13
4.1 Қалыптастырушы бағалау үдерісі
Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы
кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей
әсер ететін үдеріс болып табылады.
Тиімді оқыту мақсатында білім алушылардың оқу үдерісіндегі ілгерілеуін,
ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет. Қалыптастырушы бағалаудың
міндеттері:
• оқу мақсаттарын,
бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға
ұсыну;
• білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен
(коллаборативті)
оқытуға арналған орта құру;
• білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті)
кері байланысты қамтамасыз ету;
• білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың
сапалы көзі ретінде
қатыстыру;
• білім алушыларға өзінің оқуын «құрушылар/жасаушылар» ретінде
жағдай жасау болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болуы тиіс, ол
қосымша жаттығу немесе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Оқу
бағдарламасындағы бөлімнің
әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін
нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды.
Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни
әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы
анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты
жауапкершілікті өз мойнына
алады. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі
кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
• қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
• қалыптастырушы
бағалау әдістерін таңдау;
• қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
• кері байланыс беру.
Достарыңызбен бөлісу: