Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет26/29
Дата17.01.2023
өлшемі3.62 Mb.
#468462
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Алтынсарин ОӘҚ бастауыш

40
ҚОСЫМШАЛАР
1-қосымша
Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау туралы мұғалімнің 
рефлексияға қатысты сұрақтары 
Сабаққа дейін (жоспарлау)
• Менің сабақ жоспарым оқу мақсаттарынан, нақты күтілетін нәтижелерден
тұрады.
• Мен білім алушылардың қабілеті мен қажеттіліктерін анықтай аламын,
мұны қалай түсіндіруге болатыны туралы жоспарым бар.
Сабақта
• Менің білім алушыларым сабақтың оқу мақсаттарын, күтілетін
нәтижелерін біледі.
• Мен әуелі білім алушыларымның осы сабақтағы тақырып бойынша білім,
дағды, түсіну деңгейлерін анықтаймын.
• Тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес келеді.
• Әр білім алушы өзі орындайтын тапсырмалардың бағалау критерийлерін,
одан не күтілетінін біледі.
• Мен білім алушылардың тапсырманы орындау бойынша нәтижелерін
сабақ барысында, келесі сабақты жоспарлау кезінде пайдаланамын.
• Мен білім алушылардың өз білімдеріне жауапкершілікпен қарауына, бір-
бірінен үйренуіне, нәтижелерін бағалай алуына мүмкіндік беремін.
• Ашық сұрақтар білім алушылардың түсінгенін үнемі тексеріп отыру үшін
қолданылады.
• Білім алушыларға сұраққа жауап беру кезінде ойлануға уақыт беріледі.
• Мен білімін, түсінгенін тексеру үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі
әдістерін қолданамын.
• Мен білім алушылардың ілгерілеуін мониторингілеу үшін бағалау
нәтижелерін тіркеп отырамын.
• Білім алушылардың өз жұмысын, өзінің ілгерілеуін бағалауға мүмкіндігі
бар.
• Бағалау нәтижелері білім алушылардың оқудағы олқылықтарын анықтау
үшін қолданылады.
• Мен өз білім алушыларымның жұмысына сындарлы (конструктивті) кері
байланыс беремін.
Сабақтан соң
• Мен талдаймын:
□ оқу мақсатына жетті ме, жетсе қалай?
□ не орындалды, нені орындау керек еді?
□ не орындалмады?
□ келесі жолы басқаша қалай жасауға болады?
□ нені қайталау қажет?
□ жоспарланған шарадан басқа білім алушылар тағы нені үйренді?
□ білім алушылардың барлығы оқу мен бағалау үдерісіне жұмылдырылды 
ма?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет