысал ойлаудың принциптік мүмкіндіктерін ашып береді.Метеп жасына дейінгі баланы өте қиын және күрделі заттарға(мысалы,интеграл есептеулерге)үйретуге болады,бірақ.одан түсер пайда жоқтың қасы. Халықтық педагогика,әлбетте”Пиаже кедергілерін”білген,сондықтан да, бала тәрбиесіне даналықпен келесі тұжырымды қосқан:”Жас күнінде – жаттасын,есейгесін - түсінер”.Өз уақытында келетін мүмкіндікті уақытынан бұрын,жас кезеңі келмей,зорлап ашудың қажеті болмайды.Даму желісін жасанды өзгертуден тәрбиеде зияннан басқа,қолға түсер дәнеңе жоқ.
Мектеп босағасын аттау кезеңіне баланың мотивациялық аймағында елеулі өзгерістер пайда болады.Егер 3 жасар бала көбіне жағдайға орай сезім мен ниет ықпалында болса, 5 – 6 жаср бала өз қылық әрекетін сана басқарымына келтіреді.Бұл жаста ол сәбилікте болмаған сеп түрткілерді өз басшылығына алады.Бұл сеп-түрткілердің арасында ересектер дүниесіне қызығу,соларға ұқсап – бағу- балалар үшін өте маңызды келеді.Ата-аналары мен тәрбиешілердің мадағын алуға ұмтылу,өз қатарларының сый құрметіне бөлену сияқты ұмтылыстар да бала үшін мәнді.Көп балалардың әрекеттерінің негізінде жеке табыстар,ар-намыс,өзін таныту ниеттері билік етеді.Бұлардың көбі ойындарда басшы рөлге таласу,сайыстарда жеңіске жету ұмтылыстарынан айқын көрінеді.
Балалар моральдық қалып талаптарды еліктеумен игереді. Шынына келсек, ересектер көп жағдайда оларға еліктеу үшін қажет болған үлгілерді бере алмайды. Әсіресе өсіп келе жатқан әлеуеттің адамгершілік сапаларының қалыптасуына өрескел зиянды болатын нәрсе – ересектердің арасындағы жанжалдар мен дау – дамайлар. Балалар қара күшті, әрі кімнің білегі жуан екенін сезе қояды. Оларды бұл тұрғыдан адастыру қиын. Үлкендер мінезіндегі күйбеңдік, намыс жаралаушы айқай, жасанды сөзбұйдалық пен үркіту-қорқыту – бұлардың бәрі үлкендердің бала кезінде сый құрметтен қалып, жағымсыз танылыуына себепші болады. Бала мұндай адамдарды еш уақыта да күшті деп мойындамайды. Нағыз күш – бұл бір қалыпты достық рай. Егер мұны тек тәрбиешілердің өздері ғана ұстанған күнде, салмақты да салихалы адам тәрбиесіне бір қадамда болса жақындағанымыз болар еді.
Жақсылық және жамандық қылық арасындағы бала таңдауына бағыт беру үшін жалғыз-ақ тәсіл орындалуы қажет моральдық талапты бала көңіл-күйіне сәйкестендіру. Басқаша атасақ, қалауы болмаған әрекеттер де қажеттілерімен ысырылып қалдырылмай, түсінік арқасында орынды болатындары мен ауыстырылғаны жөн. Бұл принцип тәрбиенің жалпы негізі ретінде қабылданған. Мектепке дейінгі жас балаларының жеке дара еркшеліктерінің арасында педагогтар темперамент және мінезге көп зейін аударады. И.П.Павлов жүйке жүйесінің үш негізгі қасиетін (күші,қозғалмалылығы, тепе-теңдігі) және осы қасиеттердің төрт негізгі бірігуін ажыратқан:
күшті, қозғалмалы, ауыспалы – “ұстамсыз” тип;
күшті, тұрақты, қозғалмалы – “тіршең,ұстамды” тип;
күшті, тұрақты, жай қозғалысты – “байсалды” тип,
“әлсіз” тип;
Әр тип нақты темперамент түріне сәйкес келеді: “ұстамсыз” – холерик, “тіршең” – сангвиник, “байсалды” – флегматик, “әлсіз” – меланхолик. Әлбетте, ата-аналар да, педагогтар да өз балалары мен оқушыларды темпераменті бойынша таңдамайды, бәрін де тәрбиелеу қажет, бірақ, әрқайсысы - өз алдына. Мектепке дейінгі жаста темперамент айқын көріне қоймайды. Бұл кезеңнің өзіне тән ерекшелігі: қозу және тежелу үдерістерінің әлсіз болуы; олардың тепе-теңдігінің болуы; жоғары сезімталдығы; көңіл кейіптерінің тез қайта орнығуы. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін ата-аналар мен тәрбиешілер жүйке үдерістерінің тіршілік қуат күштерін: ұзаққа созылған ауыр жұмысты орындауда жұмыс қабілетін сақтай білу, тұрақты және жеткілікті дәрежеде ұнамды көңіл-күй кейпін сақтау, таныс емес және қолайсыз жағдайларда батылдық көрсете алу тыныш немесе шулы жағдайларда да бірдей тұрақты зейін ұстау, т.б есепке алып отыру қажет. Баланың жүйке жүйесінің күші (не әлсіздігі) жөнінде оның ұйқысынан (ұйқыға тез берілуі,ұйқы тыныштығы, беріктігі), күш қуатын тез (жай) жинақтауынан, аштыққа шыдамдылығынан(жылауы,шарбаяшылығы немесе көңілділік сақтауы, байсалдылығы) байқауға болады. Сабырлылық белгісін баланың келесі қасиеттерінен білу мүмкін: ұстамдылық, шыдамдылық, байсалдылық, қозғалыс пен көңіл кейпіндегі біркелкілік, олардағы оқтын-оқтын көрінетін қауырт бәсеңдеу мен көтеріңкіліктің болмауы,сөйлеудегі енжарлық. Жүйке үдерістер қозғалмалылығын адамның барша жаңалықтарға, тез назар аударуы, өмірлік еліктемелерді шапшаң өзгеріске келтіруі, бейтаныс адамдармен жылдам икемге келіп, олармен тіл табысуы, бір істен екіншісіне ойланып тұрмастан тез ауыса алуы,және т. б. білуге болады Мектеп жасына дейінгі баланың мінезі әлі қалыптасу жолында. Мінез, негізінде, жоғары жүйке әрекеттерінің сипатына байланысты келеді,ал жүйке жүйесі даму жағдайында болатындықтан, баланың қандай болып жетілетінін тек болжай алу ғана мүмкін.Көп мысал, көптеген дерек келтіру болады,бірақ шындық қорытындысы жалғыз-ақ: мінез-бұл қалыптасудың нәтижесі, ол мыңда бір үлкенді-кішілі әсерлердің құрамасы.Қалыптасқан мінезде 5-6 жастағы баланың қандай қасиет белгілері қалатыны-Жаратқанға ғана аян.Дегенмен, біз белгілі типтегі мінезді қалыптастырғымыз келсе, сол мақсатты көздеп, ұйымдастырылған тәрбие алып баруымыз шарт.Бұл күні қоғам мен мектептегі күрделі мәселелердің бірі - жалғыз перзентті отбасы. Мұндай жағдайда баланың бірнеше артықшылығы бар:барлық жақсылық соған,үлкендердің бәрі оны мәпелейді, ал бұл оның дамуына ықпал жасайды, бала мейірімге бөленіп,еш бір қайғысыз,қағанағы қарық, өзіне деген бағасы «таудай» болып өседі.Дегенмен, жалғыз перзентті отбасының қиналатын жағдайлары аз емес: мұндағы бала жасына жетпей «ересек» көзқарастар мен әрекеттерге үйіршең келеді, оның жеке-дара және өзімшіл(эгоистік) қасиеттері анық көріне, қалыптасады, ол есеюдің көптеген қуаныштарынан хабарсыз болады. Мұндай отбасынан шыққан бала басты адамилық сапа – төңірегіндегі басқалармен қатынас жасау қабылетінен ажыралады. Мұндай отбасыларда баланы қатер , қайғыдан сақтандырушы жағдайлар көп жасалады. Әлбетте, оны бұлайынша қорғау мүмкін. Бірақ-қашанға дейін. Сондықтан, баланы нақты өмір, тұрмыстық жағдайларға дайындаудың шараларын орындау қажет.Оны қайғыруға да,қиналуға да үйретіп, жеңілістер мен қателіктерге де шыдамдылықпен төзе білуге баулу керек.
Бала тек өзі ғана басынан өткізген сезімдерді байқауға қабілетті. Басқаның көңіл толғанысы оған жат, белгісіз қорқыныш, ұят, тәуелділік, қуаныш, ауыртпалық – бәрі де бала өмірінің серігі, бірақ олардың не екенін өз басынан өткізгенде түсінеді. Жағымсыз жағдайлардан жасанды қорғаудың қажеті жоқ. Өмірді өзгертіп болмайды, сондықтан оған шынайы дайындалу керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тән-дене дамуының негізгі міндеті әрі бұл жас кезеңінің барша мәні – ойын, ойын ұймдастыру. 5-6 жасар бала сотқар да қызбалы келеді. Баланың төбелескіштігін қолдамаңыз, бірақ оны шектемеңіз де. Бұл жастағы баланың көңі-күйі басқарымды келеді – қаласа жылайды не асыр салып секіреді, көңілі келген кезде ыңырсып отырып алады, не рахатқа балқып, жатып алады, ал осының бәрін ол шын көңілмен істейді.
Бұл жас кезеңінің басты міндеті – баланы қоршаған дүниемен таныстырып, сөз сөйлеу әлеміне бойлату. 7 жасқа дейін адам қалай сөйлеп үйренсе, өмірбойы сол тіл қолдану қалпымен өтеді. Баланы кемсітпей, үлкенмен қалай әңгіме сұхбат құратын болсаңыз, онымен де солай тілдесуді дағдыға айналдырыңыз. Табиғат аясына шығып, онымен өсімдіктану, жануартану және топырақ, тау-тас негіздерін зерттеңіз. Баланың еркін байламаңыз, есіңізде болсын, оқып үйренудің ең басты тетігі – ойын. Қыз балалар бұл жаста байсалдылау келеді, сондықтан олармен көбірек ойланып, қатынас жасау қажет.
Мектеп жасына дейінгі аралық бала дамуының қарқынды кезеңіне тұспа-тұс келеді.Бұл жастағы бала сезімтал, адамгершілік және әлеуметтік қылық ережелерін, жаңа іс-әрекет түрлерін қабылдауға жоғары қабілетті. Бұл жастағы балалардың көпшілігі жүйелі оқу мақсаттары мен тәсілдерін игеруге дайын. Әрекеттің басты түрі – ойын, ол арқылы бала өзінің танымдық және әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |