... бәтеңке, ... тон, ...сай, ... айран, ... шие, ... көше. Керекті сөздер: қалың, жылы, ащы, терең, кең, тәтті.
Ал 373-жаттығуда бұдан керісінше, берілген сын есімдерді қатар қойып айту.
Жуас, таз, биік, сұйық, жүйрік, ұзын. Үлгі: жуас ат, таза көрпе, биік тау,...
374-жаттығуда қандай? қай? Сұрақтарының орнына тиісті сын есімдер жаздырылып, оның қай өсзбен байланысып тұрғаны айтқызылады. Әселдің (қандай?) көйлегі бар. Мен (қандай) кітап оқыдым. Бізге (қандай) оқушылар көмектесті. Ауылда (қандай) үйлер көбейді. Керекті сөздер: қызыл, қызық, көп, биік.
375-жаттығулардың мақсаты балаларды бақылау, байқау қабілетін арттыру, бір заттың әр алуан белгісін аңғара білуге үйрету. Мәселен тақтай десек, оқушы жалпақ тақтай деумен шектеліп қоймай, оның қалың не жұқа, ұзын не қысқа екеніне көңіл аударуы тиіс. Сөйтіп бір заттың бірнеше белгісін білдіру үшін жоғарыдағы жаттығуы мынадай үлгіде орындатуды ұсынамыз:
Жалпақ
Қалың Тақтай
Тегіс
Ұзын
376-жаттығуда берілген сын есімдерге қарсы мағыналы зат есім тауып жаз, олардың мағыналарын салыстыру талап етіледі, әр сын есім оған қатысы бар зат есіммен байланыстырылып айтқызылады.
үлкен
жаңа
жіңішке
қысқы
ірі
күшті
Үлгі: үлкен үй, жаңа көйлек,...
Сын есім үнемі зат есімнің анықтауышы ретінде келе бермей, кейде сөйлем соңында келіп, сөйлемді аяқтап тұрғанын да аңғартуға мақсат етіледі.
381-382 жаттығулар осыған арналған. Көп нүктенің орнына зат есімнің алдыңғы сын есімдерді қойып жазу. Екі бағанды салыстырып, қай бағандағы сөздер-сөйлем, қай бағандағы сөздер-сөйлем емес екенін айту.
таза ауа ауа таза
ақ мақта мақта ақ
жазық дала дала жазық
жақсы бала бала жақсы
Сын есімге 8 сағат уақыт бөлінген, соған орай 32-жаттығу беріледі. Соның бәріне жеке тоқтатылып жатпай-ақ негізгі назар аударылатын мәселелерді баяндап өттік. Кейінгі жаттығулар сын есімге байланысты берілген ұғымды бекіте, кеңейте түсуді, сонымен бірге оқушылардың сөздік қорын молайтуды, белгілі бір затты сипаттай білуге үйретеді, айтылған белгілері бойынша суреттелген нәрсені тапқызуды, т.б мақсаттарды көздейді.