Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті



бет4/49
Дата15.03.2024
өлшемі1.86 Mb.
#495636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Математикалы сауаттылы Есетов ЕН

ЖАЙ САНДАР ЖӘНЕ ҚҰРАМА САНДАР.
Сандар жай сандар және құрама сандар болып екіге бөлінеді.
ЖАЙ САНДАР дегеніміз тек екі ғана бөлгіші бар сандар, яғни өзіне және 1 санына ғана бөлінетін сандар. Мысалы 23 – жай сан, себебі оның тек екі бөлгіші бар: 1 және 23. Жай сандар: 2; 3; 5; 7; 11; 13; 17; 19; 23; 29; 31; 37; 41; 43; 47;... Ең кіші жай сан: 2 саны. Одан басқа жай сандарда жұп сан жоқ.
ҚҰРАМА САНДАР дегеніміз екіден көп бөлгіші бар сандар. Мысалы 24 – құрама сан. Себебі оның екіден көп бөлгіші бар: 1,2,3,4,6,8,12,24. Құрама сандар: 4; 6; 8; 9; 10; 12; 14; 15; 16; 18; 20; 21; 22; 24; 25;...
ЕСКЕРТУ!
1 САНЫ ЖАЙ САНҒА ДА, ҚҰРАМА САНҒА ДА ЖАТПАЙДЫ
3-мысал: 1-ден 39-ға сандардың ішінен жұп сандар мен жай сандарды сызып тастағанда қанша сан қалады.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39
Жауабы: 9 сан
4-мысал: 3 орынды сандар ішінде 7-ге бөлінетін қанша сан бар?
100-999 арасында 900 сан бар. 900:7=128, 4қалдық. 128 сан 7-ге бөлінеді.
5-мысал: 1-ден 45-ке дейінгі сандардың көбейтіндісінде қанша 0 бар?
10,15,20, ,30,35,40,45. 10 нөл бар.


6-мысал:1-ден 100-ге дейінгі сандардың көбейтіндісінде қанша 0 бар?
5,10,15,20, ,30,35,40,45, ,55,60,65,70, ,80,85,90,95, . 24 нөл бар.


7-мысал: Бір цифрді 1 рет пайдаланып ең кіші және ең үлкен 3 және 4 таңбалы сандарды жазыңыз.
3 таңбалы: ең кішісі 102, ең үлкені 987.
4 таңбалы: ең кішісі 1023, ең үлкені 9876.


8-мысал: 7-ге бөлгенде 4 қалдық қалатын санның жалпы түрін табыңыз?
7n+4


9-мысал: 7,14,21,...,2107,2114 – тізбегіне мүше болатын тақ сандар санын тап.
2114:7=302, 302:2=151. 151 сан бар.


10-мысал: 3,6,9,...,1014,1017 - тізбегіне мүше болатын тақ сандар санын тап.
1017:3=339, 338:2=169. 169 сан бар.


11-мысал: 2018-ге дейінгі жай сандардың көбейтіндісі неше нөлмен аяқталады?
2×3×5×7×...×2011×2017, 2×5=10. 1 нөлмен аяқталады.


12-мысал: Тақтада тізбектес 6 натурал сан жазылған. Олардың ішінен біреуін өшіріп, қалғандарын қоссақ 133 саны шығады. Қай сан өшірілген?
а,а+1,а+2,а+3,а+4,а+5
1+2+3+4=10, 1+2+3+5=11, 1+2+4+5=12, 1+3+4+5=13, 2+3+4+5=14.
а+(а+1)+(а+3)+(а+4)+(а+5)=133
5а+13=133
а=24
24+2=26
26 саны өшірілген.


13-мысал: Берілген k бүтін оң сан болсын. Төмендегі сан тізбегінде неше жұп сан бар:
2k+1, 2k+2,..., 2k+16, 2k+17?
(17-1):2=8. 8 жұп сан тізбегі бар.
14-мысал: х-тің қандай мәндерінде 315×5х+1 саны әрқашан тақ болады?
Т×Т+Т=Т+Т=Ж. ешқандай х үшін тақ сан болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет