Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті



бет18/49
Дата15.03.2024
өлшемі1.86 Mb.
#495636
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49
Математикалы сауаттылы Есетов ЕН

Шама мәндерінің өзгеріс ауқымы
Өзгеріс ауқымы дегеніміз берілгендер қатарындағы ең үлкен мән мен ең кіші мәннің айырмасы.


6-мысал: Наурыз айының бірінші аптасындағы ауаның тәуліктік орташа температурасы: 3º, 4º, 5º, 8º, 6º, 4º, 7º болды. Осы аптадағы ауаның тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымын табаңыз.
А) 3º В) 7º С) 5º Д) 8º Е) 4º
Ең үлкен температурадан мен ең кіші температураны азайтамыз:
8º-3º=5º
Демек, осы аптадағы ауаның тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымы .
Медиана

  • Берілген сандардың саны тақ болса, онда олардың медианасы – осы сандардың өсу(кему) ретімен орналастырғанда қақ ортасында тұрған сан.

  • Берілген сандардың саны жұп болса, онда олардың медианасы – осы сандардың өсу(кему) ретімен орналастырғанда ортада тұрған екі санның арифметикалық ортасына тең болады.

Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін:
Берілген сандарды өсу ретімен немесе кему ретімен орналастырып жазу керек
Осылайша орналастырылған сандар қатарының қақ ортасындағы санды табу керек.
Сол сан берілген сандар қатарының медианасы болады.


7-мысал: Қазан айының бір аптасындағы ауаның орташа тәуліктік температурасы: 14ºС, 15ºС, 16ºС, 14ºС, 17ºС, 17ºС, 20ºС болды. Қазан айының бір аптасындағы тәуліктік температуралардың медианасын табыңыз.
А) 17ºС В) 20ºС С) 15ºС Д) 14ºС Е) 16ºС
Апта ішіндегі ауаның орташа температураларын өсу ретімен орналастырып жазамыз:
14ºС, 14ºС, 15ºС, 16ºС, 17ºС, 17ºС, 20ºС
Яғни: 14,14,15,16,17,17,20. Осы сандар қатарының қақ ортасындағы сан: 16 .
Қазан айының осы аптасындағы тәуліктік температуралардың медианасы 16ºС.
Енді берілген сандардың саны жұп болғандағы жағдайды қарастырайық.


8-мысал: Мұз айдынында мәнерлеп билеуге қатысушылардың алған ұпайлары: 5,4; 5,2; 5,7; 5,3; 5,5; 5,6; 5,2; 5,6 болды. Мұз айдынында мәнерлеп билеуге қатысушылардың алған ұпайларының медианасын табыңыз.
А) 5,2 В) 5,7 С) 5,6 Д) 5,45 Е) 5,7
Алдыңғы мысалда сандарды өсу ретімен орналастырған болатынбыз. Енді осы мысалда ұпайлар мәндерін кему ретімен орналастырайық: 5,7; 5,6; 5,6; 5,5; 5,4; 5,3; 5,2; 5,2. Бұл жағдайда берілген сандар қатарында 8 сан бар, олардың ортасындағы екі сан: 5,5 және 5,4. Берілген сандар қатарының медианасы осы қатардағы 5,5 және 5,4 сандарының арифметикалық ортасы болады:



Берілген сандар қатарының медианасы 5,45 саны. Демек, мұз айдынында мәнерлеп билеуге қатысушылардың алған ұпайларының медианасы 5,45 болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет