Бастауыш сынып оқушыларының мәдени-бос уақытын ұйымдастырудың теориялық негіздері



бет2/16
Дата20.06.2022
өлшемі225.95 Kb.
#459360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Бастауыш сынып оқушыларының мәдени-бос уақытын ұйымдастырудың теориялық негіздері

Зерттеу проблемасы: Мектептердегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстары арқылы балалардың бос уақытын тиімді пайдаланбау себебінен оқушылардың тәртіп бұзушылық жолдарының алдын алу жұмыстарын қарастыру;
Зерттеудің мақсаты: Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру барысында оқушылардың ақыл-ой, адамгершілік және табиғи мүмкіндіктерін ашу, ізгілікті қарым- қатынас сапаларын қалыптастыру және тұлғалық қасиеттерінің дамуына жағдай жасау.
Зерттеу обьектісі: Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру .
Зерттеу пәні: Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру формалары мен әдіс-тәсілдері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, мектеп жағдайында оқушылардың бос уақыттары тиімділікпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың шы- ғармашылық және интеллектуалдық қабілеттерінің дамуына, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік болады.
Зерттеудің міндеті: Оқушылардың бос уақытын сыныптан тыс
жұмыстарда пайдаланудың құндылығы бірқатар талаптарды орындағанда
ғана артады:
1. Оқушының бос уақытын сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану- өмірмен, тәжірибемен байланыстыру;
2. Оқушының бос уақытын сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану мазмұнын, ұйымдастырылуын мектептің оқу-тәрбие жұмысына бағындыру ;
3. Оқушының бос уақытын сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану жұмысын үздіксіз өткізу;
4. Сыныптан тыс жұмыстардың құрылымы оқушыға түсінікті және жаңа әрі заманауи әдістер арқылы өткізу;
Зерттеу әдістері: Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыруды анықтау бағытындағы бақылау, эксперимент, анкета, тест әдістері, сұрақ тапсырмалар, ойын тренингтер.
Зерттеудің жұмысының теориялық маңызы: Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруда оқушылардың әрекетінің түрлері, шығармашылық қабілеттері айқындалды, сондықтан мектепте атқарылатын маңызды мәселелерді ескере отырып, енжарлыққа,тұтынушылыққа, жағымсыз қылықтарды жою жұмыстарын жүргізуді жолға қою керек. Бұл үшін міндетті түрде балалардың бос уақытында орындалатын іс- шараларды ұйымдастыру, тәрбиелік бағыттағы жұмыс түрлеріне адамдарды көптеп тарту, әлеуметтік белсенділікті жандандыруға бағытталған тәрбие және мәдени-ағарту жұмыстарының сапалық деңгейін көтеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет