КЕСІНДІНІҢ ҰЗЫНДЫҒЫ Кесіндінің ұзындығы деп әрбір кесінді үшін төмендегіше анықталатындай оң шаманы айтады. 2)Егер кесінді саны шектеулі кесінділерден құралса, онда оның ұзындығы осы кесінділердің ұзындықтарының қосындысына тең болады. Ұзындықтың басқа да стандарт бірліктеріне мм, см, дм, км жатады. Ұэындықтың бірліктері арасындағы қатынас төмендегі кестемен сипатталады; - 1см = 10 мм
- 1 дм = 10 см = 100 мм
- 1 м = 10 дм = 100 см = 1000 мм
- 1 км = 1000м = 10000 дм = 100000 см = 1000000 мм
- Фигураның ауданы деп әрбір фигура үшін төмендегіше анықталатын теріс емес шаманы айтады:
- Тең фигуралардың аудандары тең болады;
- Егер фигура саны шектеулі фигуралардан құралатын болса, онда оның ауданы олардың аудандарының қосындысына тең болады.
- Ауданның тұрмыста жиі қолданылып жүрген стандарт бірліктері:мм2, см2, дм2, м2, км2 сондай-ақ а(ар), га(гектар) .
- Аудан бірліктері арасындағы қатынас мына кестемен сипатталады:
- 1см2=100 мм2;
- 1дм2= 100 см2 = 10000 мм2;
- 1м2 = 100 дм2 = 10000 см2 = 1000000 мм2;
- 1 км2 = 1000000 м2 = 108 дм2 = 1010 см2 = 1012 мм2;
- 1а = 100 м2;
- 1 га = 10000 м2;
Масса - Масса – деп негізгі физикалық шамалардың бірі.
- Математикалық көзқарас тұрғысынан алғанда, масса төмендегі қасиеттерге ие болатын оң шама:
- Таразыға басқанда бірімен – бірі теңесетіндей заттардың массалары бірдей болады;
- Заттар біртұтас болып біріктірілгенде, масса қосылады, бірге алынған бірнеше заттардың массасы олардың массаларының қосындысына тең болады.
- Массаны өлшеу үшін массасы бірлік өлшеуіш ретінде қабылданатын затты таңдап алады. Массаның негізгі бірлігі – килограмм және ол 40С температурадағы 1дм3 судың массасы ретінде анықталған. Массаның бірліктері: мг, г, кг, ц, т. Масса бірліктерінің арасындағы қатынас кестеде берілген:
Достарыңызбен бөлісу: |