Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»


Қала маңы аймағы аумақтарына құрылыс салу



бет4/9
Дата29.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#165474
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. Қала маңы аймағы аумақтарына құрылыс салу

142. Қала маңы аймағына енгізілген елді мекендер жерлері елді мекеннің бас жоспары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және құрылыс салу жобалары, жерлерді аумақтарға бөлу схемалары және басқа да қала құрылысы құжаттамасы негізінде пайдаланылады.

143. Орталық-қала мен облыстың атқарушы органдарының жоспарлау және құрылыс салу жобаларын, қала маңы аймағы аумағында жерлерді аймақтарға бөлу схемаларын қаланың бас жоспарымен сәйкестікке келтіру және берілген аумақта басқа да қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу бойынша өзара ықпалдастығы - жерлерді пайдаланудың аумақтық Ережелерімен және тәртіптерімен жүзеге асады.

144. Қала құрылысын ерекше реттеу аймағына енгізілген жерлер орталық-қаланы дамытуға, оның инженерлік және көліктік инфрақұрылымының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет құрылыстарды салуға және орналастыруға арналған резервтік аумақтар болып табылады.

145. Қала құрылысын ерекше реттеу аймағында құрылыс салу аталған аймақта орналасқан елді мекендердің қаланың сәулет және қала құрылысы органымен келісілген бас жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Келешекті қала шегінің ішінде, қала құрылысы және жобалық құжаттамамен қамтамасыз етілмеген аумақта күрделі құрылыс объектілерін жергілікті орналастыруды, облыстық атқарушы органдармен және қалалық атқарушы органдарымен келісе отырып, жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

146. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіне немесе жер пайдалануына қала құрылысын ерекше реттеу аймағынан жер телімдерін беруді немесе мақсаттық пайдаланылуын өзгертуді заңнамамен белгіленген тәртіпте, қалалық және қала маңы аймағының кешенді түрде әзірленген қала құрылысы құжаттамасын ескере отырып, өз құзыреттерінің шегінде жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

147. Қала маңы аймақтары жерлерінің құрамына қаламен біртұтас әлеуметтік, табиғи және шаруашылық аумақты құрайтын, қала шегінен тыс жердегі жерлер де енгізілуі мүмкін.

148. Дамыту, қала құрылысын ерекше реттеу аймақтарын (қаланы дамытуға, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдардың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет құрылыстарды орналастыруға және салуға арналған резервтік аумақтарды), ормандар, орман-бақтар және басқа да жас көшеттер отырғызылған, қорғау және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын, халықтың демалыс орны болып табылатын жасыл аймақтарды бөле отырып, аумақты аймақтарға бөлу жүзеге асырылады.

149. Қалалардың қала маңы аймақтарының көлемдері мен шекараларын жерге орналастыру, сәулет және қала құрылысы мемлекеттік органдарының бірлескен ұсынысы бойынша, осы қалалардың бас жоспарларын бекітетін мемлекеттік органдар белгілейді және өзгертеді.

150. Жерлердің қала маңы аймағына енгізілуі осы жерлерге меншік құқығының және жер пайдалану құқығының тоқтатылуына алып келмейді.

151. Қала маңы аймағына енгізілген жерлерді пайдалану тәртібі мен режимін қала маңы аймағына енгізілген аумақтың тиісті атқарушы органдарымен келісілген тиісті елді мекеннің атқарушы органының ұсынысы бойынша қала маңы аймағын белгілеген орган анықтайды.

152. Қала маңы аймағының шектері белгіленген тәртіпте бекітілген қала құрылысы құжаттамасымен анықталады.

153.Ережелер мыналарға таралады:

келешекті қала шегінің ішіндегі қала маңы аймағының аумақтары;

қала мен қала маңы аймағы елді мекендерінің дамуы мен жұмыс істеуі үшін маңызды мәнге ие, қаланың қала маңы аймағын жоспарлау жобасымен және басқа да қала құрылысы құжаттамасымен анықталған, келешекті қала шегінен тыс қала маңы аймағының аумақтары;

ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендері, жылжымайтын мүліктің басқа да объектілері, осы аумақтарда орналасқан инженерлік-көліктік коммуникациялар мен олардың элементтері.

154. Қала маңы аймағы аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша облыс пен орталық-қала атқарушы органдарының өзара қатынастарын реттеу келесі қағидалардың орындалуын негізге ала отырып, жүзеге асырылады:

қала мен оның қала маңы аймағының аумағын қамтитын бірыңғай, объективті қалыптасқан аумақтық-кеңістіктік және табиғи-экологиялық құрылымды өзара байланысты дамыту негізінде оның сәулеттік келбетін қалыптастыру және жетілдіру;

қала маңы аймағын аумақтық дамыту бағдарламалары мен жобаларын әзірлеуді бірлесе қаржыландыру;

даму басымдықтарын келісу.

Аудан мен қаланың атқарушы органдарының арасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі және қала маңы аймағындағы жер қатынастары мәселелері бойынша келіспеушіліктер болған жағдайда, түпкілікті шешім облыстық атқарушы орган құрған мемлекеттік комиссиямен қабылданады.

155. Қаланың қала маңы аймағы аумағының құрамындағы резервтік аумақтар болып табылатын ерекше мемлекеттік реттеу аумақтарында құрылыс салу бойынша талаптар заңнамамен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
3. Құрылыс салуды реттеу аймақтары және табиғи кешен аумақтарында құрылыс объектілерін орналастыру тәртібі.

156. Құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының, өзендерді, көлдерді, шипажайларды, тарих, археология, қала құрылысы, сәулет және өнер ескерткіштерін қорғау аймақтарының (бұдан әрі «қорғау аймақтарының») аумақтарында, сондай-ақ арнайы мақсаттағы аумақтарда құрылыс объектілерін орналастыру Қазақстан Республикасының жер, экологиялық, су, халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстеріне, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңдарына, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы, сондай-ақ осындай аумақтарды пайдалану жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

157. Республика аумағында орналасқан барлық тарих, археология, қала құрылысы, сәулет және өнер ескерткіштері (бұдан әрі - тарих және мәдениет ескерткіштері) қол сұғылмайтын бүкіл халықтық игілік болып табылады және олардың жай-күйіне қарамастан, функционалдық тұрғыдан ұтымды пайдалана отырып, сақталуы және қалпына келтірілуі тиіс.

158. Қалалар мен басқа да елді мекендердің тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану режимі оларды қорғау аймақтарының облыстың жергілікті атқарушы органдарымен бекітілген жобаларында, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану ережелеріне сәйкес анықталады.

159. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтарының шектерінде аумақты пайдалану режимінде қарастырылмаған құрылыс объектілерін орналастыру қажет болған жағдайда, мұндай жұмыстарды жүргізуге рұқсатты жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бере алады немесе ол белгілеген тәртіпте беріледі.

160. Тарихи-сәулеттік тірек жоспарлар жасалмаған қорғау аймақтары аумағында құрылыс объектілерін орналастыруға, сондай-ақ ескерткіштерді қорғау аймақтарының аумағын пайдаланудың белгіленген режимінен ауытқуға тек орналастырылатын объектіге арнайы орындалған және тарихи-сәулеттік тірек жоспарлар үшін көзделген тәртіпте бекітілген қала құрылысы құжаттамасының жобасы бойынша ғана жол беріледі.

161. Қорғау аймақтарының шектерінде жер, құрылыс-монтаждау және басқа да жұмыстарды жүргізу қолданыстағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

162. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасының орындалуын бақылауды мыналар жүзеге асырады:

1) облыс, аудандардың (облыстық мәндегі қалалардың) жергілікті атқарушы органдары;

2) уәкілетті орган.

163. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтарының шектеріндегі қорғауды, қалпына келтіруді, пайдалануды және режимнің сақталуын тікелей бақылауды тиісті жергілікті атқарушы органдардың тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиялары жүзеге асырады.

164. Елді мекендердің табиғи кешені көбінесе табиғат қорғау, рекреациялық, сауықтыру және ландшафт түзу функцияларын орындайтын және елді мекеннің табиғи-ландшафттық қаңқасын құрайтын өсімдіктер және (немесе) су объектілері басым болатын аумақтардың жиынтығы болып табылады.

165. Табиғи кешен аумақтарына:

табиғи аумақтар- дендропарк, өзендер мен бұлақтардың құрылыс салынбаған табиғи аңғарлары;

көгалдандырылған аумақтар - саябақтар, бақтар, бульварлар мен скверлер, бақ-саябақ жасау өнері мен ландшафтық сәулет ескерткіштері, сондай-ақ тұрғын үйлер құрылысының көгалдандырылған аумақтары, қоғамдық, өндірістік және коммуналдық мақсаттағы нысандар;

резервтік аумақтар- бұзылған және табиғи қасиеттерін жоғалтқан аумақтарды қайта қалпына келтіру үшін, жаңадан көгалдандыратын аумақтар ұйымдастыру үшін резервке алынған аумақтар жатады.

166. Табиғи кешен аумақтарын сақтау мен дамытудың негізгі бағыттары қала маңы аймағы елді мекендерінің табиғи кешенінің тұтастығын сақтауды, әр түрлі иерархиялық деңгейдегі рекреациялық аймақтарды қалыптастыруды, қоршаған ортаға жағымсыз ықпалдарды болдырмау жөніндегі шешімді және табиғи кешеннің нақты аумақтарын тиісінше күтіп ұстауды (жобалаудың барлық сатыларында белгіленіп отырған қызметтің қоршаған ортаға ықпалын бағалау процедурасын жүргізуді) ұйғарады.

167. Қорғалатын табиғи ландшафтар аймақтарында, сондай-ақ өзендерді, көлдерді, шипажайларды қорғау және ерекше қорғалатын аумақтар аймақтарында құрылыс объектілерін орналастыруға және оларды пайдалану кезіндегі шаруашылық іс-әрекетке тек Экологиялық кодекс пен табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі басқа да қолданыстағы нормативтер мен ережелер талаптарын қатаң сақтаған жағдайда ғана жол беріледі.

168. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің есебін жүргізу, қорғау, пайдалану және қалпына келтіру ережелерін орындамаған, ескерткіштерді қорғау, қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының, сондай-ақ өзендерді, көлдерді, шипажайларды қорғау аймақтарының және ерекше қорғалатын аумақтардың режимін бұзған адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаржылық, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады
4.Ұжымдық және жекеленген жерсеріктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын орнату мен пайдалануға арналған талаптар

169. Ұжымдық және жеке жерсеріктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын тұрғылықты ғимараттарда жеке және ұжымдық жерсеріктік және эфирлік антен қабылдаулары ҚР ҚНжЕ 3.02-43-2007, ҚР ҚНжЕ 3.02-10-2010 талаптарына, ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 15 қарашадағы №1341 «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы қаулысы, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 603 бұйрығымен бекітілген «Құрылыс cалудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидалары» талаптарына сәйкес және басқада нормативтік құқықтық құжаттарға сай жүзеге асырылады.

170. Ұжымдық және жеке жерсеріктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын стационарлық ғимарат шатырында құбыр бағаналарына арнайы жобасыз дайындаушы зауыттың техникалық сипаттамасына сай орнатуға рұхсат етіледі.

171. Атқарушы органдар жеке жерсеріктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарда орнату талаптарын анықтаған кезде сол аймақтарда орналасқан архитектуралық нысандардың орналасуының айрықша жағдайлары ескеріледі.

172. Қоғамдық (қоғамдық-іскерлік), рекреациялық аймақтардың жалпы архитектуралық қөрінісін және адамдар денсаулығының, жануарлар мен дүние мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке жерсеріктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын ғимараттың фасад жағынан және тарих, мәдениет және сәулет ескерткіші болып табылатын ғимараттарға орнатуға тыйым салынады.

173. Жеке қабылдау құрылғыларын орнатуға байланысты кез келген іс-қимылдар атқарушы органдармен, сондай-ақ ғимарат және құрылыс меншік иелерімен келісілуі қажет.

174. Жеке және ұжымдық қабылдау құрылғыларын фасадтарға орналастыру архитектуралық шешіммен, фасадты әрлендіру мен ғимаратты кешенді инженерлік құрылымдаумен ұштастырылуы қажет.

175. Ғимараттар мен құрылыстардың фасадтарында қабылдағыш қондырғыларды орнатудың ортақ талаптары:

1) қатаң белгіленген орындарда ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы сәулеттік келбетіне және техникалық жағдайына нұсқан келтірмей орналастыру;

2) сәулеттік беттермен аз қиылысу, рационалды құрылғылар және технологиялық бекітулер, стандартты бекіту құрылғыларын қолдану;

3) адамдар үшін қауіпсіз;

4) құрылғыларды кешенді орналастыру шешімі;

5) тұрғындардың тұру жағдайларын, жаяу жүргіншілер мен көліктердің жүру жағдайына әсер етпейтіндей орналастыру;

6) пайдаланудың және қызмет көрсетудің қолайлылығы;

7) пайдалану ерекшеліктері жоғары сапалы және бұзылмайтын материалдарды қолдану.

176. Қабылдағыш құрылғыларды мына орындаға орнату рұқсат етіледі:

1) ғимараттар мен құрылыстардың шатырларында –кешенді реттелген топтастыру арқылы, біртұтас негізді қолдана отырып (қажет болған жағдайда қоршау орнату арқылы);

2) көше жағынан көрінбейтін аулалық фасадтарда, біртұтас қабырғаларда, брандмауэрлерде.

3) аулалық фасадтарда - қабырға мен терезенің қиылысқан жеріндегі вертикальді осьте және ойықтың жоғарғы шекараның сәйкес келетін осьінде.

4) аз қабатты ғимараттарда - көзге көрінбейтін жерлерде, ғимараттар мен құрылыстардың көлемді және көркем ерекшеліктеріне нұсқан келтірмей.

177. Фасадтардың көркемдік келбетіне, тұрғындарға және жүргіншілерге қолайсыздық туғызатын жеке қабылдау құрылғысы атқарушы органдардың шешімдері бойынша алынып тасталады.

178. Алынып тасталған жеке қабылдау құрылғының, бекіту құрылғылары алынып тасталады және қабылдағыш құрылғының иесі фасадтың бетін қажет болған жағдайда жөндейді.

179. Жеке қабылдау құрылғының монтаж және демонтаж (алып тастау) жұмыстары жүргізілген кезде жол жүру қауіпсіздігі, тұрғындардың қауіпсіздігі, ғимраттарды сақтау талаптары сақталу қажет. Жеке қабылдау құрылғыларды орнату кезінде зақым келтірілген ғимараттардың фасадтары немесе шатырлары қабылдағыш құрылғыларына монтаж/демонтаж жүргізген тұлғамен жөнделу қажет.

5. Экологиялық талаптар.

180. Елді мекендерде (аумақтарында) құрылыс салу кезінде елді мекендердің қала құрылысы дамуының келесі экологиялық талаптары ескерілуі тиіс:

1) табиғи кешеннің қолданыстағы аумақтарын қолайсыз антропогендік ықпалдардан қорғау, кіші өзендер алаптарының жоғалған шаруашылық іс-әрекетін оңалту және жаңғырту, сондай-ақ резервтік аумақтарда жасыл алаптарды қалыптастыру бойынша шараларды іске асыру;

2) өмір сүру ортасының қолайлылығын арттыру, соның ішінде аумақтарды көгалдандыру және елді мекеннің тұрғын және қоғамдық аймақтарын абаттандыра отырып, ондағы жағдайларды жақсарту;

3) қоршаған ортаға әсерiн бағалауды ескере отырып және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауiпсiздiк пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды көздеуі;

4) тұрғындардың, аумақтарды және елді мекендерді қауіпті (зиянды) техногендік және антропогендік құбылыстар мен процесстер әсерінен қауіпсіздігі бойынша белгіленген заңнамалық талаптарды қамтамасыз ету шарттарының негізі;

5) белгіленген заңнамалық тәртіпте белгіленген тарихи, мәдени құндылықтар және қорғаулы ландшафты нысандар аумақтарын және нысандарын сақтау шарттарының негізінде;

6) қалақұрылыс жобалауды ұйымдастыру кезінде қалақұрылыс қызметін өткізуде қоғамдық тыңдаулардың өткізу арқылы азаматтардың және оның қоғамдарының қатысуы қажеттілігі;

7) Қоршаған ортаға әсер ететiн шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерiн бағаламай әзiрлеуге және iске асыруға тыйым салынады.

181. Елді мекендерде құрылыс салуға қойылатын экологиялық талаптарды орындаудың қажетті шарттары болып табылатындар:

халықтың денсаулығы қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретін экологиялық тәуекел аймақтарды жою;

күшті техногендік жүктемеге ұшыраған аумақтарды (магистраль маңы аумақтарындағы рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді, газдалған және шу қолайсыздығы аймақтарын және т.с.с.) жақсарту, оңалту, қайта ұйымдастыру бойынша шараларды жүзеге асыру;

жоғары экологиялық қауіптілік көздері болып табылатын өндірістерді жою;

қалдығы аз және қалдықсыз, экологиялық таза технологияларды, өндірістердің ағынсыз циклдарын енгізу, өнеркәсіп, энергетика, қала шаруашылығы объектілерінің заманауи газдан тазалау, тозаң тұту және су тазалау жабдығымен жабдықталғандығын заңнамамен белгіленген талаптарға дейін жеткізу;

сұйытылған және қысылған газбен жүретін автокөліктердің санын арттыру есебінен пайдаланылатын мотор отыны түрлерінің құрылымын өзгерту;

ауыз су және өндірістік және коммуналдық ағынды суларды тазалау сапасы стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету;

үздіксіз қозғалыс автомагистральдарын салу;

көбіне жүк көлігі қозғалысы және аралас қозғалыс жүзеге асырылатын айналмалы автомагистральды салу;

өндірістік және қатты тұрмыстық қалдықтарды толық қайта өңдеу және залалсыздандыру.

182. Жоспарлау құрылымын жаңарту мен дамытудың аса маңызды шарты өндірістік аумақты қайта ұйымдастыру болып табылады, оның мақсаты - олардың экологиялық қауіпсіздігін арттыру және азаматтық құрылыс объектілеріне дейін қажетті нормативтік алшақтықтарды сақтай отырып, қаланы (ауданды) дамыту мүдделерінде аумақтардың қала құрылысы әлеуетін тиімдірек пайдалану.

183. Аумақта адам өмірі мен денсаулығына бұрын туындаған не аумақтың және (немесе) объектінің шекті мүмкіндіктегі концентрациясынан асқан зиянды химиялық, биологиялық заттармен, шекті мүмкіндіктегі деңгейден асқан радиоактивті заттармен ластануы нәтижесінде күтілетін (болжанатын) қатер болған жағдайда, қала құрылысы құжаттамасында осындай көздердің жойылуы (алып тасталуы) шараларын, ластанған аумақтарды (объектілерді) оңалту шараларының кешенін жүргізе отырып, оларды тоқтатып қою шараларын ұйғаратын жобаның арнайы бөлімдері (бөліктері), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің азаматтардың (халықтың) қолайсыз аймақта уақытша болуын қоса алғанда, аумақты немесе объектіні (объектілерді) пайдаланудың ерекше режимін енгізу мүмкіндігі болуы тиіс.

184. Табиғи және техногендік, антропогендік ықпалдардан қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мемлекеттік нормативтерге сәйкес, жобалық құжаттамада қарастырылған табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесіндегі қауіпті (зиянды) ықпалдардан халықты, елді мекендер мен ауыларалық аумақтарды қорғау бойынша шаралар кешені арқылы қол жеткізілуі тиіс.

185. Сәулет жоспарлау тапсырмаларын әзірлеу нысандардың классификациясына сәйкес қоршаған ортаға әсер етуі бағасын есепке ала отырып жүзеге асырылуы тиіс.
8. Жобалау

1. Жаңа құрылыс объектілерін және қолданыстағыларды өзгертуді жобалау

186. Жобалық құжаттаманы, жұмыстардың осы түрін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар әзірлейді.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметiн және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшiн жеке және заңды тұлғалар мынадай санаттарға бөлінеді:

I санат - осы тармақта аталған, қолда бар лицензиясы шеңберiнде барлық жауапкершiлiк деңгейлерiндегi нысандарда қызметтi жүзеге асырады;

II санат - осы тармақта аталған, екiншi және үшiншi жауапкершiлiк деңгейлерiндегi объектiлердегі қызметтi, сондай-ақ қосалқы мердiгерлiк шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберiнде бiрiншi жауапкершiлiк деңгейiндегi нысандарда жұмыстарды жүзеге асырады;

III санат - осы тармақта аталған, техникалық қиын емес екiншi және үшiншi жауапкершiлiк деңгейлерiндегi нысандардағы қызметтi, сондай-ақ қосалқы мердiгерлiк шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберiнде бiрiншi және екiншi жауапкершiлiк деңгейлерiндегi нысандарда жұмыстарды жүзеге асырады.

187. Жобалық әзірленімдер сәулет жоспарлау тапсырмасының талаптарынан ауытқыған жағдайда, тапсырыс беруші (құрылыс салушы) жобаны сараптамаға бергенге дейін оларды сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен келіседі.

188. Құрылыс салу жобалары нормативтік талаптарға және жобаланатын аумақтың табиғи-климаттық жағдайларына қажетті жағдайда санитарлық, экологиялық басқа да талаптарына сәйкес әзірленуі тиіс.

189. Облыстың елді мекендерінде объектілерді жобалау кезінде ғимараттар мен құрылыстардың сәулетінде, сондай-ақ құрылыс салудың ұйымдастырылуында мәдениет пен дәстүрлердің ұлттық ерекшеліктері ескерілуі тиіс.

Қалалық жасыл қорды құру, сақтау және жаңғырту мақсаттарында объектілерді жобалау және салу кезінде белгіленген нормалардың шегінде аумақтың көгалдандырылуы көзделуі тиіс.

190. Құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) өз қаражататтары есебінен салынып жатқан объектілер бойынша жобалардың сараптамасын мемлекеттік сараптаманың айрықша құзыретіне жатпайтын сараптамадан өткізуге аттестаты мен құқығы бар сарапшылар жүзеге асырады.

191. Мемлекеттік сараптаманың айрықша құзыретіне нысандардың (кешендердің) құрылысына инвестиция негіздемелерінің сараптамалары, жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамасының техникалық-экономикалық негіздемелері мен есептеріне:

1) мемлекеттік инвестициялар есебiнен немесе олардың қатысуымен тұрғызылған, сондай-ақ бюджеттiк инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылған, бiрақ заңда белгiленген тәртiппен өнiм шығару немесе көрсетiлетiн қызметтер көлемiндегi мемлекеттiк меншiк үлесi көзделетiн;

2) санитариялық, экологиялық, өрт және жарылыс қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау конструкциялардың сенiмдiлiгi, ықтимал қауiптi және техникалық жағынан күрделi объектiлердiң жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығы, мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткiзуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормативтiк талаптарға сәйкестiгi бөлiгiнде, құрылысты қаржыландыру көздерiне қарамастан;

3) сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары не өзге де геологиялық (гидрогеологиялық) немесе геотехникалық жағдайлары ерекше аудандарда, сондай-ақ өзге де ерекше реттелетiн аймақтарда салынған барлық техникалық күрделі және техникалық күрделі емес нысандар жатады.

192. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары:

1) құрылыстың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын;

2) конкурстық (тендерлік) құжаттаманы бекіту үшін негіз болып табылады.

193. Жаңа объектi салу (қолда бар нысандарды өзгерту жобаларына) сараптама жүргізудің қажеттілігі немесе сараптаманың міндетті еместігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасында көрсетіледі.

194. Тапсырыс берушінің (меншік иесі) қабылдаған шешімі бойынша сараптама мынадай жобалар бойынша жүргiзiлмеуi мүмкiн:

1) жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының (қызметтерінің) сәулет- жоспарлау тапсырмасына сәйкес лицензиялары бар адамдар орындаған жеке тұрғын үй жобалары. Бұл ереже оларды сату кезінде арнайы жобалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін, сейсмикалық қауіптілігі жоғары немесе өзге де геологиялық (гидрогеологиялық) немесе геотехникалық жағдайлары ерекше аудандардағы (аймақтардағы) жеке тұрғын үй құрылысына қолданылмайды;

2) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстар, тұрғын үйлер мен тұрмыстық үй-жайлар;

3) жеке үй жанындағы телімдердің аумағындағы, сондай-ақ бау-бақша серіктестіктерінің (қоғамдарының) телімдерінің шаруашылық-тұрмыстық құрылыстары;

4) жұмыс істеп тұрған инженерлік желілерді өзгертуді талап етпейтін үй жанындағы және саяжай телімдерін абаттандыру;

5) контейнерді және блоктарды пайдалану арқылы жасалатын ұтқыр кешендер, сондай-ақ жиналмалы-бұзылмалы құрастырмалардан тұрғызылған және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен келісуді талап етпейтін сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты үйлер (ғимараттар);

6) саны елу бірліктен аспайтын автокөлігі бар ашық үлгідегі автотұрақтар, сондай-ақ екіден аспайтын автокөлікке арналған бокстері бар гараждар;

7) қолданыстағы ғимараттарда жүзеге асырылатын және тіреу құрастырмаларын өзгертуді талап етпейтін өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлау (қайта жабдықтау);

8) инженерлік желілерді электр коррозиясынан сақтау;

9) желілі инженерлік желілер мен орналасу жағдайын, салыну белгілерін, құбырлардың диаметрін өзгертуді қажет етпейтін оларға арналған құрылыстарға күрделі жөндеу жүргізу;

10) шағын сәулеттік нысандар мен аумақтардың қоршаулары;

11) ғимараттардың (құрылыстардың) маңындағы ашық спорт алаңдары, тротуарлар;

12) технологиялық ресурстары таусылған және кәсіпорынды (цехты) қайта жаңғыртуды немесе қайта бейіндеуді талап етпейтін бірлі-жарым технологиялық немесе инженерлік жабдықтарды жөндеу және ауыстыру;

13) азаматтардың жеке пайдалануына арналған, басқа да техникалық күрделі емес құрылыстар.

195. Құрылыс процессінде жобалау құжаттамасын әзірлеушінің міндетіне:

1) құрылыс салу уақытында қала құрылыс құжаттамасында немесе қолданыстағы нормативтік құжаттарда өзгерістер болған жағдайда жобалық құжаттарға өзгерістер енгізу;

2) нысанның құрылысына авторлық қадағалауды жүргізу және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қабылдау және жұмыс комиссияларына қатысу жатады.

196. Қала құрылысы тәртібін сақтау, жобалаудың лайықты сапасын, бас жоспарлардың, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың және елді мекендердің аумақтарын қала құрылысында игеру кезіндегі мемлекеттік нормативтердің жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, құрылыс салушы (тапсырыс беруші) жобалық құжаттама бекітілгенге дейін оның қала құрылысы регламенттері мен нақты жайғастыру жобасына сәйкестік бөлігінде Бас жоспарды әзірлеушілермен (авторларымен) келісілуін қамтамасыз етеді.

197. Құрылыс салу жобалары және басқа да жобалық құжаттама, сараптаманың оң қорытындысымен және Бас жоспарды әзірлеушілердің (авторларының) келісуімен бірге сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органға келісуге беріледі.

198. Сәулет және қала құрылысы органымен жоспар келісілген (оң қорытындысын алған) жағдайда жобаны құрылыс салушы (тапсырысшы) бекітіледі.

199. Жоба, сәулет жоспарлау тапсырмасының талаптары және ұсынымдары құрылыс нормаларынан ауытқыған жағдайда, жоба жетілдіру үшін ескертпелерімен қайтарылады. Жобаны қайта қарау белгіленген тәртіппен іске асырылады.

200. Қолданыстағы (пайдаланыстағы) объектілерге енгізілетін өзгерістер жобасын әзірлеушілер жобалық құжаттамада ғимараттың үй-жайларын немесе басқа да бөліктерін өзгерту жұмыстарының барысында, сондай-ақ өзгертілген объектіні кейіннен пайдалану кезінде де басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын жобалық шешімдердің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді көрсетуі тиіс.

Тұрғын үйлердің (үй бөліктерінің) жоспарланып отырған өзгертілуі (қайта құрылуы, қайта жоспарлануы, қайта жабдықталуы) немесе үй ғимараттары шекараларының ауыстырылуы басқа меншік иелерінің (тең меншік иелерінің) мүдделерін қозғайтын жағдайда, жобаға олардың осы өзгертулерге берген, нотариуспен куәландырылған жазбаша келісімі қоса берілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет