Лагерьдегі күн тәртібін ұйымдастыру жұмыстары
Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл- ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз- демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды пайдалану.
Күн тәртібіне қойылатын талаптар:
-баланың жас ерекшелігін ескеру
-тәртіп сәтінің тұрақтылығы.
Күн тәртібінің бұзылуы бала денсаулығына, мінез- құлқына әсер етеді. Дұрыс жасалған күн тәртібінің гигиеналық, педагогикалық маңызы үлкен. Ол күн сайын қайталанып отырып, бала организмін белгілі бір ырғаққа үйретеді. Іс- әрекет қайталанып отырған соң шаршаудан сақтандырады.
Күн тәртібін құру кезінде ескерілу керек:
Топтың топтастырылуы - 6-9 жас 25-бала, 10-14 жас – 30 бала.
Лагерь төңірегінде еңбек ету уақыты:
6-9 жастағы балалар -1 сағат
10-11 жастағы балалар – 1,5 сағат
12-13 жастағы балалар – 2 сағат
Күн тәртібі
700
|
Таңертеңгі ұйқыдан тұру
|
705-715
|
Таңертеңгілік жаттығу
|
715-730
|
жуыну
|
730-800
|
тамақтану
|
800-900
|
Лагерь төңірегіндегі еңбек
|
900-1030
|
Көңілді ойындар
|
1030-1100
|
Қосымша тамақ
|
1100-1200
|
Бос уақыт
|
1200-1300
|
Серуен
|
1300-1330
|
Түскі ас
|
1400-1430
|
Суға шомылу
|
1430-1700
|
Түстен кейінгі демалыс
|
1700-1730
|
Қосымша тамақ
|
1730-1900
|
Топтағы шаралар
|
1900-1920
|
Үйірмелер
|
2000-2030
|
Кешкі ас
|
2030-2130
|
Бос уақыт
|
2200
|
Түнгі ұйқы
|
Қазіргі мектептерде тәрбиенің сапасына, әдіс - тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ең басты міндеттердің бірі - мектеп оқушыларының іс - әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуының дұрыс жолға қойылуы. Ол үшін оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп, олардың алдын - ала шығармашылықпен дамытуына жол ашу.
Тәрбие берудің кез - келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды.
Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін. Тәрбиеленушілердің жекелік және тұлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінше әр тұлғаның өзіне тән қабілеттерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, "мендік" белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды.
Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.
Қазіргі таңда еліміздегі оқу - тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі - өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық - адамгершілік қасиеті мол, сондай - ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Ал мұғалім мен мектептің ең қасиетті міндеті - рухани бай, жан - жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастыру. Болашақты гүлдендіріп, тәуелсіздікті нығайтатын ұрпақ алдымен рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындауы қажет. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет - салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп - тамырында жататыны белгілі.
Сол ұлттың байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне - өзінің сенімін нығайтып, өзіне - өзінің жол ашуына түрткі жасау. Міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті осы... Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Ендеше, тәрбие - ауадай қажет.
Иә, егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі алға қойған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушысы. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. Тәрбие мәселесі адам баласының ғұмырындағы көнермейтін, ажырамайтын баға жетпес құндылық, бала тәрбиелеу мәселесінің негізгі өзегі - өмір тәжірибесі, өз халқының әдет - ғұрпы.
Ақиқат пен аңыздың асқарында ғұмыр кешкен Бауыржан Момышұлы атамыздың мына сөзі де менің жанымда жүреді. «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Солардан қорқам» деген атамыздың осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие жұмысы ұлттық мінез, ұлттық келбетіміздің ажарлануына жол ашады.
Заманымыздың заңғар жазушысы М. О. Әуезов: «Адам баласы жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасында шын мақсатын түсіне алмайды» деген екен. Жан жемісі алдымен оқу - білім, тәрбие десек, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз мектеп, ол мектептің жүрегі - мұғалімдер емес пе?!
Мектеп - білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп - тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек - зерттелмеген құпия. Сол зерттелмеген құпияны ашып, баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу - ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»,- деген болатын. Ендеше елдің ұлтжанды азаматын тәрбиелеймін деген кез келген ұстаз ұлттық мәдениетпен, тарихи, мәдени мәліметтер және құнды ата - баба мұраларымен қарулануы қажет.
Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,- деп Абай айтқандай, жүректің жылуы, махаббат, ар - намыс, қайрат - жігер деген сезімдері бар рухтың мекені - мектеп мұғалімдерінің жүрегі болуға тиіс.
Қазіргі қазақ мектептері оқыту мен тәрбиенің сапасына, әдіс - тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде.
Ең бастысы, оқу - тәрбие үрдісінде оқытудың тиімді жолдарын табу, оқушыны іздену, үйрену әрекетіне жұмылдыру, педагогтің өз әрекетіне ішкі мотивтері мен шығармашылық ізденісін байланыстыра отырып, кәсіби ілгерілеуіне түрткі болатын инновациялық технологияларды іріктей білгендігінде. Жастардың бүгінгі білімі - ертеңгі капиталы болатындай, ал қазіргі тәрбиесі - қазақтың қадірлі қасиеттерін қастерлей білетіндей болуы тиіс.
Мәлік Ғабдуллиннің мына сөзі менің тәрбие туралы ойыма ой салды. «Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады. Сондықтан тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс».
Жаңа үлгідегі ұлттық мектеп моделін жасау және оның нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердің оқу - тәрбие үрдістеріне енгізудің ғылыми әдістемесін қамтамасыз ету.
Қазақ мектебінің мәселесі - қазақ елдігінің мәселесі. Қазіргі уақытта өмірлік дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру - тәрбиенің негізгі міндеті. Интеллектуалдық дамыған елді қалыптастырудың өзекті бір жолы толыққанды жеке тұлға тәрбиелеумен, оқушының жаңа ойлампаздығын дағдыландырумен, қазіргі ғылыми жетістіктердің негізін терең біліктендірумен ұштасады. Ғылыми - эксперимент жұмысының аса маңызды саласы сабақтан тыс тәрбие клубтары мен орталықтарын құру арқылы жүзеге асырылады, әрбір баланы қайталанбас тұлға деп қарастырып, оның өзгеше қасиеттерін дамыту мақсаты қойылған. Қай баланың болмасын бойынан жақсы қадір - қасиет іздеп табу, соған арқау сүйеу, оған үлкен үміт арту - ұстаз тәрбиесінің тәжірибесі болу керек. Тіпті баланың әрең байқалатын ізгі қасиеттерін де айтып, жақсы талпыныстарын бағалап, үміт білдіріп отырса, соғұрлым ол сенімді бағалай біледі, ашыла түседі. Сонымен қатар, жаңа білім беру мазмұнын жүзеге асыруда оқушының білім сапасын дамытудың мақсаты мен міндетін айқындаудың және тәрбие кеңістігінің тірек - талдау схемасын қалыптастырдық. Оқушыларға тәрбие арқылы білім беруде қоғамдық пәндердің атқаратын ролі ерекше. Ол шәкірттерде отансүйгіштік, ұлтжандылық, идеялық сенімді қалыптастырады. Оқушының рухани байлығын кеңейтіп, өзінің қоғамдағы орнын түсінуге көмектеседі, ұрпақтың ізгі талап - тілектерін оятады. Қазақтың ұлттық салт - дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті оқушылардың еңбексүйгіштік, ұқыптылық, моральдық қасиеттерін қалыптастырады.
Оқу - тәрбие үрдісінде әрбір шара ата - аналардың қатысуымен өткізілетінін ерекше атағым келеді. Ата - ананың балаға өнегесі - барлық жағдайдағы ең күшті бағдар екендігі сөзсіз. Отбасындағы шынайы ұлттық тәрбие қолға алынбай, бала ұлттық тәрбиенің нәрін татпай, оның ұлттық менталитеті қалыптаспайды. Ондай жағдайда ол өзін де, өзгені де сыйлап, құрметтеп, отбасының, елінің намысын ойлап жарытпайды. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады. Балаларды тәрбиелеуде ата - аналарды оқу - тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс. Қоршаған орта өзінің құндылықтарымен тұлғаны жасайтынын, ал бай орта болатынын ескере отырып, біз мектептің ата - аналар, оқушылар мен мұғалімдердің өзара әрекет жасауына үнемі ашық болу үшін бар күшімізді саламыз.
«Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды»,- дей отырып, «Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады»,- деген В. А. Сухомлинский сөзін басшылыққа алуымыз керек. Тәрбие арқылы білім беру - үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды.
Дербес Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы - бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей тәуелді. Өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін санасына сіңіріп, Абайша сөйлесек, «көкірек көзін оята тәрбиелеу»- ата - анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салысатын жауапты міндеттердің ең бастысы.
Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты - оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алды яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін - өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік - педагогикалық шешуге көмектеседі.
Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай - ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата - ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымен қатар олардың қажетті дағды мен біліктерді меңгеруін, ой - өрісі мен іс - әрекетінің кеңейгенін қалайды.
Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; көлге шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; көлге шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады.
Кітапхана қорында оқушыға керекті кітаптар жетерлік, кітапхананың жұмыс уақыты таңғы сағат 9 - дан, кешкі сағат 9 ға дейін. Оқушылардың бос уақытына кинозал қызмет етеді. Және де сабақтан кейінгі уақытта үйірмелер жұмысын атқаруда.
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр - түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи қысқа уақыт аралығында елімізэкономика, қаржы саласында прогрессивті технологияларға арқа сүйей отырып, кешенді реформалар жүргізу үстінде. Сөйтіп әлемдік өркениетке қауымдаса отырып, қарқынды дамушы елдердің алдыңғы қатарынан көріне бастады. Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуының перспективалары нақты айқындалып, арнаулы бағдарламалар қабылдануда. Еліміздің инновациялық, индустриялық одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекетіміздің күш - қуатының негізі, ұлттық қауіпсіздігіміздің кепілі, қоғамдық дамуымыздың жөне оның жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің көрсеткіші болып табылатын білім жүйесінің, адам капиталының мәні мен маңыздылығы барынша артып отырғанын атап өтуіміз керек. Осы кезге дейін еліміздегі білім жүйесі бұрынғы методология, құрылым мен фактологиялық мазмұн күйінде қалып келеді. Мұның өзі отандық білім саласының әлемдік білім кеңістігіне кірігуін, оның бүгінгі өмірдің өзгермелі жөне өскелең талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруың, жаңа инновациялық өзгерістердің ендірілуін тежеп отыр.
Қазіргі мектептегі білім мазмұны пәндік негіздерге құрылған, ал мемлекеттік білім стандарттары уақыттан едәуір, мектеп түлектерінің өмір талаптарына сай бейімділігін, компетенттілігін, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды толық қамтамасыз ете алмай отыр. Жас ұрпаққа берілетін білім мазмұны қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты екені мәлім
. Соның бір белгісі: кешегі кеңес дәуірі кезіндегі жалпы білім беретін мектептегі білім мазмұны. Жалпы алғанда құрамы мен құрылымы жағынан ол кезеңнің білім мазмұнында "ғылым - өндіріс - білім" мәдени макромодель жатыр. Сондықтан жалпы білім беру жүйесіндегі басты ұстанымдардың бірі ғылымның барлық салаларынан білім беруге бағытталды. Сол себептен білім мазмұнының құрамы мен құрылымын анықтауда пәндік ұстаным ғана басшылыққа алынды.
Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады.Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.
Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі-өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Ал мұғалім мен мектептің ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастыру. Болашақты гүлдендіріп, тәуелсіздікті нығайтатын ұрпақ алдымен рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындауы қажет. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп-тамырында жататыны белгілі [6, 33 б.].
Сол ұлттың байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау. Міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті осы... Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Ендеше, тәрбие-ауадай қажет.
Иә, егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі алға қойған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар-бүгінгі мектеп оқушысы. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. Тәрбие мәселесі адам баласының ғұмырындағы көнермейтін, ажырамайтын баға жетпес құндылық, бала тәрбиелеу мәселесінің негізгі өзегі-өмір тәжірибесі, өз халқының әдет-ғұрпы.
Ақиқат пен аңыздың асқарында ғұмыр кешкен Бауыржан Момышұлы атамыздың мына сөзі де менің жанымда жүреді. «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Солардан қорқам» деген атамыздың осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие жұмысы ұлттық мінез, ұлттық келбетіміздің ажарлануына жол ашады.
Заманымыздың заңғар жазушысы М. О. Әуезов: «Адам баласы жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасында шын мақсатын түсіне алмайды» деген екен. Жан жемісі алдымен оқу-білім, тәрбие десек, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз мектеп, ол мектептің жүрегі- мұғалімдер емес пе?!
Мектеп-білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп-тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек-зерттелмеген құпия. Сол зерттелмеген құпияны ашып, баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу-ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ сьезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»,-деген болатын. Ендеше елдің ұлтжанды азаматын тәрбиелеймін деген кез келген ұстаз ұлттық мәдениетпен, тарихи, мәдени мәліметтер және құнды ата-баба мұраларымен қарулануы қажет [6, 35 б.].
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,-деп Абай айтқандай, жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдері бар рухтың мекені- мектеп мұғалімдерінің жүрегі болуға тиіс.
Қазіргі қазақ мектептері оқыту мен тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде.
Ең бастысы, оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың тиімді жолдарын табу, оқушыны іздену, үйрену әрекетіне жұмылдыру, педагогтің өз әрекетіне ішкі мотивтері мен шығармашылық ізденісін байланыстыра отырып, кәсіби ілгерілеуіне түрткі болатын инновациялық технологияларды іріктей білгендігінде.Жастардың бүгінгі білімі-ертеңгі капиталы болатындай,ал қазіргі тәрбиесі-қазақтың қадірлі қасиеттерін қастерлей білетіндей болуы тиіс.
Мәлік Ғабдуллиннің мына сөзі менің тәрбие туралы ойыма ой салды. «Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады. Сондықтан тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс».
Жаңа үлгідегі ұлттық мектеп моделін жасау және оның нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдістеріне енгізудің ғылыми әдістемесін қамтамасыз ету.
Қазақ мектебінің мәселесі-қазақ елдігінің мәселесі.Қазіргі уақытта өмірлікдағдылар мен біліктілікті қалыптастыру-тәрбиенің негізгі міндеті. Интеллектуалдық дамыған елді қалыптастырудың өзекті бір жолы толыққанды жеке тұлға тәрбиелеумен, оқушының жаңа ойлампаздығын дағдыландырумен, қазіргі ғылыми жетістіктердің негізін терең біліктендірумен ұштасады. Ғылыми-эксперимент жұмысының аса маңызды саласы сабақтан тыс тәрбие клубтары мен орталықтарын құру арқылы жүзеге асырылады, әрбір баланы қайталанбас тұлға деп қарастырып, оның өзгеше қасиеттерін дамыту мақсаты қойылған. Қай баланың болмасын бойынан жақсы қадір-қасиет іздеп табу, соған арқау сүйеу, оған үлкен үміт арту-ұстаз тәрбиесінің тәжірибесі болу керек. Тіпті баланың әрең байқалатын ізгі қасиеттерін де айтып, жақсы талпыныстарын бағалап, үміт білдіріп отырса, соғұрлым ол сенімді бағалай біледі, ашыла түседі. Сонымен қатар, жаңа білім беру мазмұнын жүзеге асыруда оқушының білім сапасын дамытудың мақсаты мен міндетін айқындаудың және тәрбие кеңістігінің тірек-талдау схемасын қалыптастырдық. Оқушыларға тәрбие арқылы білім беруде қоғамдық пәндердің атқаратын ролі ерекше. Ол шәкірттерде отансүйгіштік, ұлтжандылық, идеялық сенімді қалыптастырады. Оқушының рухани байлығын кеңейтіп, өзінің қоғамдағы орнын түсінуге көмектеседі, ұрпақтың ізгі талап-тілектерін оятады. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті оқушылардың еңбексүйгіштік, ұқыптылық, моральдық қасиеттерін қалыптастырады [7, 123 б.].
Оқу-тәрбие үрдісінде әрбір шара ата-аналардың қатысуымен өткізілетінін ерекше атағым келеді. Ата-ананың балаға өнегесі-барлық жағдайдағы ең күшті бағдар екендігі сөзсіз. Отбасындағы шынайы ұлттық тәрбие қолға алынбай, бала ұлттық тәрбиенің нәрін татпай, оның ұлттық менталитеті қалыптаспайды. Ондай жағдайда ол өзін де, өзгені де сыйлап, құрметтеп, отбасының, елінің намысын ойлап жарытпайды. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс. Қоршаған орта өзінің құндылықтарымен тұлғаны жасайтынын, ал бай орта болатынын ескере отырып, біз мектептің ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдердің өзара әрекет жасауына үнемі ашық болу үшін бар күшімізді саламыз.
«Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды»,-дей отырып, «Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады»,-деген В.А.Сухомлинский сөзін басшылыққа алуымыз керек. Тәрбие арқылы білім беру-үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды.
Дербес Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы-бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей тәуелді. Өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін санасына сіңіріп, Абайша сөйлесек, «көкірек көзін оята тәрбиелеу»-ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салысатын жауапты міндеттердің ең бастысы.
Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты - оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алды яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге көмектеседі.
Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымөн қатар олардың қажетті дағды мөн біліктерді меңгеруін, ой-өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды.
Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; көлге шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; көлге шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады.
Кiтапхана қорында оқушыға керекті кітаптар жетерлік,кітапхананың жұмыс уақыты таңғы сағат 9 дан, кешкі сағат 9 ға дейін.Оқушылардың бос уақытына кинозал қызмет етеді. Және де сабақтан кейінгі уақытта үйірмелер жұмысын атқаруда.
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи қысқа уақыт аралығында еліміз экономика, қаржы саласында прогрессивгі технологияларға арқа сүйей отырып, кешенді реформалар жүргізу үстінде. Сөйтіп әлемдік өркениетке қауымдаса отырып, қарқынды дамушы елдердің алдыңғы қатарынан көріне бастады. Бугінгі таңда еліміздің әлеуметгік-экономикалық дамуының перспективалары нақты айқьндалып, арнаулы бағдарламалар қабылдануда. Еліміздің инновациялық, индустриялық одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекетіміздің күш-қуатының негізі, ұлтгық қауіпсіздігіміздің кепілі, қоғамдық дамуымыздың жөне оның жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің көрсеткіші болып табылатын білім жүйесінің, адам капиталының мәні мен маңыздылығы барынша артып отырғанын атап өтуіміз керек.
Осы кезге дейін еліміздегі білім жүйесі бұрынғы методология, құрылым мен фактологиялық мазмұн күйінде қалып келеді. Мұның өзі отаңдық білім саласының әлемдік білім кеңістігіне кірігуін, оның бүгінгі өмірдің өзгермелі жөне өскелең талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруың, жаңа инновациялық өзгерістердің ендірілуін тежеп отыр. Қазіргі мектептегі білім мазмұны пәндік негіздерге құрылған, ал мемлекеттік білім стандарттары уақыттан едәуір, мектеп түлектерінің өмір талаптарына сай бейімділігін, компетенттілігін, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды толық қамтамасыз ете алмай отыр. Жас ұрпаққа берілетін білім мазмұны қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты екені мәлім. Соның бір белгісі: кешегі кеңес дәуірі кезіндегі жалпы білім беретін мектептегі білім мазмұны.
Жалпы алғанда құрамы мен құрылымы жағынан ол кезеңнің білім мазмұнында "ғылым-өндіріс-білім" мәдени макромодель жатыр. Сондықтан жалпы білім беру жүйесіндегі басты ұстанымдардың бірі ғылымның барлық салаларынан білім беруге бағытталды. Сол себептен білім мазмұнының құрамы мен құрылымын анықтауда пәндік ұстаным ғана басшылыққа алынды.
Бос уақыт – адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру, рухани және материалдық қызығушылықтарын өз қалауына сәйкес жүзеге асыруға қолданылатын, оқу және еңбек әрекеттерін орындаудан тыс қалған жалпы уақыт көлемінің бөлігі. Әлеуметтанушы Г.П.Орлов: «Бос уақыт бұл- адамның еркін әрекет аймағы мен дамуы болып табылатын әлеуметтік уақыттың бір бөлігі. Ол әр адамның рухани даму деңгейі мен барлық әлеуметтік қатынастар жиынтығымен қамтамасыз етілген». Орлов педагогикаға қатысты мынадай пікір білдірген: « … бос уақыт-бұл ең алдымен өсіп келе жатқан жас ұрпақтың мектептегі, одан тыс отбасындағы тәрбиелеу мәселесі»[1, 30-31 бет].
Қазіргі таңда жоғарғы сынып оқушыларының психологиялық мәселелері педагогтарды ерекше алаңдатуда. Зерттеушілердің пікірі бойынша оқушылардың тұлғалық деңгейінің негізгі бағыттарына мыналар жатады: 1) танымдық қызығушылықтарымен қабілеттерінің дамуы; дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуы (В.Б.Бондаревский, В.С.Шевченко және т.б ); 2) кәсіби бағдар, дербес еңбек етуге даярлық (А.А.Давыденко, Е.М.Бабосов және т.б ); 3) шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыру, қабілеттерді өзіндік жүзеге асыру (Н.Ф.Маслова, Б.С.Кобзарь және т.б ); 4) әлеуметтік адамгершілік ұстанымдары және құндылық бағдарларын қалыптастыру (Е.В.Бондаревская, Л.Ю.Иванова, С.А.Конюх-Синида және т.б); 5. өмірлік жолды таңдау ( К.В.Бербова, Л.М.Николаева, В.Г.Гурова және т.б );
Бос уақытты тиімді пайдалану мәдениеті оқудан тыс әрекеттерін ұйымдастырудан ғана емес, күнделікті осы әрекеттің мазмұнын, формаларын дұрыс таңдаудан, танып, білуге деген қатынасынан тұрады.
Жоғарғы сынып оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану мәдениетінің төмендегідей деңгейлерін атап өтуге болады:
Пайдалы әрекеттік . Оқушы өзінің оқудан тыс әрекеттерін жоспарлау дағдысын меңгергендігін көрсетеді; қандайда бір әрекет түрін жүзеге асыруды бастамас бұрын алдына мақсат қояды. Олар үшін оқудан тыс ұжымның жұмыстарға қатысу ғана емес, меңгерген рухани құндылықтарын тәжірибеде жүзеге асырып көруге талпыныс болып табылады. Бұл типтегі қатысушылар мәдени қажеттіліктерді дамытудың жоғары деңгейіне ие, сондай-ақ оқудан тыс және жалпы мектептік іс-шаралардың ұйымдастырушылары немесе жетекшілері бола алады.
2.Танымдық қажеттілік. Бос уақытты пайдаланудың бұл деңгейі көп жағдайда оқушылардың жекелік қызығушылықтары және қабілеттіліктері негізінде анықталады. Оқудан тыс ұжымдық жұмыстарға қатысу олар үшін қажеттілік болып табылмайды. Мұндай оқушылар ұйымдастырушылық қабілетке ие емес, көбіне уақытша тікелей берілген тапсырмаларды ғана орындайды. Олардың әртүрлі сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларға қатысуға ынталандыру, педагогтардың оларды қажетті және қызықты жұмыстарға қызықтыруы мен қандайда бір әрекеттерді орындауға талпындыруға байланысты.
Енжар-пайымдаушы. Бос уақытты пайдалану мәдениетінің бұл деңгейіндегі оқушылар өз тынығу уақытын тиімді ұйымдастыру жайлы еш ойланбайды, оны жоспарлаудың қарапайым дағдыларында меңгермеген. Олар телебағдарламалар көру, қыдыру, көңіл-көтеру, би кешіне бару сияқты ойын-сауықтық сипаттағы әрекет түрлеріне баруды жөн санайды. Оларда мәдени игіліктерді пайдалану өте төмен, мұндай оқушылар сыныптық ұжымда енжарлық танытады. Оқудан тыс және жалпы мектеп ішілік іс-шараларға аз қатысады.
Тиімсіз. Мұндай деңгейде оқушыларда рекреациалық қызмет тіпті деструктивті мінез басым болады, әлеуметтік маңызы бар бағыттағы бос уақытты тиімді пайдаланудың барлық формаларына жағымсыз қатынас білдіреді. Өзіндік талпынысы ұйымдастырылмаған, жоспарланбаған қарым-қатынас немесе ауладағы топтарды іздеуінен байқалады. Бос уақыттық жұмыстары ретсіз, қауіпті және әлеуметтенуге қарама-қарсы сипатта болады. Оқушыларының бос уақытын ұйымдастырудың мұндай мәселелерін шешу үшін оқушылардың бос уақыт қызметтерін, құрылымын және мазмұнын анықтап алу қажет.
Бос уақыт мәселесіне зерттеушілер үнемі ерекше назар аударады. ХХ ғасырдың 70-жылдары М.Г.Бушканец педагогтың оқушылардың оқудан тыс әрекеттерін ұйымдастыруын қарастыра отырып, бос уақыттың бірнеше қызметтерін бөліп көрсетті:
1) Тұлғаның рухани және физикалық күштерін толықтыру және қалпына келтіру (демалу қызметі).
Кәсіби және рухани-адамгершілік бағытталу, салауатты өмір жайлы көзқарас қалыптастыру (бағыттау қызметі).
Тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін өзіндік жүзеге асыру, қарым-қатынастағы қажеттіліктерін қанағаттандыру;
Танымдық, тәжірибелі-қолданбалы және көркемдік-шығармашылық дамыту, эмоционалды-эстетикалық түзету (дамытушы қызмет) [2, 41-47б].
Бос уақыт мазмұны оқушының осы уақыттағы негізгі әрекет түрлерін қамтып көрсетеді.
Оқушылардың бос уақыт құрылымын төмендегідей үлгі түрінде көрсетуге болады.
1 сурет. Оқушылардың бос уақытының құрылымы.
Оқушылардың қызығушылығына негізделе отырып бос уақытын ұйымдастыруда бос уақыттың әрбір құрамдас бөлігінің қызметтік бағыттарын ескеру қажет.
Демалыс физикалық және психикалық күштерін қалпына келтіруге қызметтік бағытталумен сипатталады. Тынығу уақыты тиімділікке негізделе отырып дамытушы әрекет түрлерін қамтиды. Жоғары әрекетте дамытушы қызмет басымдылық көрсетеді.
Педагог зерттеушілердің еңбегіне талдау жасау және мектеп тәжірибесін зерттеу негізінде оқушылардың бос уақытының құрамдас бөліктерінің мазмұнын жалпылама түрде келесідей кесте арқылы көрсетуге болады.
Оқушылардың бос уақытының құрамдас бөліктерінің мазмұны
Бос уақыттың құрамдас бөліктері
|
Әрекеттер түрі
|
Демалыс (төмен деңгей)
|
Белсенді демалыс: құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас, қыдыру, табиғат аясында қыдыру
|
Тынығу уақыты (орта деңгей)
|
Енжар-репродуктивті немесе ойын-сауықтық әрекет: телебағдарламалар, кинофильмдер көру, музыка тыңдау; би-ән кешіне қойылымдарға және т.б. бару. Бірлескен отбасылық тынығу уақыты. Ұйымдастырылған ұжымдық тынығу уақыты.
|
Жоғары /дамытушы/ әрекет (жоғары деңгей)
|
Интеллектуалды-танымдық әрекет: факультативтер, пәндік және профильдік үйірмелерге қатысу, әдебиеттер оқу.
Шығармашылық әрекет: техникалық және көркемдік шығармашылықпен айналысу, декораттивті-қолданбалы және көркем өнермен айналысу;
Әлеуметтік-пайдалы әрекет: сынып және мектеп жұмыстарына белсене қатысу, жастардың қоғамдық ұйымдарына, экологиялық, еңбектік және т.б. бірлестіктердің, қайырымдылық жұмыстарына белсене араласу.
|
Оқушылардың бос уақытын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары.
Қазіргі таңда оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мәселесін шешуде төмендегідей қызметтерді жүзеге асырушы мектептер мен мектептен тыс мекемелердің рөлі артуда:
а) Өзіндік шығармашылық ұжымдарда, қызығушылықтары бойынша клубтарда, әуесқойлық бірлестіктерде, көпшілік мерекелік іс-шараларда ересектер мен оқушылардың бірлескен әрекетін ұйымдастыру;
б) Оқушылардың өз құрбы-құрдастары және ересектермен қарым-қатынасындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру;
в) Шығармашылық әрекеттің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету;
г) Отбасындағы бос уақытты пайдалану мәдениетінің деңгейін арттыру (оқушылар және ата-аналары);
д) Оқушылардың бос уақыт аумағында қоғамдық бақылау мен педагогикалық жетекшілікті іске асыру;
Мектеп тәжірибесі оқушылардың бос уақытты тиімді пайдалануын арттыру үшін екі жолға сүйенеді:
— оқушылардың бос уақытына жетекшілік ету;
— бос уақытты тиімді пайдалану үлгісіне негізделе отырып оқушылардың өз бос уақытын дербес ұйымдастыру;
Жоғары сынып оқушыларының бос уақыттарын ұйымдастыруда оған педагогикалық жетекшілік жасау шешуші рөл атқарады. Педагогикалық жетекшілік жасау мазмұны оқытушылардың оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға әсер ете білуіне, шығармашылық әлеуетін үнемі арттырып отыруға, қоғамдық маңызы бар қызығушылықтарын анықтау және ашу оларды көптеген өмірлік тіршілік әрекетінде жүзеге асыруына жағдай жасауға негізделген тәрбие жұмысының бір бөлігінен тұрады.
Оқушылардың бос уақытына педагогикалық жетекшілік ету оқудан тыс уақытында әрекеттік дамытушы формалары мен түрлеріне, бос уақыт күндері мен сағаттарын белгілі бір тіршілік жүйесіне ынталандыруға негізделген. Оған екі компонент жатады: 1) Әртүрлі мемлекеттік құрылымдар көмегімен бос уақыттың қажетті материалдық базасын жасау; 2) Оқушыларда бос уақыт және оқу уақытын ұйымдастыруға, оларды реттеуге көмек беру[3].
Оқушылардың бос уақытына педагогикалық жетекшілік етудің тиімділігі мектептің педагогикалық үдерісі барысында төмендегідей жағдайларды жүзеге асырғанда қамтамасыз етіледі. 1) Оқушылардың бос уақыт мазмұны мен құрылымын анықтау; 2) Оқушылардың қызығушылықтары, қажеттіліктері мен бейімділіктерін зерттеу; 3) Оқушылардың бос уақытын пайдалануы үшін материалдық жағдай жасау; 4) Мектептің оқу-тәрбие жұмысының тиімді жүйесін құру; 5) Оқудан тыс уақыттарда танымдық және дамытушы әрекет түрлерін басымырақ ұйымдастыру; 6) Мектептің тәрбиелік жұмыс барысында оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың топтық, ұжымдық және дербес формаларын пайдалану; 7) Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері бойынша мектептің мектептен тыс мекемелер, мәдени ұйымдармен өзара әрекет жүзеге асыру; 8) Оқушылардың ата-аналары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін тәрбиелік жұмысқа тарту (қатыстыру); 9) Оқушыларды тұрғылықты орындары бойынша белсенді әрекетке қатыстыру;
Оқушылардың бос уақытына педагогикалық жетекшілік етудің төмендегідей әдістері бар:
1) практикалық әрекеттер жағдаяттарын сипаттаушы әдістер (мақсатты айқындау және әрекет міндеттерін, құндылық бағдарларын бағалау, өзін-өзі жүзеге асыру, әрекеттерді түзету).
2) тұлғаның ішкі жан дүниесіне және білім алу аймағына әсер етуші әдістер (хабарлау, сендіру, иландыру, мысал келтіру, әңгімелесу, диалог).
3) тұлғаның шығармашылық деңгейі мен әрекеттер тәжірибесін қалыптастырушы әдістер (тәрбиелеуші ситуацияларғ тапсырама, үйрету).
4) жаңа білім беру ортасын құру әдістері (әрекеттің жаңа түріне қатыстыру, әрекеттің жаңа түрлерін ендіру).
Бос уақыт аумағында оқушыларға педагогикалық әсер ету мәселесінде педагогикалық тұрғыдан реттелген, жан-жақты, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру және толық жетілдіру үшін, өмірлік жолды саналы таңдай білуге даярлау үшін қолданылатын бос уақыт анықтамаларын назардан тыс қалдырмау қажет.
Сонымен, оқушылардың бос уақыты екі компоненттен тұрады деп қорытынды жасауға болады. 1) педагогикалық тұрғыдан реттелген бос уақыт; 2) ұйымдастыру нәтижелілігі тиімді пайдалану моделі арқылы қамтамасыз етілетін дербес реттелген бос уақыт.
Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша бос уақытты тиімді пайдалану стилін қалыптастыру енжар-репродуктивті әрекеттен тұлғаның рухани дамуын қамтамасыз етуші белсенді шығармашылыққа, әлеуметтік-маңызды әрекетке ауысуымен тұжырымдалады. Озық педагогикалық тәжірибеге талдау жасау негізінде әлеуметтік-маңызы бар әрекеттер түріне келесілерді жатқызуға болады: а) оқушылардың логикалық тұрғыдан ойлана білу дағдысын қалыптастыруды, шығармашылық қиялын, есін, эмоционалды-эстетикалық сезімдерін, арнайы нышандар мен қабілеттіліктерін, кәсіби бағдарларын дамытуды қамтамасыз етуші интеллектуалды-танымдық және шығармашылық әрекет; б) оқушылардың адамгершілік-этикалық қасиеттерін, жағдайға сәйкес бейімделе білу қабілетін, жоғары әлеуметтік белсенділігін қамтамасыз етуші әлеуметтік-маңызды әрекеттер;
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануын келесідей үлгіде көрсетуге болады:
Тынығу уақытының әрекеттері
(кітапхана, театр және кинотеатр, мәдениет үйі, тұрғылықты жері бойынша клубтар т.б.)
|
|
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану бос уақыт аумағында жан-жақты және үйлесімді даму мақсатында қоғамдық құнды және жекелік маңызды әрекет түрлеріне қатысуына байланысты болады, сондай-ақ қандай да бір әрекет түрінде қажеттілікті сезініп, оның мақсаты мен маңызын, мәнін ұғынуы үшін жағдай жасау болып табылады.
Балаларға қосымша білім берудің моделі мектепішілік қосымша білім беру әлеуетін басым қолдануға және балаларға мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарымен ынтымақтастыққа сүйенеді. Сабақтан тыс қызмет балалардың шығармашылық қызығушылықтарын дамыту үшін жағдайлар жасау және оларды көркем, техникалық, экологиялық-биологиялық, спорттық және басқа қызметке қосу жағынан балаларға қосымша білім берумен тығыз байланысты.
Сабақтан тыс қызмет пен балаларға қосымша білім беру арасындағы байланыстырушы болып факультативтер, мектептік ғылыми қоғамдар, кәсіби бағыттағы бірлестіктер, таңдау бойынша оқу курстары сияқты оны іске асырудың формалары болып табылады. Қосымша білім беру моделі негізіндегі сабақтан тыс қызмет кезінде білім беру ұйымдары балаларға қосымша білім беру ұйымдарының, мәдениет және спорт ұйымдарының мүмкіндіктерін қолдануы мүмкін.
Аталмыш модель сабақтан тыс қызметтің және балаларға қосымша білім берудің ортақ бағдарламалық-әдістемелік кеңістігін құруды, білім беру ұйымын басқарудан білім беру бағдарламасын басқаруға көшуді іске асыруды көздейді. Аталмыш модель балалардың аумақтық, әлеуметтік және академиялық ұшқырлыққа дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. 18 Модельдің артықшылығы балаларға қызығушылықтар бойынша балалар бірлестігі бағыттарының спектрі негізінде кең таңдау ұсыну, балалардың еркін өзін-өзі анықтау және өзін-өзі іске асыру мүмкіндігі, сабақтан тыс қызметті іске асыру білікті мамандарды тарту, сондай-ақ білім беру үрдісі ұйымының балаларға қосымша білім беруге тән тәжірибелік-бағдарлы және қызметті негіз болып табылады. Қосымша білім беру ұйымы өзінің әлеуетін толық шамада іске асыруы үшін барлық педагогикалық жүйенің нақты әрі үйлесімді жұмысы қажет.
Сондықтан педагогтерге бір-бірінің – балаларға қосымша білім берумен кәсіби айналысатын және мектептегі пәндік оқытумен байланысты педагогтердің мәселелерін білу және түсіну аса маңызды. Тек солардың өзара көмегі және бірлесе ойластырылған қызмет жеке мектеп деңгейінде де, бүтін қала, өңір, ел деңгейінде де тұтас білім беру кеңістігін құру үшін негіз бола алады. «Толық мектеп күні» моделі. «Толық мектеп күні» моделінің негізі – сабақтан тыс қызметті көбінесе ұзартылған күн тәрбиешілерімен іске асырылуы.
Аталмыш модельді сипаттайды: баланың күні бойы білім беру ұйымында толыққанды болуы үшін жағдайлар жасау, оның ішінде мектептің білім беру ортасын поляризациялау және түрлі акценттелген кеңістіктерді бөлу арқылы; тәрбие беру жүйесі және білім беру ұйымының негізгі білім беру бағдарламалары аясындағы оқу, тәрбие беру, дамыту үрдістерінің мазмұнды бірлігі; санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтердің сақталуын қамтамасыз ететін және білім беру үрдісін тиімді ұйымдастырудан, қимыл белсенділігін оңтайландырудан, тиімді тамақтануды ұйымдастырудан, денсаулықтың және салауатты өмір салтының құндылығын қалыптастыру бойынша жұмыстардан тұратын денсаулық сақтау ортасын құру; балалар қоғамдық бірлестіктерінің және оқушылардың өзін-өзі бсқару органдарының белсенді қолдауымен балалардың өз-өздерін көрсетулері, өз-өздерін іске асырулары және өз-өздерін ұйымдастырулары үшін жағдайлар жасау; баланың білім беру ұйымында болуының жеке білім беру траекториясын және жеке кестесін құрастыру; негізгі және қосымша білім беру бағдарламалары ынтымақтастығына сүйену. Аталмыш модельдің артықшылықтары болып табылады: күні бойы білім беру үрдісін табысты іске асыруға арналған жағдайлар кешенін құру, тамақтануды қоса алғанда. Оңтайландырушы модель.
Білім беру ұйымының барлық ішкі ресурстарын оңтайландыру негізіндегі сабақтан тыс қызметтің моделі 19 оны іске асыруға аталмыш білім беру ұйымының барлық педагогикалық қызметкерлерінің (мұғалімдер, ұйымдастырушыпедагог, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, тәрбиеші, аға тәлімгер және т.б.) қатысуын қарастырады. Бұл жағдайда үйлестіруші рөлін әдетте сынып жетекшісі атқарады, ол өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес: педагогикалық қызметкерлермен, сонымен қатар білім беру ұйымының оқу-қосалқы қызметкерлерімен өзара әрекеттеседі; сыныпта мектеп ұжымы қызметінің аясында оқушылар тұлғасының оң әлеуетін дамытуға арналған оңтайлы білім беру үрдісін ұйымдастырады; сынып ұжымының тәрбиелеуші үрдісінің түрлі формалары арқылы, оның ішінде өзін-өзі басқару органдары арқылы қарымқатынастар жүйесін ұйымдастырады; оқушылардың әлеуметтік маңызды, шығармашылық қызметін ұйымдастырады. Оңтайландырушы модельдің артықшылығы сыныптан тыс қызметке кететін қаржылық шығындарды азайту, білім беру ұйымында бірыңғай білім беру және әдістемелік кеңістік құру, оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің мазмұндық және ұйымдастырушылық бірлігі болып табылады. Инновациялық-білім беру моделі.
Инновациялық-білім беру моделі республикалық және өңірлік деңгейдегі инновациялық (тәжірибелік, қанатқақты, ендірушілік) алаң қызметіне сүйенеді. Аталмыш модель аясында жаңа білім беру бағдарламаларының, оның ішінде өңірлік ерекшеліктерді ескеретін бағдарламалардың әзірленуі, апробациялануы, енгізілуі жүреді. Инновациялық-білім беру моделі білім беру ұйымдарының кәсіби және жоғары білім беру ұйымдарымен, ғылыми ұйымдармен және әдістемелік қызметтермен тығыз өзара қызметін қарастырады. Аталған модельдің артықшылықтары болып табылады: сабақтан тыс қызмет бағдарламалары мазмұнының және (немесе) әдістемелік құрал-жабдықтарының жоғары өзектілігі; оларды іске асыруды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу, қалыптасатын тәжірибенің брегейлігі.
Мектепте сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру моделі білім беру үрдісі жүретін жағдайларға байланысты: параллель сыныптардың саны; қосымша білім беру, мәдениет және спорт ұйымының болуы; жұмыс ерекшелігі (бір нмесе екі ауысым, сыныптардың комплектілігі). Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру моделін әзірлеу кезінде келесі ұстанымдарға жүгіну керек: Оқушылардың және олардың ата-аналарының қажеттіліктерін есепке алу ұстанымы. Бұл үшін ата-аналар мен оқушылардың 20 қажеттіліктерін анықтау, сұраныстың мектептің кадрлық ресурсымен, даму бағдарламасының ерекшеліктерімен сәйкестендіру керек. Негізгі мектепте жалғасатын қызметтің кем дегенде бір бағытын таңдауға негізделетін сабақтастық ұстанымы. Мысалы: жобалық қызмет. «Мен – зерттеушімін» үйірмесі бастауыш мектептің төрт жылы бойында жұмыс істей алады, өзінің зерттеу спецификасына ие, және негізгі мектептегі клуб немесе ғылыми қоғам түрінде заңды жалғасады. Сабақтан тыс қызмет бағыттарының әртүрлілігі ұстанымы, ол сабақтан тыс қызметтің бағыттарын іске асыруды көздейді:
Мектептің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін, білім беру ұйымының даму бағдарламасын есепке алу ұстанымы. Мысалы, егер мектеп экологиялық білім беру және тәрбие беру мәселесі бойынша жұмыс істесе, аталмыш бағыт бастауыш мектептен бастап сабақтан тыс қызмет сабақтарында көрініс табуы тиіс. Сабақтан тыс қызметтерді ұйымдастыруға арналған өңірлік әзірлемелерді есепке алу ұстанымы. Бірінші сыныпта «Оқы, оқы» атты үйірмені ұйымдастыру, оның бағдарламасы тек сабақтарда, пәндік материалда ғана емес, сондай-ақ түрлі ойындық және танымдық сценарийлерде де әмбебап оқу қызметтерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қосымша білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарымен өзара қызмет ұстанымы.
Сабақтан тыс сабақтардың бөлігі қосымша білім беру ұйымының, кітапхананың аумағында іске асырылуы мүмкін. Үйірме жетекшісі болып қосымша білім беру жүйесінің немесе мәдениет және спорт мекемесінің маманы істей алады. Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру ормаларының әртүрлілігі ұстанымы. Мектептің сабақтан тыс қызмет бағдарламасында үйірмелер, студиялар, клубтар, шеберханалар, секциялар, қоғамдар және т.б. болулары тиіс. Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру кезінде оқу жылының оқу және каникулдық кезеңдерін оңтайлы пайдалану ұстанымы. Сабақтан тыс қызмет бағдарламасының бір бөлігі каникул уақытында, демалыс күндері іске асырылуы мүмкін.
Белгілі бір сабақтардың өткізілу уақыты туралы ақпарат үйірменің, студияның бағдарламасында болуы тиіс. Білім беру үрдісінде қолданылатын оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) мүмкіндіктерін есепке алу ұстанымы. Сабақтан тыс қызметке іс-әрекет мазмұнының қатаң реттелуі және бағдарламаларды, алгоритмдерді, жоспарларды құрастыру кезіндегі таза басқарушылық амал-тәсіл тән емес. Сабақтан тыс қызмет баланы тәрбиелеудің жеке сипатын көздейді, бұл ретте тәрбие оқушы таңдап алған қызмет пәніне деген қызығушылыққа негізделеді. 21 Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру кезеңдері: 1. Жобалық, ол балалардың қызығушылықтарына, қажеттіліктеріне диагностикадан, олардың ата-аналарының сұраныстарынан және оның нәтижелері негізінде ресурстық қамтамасыз етудің мүмкіндіктерін есепке ала отырып, мектептегі сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру жүйесін жобалаудан тұрады. 2. Ұйымдастырушылық-қызметтік, оның аясында сабақтан тыс қызметтің әзірленген моделінің оның ресурстық қамтамасыз етілуі арқылы құрылуы және жұмыс істеуі жүреді. 3. Сараптамалық кезең, оның барысында сабақтан тыс қызметтің іске асырылушы моделіне талдау жүргізіледі Сабақтан тыс қызметті іске асыру үшін жағдайлар жасау.
Сабақтан тыс іс- қызметті табысты іске асыру үшін мына бағыттар бойынша бірқатар іс-шараларды өткізу қажет: Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету ресурстық орталықтарды құрудан тұруы мүмкін. Алғашқы құрамдас ретінде мына «ресурстық» модель бола алады: балаларға қосымша білім беру ұйымы бірнеше жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арнап білім беру үрдісін іске асыру үшін өзінде бар материалдық-техникалық базаны қолданады, ол мектептер балаларға қосымша білім беру ұйымына «топтасады».
Вариативті модельдің екінші құрамдас бөлігі де өзара қызметті ұйымдастыруға деген дәстүрлі амал-тәсіл болып табылады, яғни жалпы білім беру ұйымының оқушылары қызығушылықтары бойынша аталмыш жалпы білім беретін ұйымның базасында жұмыс істейтін балаларға қосымша білім беру ұйымдарының үйірмелеріне, секцияларына, клубтарына және т.б. барады. Оқушылар санының көп жағдайында аталмыш модельдің ары қарай дамуы мектеп базасында БҚББҰ тиісті филиалының ашылуына әкеледі. Өзара қызметтің вариативті моделінің үшінші құрамдас бөлігі – бұл балаларға қосымша білім беру ұйымының базасындағы тағылымдамалық алаң қолданылатын модель
. Бұл жағдайда БҚББҰ – бұл жалпы білім беру жүйесі педагогтерінің біліктілігін арттыруға арналған белгілі бір ұйымдастырушылық-әдістемелік орталық және базалық ұйым. Балаларға жалпы және қосымша білім беретін ұйымдардың барлық өзара іс- қызметі жағдайларында ортақ бағдарламалықәдістемелік кеңістік құрылуы тиіс. Мұндай өзара қызмет аясында іске асырылатын сабақтан тыс қызмет бағдарламаларының мақсатты бағдарлары нақты жалпы білім беретін ұйымның жалпы орта білім беру бағдарламасын игерудің жоспарланып отырған нәтиежелерін көздеуі тиіс. 22 Сабақтан тыс қызметті іске асыруды нормативті қамтамасыз ету мектептің басқа ұйымдармен өзара қызметін, оның құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ білім беру үрдісі қатысушыларының қызметін ұйымдастыруға арналған тиісті құқықтық өріс құруы қажет. Білім беру ұйымдарының әзірленуші немесе үйлестіруші локальдық актілері Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келуі тиіс.
Қаржылық-экономикалық шарттар. Жалпы білім беру ұйымдарында және балаларға қосымша білім беру ұйымдарында жергілікті бюджеттерден қаржы бөлу арқылы тегін жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету ЖАО құзіретіне жатқызылған. Заңнамаға сәйкес білім беру ұйымдары тиісті білім беру бағдарламаларымен және МЖБС-пен қарастырылмаған ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетуге (қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту, арнайы курстарды және пәндер циклін оқыту, репетиторлық, оқушыларға пәндерді тереңдетіп үйрету сабақтары және басқа қызметтер) құқылы. Алайда бұл ақылы білім беру қызметтері бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын білім беру қызметімен бірге көрсетіле алмайды.
Сондықтан, егер қосымша білім беру қызметтері жоғарыда көрсетілген жағдайлар сақталған кезде сұранысқа ие болса, және бұл сабақтан тыс қызметтің қолда бар бағыттарын кеңейтсе, сондай-ақ тиісті құрал-жабдықтарға, орынжайларға және т.б. ақы төлеумен байланысты болса (мысалы, жүзу секциясы, мәнерлеп сырғанау секциясы, атқа мініп жүру секциясы үшін және т.б.), онда олар сабақтан тыс қызметті ұйымдастыруға арналған қосымша ресурс ретінде қолданыла алады.
Сабақтан тыс қызметті іске асыруды ақпараттық қамтамасыз етуге мыналар енгізілуі мүмкін: білім беру ұйымдары педагогтері, оқушылар және ата-аналар қауымдастығы арасында кәсіби-қоғамдық пікір мониторингін жүргізу; білім беру ұйымдарының ата-аналар қауымдастығымен, әлеуметтік серіктестермен, басқа білім беру ұйымдарымен, білім беру саласында басқаруды іске асыратын органдармен өзара қызметін ұйымдастыруға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; түрлі мәліметтер базасын (нормативтік құқытық, әдістемелік және т.б.) құру және жүргізу; сабақтан тыс қызметті іске асыруды жоспарлау, уәждеу, бақылау үрдістерін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. 23 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар аумақтық қашықтыққа қарамастан білім беру үрдісінің барлық субъектілеріне тек өңірлік немесе республикалық қана емес, сондай-ақ халықаралық конкурстарға қатысуға мүмкіндік береді, осылайша олардың шығармашылық өзін-өзі іске асыруларына, оның ішінде сабақтан тыс қызметтегі өзін-өзі іске асыруларына арналған кеңістікті кеңейтеді. Сабақтан тыс қызметті іске асыру өзінің міндеттеріне қарай білім беру үрдісін ұйымдастыруға, оған қатысушылар қызметінің нәтижелерін бағалауға, білім беру мазмұнын іріктеуге басқа (сабақтық формадағы оқу үрдісіне қарағанда) амал-тәсілдерді талап етеді. Осы ретте білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ғылымиәдістемелік сүйемелдеуге маңызды рөл беріледі, өйткені сабақтын тыс қызметтің ортақ бағдарламалық-әдістемелік кеңістігін құруды қарастырады. Білім беру ұйымдары үшін бұл ашық ғылыми-әдістемелік кеңістікке интеграциялану, педагогтердің кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға деген амал-тәсілдерді жаңарту дегенді білдіреді.
Сабақтын тыс қызметтерді іске асыруға арналған кадрлық шарттар: білім беру ұйымының қажетті педагогикалық, басқарушы және өзге еңбеккерлермен қамтылуы; білім беру ұйымының педагогикалық және өзге еңбеккерлерінің тиісті біліктіліктерінің болуы; білім беру ұйымы педагогикалық еңбек ерлері кәсіби дамуының үздіксіздігі. Оқушылардың сабақтан тыс қызметін ұйымдастыру кезінде егер жалпы білім беретін білім беру ұйымында қажетті материалдықтехникалық база жоқ болса, балаларға қосымша білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мүмкіндіктерін қолдану керек. Каникул кезеңінде сабақтан тыс қызметті жалғастыру үшін балалардың демалыс және оларды сауықтыру ұйымдарының, жалпы білім беретін ұйымдардың және балаларға қосымша білім беру ұйымдарының базасында құрылатын тақырыптық лагерьлік және бейінді ауысымдардың, жазғы мектептердің мүмкіндіктері қолданылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |