Тақтамен жұмыс.
Бір оқушыға тақтаға, қалғандары орында отырып, жаза бастайды.
ІV Сергіту сәті
Қоюланып тағы бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұғып қалды көбелек.
Өздігінен жұмыс істеу.
Сын есімге қатысты мақалдар айтқызу.
Өтірік сөз өрге баспас
Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар.
Жалған сөз –жанға қас,
Жалқау қойшы малға қас
Еріншек адамның ертеңі бітпес
V. Жаңа сабақты қорытындылау барысында, суретті билет ойынын ойнатқан жөн. Оқушыларға сурет салынған үлестірмелер тапсырып берілді де, сол суретке байланысты оқушылар сөйлемдер ойлап табады. Суретті билет ойыны айрықша тапсырма бойынша жүргізуге болады. Мысалы, сурет бойынша оқушылар мынадай сөйлемдер ойлап табуға тиісті.
Ту Қара торғай
Көгілдір ту Қара торғайға
Желбіреді Ұя жасадық
Машина Қоян
Бақыт жеңіл Сұр қоян қашты
Машинаға мінді Жапырақ
Алма Күзде жапырақ
Мамам қызыл Сары түске
Алма әкелді Болады.
VІ.Үйге 388-жаттығуды жазып келу тапсырылады.
VІІ. Оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалау.
Сын есімен өткенді қайталау
ІІІ. Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: сын есімнен алған теориялық білімін тиянақтау. ә) Дамытушылық: ақыл – ойларын, іскерлік, белсенділіктерін дамыту. б) Тәрбиелік: ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді бекіту.
Сабақтың әдісі: ой шақыру, топтастыру, еркін жазу, болжау.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар. Тақырыпқа арналған кесте, суреттер кесте карточкалар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, шет тілі, сурет,
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеп, сабаққа әзірлігін қадағалау.
(Ақ, көк, қоңыр көгершіндерді ұшырып, солардың түстеріне қарай оқушыларды үш топқа бөлді.)
Кіріспе. Қымбатты оқушылар, міне, бүгінгі сабақта, біз сын есімнен өткенді қайталаймыз. Сабақтың мақсаты- сын есімнен алған теориялық білімдеріңді бекіту. Ендеше тақтадағы күннің реті мен сабақтың тақырыбын дәптерлеріңе жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |