Білім беруде ойын технологияларын
қолданудың маңыздылығы өте зор.
Педагогикалық практикадағы ойын және
ойын технологиялары - бұл міндеттерге
қол жеткізу үшін белгілі бір жағдайлар
жасау, ішкі заңдылықтарымен арнайы
ойын шындығын модельдеу. Сол
себептен, геймификация мен жасанлы
интеллект ұғымдарын оқушы
белсенділігін арттыру әдістеріне
жатқыза отырып, үлкен педагогикалық
әлеуеті бар оқытуды ұйымдастырудың
жаңа тәсілі ретінде айтуға толықтай
болады.
Жасанды интеллект жұмысы 2 бағытқа бөлінеді:
Мен де ойын технологияларын өз практикамда қолданып
көрдім. Ақпараттық технологияларды сабақта қолданудың
әлдақайда тиімді екенін түсіндім. Мәселен, 13.02.-
19.03.2023ж. аралығында өтілген «Бақылау және байқау»
практикасында маған 1 «А» сыныбы бөлініп берілді. 1-сынып
оқушылары ойын баласы болғандықтан, сабақты бір темппен
өте берсең, зерігіп кетуі мүмкін. Оларды зеріктіріп алмас үшін
сабақ өту барысында «Gimkit;Kahoot; Learningapps; Wordwall»
бағдарламалары мен сайттарын қолдандым.
«Gimkit» - оқытудың ойын түріне арналған. Оқушыларды
сабаққа тартуға бағытталған бағдарлама.
«Kahoot» - тақырыпты бекіту кезінде таптырлайтын
бағдарлама. Онда түрлі қызықты тест сұрақтарын қолдануға
болады.
«Learningapps, Wordwall» сайттары мазмұны жағынан өте
ұқсас болып кедеді. Онда ойын түрлері өте көп. Және сол ойын
түрлерімен сабағымызды түрлендіріп өткізе аламыз.
|