Бастауыш сынып


Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет10/29
Дата17.01.2023
өлшемі3.62 Mb.
#468462
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Алтынсарин ОӘҚ бастауыш

4.1.1 Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру 
Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы 
барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Мұғалімдерге көмек ретінде 
қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалар жинағы дайындалған, онда 
оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге 
тапсырмалар үлгілері берілген.


14
Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру 
үшін жинақта берілген тапсырмаларды қолдануына болады. Одан басқа 
мұғалімдерге қалыптастырушы бағалаудың құралдарын өз бетінше 
дайындауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін жоспарлау кезеңінде мұғалімге:
• оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау 
жасау;
• оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау 
критерийлерін құрастыру;
• тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін 
қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін (2-қосымша) ойлау 
дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
• бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
• әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар 
құрастыру ұсынылады.
Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін 
ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады (1-кесте). 
Әр тапсырмаға дескрипторлар анықталады. Бағалау кезінде мұғалімнің 
шешімі анық болу үшін тапсырмалардың дескрипторлары дәл, нақты болуы 
қажет. Бұдан басқа дескрипторлар білім алушыға тапсырманы орындаудың 
қай кезеңінде қиындық туғызғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім 
алушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы (конструктивті) кері 
байланыс беруге жағдай жасайды. 
1-кесте. «Математика» пәні бойынша тапсырмалар үлгісі, 1-сынып
Бөлім
20-ға дейінгі екітаңбалы сандарды қосу және азайту


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет