1 г = 1000 мг 1кг = 1000 г = 106 мг 1 ц = 100 кг = 105 г = 108 мг 1т = 10 ц = 1000 кг = 106г = 109 мг. - Бастауыш сыныптарда пропорционал шамамен байланысты есептерді шығару қарастырылады: төртінші пропорционал шаманы табуға (қарапайым үштік ереже) берілген, пропорционал бөлуге және екі айырма бойынша белгісіз шаманы табуға берілген есептер арнайы қарастырылады.
- Жылдамдық - уақыт - қашықтық шамалары арасындағы байланыстарды анықтау басқа пропорционал шамалар арасындағы байланыстарды анықтау әдісімен жүргізіледі. Егер қашықтық пен жүрілген уақыт белгілі болса, онда жылдамдықты бөлу амалы бойынша табуға болады; егер жылдамдық пен жүрілген уақыт белгілі болса, онда қашықтықты көбейту амалымен табуға болады; егер қашықтық пен жылдамдық белгілі болса, онда жүрілген уақытты бөлу амалымен табуға болады
ШАМАЛАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ АЙҚЫНДАЙТЫН ЕСЕПТЕРМЕН ЖҰМЫС ӘДІСТЕМЕСІ Сонымен қатар, IV сыныпта кездесу қозғалысына және қарама – қарсы бағытта қозғалысқа арналған есептер енгізіледі. Осы есептердің әрқайсысының берілген мәліметтер мен ізделінді шамаларға байланысты үш түрі болады: - I түрі – денелердің әрқайсысының жылдамдығы мен қозғалыс уақыты берілген, ізделінді шама – қашықтық;
- II түрі – денелердің әрқайсысының жылдамдығы және қашықтығы берілген, ізделінді шама – қозғалыс уақыты;
- III түрі – қашықтық, қозғалыс уақыты және денелердің біреуінің жылдамдығы берілген, ізделінді шама – екіншісінің жылдамдығы;
Оқушылармен жұмыс ҚОРЫТЫНДЫ - Зерттеу жұмыстары және одан алынған объективті нәтижелер мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
- Математика сабағында шамаларға берілген есептерді шешуде мұғалімнің сабақты ұйымдастыра білуі шешуші рөл атқарады;
- Шамаларға байланысты есептерді шешу кезінде педагогикалық жұмыс тәсілдерін,олардың маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып,міндетті кезеңдерден өтуді жөн санаймыз.
- Математиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арттыруға негізделген.Оқу танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймай,олардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеті де дамытылады.Мұғалімнің білімі, өз ісіне жауапкершілігі және оқушымен арақатынасы,әдістемелік шеберлігі – оқушының білімге деген ынтасын арттырудың кепілі.
Достарыңызбен бөлісу: |