Басты сот талқылауы мынадай кезеңнен тұрады


-бап. Сотталушының соңғы сөзi



бет3/5
Дата08.12.2022
өлшемі25.85 Kb.
#466786
1   2   3   4   5
Басты сот талқылауы мынадай 4 кезеңнен тұрады

384-бап. Сотталушының соңғы сөзi
1. Сот жарыссөзi аяқталған соң, төрағалық етушi сотталушыға соңғы сөз бередi.
2. Процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған істер бойынша қысқартылған сот тергеуі кезінде сотталушының соңғы сөзі айтылмайды.
385-бап. Сот тергеуiн қайта бастау
Егер сот жарыссөзiнде сөз сөйлеушi немесе сотталушы соңғы сөзiнде iс үшiн маңызы бар жаңа мән-жайлар туралы хабарласа, сот тараптардың өтiнiшхаты немесе өз бастамасы бойынша сот тергеуiн қайта бастайды. Сот қайта басталған сот тергеуi аяқталған соң сот жарыссөзiн жаңадан бастайды және сотталушыға соңғы сөз бередi.
386-бап. Соттың кеңесу бөлмесiне кетуi
1. Сотталушының соңғы сөзiн тыңдап болған соң сот үкiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi, төрағалық етушi ол туралы сот отырысы залындағы қатысушыларға хабарлайды.
2. Үкiмнiң жарияланатын уақыты процеске қатысушыларға судьялар кеңесу бөлмесiне кетер алдында хабарлануы мүмкiн.
Басты сот талқылауының соңғы құрылымдық элементі – ол үкім шығару болып табылады.
Үкім – айыпталушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шығарған сот шешімі.
Қазақстан Республикасындағы соттар Қазақстан Республикасының атынан үкiм шығарады.
388-бап. Үкiмнiң заңдылығы мен негiздiлiгi
1. Сот үкiмi заңды және негiздi болуға тиiс.
2. Егер үкiм заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негiзiнде шығарылса, ол заңды болып танылады.
3. Егер үкiм сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелердi жан-жақты және объективтi зерттеу негiзiнде шығарылса, ол негiздi деп танылады.
389-бап. Үкім шығару құпиясы
1. Істі қараған судья үкімді өзіне қандай да болсын ықпал ету мүмкіндігін болғызбайтын жағдайларда шығарады. Үкім шығару кезінде өзге адамдардың, оның ішінде запастағы судьяның болуына жол берілмейді.
2. Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күні ішінде судья кеңесу бөлмесінен шығып демалу үшін үзіліс жасауға құқылы.
3. Үкім жарияланғанға дейін судья іс бойынша шешімді айқындайтын өз пікірі мен пайымдауын жария етуге құқылы емес.
Заң үкімдердің екі түрін анықтайды: айыптау және ақтау үкімдері.
 2. Айыптау үкiмi:
1) сотталушы өтеуге тиiсті қылмыстық жаза тағайындала отырып;
2) адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып;
3) қылмыстық жаза тағайындалып және оны өтеуден босата отырып;
4) қылмыстық жаза тағайындалмай;
5) қылмыстық жазаны өтеу кейiнге қалдырыла отырып шығарылады.
3. Айыптау үкiмiн болжамдарға негiздеуге болмайды және ол сот талқылауы барысында сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлілігі соттың зерттеген дәлелдемелерiнiң жиынтығымен расталған жағдайда ғана шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет