Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі ұжымы жұмысының мазмұны және оны ұйымдастыру


Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құқығы



бет2/4
Дата09.11.2023
өлшемі326.09 Kb.
#482838
1   2   3   4
Бастауыш сынып окушыларынын енбек жане дене тарбиесі

Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құқығы:

  • мектеп оқушыларының балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдануына ұсыныс қағаз береді;

  • дене тәрбиесі және спорт мекемелеріне, мектеп дирекциясына мектептің спорт белсенділерін, спортшыларын марапаттау туралы ұсыныстар түсіреді;

  • мектептің көпшілік жиындарында, спорт мерекелерінде спортшыларды, спорт төрешілерін, спорт нұсқаушыларын, спорт жұмыстарына еңбегі сіңген адамдарды марапаттау, бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздарын береді;

  • дене тәрбиесі ұжымының «Құрмет кітабына» дене тәрбиесі спорт жұмыстарының озаттарын жазады.

Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің құқығы:

  • спорт түрлері секцияларында, жалпы дене дайындығы топтарында жаттығу, жарыстарға қатысу;

  • дене тәрбиесі ұжымы кеңесіне сайлану, комиссия жұмыстарына қатысу;

  • мектептің туристік, спорттық құрылыстарын, құрал-жабдықтарын пайдалану.

  • Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің міндеттері:

  • дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты шұғылдануды және мектептегі білім алуды қатар ұштастыру;

  • өзін тәрбие мен спорттық этика талаптарына сай ұстау;

  • дене тәрбиесі ұжымының жұмыстарына белсенді қатысу, кеңестің шешімдерін орындау, ұжымның намысын қорғау, мәртебесін көтеру;

  • өз жасына сай Президенттік сынама нормаларын тапсыруға дайындық, орындау;

  • өзі айналысқан спорт түрінің жоспары бойынша жаттығу, разряд нормаларын орындау;

  • мектептің барлық спорттық-сауықтыру шараларына белсенді қатысу;

  • мектептің спорт құрылыстарын, спорттық құрал-жабдықтарын, құрама командасының спорт киімдерін ұқыпты пайдалану, спорт құрылыстарына, құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына белсенді қатысу;

  • дене тәрбиесін, спортты туризмді насихаттау;

  • өз ағзасының дамуын бақылау және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау, мектеп медбикесінің нұсқауларын орындау.

Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі тәртіп бұзған, үйде, достарының арасында, қоғамдық жерлерде, спорт жарыстарында өзін дұрыс ұстамаған, сабақ үлгерімі нашар дене тәрбиесі ұжымының мүшелеріне әр түрлі тәрбие шараларын қолданады. Ол шаралар: спорт секцияларындағы жаттығуларға уақытша қатыстырмау, спорт жарыстарына қатысу құқығынан айыру, мектептің, сыныптың құрама командасы мүшелерінен шығару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет