- Кесіндінің ұзындығы туралы нақтылы білім қалыптастыру;
- Ұзындық бірлігімен, олардың арасындағы қатынаспен таныстыру;
- Өлшеу дағдыларын қалыптастыру;
- Ұзындықты қосу және азайту;
- Дененің массасы және ыдыстың сыйымдылығы туралы нақты түсінік қалыптастыру;
- Оқушылардың масса бірліктері және олардың арасындағы қатынаспен, сыйымдылық бірлігі литрмен таныстыру;
- Өлшем бірліктерін өрнектей білуге үйрету;
- Масса бірліктерін қосу және азайту;
- Көлем. Текшенің көлемін таба білуге үйрету;
- Уақыттың өлшем бірлігімен және олардың арасындағы қатынасмен таныстыру;
- Сағат арқылы уақытты анықтай білуге үйрету;
- Уақыт бірліктерін қосу және азайту;
- Аудан ұғымымен және шаршы сантиметр ұғымымен таныстыру;
- Палетка арқылы фигураның ауданын табуға үйрету;
- Тіктөртбұрыштың, шаршының ауданын табуға үйрету, іс жүзінде біліктілігін қалыптастыру;
- Шаршы дециметрмен, шаршы метрмен, ар, гектар, шаршы миллиметр бірліктерімен және арасындағы қатынаспен таныстыру.
Негізі бөлім - Сандар мен шамалар бастауыш мектептегі математика курсының негізгі, яғни фундаменталды анықталмайтын ұғымдарына жатады. Шама бізді қоршаған дүниенің (заттар, құбылысытар,т.б.) жалпыланған қасиетін көрсететін математикадағы ең маңызды ұғым. Шамаларды оқыту оны өлшеумен тығыз байланысты.
- Шаманың өзіндік ерекшелігін ескеріп және пркатикалық іс-әрекеттерге сүйене отырып, шама жайында түсінік беру мына ретпен жүзеге асады:
- Нақты шама туралы оқушының түсінік деңгейі анықталады және сәйкес ұғым мен термин енгізіледі;
- Біртекті шамалар салыстырылады;
- Шаманың негізгі өлшеу бірлігі таңдап алынады да, онымен таныстырылады, өлшеу құрал-жабдықтары көрсетіледі;
- Негізгі өлшеу бірлігінің көмегімен шаманы өлшеу процессі көрсетіледі;
- Өлшеудің бір атау бірлікпен өрнектелген шамадан осы текті шаманың басқадай атау бірлігіен көшуге жаттықтырылады;
- Бірдей немесе әр түрлі атау бірліктерімен өрнектелген шамаларды қосу мен азайту және шаманы санға көбейту мен бөлу қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |