2.1 Бастауыш сыныптың математика пәнінде геометриялық материалдарды оқыту әдістемесі
Нүктемен танысу әдістемесі.
Мақсаты: геометриялық фигуралармен таныстыру (нүкте,сәуле,бұрыш) және оларды бір бірінен ажыратуға үйрету.
Қарындаштың немесе қаламның ұшы және олардың қағаз бетіне қалдыратын іздері-нүкте жайында түсінік беріледі. Түзу сызықпен танысудан кейін балалар нүктені түзуге қоюды, берілген 1,2,3 нүктелер арқылы түзу сызықтар жүргізуге, оған қатысты нүктенің орнын анықтауға үйренеді. 3-сыныптың 3-тоқсанында оқушылар нүктенін латынның бас әріптерімен белгіленетінін үйренеді. Мысалы К,М,О,А,Е және т.б. Олар нүктенің қасына жазылады. Балалар нүктелерді әріптермен белгілеуге және белгіленген нүктелерді оқуға жаттығады.
Сызықпен таныстыру әдістемесі
1-сынып оқушыларының түзу сызық туралы түсініктері әр түрлі машықтық жаттығуларды орындау арқылы қалыптасады. Мұндайда түзу сызықты қисықпен сәйкестендіреді. Мысалы,жіпті созып қарайды, салынған суретін қарайды, қағазды сызық бойынша қияды, әрбіреуінде сызық-қисық немесе түзу қалай пайда болғанын айтып отырады. Балалар жазықтықта кез келген бағытта сызылған түзу сызықты тануы,оны қисықтан айыра білуі, сызғыш көмегімен түзу сыза білу керек. Осы мақсатта оқушылар түзу және қисық сызықтар жүргізеді. Оларды айналадағы заттардан,тақтада сызылған сызықтар ішінен табады және көрсетеді. Мысалы, нүкте арқылы түзу жүргізуге жаттығуда балалар бір нүкте арқылы бірнеше түзу немесе қисық, ал екі нүкте арқылы тек қана бір түзу, бірнеше қисықты жүргізуге болатынын бақылайды. Егер нүкте қағаз бетімен қозғалатын болса сызық пайда болады. Сызық сызғыш арқылы жүргізілген болса түзу болады. Ол қисық бола алады. Түзу сызықтың бөліктерінен тұратын сызық сынық деп аталады. Сызықтардың ұзындығы болады. Қисық сызықтардың бұрыштық нүктелері болады. Сызықтар тұйық және тұйық емес болады.
Тұйық сызық жазықтықта ішіне шексіз түзу, тіпті сәуле жүргізуге мүмкін емес шектелген фигураны бейнелейді. Егер сызық сызғышпен ешқандай бөлігінде сәйкес келмесе, онда оның қисық болғаны. Қисықтар тұйықталған және тұйықталмаған болады. Егер кейбір бөліктері сызғышпен сәйкес келіп, бірақ түгел сәйкес келмесе одна ол-сынық болады. Сынықтың сыну нүктесі оның төбесі деп аталады. Тұйықталған және тұйықталмаған сынықтар болады. Сынықты құрайтын кесінділер оның бөліктері болып табылады.
ABCD-СЫНЫҚ
A,B,C,D-ТӨБЕЛЕРІ
AB, DC, CD, DE-БӨЛІКТЕРІ
Кесіндімен таныстыру әдістемесі
Мақсаты: кесінді жайында түсінік беру және оларды басқа фигуралардан ажыратуды үйрету,кесінді салудың ерекшелігімен таныстыру. Сымның қиындысын алып, басымен ұшын көрсетіп немесе тақтаны жиектеп керілген жіптін үстінен борды жүргізіп, жіпті тартып, жіберіп қалса, тақта бетіне із түседі. Оның екі ұшын нүктемен тұйықтап, бұл кесінді деп түсіндіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |