Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар


Жаттығу: «Неден жасалған»



бет2/6
Дата19.04.2023
өлшемі242.5 Kb.
#472402
1   2   3   4   5   6
Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар,жаттығулар мен тренингтер

Жаттығу: «Неден жасалған». 
Мақсаты: балаларға бағыт ұғымының көп мағыналы екендігін түсіндіру, сөз бен істі бағалай білуге үйрету, барға қуана білу, өз айналасын жағымды қабылдай білу дағдыларын қалыптастыру.
 
Құрал-жабдықтар: түрлі түсті заттар.
 
Түсіндіру:
 
-Балалар, біздің жолымызда айдаһар кездесті, бізге мынадай тапсырмасы бар. Қане, барлығымыз орнымыздан тұрып, заттардың қасына келіп, мен берген тапсырмаға сәйкес заттарды қоямыз және неден жасалғанын айтамыз. Сонымен қатар болған бала орнына отырып, қорытынды жасайды.
 
Талқылау:
 
-Балалар. сендерге ойын түрі ұнады ма?
 
-Несімен ұнады?
 
-Сендер дұрыс орнын таптық деп ойлайсыңдар ма?
 
-Неден жасалғанын қалай түсіндіресіңдер?
 
-Орындарымен ауыстыруға бола ма?
 

Релаксацияға байланысты жаттығу: «Өзіңмен өзің».
 
Балалар орындықтарында отырып, көздерін жұмады. Әуен ойнайды. Күн суытты. Қыстың аязды күндері сезіледі. Ал, біз болсақ, ыстық жазды елестетейік. Алтын күн аспанда өз шуақтарымен қызыл құмды қыздырып тұр. Сендер табандарыңмен оның қызуын сезесіңдер.
 
Сендер мөлдір теңіздің жағасында асықпай жүріп бара жатырсыңдар. Ол сендерге сыбырлап: «Сәлеметсің бе, балақай! Айналаға қарашы, табиғат-ана неткен сұлу! Оның әдемілігіне сүйсінудің өзі қандай бақыт! Күнді көріп, оның шуақтарына қыздырынған қандай бақыт! Құстардың сиқырлы үнін тыңдаған, осы күнге қуанған қандай бақыт! Сенің осындай кең дүниеде бар екенің қандай бақыт» - дейді.
 
- Өздеріңді тыңдаңдаршы... (кідіріс).
 
- Өздеріңді бақытты сезіндіңдер ме? Оны қалай түсіндіңдер?
 

Жаттығу: «Лабиринт»
 
Мақсаты: балаларға «Лабиринт» ойынының мағынасын түсінуге көмектесу, ізгі сезімдерін көрсете білуді дамыту, бір-бірімен мейірімді қарым-қатынас дағдыларына тәрбиелеу.
 
Құрал-жабдықтар: «Лабиринт» суреті, маймыл, банан суреті, түрлі-түсті бояу қарындаш.
 
Түсіндіру:
 
-Балалар, біздің аялдамамызда маймыл кездесті. Бірақ ол жай жүрген жоқ, өзінің азығын іздеп жүр екен. Маймылдың азығын тауып берсек, ол бізге ары қарай жол көрсетеді. Барлықтарың қолдарыңа түрлі қарындаштарды алып, сонымен жолдың басынан бастап, адаспай аяғына дейін жүреміз.
 
Талқылау:
 
- Жол жүру барысында қандай қиыншылыққа тап болдыңдар?
 
- Маймылдың азығын тауып берген жағдайда қандай сезімде болдыңдар?
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет