Эстетикалық тәрбиенің мақсаты — оқушының бойына көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру. Эстетикалық тәрбиенің психологиялық қызметі оқушы бойына әлеуметтік тәжірибені (іс-әрекет, күйініш-сүйініш, әсерлену арқылы) көркемөнер құралдары арқылы сіңіруді көздейді.
Тұлғаның эстетикалық бейнесі өнер мен табиғатты қабылдауы және адамдар арасындағы қарым-қатынастағы қызметі арқылы көрінеді. Талантты да дарынды оқушылардың бойында даму және шығармашылық қабілеттер өнердің түрлі саласында өз ерекшелігіне қарай көрінеді.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың барынша өткір проблемасы, біріншіден, оқушылардың эстетикалық санасына бұқаралық ақпарат құралдарының теріс ықпал етуінен және жалған өнердің сырттай тартымды болып көрінуінен деп айтуға болады.
Осы заманғы оқушы тәрбиесінде адамның экологиялық мәдениеті ерекше мәнге ие болған. Қоғам мен табиғаттың осы заманғы өзара әрекеттесуінен туындаған бүгінгі заманғы проблемалардың бірі — табиғат пен адамдардың теріс әрекеттесуі. Экологиялық тәрбиенің мақсаты оқушылардың өзін қоршаған ортада ғылыми білім, көзқарас және сенім жүйесін қалыптастыру. Соған байланысты мектептік білім жүйесінде экологияның түрлі мәселелерін қайта қараудың қажеттігі пайда болды.
Экологиялық тәрбиенің мақсаты оқушылардың бойында білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол арқылы олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік қарым-қатынасын жан-жақты дамыту.
Оқушылардың экологиялық тәрбиелілігінің көрсеткіші ретінде жалпы адамзаттық мораль өлшемдеріне сәйкес келетін адамның табиғатқа көзқарасы жөніндегі практикалық әрекетін атауға болады. Нәтижесінде экологиялық білім мен тәрбие экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсаттарына сәйкес келеді. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, экологиялық білім мен тәрбиенің төмендегі міндеттерін бөліп алуға болады:
1. Жетекші идеяларды, негізгі түсініктер мен ғылыми фактілерді меңгерту арқылы адамның табиғатқа ықпал етуі.
2. Қоғамның материалдық және рухани күштерінің қайнар көзі ретінде табиғаттың көп қырлы құндылығын түсіну.
3. Табиғатгы тиімді пайдалануда қолданбалы білімдерді, практикалық біліктер мен дағдыларды меңгерту, қоршаған ортаның жайын бағалай білу қабілетін дамыту, оны жақсарту жөнінде дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |