Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары


Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары



бет2/11
Дата20.06.2022
өлшемі489.5 Kb.
#459355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы

1.1 Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары


Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу және қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Дамыта оқытудың да басты мақсаты – баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту.
Біздің басты мақсатымыз – білім сапасы. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Мұғалім –тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі.
Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі – оқу.
Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, қабілетінің дамуы, білуі мен танымдық белсенділігін арттыру – қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабаққа оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды қажет етеді.
Мұғалім оқушыларға терең білім беру мен қатар дарындылығ мен шығармашылығын дамыту жолында мына қағидаларды есте сақтаған жөн:



  • мұғалім әр оқушыға, бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек;

  • балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру;

  • сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі көрнекі құралдарды пайдаланып отыру;

  • әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет;

Оқушылардың шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі тануына көмектеседі.
Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады.
Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет.
Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.
Оқушылардың дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Көбінесе «дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қиынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар

ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет