3. Тұрғын үйлердің шатырларында телевизиялық сигналдарды қабылдайтын жеке антенналарды қондыру тәртібі
260. Жеке және заңды тұлғалар жазбаша түрде тұрғылықты орны бойынша атқарушы органдарға жеке қабылдағыш құрылғыларын орнату жөнінде мекен-жайын, жерсерітік байланыстың атын (жерсерікті қабылдау құрылғылары үшін)көрсетіп өтініш береді. Өтінішке жеке қабылдағыш құрылғылардың техникалық сипаттамалары, салмағы және габариттік көлемі көрсетілген қабылдағыш құрылғылардың техникалық паспорттары қоса тіркеледі.
261. Атқарушы органдар тұрғын үй ғимараттарына техникалық қызмет көрсететін мекемемен бірге жеке тұлғалардан өтініш келіп түскен сәттен бастап бір апталық мерзімде қабылдағыш құрылғыларын орнату мүмкіндіктерін қарастырады.
262. Техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда атқарушы органдар 10 күндік мерзімде арыз иесіне жеке қабылдау құрылғысын қондыруға жазба рұқсат береді.
Бұл жағдайда жеке қабылдау құрылғысын орнататын мекемені іздеуді және монтаждау, келтіру жұмыстарының бағасын төлеуді арыз иесі өзі жүргізеді.
263. Жеке қабылдау құрылғысын қондыруға техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда атқарушы органдар 10 күндік мерзімде арыз иесіне өтініштің қанағаттандырылмаған себебін көрсетіп бас тартылғандығы туралы жазбаша хабарлайды.
264. Жерсеріктік және эфирлік жеке қабылдау құрылғысын өз бетінше орнатуға тиым салынады.
265. Атқарушы органдардың өз бетінше орнатылған жеке қабылдау құрылғысын тұрғын үйлердің шатырларынан алып тастау туралы өкім шығаруға құқығы бар. Бұл жағдайда жеке қабылдау құрылғысының иелеріне бір күнтізбелік ай бұрын жазбаша ескертілуі қажет, жеке қабылдау құрылғысын алып тастау жұмыстарын жеке қабылдау құрылғысы иелері жүргізеді.
Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың шатырларында телерадиоарналарын қабылдау жүйесін орнатуҚР ҚНжЕ 3.02.-43-2007 «Тұрғын үйлер», ҚР ҚНжЕ 3.02-10-2010 «Байланыс жүйелерінің қондырғылары, дабылдағыштар және тұрғын, қоғамдық ғимараттарды инженерлік құрылғылармен диспетчерлеу. Жобалау нормалары» құжаттарына байланысты жүргізіледі.
4. Сауда, қызмет көрсету мен жарнаманың уақытша құрылыстарын (нысандарын) салу және орналастыру тәртібі
266. Сауда, қызмет көрсету мен жарнаманың уақытша құрылыстарын (нысандарын) салу және орналастыруға арналаған жобалық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту тәртібіне мыналар кіреді:
1) берілген нысандарды салуға немесе орналастыруға жарғылық құжаттарына сәйкес тиісті қызмет түріне лицензиясы болған жағдайда, кәсіпкер мәртебесі бар барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, жеке тұлғалар құқылы;
2) сауда, қызмет көрсету, автосервис және жарнама нысандарын салу және орналастыру кезінде заңды (жеке) тұлғалар мен жер қатынастарын басқару жөніндегі жергілікті органдар арасындағы жер қатынастарын реттеу заңнамаға және жергілікті атқарушы органдардың нормативтікқұқықтық актілерге сәйкес жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асырылады;
3) кәсіпкерлік қызметті іске асыру үшін уақытша нысандарды, кіші сәулеттік формаларды, жарнаманы салуға немесе орналастыруға келісім беруді сауда, қызмет көрсету, жарнама нысандарын орналастырудың кешенді сұлбасына сәйкес қала (аудан)бас сәулетшісі жүргізеді;
4) сауда, қызмет көрсету, жарнама нысандарының кешенді сұлбасын орналастыру және оларға өзгеріс енгізу сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі, жер қатынастары, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бойынша жергілікті атқарушы органдармен, елді мекендердің коммуналдық және инженерлік қызметтерімен, көлік қозғалысын басқару органдарымен,қоршаған ортаны қорғау,тарихи мәдени мұра объектілерін қорғау, сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы аумақтық органдармен келісіледі.
5) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жарнаманытұрақты орналастыру нысандарында,Қазақстан Республикасы аумағындағы елді мекендерде үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте плакаттар, стендтер, жарықтандыру таблосы, билборд, транспарант, афиша және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сыртқы (көрнекі) жарнаманың басқа да нысандары түрінде жүзеге асырылады.
Сыртқы (көрнекі) жарнама жолдың көлік пайдалану қасиеттерін төмендетпеуі, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауы, жол белгілері мен көрсеткіштеріне ұқсамауы, олардың көрінуін немесе қабылдану тиімділігін төмендетпеуі, жол пайдаланушыларының көздеріне шағылыспауы тиіс.
6) Сыртқы (көрнекі) жарнаманы тарих және мәдениет ескерткіштері, діни нысандар аумағында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыруға тыйым салынады.
5. Жарнама объектісін орналастыру
267. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыруға рұқсаттарды ресімдеу тәртібі келесі тәртіпте іске асырылады:
1) сыртқы жарнаманы орналастыру Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы», «Жарнама туралы», «Автокөлік жолдары туралы», «Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Тіл туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы», 1999 жылғы 25 қарашадағы №1650 «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерін бекіту туралы», 1998 жылғы 05 қыркүйектегі №845 «Жалпы пайдаланымдағы автокөлік жолдарының жолақ бөлiгiнде сервис объектiлерi мен сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру ережелері» қаулыларына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен белгіленген тәртіпте, рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылады.
2) елді мекендердің көрнекі-ақпараттық кеңістігін және басқа да аумақтарын коммерциялық жарнамаларды орналастыруға пайдалану жарнама таратушы (жарнамалық кәсіпорын) мен уәкілетті жергілікті атқарушы органдар жасасқан келісім шарт негізінде іске асырылады.
3) жарнама құралының арнайы құрылғыларын орнатуды келісімшарт жасалғаннан соң ғана жарнама кәсіпорны жүргізеді.
4) сыртқы жарнама құралдарын орналастыруға келісімшарт жасау үшін уәкілетті жергілікті атқарушы органға жарнама кәсіпорны өтінішпен береді.
268. Қалалар және облыстық маңыздағы аудандардың жергілікті атқарушы органдары елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыруға рұқсат береді, бақылауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамаларын бұзушыларға жауапкершілік шараларын қолданады.
269. Сыртқы (көрнекі) жарнама обектілерін орналастыруға рұқсат беру (ары қарай - рұқсат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген елді мекендердегі сыртқы көрнекі жарнама объектілерін орналастыру Ержесіне сәйкес үлгіде ресімделеді.
270. Елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнама нысанын орнатуға ниеті бар тұлға жергілікті атқарушы органға жазбаша өтініш жолдайды.
271. Рұқсат алу үшін өтінішке мыналар тіркеледі:
1) көшірмелер:өтініш берушінің кәсіпкеркерлік субъектісі ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігі;сыртқы (көрнекі) жарнама нысанын орналастыруы ұсынылған жер теліміне немесе нысанға құқығын белгілейтін құжаттың немесе өтініш берушісыртқы (көрнекі) жарнама нысанын орналастыруы ұсынылған нысанның меншік иесімен (меншік иелерімен), нысанның кондоминиум басқармасы органымен немесе басқа да құқығы бар тұлғамен жасасқан сыртқы (көрнекі) жарнама нысанын орналастыру туралы келісімшартының нотариалды куәландырған көшірмесі;
2) сыртқы (көрнекі) жарнама нысанының күндізгі және түнгі бейнесі қоса берілген жарнаматасымалдағыштардың, сыртқы (көрнекі) жарнама нысаны орналастыру ұсынылған нысаныныңжоспарланған орналастыру орнын және жалпы құрылымдық шешімдерін сипаттайтын графикалық материалдары (нобайлары), сыртқы (көрнекі) жарнама нысанның жұмыс жасауын инеженерлік қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер.
272. Уәкілетті орган қосымшасында орналасу орны, құрылғы материалының тақырыбы, эстетикалық жобасы және жарнама көлемі көрсетілген жарнаманы орналастыру құқығының келісімшартын дайындайды.
273. Уәкілетті орган сыртқы (көрнекі) жарнаманың болжамды мекенжайы, орналасу орны, типі (нысаны, түрі), оның жұмыс режимі, рұқсат әрекетінің басталу және аяқталу мерзімдері, сыртқы (көрнекі) жарнама нысанына және оның техникалық пайдаланылуына қойылатын талаптарды көрсете отырып рұқсатты беру туралы шешімнің жобасын дайындайды.
274. Жарнама қондырғысының ауданын есептеу оның визуалды қабылдауға қолжетімді ашық беткі қабаты бойынша жүргізіледі.
275. Жарнама берушілердің өз тапсырыстары бойынша жарнама қажеттіліктерін іске асырулары жарнама өнімін шығаруға құқық беретін тиісті лицензиясы бар жарнама кәсіпорны арқылы жүргізіледі.
276. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысанын орналастыру құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізумен байланысты болатын жағдайларда бұл нысанға, сондай-ақ жаңа нысандар салу және қолданыстағы нысандарды өзгертуге қатысты ережелер қолданылады.
277. Жер телімін пайдалануға берілетін рұқсат сыртқы (көрнекі) жарнама нысанын орналастыруға негіз болып табылмайды.
278. Рұқсат 1 жылдық мерзімге беріледі.Рұқсаттың әрекет ету мерзімі 1 жылға ұзартылуы мүмкін.
279. Уәкілеттіорган «Жарнама туралы» Заңының негізінде рұқсат беруден бас тартады.
280. Уәкілеттіорган өтінішті алғаннан кейін он күннің ішінде сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыруға рұқсат беруге не оны орналастырудан негізді түрде бас тарта отырып жазбаша жауап қайтаруға міндетті.
281. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысанын орналастыруға мыналар болған жағдайда ғана жол беріледі:
1) жарнама нысаны жалпы пайдаланыстағы облыстық және аудандық мәндегі автокөлік жолдарының бөлу жолағында орналасқан жағдайда,Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте белгілі бір мерзімге көлік қозғалысын басқару органы берген құжат;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережелеріне сәйкес жергілікті атқарушы орган берген рұқсат.
282. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген тәртіпте және мөлшерде төлемақы алынады.
283. Жеке меншік нысандарында сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру бойынша қызмет көрсетулерге тіркелген мемлекеттік бағаларды (тарифтерді) белгілеуге тыйым салынады.
284. Уәкілетті орган сыртқы жарнама орналастыруға арналған өтініштерді тіркейді және сыртқы жарнама құралдарын орнату құқығына келісімшарт бойынша қаражаттың түсуін қадағалайды.
285. Сыртқы (көрнекі) жарнамаға қойылатын техникалық талаптарды ескере отырып, сауда, қызмет көрсету және жарнаманың уақытша құрылыстарын (нысандарын) жалпы пайдаланыстағы автокөлік жолдарының, шаруашылық мақсаттағы және жеке жолдардың, сондай-ақ қалалық және ауылдық елді мекендердегі жолдардың бөлу жолақтары мен жол бойындағы жолақтарында орналасқан жол шаруашылығы жерлерінде салу мен орналастыруға жобалық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі белгіленген ережелер негізінде жүзеге асырылады.
286. Жарнаманы орналастыруға (сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын техникалық пайдалануды орнатуға) қойылатын талаптар:
1) ғимараттар мен құрылыстарға жақын жерлерге сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру кезінде құрылыс нормалары мен өрт бөлімшелерінің ғимараттар мен құрылыстарға өтуін, сондай-ақ өртке қарсы алшақтықтар мен «сары сызықтарды» сақталуынқамтамасыз ету бөлігінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары сақталуы тиіс.
2) сыртқы (көрнекі) жарнама нысанын орналастыру (монтаждау) кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ ашық от пен тұтандыру көздерін қолдана отырып от жұмыстарын жүргізуге байланысты өрт қауіпсіздігі талаптары мен нормалары ескерілуі тиіс.
287. Кез-келген түрдегі және мақсаттағы жарнамаларды орналастыру Рұқсатқа (3-қосымшадағы 1-нысан) және сәулет және қала құрылысы (сәулет, қала құрылысы және құрылыс) істері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен келісілген нобайға немесе жобалық құжаттамаға қатаң сәйкестікте жүргізіледі.
288. Жарнаманы орналастыру рұқсаты келесі материалдар мен құжаттардан тұрады:
- жарнама қондырғысы туралы мәліметтерден;
- жер телімін жалға беру туралы мәліметтерден (жер телімін пайдалануға беру туралы жергілікті кеңес шешімінен көшірмелер немесе үзінділер, жер пайдалану құқығына мемлекеттік акт көшірмесі (қажет болған жағдайда);
- жарнама кәсіпорны орындаған жарнама қондырғысының бекітілген эскизінен;
орналастыру жоспарынан (М 1:500);
- жарнама қондырғысын пайдалану ережелерінен.
289. Жарнама берушінің меншігіндегі немесе жалға алған нысандарында орналаспаған барлық жарнама қондырғыларында оны орнатушы заңды тұлғаның фирмалық белгісі болуы тиіс. Фирмалық белгінің үлгісі немесе эскизі жарнаманы орналастыру жөніндегі келісімшартты ресімдеуге жарнама кәсіпорны берген өтініммен бірге беріледі. Мұндай белгі болмаған жағдайда жарнама қондырғысы жарнама бақылауы органдарының алдын ала ескертуінсіз бөлшектелуі тиіс.
290. Мемлекеттік мекемелердің коммерциялық емес жарнамасын, сондай-ақ бір жолғы пайдаланысқа арналған коммерциялық жарнаманы орналастыру үшін жарнама беруші (жарнама кәсіпорны) кейіннен Жарнаманы орналастыру рұқсатын ресімдеу үшін нобайлық немесе жобалық құжаттаманы қоса бере отырып, сәулет және қала құрылысы (сәулет, қала құрылысы және құрылыс) бөліміне өтінішпен жүгінеді.
291. Коммерциялық жарнама орналастыру үшін жарнама берушілер жарнама кәсіпорны арқылы жергілікті атқарушы органныңсәулет және қала құрылысы (сәулет, қала құрылысы және құрылыс) бөлімдеріне жарнаманың қалаулы орны, тақырыбы және габариттері көрсетілген өтініштерімен жүгінеді.
292. Өтінішті қарағаннан кейін сәулет және қала құрылысы (сәулет, қала құрылысы және құрылыс) бөлімі Жарнаманы орналастыру рұқсатын дайындайды.
293. Сәулет және қала құрылысы (сәулет, қала құрылысы және құрылыс) істері және тіл жөніндегі жергілікті атқарушы органдарыменкелісуге физикалық көлеміне қарамастан ғимараттар мен үйлердің қабырғаларында (шатырында) орналасқан барлық жарнама қондырғылары жатады, ғимараттар мен құрылыстардың витриналары мен басқа да жарықтандырылған орындарында орналасқандарынан басқасы.
294. Қосымша бетімен (келісілген эскизімен) қоса жарнаманы орналастыру рұқсаты сәулет және қала құрылысы (сәулет, қала құрылысы және құрылыс) істері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен келісіледі.
295. Объектіні орналастыруға берілген өтінім, жобалық құжаттама және жарнаманы орналастыруға берілген рұқсаттың бір данасы жергілікті атқарушы органның мұрағатында сақталады. Жарнаманы орналастыру рұқсаттың екінші данасы тапсырыс берушіге беріледі.
296. Жарнаматаратқыш конструкциялық сызбасына өзгертулер енгізу қажеттігі туындаған жағдайда (рұқсаттың әрекетті мерзімі ішінде) оның иесі жарнаманы орналастыру рұқсатына тиісті өзгертулер енгізу қажеттігі туралы жазбаша өтінішпен атқарушы органға жүгінеді, ол өтініш тіркелген күннен бастап 15 күнге дейінгі мерзімде қаралады және нәтижелері туралы өтініш берушіге хабарлаады. Оң шешім қабылданған жағдайда өзгерістер енгізу қосымша ақы төлеу арқылы жүргізіледі.
Өзгертулерді енгізу Рұқсаттың әрекет ету мерзіміне ықпал етпейді. Жарнаманы орналастыру рұқсатындағы кез келген өзгертулер туралы ақпарат мұрағаттық данада тіркеледі.
297. Егер жарнаматаратқыш орналасқан орын өзге мақсатқа қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы орган үш күн мерзім ішінде оның иесіне жазбаша хабар береді. Жарнаматаратқыш иесі келіскен жағдайда оған теңбағалы орын ұсынылады. Жарнаматаратқыш иесінің мәжбүрлі шығындарына қатысты мәселелер шешімі келісімшарт негізінде іске асырылады. Жарнама орналастыру рұқсатына өзгеріс енгізу жергілікті атқарушы орган тарапынан аталған орынның өзге мақсатқа пайдалану басталғаннан кейін он күн мерзім ішінде тегін жүргізіледі. Осы жағдайда жарнаматаратқышты пайдалану мерзімі он күнге ұзарады. Жарнаматаратқыш жаңа орынға орнатылғаннан кейін оның иесінің Рұқсаттың әрекет ету мерзімін ұзартуға артықшылық құқығы бар болады.
298. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысаны эскизінің мәтіндік бөлігінің Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» заңына сәйкестігін аудан мен қалалардың тілдер жөніндегі органдары қаматамасыз етеді.
299. Әлеуметтік жарнамалардың эскиздерін облыстық ішкі саясат басқармасы ұсынады.
300. Жарнаматаратушы сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру кезінде келесі қағидаларды ұстанады:
1) құрылымдардың қауіпсіздігі;
2) нысандарды ұстау және күту;
3) тиісті рұқсат беретін құжаттамаларды уақытылы алу және т.б.
6. Уақытша сауда нысандарын орналастыру
301. Көшелердің жарасымды сәулеттік келбетініңтиісті санитарлық жай-күйінсақтау мақсатында уақытша сауда нысандарын орналастыру қалалық (аудандық) атқарушы органдардың қаулысы және белгіленген тәртіппен бекітілген учаскені таңдау актісі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
302. Жұмыс істеп тұрған уақытша сауда объектілері оларды бұзу немесе басқа учаскеге ауыстыру туралы негізделген ескерту алғанға дейін жұмыс істейді.
Уақышта сауда нысандары орналасқан жер телімдерінсауда нысандарының иелері уақытша жер пайдаланушы құқығында пайдаланады.
303. Сауда және қызмет көрсетудің уақытша құрылысын (нысанын) орналастыру рұқсатын ресімдеу және паспортын беру тәртібі (3-қосымшадағы 2-нысан):
1) сауда және қызмет көрсетудің уақытша нысандарын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шағын сәулет нысандарын орналастыруға, орналастыру паспортының әрекет ету мерзімін ұзартуға, оны басқа тұлғаға қайта ресімдеуге, сондай-ақ нысанның орналасқан орнын, жер телімін жалға алу мерзімдері мен шарттарын өзгертуге өтінішті тапсырыс беруші жергілікті атқарушы органға жібереді және ол басшылықтың бұрыштамасы бойынша сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті уәкілетті органға беріледі.
2) сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі орган нысандарды орналастыру, басқа тұлғаға қайта ресімдеу, сондай ақ оның дислокацияланған орнын өзгерту бойынша ұсыныс дайындайды;
3) материалдар санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, қоршаған ортаны қорғау, мәдени мұраны қорғау саласындағы органдардың, ал қажет болған жағдайда – жер телімін бөлу мен орналастырылатын нысанды инженерлік қамтамасыз ету шарттарын анықтайтын басқа да кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қорытындылары негізінде жер телімін бөлу жобасын және жалға беру келісімшартын құрастыру үшін жер қатынастары жөніндегі жергілікті атқарушы органға жіберіледі;
4) сауда немесе қызмет көрсетудің уақытша нысанын орналастыруға жер телімін жалға беру келісімшарты немесе Жер кодексінің талаптарына сәйкес ресімделген жер теліміне меншік немесе пайдалану құқығын куәландыратын мемлекеттік акт негіз болып табылады.
5) жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде сәулет және қала құрылысы басқармасы (бөлімі) кешенді орналастыру схемасына сәйкес Сауда немесе қызмет көрсетудің уақытша нысанын орналастыру паспортын (бұдан әрі –Нысанды орналастыру паспорты) әзірлейді және тапсырыс берушіге береді. Нысанды орналастыру паспортында нысанның орналасатын орны, оның типі, габариттері, конструкцияларының материалы, эстетикалық рәсімделуі және т.б. көрсетіледі.
6) нысанды орналастыру паспорты келесі құжаттардан тұрады:
жер телімін жалға немесе меншікке беру туралы мәліметтер (жер телімін пайдалануға беру туралы жергілікті кеңес шешімінен көшірмелер немесе үзінділер);
нысан туралы мәліметтер;
графикалық қосымша:
өңдеу немесе бояу паспортымен сауда павильонының (дүңгіршегінің) сыртқы түрі;
жер телімінің шектері мен нысанның жергілікті жерге бекітілуі көрсетілген орналастырудың бас жоспары (М 1:500);
жобалық құжаттама (нысанды орналастыру құрылыс жұмыстарын: табанын даярлауды, жер асты инженерлік желілерін өткізуді, аумақтың абаттандырылуын және т.б. орындауды қажет ететін жағдайда);
инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттар;
орналастыру және пайдалану ережелері (тапсырыс берушінің қолы қойылған);
пайдалануға қабылдау туралы мәліметтер.
7) тапсырыс беруші Нысанды орналастыру паспортын қаланың (ауданның) мүдделі қызметтерімен, сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен келіседі, одан соң Нысанды орналастыру паспорты жергілікті атқарушы органмен бекітіледі;
8) нысанды орналастыру құрылыс жұмыстарын (табанын даярлауды, іргетастарын орналастыруды, жер асты инженерлік желілерін өткізуді, күш түсетін және қоршау конструкцияларының монтажын) орындауды қажет ететін жағдайда белгіленген тәртіпте жобалық құжаттама әзірленеді;
9) нысанды орналастыру паспортының әрекет ету мерзімі Қазақстанның Жер кодексіне сәйкес жерді пайдалану (жерді жалға алу) мерзіміне белгіленеді;
10) нысанды орналастыруға өтінім, жобалық құжаттама және Нысанды орналастыру паспортының бір данасы сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органның мұрағатында сақталады. Тапсырыс берушіге Нысанды орналастыру паспортының куәландырылған көшірмелерінің үш данасы беріледі. Нысанды орналастыру паспортының куәландырылған көшірмесінің бір данасын тапсырыс беруші бюджетке төлемдердің түсуін бақылау үшін тиісті жергілікті атқарушы органға береді. Келісімшарттың шарттары, сондай-ақ барлық паспорттық мәліметтер тиісті жергілікті атқарушы органда қызмет көрсетуді тіркеу журналдарына енгізіледі;
11) Нысанды орналастыру паспортындағы кез келген өзгерістер туралы ақпарат мұрағаттық данада тіркеледі.
7. Сауда, қызмет көрсету мен жарнаманың уақытша құрылыстарын (нысандарын) орнату, орналастыру, салу және пайдалануға қабылдау кезінде паспорттық шарттардың орындалуын бақылау.
304. Сауда (мобильді сауда нысандарын орнатудан басқа), қызмет көрсету, автосервис, жарнаманың уақытша нысандарын орналастыру және салу кезінде паспорттық шарттардың орындалуын, іргелес аумақтың абаттандырылуын қоса алғанда, олардың эстетикалық жай-күйін тексеруді арнайы уәкілетті органдар іріктемелі бақылау тәртібінде, сонымен қатар сәулет және қала құрылысы (сәулет, қала құрылысы және құрылыс) жергілікті бөлімдері, тарихи-мәдени мұраны қорғау органдары, қаланың, ауданның, облыстың автомобиль жолдары жол инспекциясы қызметі (нысан жол шаруашылығы жерлерінде орналасқан болса) жүзеге асырады.
305. Сауда, қызмет көрсету, автосервис және жарнаманың уақытша нысандарын пайдалануға қабылдау жоғарыда аталған органдары тағайындаған комиссиямен жүзеге асырылады және олардың орналастырылуының паспорттық шарттар талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Пайдалануға қабылдауды тіркеу паспорттағы тиісті жазбамен жүзеге асырылады.
306. Сауда, қызмет көрсету, автосервис және жарнаманың уақытша нысандарын орналастырудың (мобильді сауда нысандарынан басқа), салудың паспорттық шарттарын бұзғаны үшін оның иесіне Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес санкциялар қолданылады.
307. Әкімшілік шараларды қолдану тиісті мемлекеттік уәкілетті органдарымен іске асырылады:
ұйымдар үшін – Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 79-бабына сәйкес;
азаматтар мен лауазымды тұлғалар үшін - әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамаларға сәйкес.
308. Айыппұл төлеу азаматтарды немесе кәсіпорындарды орын алған бұзушылықтарды жоюдан босатпайды.
309. Өз бетінше орындалған жұмыстар бойынша шығындар шамасы құқық бұзушы тарапынан ұсынылған құжаттар бойынша, ал олар болмаған жағдайда – осы жұмыстардың орындалуымен байланысты мамандандырылған кәсіпорындардың бағалауы бойынша анықталады.
310. Қала құрылысы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдар салу тәртібі әкімшілік комиссиялармен анықталған:
кәсіпорындар, олардың бірлестіктері, мекемелер және ұйымдар үшін Қазақстан Республикасының Жер кодексімен;
лауазымдық және жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексімен.
311. Жарнаманы орнатудың паспорттық шарттары бұзылған, ресімделген рұқсат болмаған жағдайларда, сондай-ақ рұқсаттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннен кейін уәкілетті орган бұзушылықтарды көрсетілген мерзімде жою туралы талаппен жарнамалық кәсіпорынғашығады.
Осы талаптарды орындалмаған жағдайда және жарнама туралы заңнаманы бұзған жағдайда заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
312. Кімге тиесілі екендігі белгісіз нысандар иесіз мүлік ретінде қарастырылады және акт жасалғаннан кейін жергілікті атқарушы органмен алынып тасталады.
313. Іргелес аумақта да, ғимараттарда да, жарнаматасымалдағыштарда да орналасқан сыртқы (көрнекі) жарнама және ақпарат нысандары тазалықта ұсталуы және түнгі уақытта арнайы жарық құралдарымен жарықтандырылуы қажет.
Оларды ұстауғарұқсат құжаты рәсімделген заңды және жеке тұлғалар жауапты болады.
314. Жарнама конструкциясын монтаждаудан (бөлшектеу)кейін осы конструкцияның меншік иесі аумағын абаттандыруды немесе орналасу нысанын қалпына келтіруі қажет.
315. Ұсақ бөлшек сауда нысандарының сәулеттік және декоративтік-түстік безендірілуі сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен келісіледі.
Ұсақ бөлшек сауда нысандарының жөнделуі мен боялуы, сәулет және қала құрылысы органымен келісілген түстік шешім мен сыртқы түрдің сақталуын есепке ала отырып, олардың иелерінің есебінен жүргізілуі тиіс.
316. Ұсақ бөлшек сауда нысандары мен кешендеріне көліктік қызмет көрсету іргелес магистральдар мен жаяу жүргіншілер бағыттарындағы көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі тиіс. Тауар жеткізетін автокөлік тұрағы, сауда нүктелеріндегі тауарларды тиеу тек осы үшін арнайы бөлінген жерлерде ғана жүзеге асырылады. Бұл мақсаттарда тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдарын және гүлзарларды пайдалануға тыйым салынады.
Сауда нүктелерінің иелері іргелес аумақтардың абаттандырылуының сақталуын қадағалауы тиіс. Іргелес жатқан абаттандыру нысандарына, жас көшеттерге, гүлзарларға және т.б. зиян келтірген сауда нүктелерінің иелері абаттандыру нысандарын өз қаражаттары есебінен бастапқы қалпына келтіреді.
317.Ұсақ бөлшек сауда құрылыстарының иелері аумақты жинастыру мен қоқысты шығару қызметтерін көрсететін ұйымдармен осы қызметтер жөнінде келісім-шарттар жасасулары немесе оларды өз күштерімен орындаулары тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |