Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ



бет8/11
Дата20.06.2022
өлшемі489.5 Kb.
#459355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы

2.2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ


Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. « Елімізді 2050 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар » деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет . Кезінде ұрпақ тәрбиесі, ел тағдыры жөнінде елеулі еңбектер жазып, аталық ақыл айтқан ғалым — профессор Б. Кенжебаев: «Бала біздің болашағымыз». Болашағына немқұрайлы халықтан ештеңе күтуге болмас еді. Еліміздің бүгінгі, ертеңі – болашақ жас ұрпақтың қолында, — ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында.Менің болашақ мамандығым ұстаз болғандықтан, жас ұрпақтың тағдыры мен үшін әрдайым өзекті. Қазіргі таңда бастауыш сынып ұстаздары үшін оқушыларының мектепке дайындығы мен бейімделуі бірқатар кедергілер мен қиындықтарға толы.
Осыған орай менің мақсатым:
• Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуінде ұстаздың рөлі.
• Мектептке бейімделу кезеңінде кездесетін қиындықтар әсері.
• Бастауыш сынып оқушыларының даярлығын аспектілерін айқындау.
• Ұстаздың негізгі көңіл аударуға тиісті беймделудің шарттарын қарастыру.
Міндетім:
• Баланың мектепке интеллектуалдық дайындығын көтеру жолдарын қарастыру.
• Баланың мектепке әзірлік өлшемдерін талдау,
• Баланың мектепке деген ынтасын, қызығушылығын арттыру жолдарын;
• Бастауыш сынып ұстазының бойындағы ізгілікті қасиеттердің оқушы бейімделуіндегі маңыздылығын;
• Баланың мектепке бейімделу нышандарын анықтау.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп – баланың дамуының жақсы жақтарын жүйелі қалыптастырып отыратын негізгі орын.
Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселе-леріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшы-лығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы.
Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі — балаға да және оның ата-анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін баланың дені сау және жан-жақты даярланған болуы қажет.
Баланың мектепке бейімделу нышандарын мынадан байқауға болады:
■ Біріншіден — баланың оқу үдерісіне қанағаттануы. Оған мектепке барған ұнайды, ол өзіне сенімсіздік танытпайды және қорықпайды.
* Екіншіден — баланың бағдарламаны жеңіл меңгеруі үшін оған осы қиын кезде қолдау жасау керек. Баланың баяулығын сынамау керек. Егер мектеп қарапайым және бағдарламасы дәстүрлі болып, ал бала оқу кезінде қиналатын болса, онда оған қиын сәттерде көмек көрсетіп, баяулығын, білмейтіндігін сынамау, сондай-ақ басқа балалармен салыстырмау қажет. Әр бала ерекше, әрі әр түрлі.
■ Табысты бейімделудің келесі нышаны -баланың оқу тапсырмаларын өз бетімен орындау деңгейі, тапсырманы өзі орындай алмаса, үлкендерден көмек сұрауы. Көбінесе ата-аналар баласына соншалықты ынтамен «көмектеседі», кейде бұл қарсы нәтиже беруі мүмкін. Оқушы ата-анасымен немесе жақындарымен бірлесе сабаққа дайындалуға үйреніп алады. Мұндай жағдайда сіздің көрсететін көмегіңіздің шегін белгілеп алуыңыз қажет.
* Баланың мектептегі ортаға толығымен қосылуының ең маңызды нышандарының бірі оның сыныптастарымен, мұғаліммен тұлғааралық қарым-қатынас жасаудағы қанағаттануы болып табылады. Осы кезеңде бірінші сынып оқушысы белсенді түрде қарым-қатынас жасайды, балалар ортасынан өз орнын іздейді, басқа балалармен серіктесуге үйренеді және өзіне көмектесуге қарсы болмайды.
М.М.Безруких, С.П.Ефимова баланың мектепке бейімделуін ұзақ мерзімде процесс ретінде қарастырып, оны әлеуметтік-психологиялық және физиологиялық жақтарын сипаттаған. Орыс педагогы Зимняя И.А.өзінің «Педагогическая психология» деген еңбегінде баланың мектепке физиологиялық бейімделу үдерісін қарастырады:
а) Физиологиялық бейімделу.
Оқу басталуына байланысты жаңадан әсер етуші ықпалдардың әсерінен балалардың ағзасының барлық жүйесі қарқынды түрде жауап қайтарады. Бұл «физиологиялық толқу» айтарлықтай ұзақ уақытқа — 2-3 аптаға созылады. Осы кезеңде ресурстарды үнемдеу туралы айтуға да болмайды, себебі мұнда барлық күш-жігер жұмсалады. Сондықтан ата-аналар осы кезеңде әрбір бала жоғары физиологиялық күш жұмсайтындығын ескеруі тиіс.Оқушы қандай жұмысты орындасын, мейлі ол ақыл-ой жұмысы болсын, мейлі амал жоқтан отырып істейтін қосалқы жүктеме болсын, немесе үлкен әрі таныс емес ұжымда қарым-қатынас жасауға психологиялық жүктемеге ағза, яғни оның әрбір жүйесі өзінің күшіне, жұмысына жауап қайтаруы қажет. Бала ағзасының мүмкіндіктері шексіз, ұзақ күш жұмсау, соған байланысты шаршау немесе болдыру баланың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екендігін барлығымыз да білеміз.
Мұның барлығын айтып отырғанымыздың себебі, біз кешегі тынымсыз балалардың тез шаршағыш болатындығын, оларды партада «тағы да бір сағат» отыра тұр деуге мәжбүрлеудің болмайтындығын, күн тәртібін сақтау керектігін білеміз. Мынаны есте сақтау керек: бала өмірінде қайта құрудың қиындығы барлық балалардың басынан өтеді. Мектепке бейімделудің баяулауының бастысы — бала денсаулығы, сондықтан олардың денсаулығына мән беріп, ауру-сырқауларын емдеп жазу керек.
б) Әлеуметтік-психологиялық бейімделу.
Көптеген балалар оқудың алғашқы екі айында бейімделеді. Олар ұжымға тез қосылып кетеді, сыныпқа үйренеді, жаңа достар табады; үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді, сабырлы, байыпты болып, мұғалімнің талаптарын өз еркімен еш қиындықсыз орындайды. Әрине, олар тәртіптің барлық ережелерін орындай қоюы қиынырақ, бірақ қазан айының соңына карай мұндай балалар жаңа оқушы дәрежесіне, жаңа талаптарға, жаңа күн тәртібіне тез үйреніседі.
Ал кейбір балалардың мектепке бейімделуіне біраз уақыт қажет; олар бір ай немесе одан да көп уақыт бойы сабақта ойнап отыруы мүмкін немесе мұғалімнің ескертуіне қарамай сыныптастарымен төбелесуі мүмкін (немесе керісінше «кішкентай балалар сияқты» жылап және олардың оқу бағдарламасын меңгеруі қиындыққа түсуі мүмкін. Тек бірінші тоқсанның соңында ғана олардың тәртібі дұрысталады.
Басқа балаларда оқу бағдарламасын меңгеруден басқа мейлінше маңызды қиындықтар болуы мүмкін. Олардың тәртіптері нашарлап, көңіл-күйіне кері әсер етеді. Мұғалімдер мен сыныптастары көбінесе осындай балаларға шағымданады. Мұндай балаларды көбінесе сынып ұжымы қабылдамайды, ал бұл олардың керісінше қарсылығын, наразылығын тудырады — үзілісте төбелеседі, сотқарлық жасайды, айғайлайды, сабақта өзін дұрыс ұстамайды. Егерде мұндай тәртіптің себебін дер кезінде анықтамаса, бұл жүйке жүйесінің жұқаруына және психикалық денсаулығының бұзылуына әкеліп соғады. Сондықтан, егер баланың тәртібі мұғалімді, ата-аналарды мазасыздандыратын болса, балалар психологы мен психоневролог дәрігерге көрсету қажет. Әрине осындай психологиялық жүктемелер мен бірінші сынып оқушысының өмір сүру қалпын қайтадан өзгерту «физиологиялық деңгейде» жүзеге асырылады.
Баланың мектепке бейімделуіне негізгі үш жақты қиындық әсер етеді:
Біріншісі, мектептің жаңа күн тәртібі – ерте ұйқыдан тұру, тыныш отыру, сабақтан қалуға болмайды, дер кезінде сабақты орындау және тб. Мұндай дағдылар балада бұрын қалыптаспағандықтан олар шамадан тыс шаршайды, сабақтан қалығысы келіп тұрады , мазасызданады және тб. Көбіне алты-жеті жастағы балаларда өзіндік әдетердің қалыптасуының алғышарттары қалыптаса бастағандықтан кейбір жаңа құбылыстарға бейімделу қиынға соғады. Ең бастысы мұғалім мен ата-ана осы жағдайларды дұрыс ескергендері маңызды.
Екіншісі, баланың мектеп мұғалімімен, құрбыларымен және отбасымен өзара қатынасына байланысты туындаған мінез-құлықтар. Жай ғана мейірімділіктен мұғалім өзінің авторитарлық стилі талап етушілік, қаталдық, мінез құлықта қажетті әрекеттердің орындаулуын талап етуші болып көрінеді. Ол үнемі баланың жұмысын бағалап отырады. Кей жағдайда бала өзін құл ретінде сезуге дейін барады. Нәтижесінде кейбір балалар жасқаншақ, ал біреулері үйде бас ал мектепте мүлдем басқаша қылық көрсетеді. Ейбір оқушылар жаңа ортада өздерін дұрыс меңгере алмай, басқа балалармен танысуы бірден болмағадықтан, өзін жалғыз сезінеді. Тәжірибелі мұғалім барлық балаларға бірдей талап қояды, бірақ әр баланы жеке-жеке қадағалайды. Бала мектепке келгеннен соң оның үйдегі орны да өзгереді. Оның міндеттері де және құқықтары да жаңаша құрылады. Мысалы оның сабақ орындауына ерекше, бөлек уақыт қажет болғадықтан үлкендер оның күн тәртібімен санасады.
Үшінші түріне бірінші сынып оқушылары оқу жылының ортасына қарай сезінеді. Олар басында мектепке бірден жүгіріп, уақытынан ерте баратын болса, кейіннен ересектердің ықпалымен ғана барады. Өздерінің әрбір алған бағасына қуанып, сабақты қызығушылықпен орындаса осы кезеңде ол төмендейді және бәрібірлікке ауысады.
Қорытындылай келе біз мейірбан адамдар болып, балаларды қаз — қалпында сүюге тиіспіз, шолжаңды да, тіл алғышты да, ақылдыны да, жалқауды да бірдей жақсы көруіміз қажет. Өзіміздің жан — шуағымызды балаларға алаламай тең үлестіруіміз керек. Балаға деген мейрімділігіміз бен махаббатымыз педагогикалық қызметіміздің ең басты дәлелі болуы тиіс. Балаларға деген сүйіспеншілік пен мейірім олармен дөрекі сөйлесуге, олардың жеке басымен намысына тиюге, ұрсып, қорқытуға жол бермейді.
Біз ұлт болашағын, еліміздің келешегі — жас ұрпақты тәрбиелеп отырғанымызды әсте ұмытпаған жөн. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Біз сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуіміз қажет.
Біздің жастар елімізді, жерімізді, тілімізді бүкіл әлемге паш етсін десек, жаңа заманға лайық етіп тәрбиелейік. Шәкірттеріміз көзге ғана емес, көңілге де қуаныш сыйлап, өміріміздің гүліне, мәні мен сәніне айналсын. Біз тәрбиелеген ұрпақ тәрбиелі де тәртіпті, ақылды да өнегелі, рухани адамгершілігі мол Қазақстанның беделді азаматы болады деп сенемін!
Жалпы білім беру мазмұнын меңгеру үрдісінде әр бір оқушының қабілетін дамытуға, бейіміне назар аударуға, қызығушылықтары мен құштарлықтарын оятуға жағдай жасау барысында педагогикалық кеңістіктегі заманауи сабақтардың құрылымын және технология түрлерімен таныстыру. Жәнеде бала тұлғасының қалыптасуы.
.Оқушының қажеттілігін қалыптастырудағы негізгі әдістері
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бұл міндетті шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттегі туындайды.
«Технология» ұғымының мәнін өндірістік үрдістерге байланысты П. Атутов пен В. Поляков «Технология – өндірістік үрдістің негізгі бөлігі.
Осындай мәнде өндіру, өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау және т.б. өндірісті техникалық бақылау, сондай-ақ өндірістік үрдістерді сипаттауды және оларды орындау бойынша нұсқауды технология … » деп айта келе, шикізатты алу, өңдеу және қайта өңдеу тәсілдері мен амалдарын даярлайтын және жетілдіретін ғылыми пәнді технология деп айтатынын жазады.
«Жеке тұлғаның үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере келіп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қабілеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу»,-деп атап көрсетіп, мектеп алдындағы міндеттері деп қояды.
Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін оқушылар ұжымы арқылы тәрбиелеу адам дамуының негізгі қаланатын бастауыш сатыдан басталатын процесс.
Жеке тұлғаны дамыту мәселелері М.В.Блонскийдің, Л.С. Выгатскийдің, Л.В. Рубенштейннің, Д.Б. Элкониннің еңбектерінің негізгі арқау болып табылады.Оқушылардың жеке тұлғасы ретінде қалыптасуына ұжымның үлкен ықпалы бар.
Тұлғаның шығармашылығында үш түрлі қарым -қатынас орын алады:
Ø 1. Тұлғаның өзіне тән қарым-қатынасы .
Ø 2. Тұлғаның басқалармен қарым – қатынасы.
Ø 3. Тұлғаның айналамен қарым – қатынасы.
Осы қатынастар арқылы адам тәрбиесі жетіледі. Қазіргі психологиялық және педагогикалық зерттеуде бастауыш сынып оқушысына білім беру мен оны дамытудың әдістемелік принцпі оқу- танымдық әрекеті басымдықта игере отырып, тек соның негізінде ғана ғылыми білімдер жүйесін меңгеруі деп дәлелденеді.
Бала тұлғасының қалыптасуы Балалар тұлғасының қалыптасуы
Баланың алғашқы мектепке бару кезеңінде олардың әлеуметтік жағдайының дамуында үлкен өзгерістер болады. Бала оқушы бола бастаған соң, ол жаңа міндеттер, құқықтар ала бастап, алғаш рет қоғамдық мәнді іс-әрекеттермен айналысады, яғни іс-әрекетті орындау деңгейінен олардың қоршаған орта арасындағы орны мен өзара қатынастары байланысты болады. Бұл жаңа әлеуметтік жағдай мектеп жасындағы балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Тұлғаның қалыптасуындағы қажеттіліктерді жете түсіну үшін баланың өмір үрдісінде пайда болатын және дамитын жаңа әлеуметтік қажеттіліктерді ескеру қажет. Бұл жаңа қажеттіліктер баланың мотивациялық сферасын толықтырады және қиындатады. Осы жерде екі негізгі жолды атап көрсетуге болады. Біріншіден, баланың өмірдегі және оның қоршаған ортамен өзара қатынастарындағы орнын өзгерту жолы. Бұл әрбір жас кезеңіне сай келетін қажеттіліктерді тудырады. Осылайша, бастауыш мектеп жасындағы балаларда — оқушының жаңа жағдайда болуына байланысты; жеткіншектерде — құрдастар ұжымындағы орындарына байланысты; жоғары сынып оқушыларында — олардың келешектегі қоғам мүшелері ретіндегі орындарына қажеттіліктердің тұтас жүйесі пайда болады.
Бала, педагог, ата-ана балаларды тәрбиелеудегі бірлікті қамтамасыз ету.Мұғалім мен оқушылардың қатынасуында көптеген жағдайлар бар. Жеткіншек жасөспіріммен қарым-қатынастың жетілуі олардың көңіл-күйінің төмендеуіне байланысты күрделіленеді – ол жеңіл және еркіндіктен бастап, тез жараланатын күйбелектікке дейін өзгеруі мүмкін. Педагог кез-келген нақты жағдайда дұрыс бағытталған оқушының көптеген сапаларын жұмсартуға арналған ерекше жалғыз қатынасу жолын таба білуі қажет. Педагог тәрбиеленушілерін өз сезімдерін басқара алуға, шындықты қабылдай алуға, басқа адамдармен қатынасуын бағалай алуға үйреткені жөн.
Жеткіншек жастың ерекшеліктері:
– барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі;
– үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;
– үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескіл мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан өлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі. Осы қасиеттердің барлығы жоғарыда айтып кеткендей бала бойында белгілі бір қырсық мінездерді тудыратыны айдан анық.Оқушы мен мұғалімнің жекеше қарым-қатынасы мектепте және басқа ортада кез-келген себеп пен формада іске асады. Қатынасудың тәжірибесіндегі көп кездесетін формалары сабақтан тыс әңгіме, үй жағдайындағы сөйлесу, жеке кеңестер, ұнамды психологиялық жағдай жасау; серуен кезіндегі қысқа әңгімелермен алмасу, мектептегі кештер немесе басқа мекемедегі сұхбаттар. Мысалы, мынадай жұмыс формаларын пайдалануға болады: Дәрісбаян-халықтық психология мен педагогиканың бай мұраларынан берілген жарқын ақпарат, деректер, қызықты мысалдар т.б. негіздегі дәрісбаяндар оқушылардың-ықыласын тудырып, қарым-қатынас мәдениетінің қыр-сырын ұғынуға мүмкіндік береді.Ашық микрофон-оқушылар үшін және қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеттің қалыптасу жағдайлары мен оның дамуына ықпалы туралы мәселені талқылау үшін қолданылады.Ұлы тұлғалар күні-халқымыздың батыр ұлдары мен қыздары, мақтаныштарымыз болған тұлғалар (Абай, Ыбырай, Міржақып т.б.) мерейтойларына орай өткізілген танымдық, құндылық бағыт беретіндей қызықты да мазмұнды шара. Пікір-сайыс (мысалы: «Сіз мәдениеттісіз бе?» «Адам-қоғам-орта» «Әдептілік» қарым-қатынасы, т.б. тақырыптарда) екі топ кезегімен ой толғаныстары мен шешімдерін ортаға салып, өзжобаларын қорғайды. Қарсыластар сайысы-алдын-ала жинақталған пікірталас материалдары негізінде көкейтесті мәселелер жөнінде қарсы 2 топтың пікірлерін ортаға салу, сараптау, тұжырымдар жасауға арналған сөз-жарыс.  Көрсетілген тәрбиелік шараларды оқу-тәрбие үрдісінде тақырыппен сабақтастыра жүргізу оң нәтижеге жеткізері сөзсіз деп есептейміз. Оқушы тәрбиесінің тиімділігін жоғарылату көп жағдайда жанұя және мектептің талабы мен ынтасын келістіре жұмыс істеуіне байланысты. Көзге түсерлік рольді мұғалім мен оның оқушылар ата-анасымен өзара қарым-қатынасы ерекше орындайды. Олардың бірге жұмыс істеуі – оқушының үй жағдайындағы ерекшелігі туралы жан-жақты ақпарат алуына, жанұядағы өзара қарым-қатынас туралы мінезіне, ата-ананың өз баласының үйірмелердегі, секциядағы жетістіктері мен кемшілігі туралы біліп отыруына үлкен әсер етеді. Осыған байланысты ата-ананың өз балаларына деген тартылымдылығын, оларға қандай бағдар беріп отыратындығын байқауға болады. Осындай ақпараттарды мұғалім қаншалықты кең алып отыратын болса, оның ата-ана мен оқушыларға педагогикалық тиімді әсер етуінің мүмкіндіктері өте үлкен болмақ. Жалпы, үнемі үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алады.
Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншіктің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.
Оқушылардың сабаққа деген қызығущылынғын арттырады, үлгерімдерін жоғарлатады, шығармашылық қабілеттерін, ынталарып арттырады.
Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әр түрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.
Демек, болашақ жастарымыздың кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы оқытудың субъектін және оқушының әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі – 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.
Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың негіздеріне жасалған талдау мынаны көрсетті: педагогикалық үдеріс инновациялық қызметтен тұрады.
Инновациялық қызмет – дәстүрлі нормаларға сәйкес емес кешенді проблемаларды шешуге бағытталған біртұтас процесс. Ол идеялар кеңістігінде ғана емес, инновациялық тәжірибелердің барысында жүзеге асырылып жатады.
Білім беру саласындағы жаңа технологияларға негізделген өзгерістер, жаңалықтар оқыту мен тәрбиелеу ісін, ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, даралап, саралап оқыту педагог қауымның басты міндетіне айналуда.
Аталған проблемалар мұғалімдердің кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді.
Оқыту технологиясы оқу үрдісіне педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ендеше, біз педагогикалық технологияны оқушыны дамытуға бағытталған оқу-тәрбие жұмысының бір-бірімен тығыз байланысқан әдістері мен түрлерінің жиынтық жүйесі деп қарайтын болсақ, онда ол білім мазмұнын жетілдіру ісіндегі басты бағыт – оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін біртұтас үрдіс болып табылады. Сондықтан да педагогикалық технологияға бет бұрыс әлемдік білім кеңістігіне талпынған қазақстандық әдіснамалық жүйені мазмұны жағынан байытып, бағыты жағынан жетілдіре түседі. Тәжірибеде қолданып жүрген оқушыны жан-жақты шығармашылыққа баулу әдіс-амалдар жиынтығы осы педагогикалық технологияның ұстанымына әкеп саяды.
Мұғалім қауымының педагогикалық технологияны игерудегі шығармашылық ізденістері оның кәсіби жетілуінің басты тетігі болып табылады.
Жаңа оқыту технологияларын зерделейтін болсақ, педагогикалық технологиялар мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандыруы тиіс (В. Беспалько):
– педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы қажет;
– оқушының танымдық, қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет;
– оқу мақсатын диагностикалық түрде анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалау қажет;
– іс жүзінде оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру оны оқыту үрдісінде ұтымды пайдалану уақыт талабы болып отыр. Өйткені жеке адамның рухани дамуынсыз өркениеттің дамуы мүмкін емес.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім беру саласында өзіндік ұлттық үлгі қалыптасуда, яғни педагогикалық лексиконға педагогикалық технология түсінігі енді. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын алдыңғы орынға қойып отыр.
Оқушының жеке қабілетін дамыту категориялары келесі кестеде бейнеленген (кесте № 1 «Оқушының жеке қабілетін дамыту категориялары»).
Оқушының жеке қабілетін дамыту категориялары
Кесте № 1

Деңгейлер

Анықтама

Оқушының іс-әрекеті

Білім

Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте сақтау, бұрынғы білімді еске түсіру

Тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды

Түсіну

Жаңа материалда берілетін білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасау

Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады

Қолдану

Жаңа білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді таба білу, бүтінді бөліктерге жіктеу, арасындағы байланысты айқындау

Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, талдайды, ашады, іздейді

Талдау

Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінін бөліп көрсету

Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешеді

Топтау

Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау

Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады

Бағалау (сын, пайымдау)

Жаңа ұғым, жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтау

Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады

Бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
– үнемі қайталау;
– ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;
– жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
– ізгілік;
– зорлықсыз, еркімен оқыту;
– әр оқушының табысының жариялылығын түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
– оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру.
Барлық оқушылар өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарыс туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді. Барлық оќушылардың оқу мақсатына қол жеткізуге, оқу пәндерінің барлық тақырыптар бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестетуі мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасыныњң дамуын қамтамсыз етеді.
Қазіргі кезде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясының талаптарына сай сабақ үш кезеңмен жүргізіледі және оның мынадай тиімділіктері бар.
1-кезең – тірек тапсырмаларымен жұмыс, яғни, жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті бұрын өтілген материалдарды қайталау. Бұл үйде орындалып келетін тапсырма болғандықтан, үй жұмысын талдауға барлық оқушыларды толық қатыстыруға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы кезеңде әңгімелесу, көрнекілік, мәселелік оқыту әдістерін колдана отырып, оқушылардың бұрын алған білімін еске түсіру, сабаққа қызығуын арттыру және білімін қадағалау жүзеге асырылады. Сонымен бірге осы жұмыстар арқылы оқушының сабаққа зейіні ауып, жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге дайындалады.
2-кезең — жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.
Бұл кезеңде оқушыларға тақырыпты меңгеру алгоритмі беріледі. Алгоритм бойынша оқушылар оқулықпен жұмыс істеп, тақырыптан керекті мәліметті таба білуге, ізденімпаздыққа үйренеді, әр оқушының, танымдық қызметіндегі дербестікті дамытуға мүмкіндік туады.
Оқытудағы іздену көзқарасы оқушының өнімді іс-әрекетіне негізделеді. Мұндай оқытудың мақсаты – оқушылардың жаңа тәжірибені мүмкіндігінше өз бетімен меңгеруін дамыту. Оқыту барысында оқушылар өзін-өзі жетілдіреді. Іздену көзқарасы гуманитарлық бағдарға сәйкес келеді. 2-кезеңді екі бөлімге бөліп, бірінші бөлімде тақырыпты алгоритм бойынша оқып-үйреніп, топ болып талдауға уақыт беріледі. Оқушылар тақырыпты оқып отырған кезде мұғалімнің үй тапсырмасын тексеруге немесе жеке оқушылармен жұмыс істеуге мүмкіндігі болады.
Екінші кезеңде барлық оқушыларды қатыстыра отырып, берілген тақырып алгоритм бойынша тақтада талданады. Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастырудың жартылай ізденіс, мәселелік және зерттеу әдістерін қолданады.
3-кезең — деңгейлік тапсырмалар. Оны оқушылар өздігінен орындап, әркім қабілетіне қарай алған білімін іс жүзінде қолдана білуге үйренеді.
Бұл технологияның тағы да бір тиімділігі – оқушылар білімін бағалау мен бақылау жүйесі арасындағы байланыс. Оқушының әр сабақта жинаған ұпайларын «Даму мониторингі» кестесінде белгілеп отыру арқылы тарау бойынша оқушы біліміне талдау жасап отыруға мүмкіндік туады. Барлық оқушы өз қызметін ең, төменгі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарыс туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт бойынша білім алуына кепілдік береді, әр оқушының, өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады. Өзіндік жұмыстар мұғалімнің кеңес беруімен өтеді, ал бақылау жұмысын сырттан көмексіз өздері атқарады. Объективті себептерге байланысты әр деңгейлі тапсырмалары бар пікірлесу кітапшасы дайын болмағандықтан, оқушылар тапсырмаларды жұмыс дәптерлерінде орындайды.
Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты:
– жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа баулу;
– дарынды оқушылардың мүмкіндігін анықтау;
– әр оқушы өзін-өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге өзі жеткізе алады, материалды толық меңгереді.
Әр деңгейлі сараланған педагогикалық технологиямен оқыту жүйесі:
– жаңа тақырыпты мәселелік әдіспен ізденіс барысында түсіндіру;
– тест немесе диктант, тақырыптың меңгерілуін тексеру;
– жалпылама тест, тексерудің әр түрлі әдістерін қолдану;
– өзіндік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар;
– саралау сабағы, қатемен жұмыс, кері есептер құрастыру;
– әр деңгейлі сараланѓан бақылау жұмысы;
– қорытынды бағалау, бағалау парағы.
Оқыту технологиясын пайдалану оқу үрдісінің “субъект-субъект” қатынас жағдайында өтуіне ықпал етеді, өйткені, оқушы да, оқытушы да белсенді шығармашылықпен қызмет етеді.
Оқушы өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, келе-келе мұғалімнің түсіндіргенінен гөрі өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады. Сонымен қатар жекелей жұмыстар, жұптық және топтық жұмыстар арқылы өз ойларын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру, ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, сыйластыќ, ұйымшылдықка, білім деңгейлерінің жоғары болуына көп әсерлерін тигізеді. Оның ішінде ерекше бір жағдай: сынып бойынша көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен оқушылардың да қызығуы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы.
Дамыта оқыту түсінігінде біз бала дамуындағы жан-жақты дамуына тура бейімделген ұйымдастырудың түрі, әдісі және мазмұны мен оқытуды ұйымдастырудың қабілеті деп түсінеміз. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты – оқушылар оқу әрекетінің белсенділігінің психологиялық негізін қарастыру, мектептегі дамыта оқытудың әдісі мен амалдарын көрсету.
ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет.
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында ұлттық және жалпы азаматтық құқықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке адамның шығармашылық, рухани күш – қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан – жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген.
Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.
Сонымен казіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологияларды менгеру қажеттілігі туындап отыр. Қазір білім саласындағы болып жатқан мемлекетаралық бақылау, ұлттық бірыңғай тест, 12 жылдық оқуға көшу барлығы Қазақстандық білім сапасын көтеруді және халықаралық деңгейге жеткізуді көздейді.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған технологияларға сын тұрғысынан ойлау, жобалау, проблема туғызу, ұжымдық қарым-қатынаста оқыту жатады. Қызығушылық деп – оқушының бір нәрсеге зейін қоюын, кейбір заттар мен құбылыстарды танып білуге ұмтылуын айтамыз.
Сабақта интербелсенді тақта қолдану сабақ үрдісін тиімді қолданумен қатар оқушылардың сабақты жақсы меңгеруіне, үнемделген уақыт оқушылардың өз бетінше білім алуына себеп болады. Өз бетінше білім алу –білім сапасын көтерудің бірден бір жолы екенін естен кетірмеу қажет.
Мұғалімнің алдындағы мақсат оқушының оқуға ынтасын көтеру, қызығушылығын арттыру, бұл білім сапасын көтеру деген сөз. Сабақты құру негізі оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Бұл сабақтың маңызың және әдісін анықтайды. Сондықтан таңдалған әдіс сабақ барысының тиімділігін көрсетеді. Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде оқушылардың жеке қабілеттерін, білім алу деңгейін тыс қалдырмау қажет. «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау». Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Біздің міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Ынталандырудың анықтамасы латын тіліндегі movere (қозғау) сөзінен алынған. Ынта – бұл мақсатқа бағытталған іс-әрекет басталған және қолдау тапқан үдеріс. Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет