Батыс қазақстан облысы бөрлі ауданының білім беру бөлімінің 2013 жылға арналған жұмыс



бет6/12
Дата25.02.2016
өлшемі1.19 Mb.
#22190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

5. Конкурстарды акцияларды мерекелерді ұйымдастыру.






Сұрақтардың тұжырымы

Жауапты орындаушы

Аяқталу түрі

Орындалу мерзімі

1

«Жұлдыз-ай» атты дамуындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық сайысы

Л. Сиволобова

Р. Ахметова



Ақпарат беру

наурыз

2

«Жылдың үздік әлеуметтік педагогы» сайысы

Л. Сиволобова

А. Иргалеева

Р. Ахметова


Ақпарат беру

сәуір

3

Балаларды қорғау күніне арналған «Балалық шағымдағы досым» акциясын ұйымдастыру.

Л. Сиволобова

Р. Ахметова



Ақпарат беру

маусым

4

«Жазғы демалысты ең үздік ұйымдастырушы мекеме» сайысын ұйымдастыру

Л. Сиволобова

Р. Ахметова



Ақпарат беру

шілде

5

«Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру.

Л. Сиволобова

Н.Кайржанова




Ақпарат беру

тамыз-қыркуйек

6

«Балаға жүрек жылуы» сайысын ұйымдастыру.

Л. Сиволобова

А. Иргалеева

Р. Ахметова


Ақпарат беру

қазан

7

Дамуындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық шырша.

Л. Сиволобова

А. Иргалеева




Ақпарат беру

желтоқсан


Мемлекеттік қызметшілердің кадр жұмысы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңының орындалуы және мемлекеттік қызмет стандарттары бойынша атқарылатын шаралар




Өтетін шаралар

мерзімі

тексеретін мекеме

Аяқталу нысаны

Іс номенклатурасы бойынша

1.

Мемлекеттік мекемелердегі іс номенклатурасына сай құжаттардың рәсімделуін тексеру

Қаңтар - ақпан

Ақсай қаласының білім беру мекемелерінде

тізім

2.

Құжат айналымын ұйымдастыру (құжаттарды іздеу, қозғалту, сақтау және пайдалану)

үнемі

Білім беру бөлімінде

тізім

3.

Құжаттарды мұрағатта сақтау жүйесін келтіру (ақпараттарды сақтау, пайдалану мен іздестіру)

үнемі

Білім беру бөлімінде

тізім

Мемлекеттік қызметшілердің кадр жұмысы бойынша

4.

Мемлекеттік қызметшілердің жеке іс құжаттарын, кадр қызметтері бойынша есептер.

үнемі

Білім беру бөлімінің мемлекеттік қызметшілер бойынша

есеп, мәлімет

5.

Бөлімде негізгі қызметтер бойынша бұйрық кітаптарын жүргізу.

үнемі

ай сайын


Білім беру бөлімінде

тізім

6.

Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарынан, аттестациялан өтуінің есебін жүргізуді ұйымдастыру, өткізу және бақылау.

аттестация

кезінде


Білім беру бөлімінің мемлекеттік қызметшілер бойынша

бақылау, есеп, мәлімет

7.

Бос орын лауазымдарына конкурс өткізу жұмыстары

конкурс кезінде

Білім беру бөлімінің мемлекеттік қызметшілер бойынша

есеп, мәлімет

8.

Білім мекемелерінің іс жүргізушілерімен семинар

тамыз

№ 5 ЖББОМ

пікір алмасу, мәлімет

9.

Ақсай, Бестау, Қарашығанақ, Ниязбек ЖББНМ талапқа сай іс қағаздарының жүргізілуінің жағдайын тексеру, құжаттаманы басқару

тамыз

Ақсай, Бестау, Қарашығанақ, Ниязбек ЖББНМ

Кеңеске анықтама ұсыныс

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" Заңы бойынша

10.

Бөрлі ауданының білім беру мекемелеріндегі "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы " Заңы талаптарының орындалуын бақылау

үнемі

ай сайын


Білім беру мекемелері

бақылау, есеп

11.

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" ОЛ-1 нысанды статистикалық есебін жүргізу

күнделікті

Білім беру бөлімінде 

Енгізу, тіркеу, жұмыс барысын бақылау және үйлестіру

12.

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" ОЛ-1 нысанды статистикалық есеп беру

айлық, тоқсандық, жартыжыл-дық, жылдық

Білім беру бөлімінде

статистикалық есеп, мәлімет

13.


БҚО Бөрлі ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитет басқармасымен бірігіп профилактикалық жұмыс

наурыз, қыркүйек

 ауданның білім беру мекемелерінде

Профилактика-лық жұмыс

14.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуына бақылау жүргізу, азаматтардың арыз – шағымдарымен жұмысты бақылау.

күнделікті

ауданның білім беру мекемелерінде

Бақылау, есеп, мәлімет

Мемлекеттiк қызмет стандарты бойынша

15.

Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірігіп мемлекеттік қызмет стандарттары бойынша көрсетілетін құжаттарды тіркеу және оны жүргізу

үнемі

Білім беру бөлімінде

енгізу, тіркеу, есеп

16.

Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жолдама беру үшiн мектеп жасына (7 жасқа) дейiнгi балаларды тiркеу мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

үнемі

Білім беру бөлімінде

Тіркеу, кезекке қою, бақылау

Басқа мекемелермен байланыс бойынша

17.

Аудан әкім аппараты, басқармалар, департаменттер және комитеттердің қызметкерлеріне мәлімет, есеп беру

күнделікті

Білім беру бөлімінде 

ақпарат, келісім, ұсыныс және пікір алмасу. Бөлімге түскен бұйрықтар, қаулылар мен шешімдерді, тапсырмаларды орындау

18.

Жоғары мемлекеттік органдарға есеп беру

үнемі

Білім беру бөлімінде  

Есеп, мәлімет



Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық әдістемелік кабинеттің

2013 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Аудандық әдістемелік кабинеттің құрылымы




БББ қызметкерлері

Лауазымы

Білімі,

мамандығы

Жалпы еңбек өтілі

Пед.

еңбек өтілі

Лауазымдық еңбек өтілі

Сана-ты

Қосымша жүктеме

1

Ахметова Роза Камашевна. 25.08.1958ж.

АӘК меңгерушісі

Жоғары,

математика

пәні мұғалімі


36

36

15

жоғары



«Өзін-өзі тану» пәні, ОПТТ

2

Бураншеева Алтынтас Орыновна. 24.01.1977ж.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдіскері

Жоғары, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

14

14

6

I

бағдарлы оқыту

3

Лилеков Юрий Борисович, 12.06.1956ж.

Дене

тәрбиесі, АӘД әдіскері ,(0,5)



Жоғары,

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі



39

34

21

жоғары




4

Итулина Гульмира Максутовна, 20.07.1979 ж.

Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру жөніндегі әдіскер.

Жоғары, география пәнінің мұғалімі

12

12

6

I

Музыка, психологтар және әлеуметтік педагогтар

5

Ниярова Жанар Шамеловна,

31.10.197 ж.



Кітапхана қоры бойынша әдіскер

Жоғары, биология пәнінің мұғалімі

10

10

7

II

Кітапханашы, озық тәжірибені тарату

6

Карагойшиева Сапия Нургалиевна, 02.01.1960ж.

Бастауыш сыныптар бой-ша әдіскер.

Жоғары, бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

34

26

7

жоғары

Дарынды балалармен жұмыс

7

Байниязова Алия Галимовна , 26.07.1965ж.

Кадр бойынша әдіскер.


Жоғары,орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

29

29

6

жоғары

ШЖМ.

8

Таменова Гулжихан Нурумовна, 01.12.1967ж.

Информациялық технологиялар бойынша маман.

Жоғары, математика- информатика пәнідер мұғалімі

21

21

2

I



Физика, матемтика пәндері, бағдарлы оқыту

9

Насипова Рауза Таупеновна, 18.10.1967ж.

Химия, биология. пәндерінің әдіскері

Жоғары, география, биология пәндері мұғалімі

28

28

1

I


Мектепке дейігі оқыту мен тәрбиелеу

әдіскері


10

Жолбатырова Ляззат Токтамысовна, 05.04.1986ж.

Тарих, география және қоғамдық пәндер әдіскері

Жоғары,тарих және география пәндерінің мұғалімі

5

5

8 ай

с/ж




11

Даулетова Алия Музапаровна, 20.08.1971ж.

Орыс тілі мен әдебиеті пәні әдіскері

Жоғары,орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

16

16

0

с/ж





12

Султангалиева Жадыра Амангалиевна, 17.03.1987ж.

Ағылшын тілі пәні әдіскері

Жоғары,ағылшын тілі және неміс тілі пәндерінің мұғалімі

6

6

0

с/ж




13

Хасанова Бибигуль Ахметжановна, 28.08.1973 ж.

Технология, сызу, бейнелеу өнері пәндерінің әдіскері

Жоғары, технология пәнінің мұғалімі

13

11

0

с/ж






II. Бөрлі аудандық әдістемелік кабинетінің 2012 жылғы жұмысына сараптамасы және 2013 жылға міндеттері
Аудандық әдістемелік кабинеттің 2012 жылға арналған қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру» Ережесіне, басқа да салаға қатысты заңнамалардың және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласын қамтамасыз етуге және әдістемелік бірлестіктердің оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіруге, облыстық білім басқарманың 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыруда алға қойған мақсаттар мен міндеттерді қамтамасыз етуге, 12 жылдық жалпы білім беруге көшуге дайындықты жалғастыруға және педагог кадрлардың кәсіби құзырлылығы арқылы білім сапасын арттыруға бағытталды.

2012 жылы аудан бойынша жалпы білім беретін орта мектептерде, мектепке дейінгі ұйымдарда, қосымша білім беру орталықтарында және үздіксіз білім беру орталығында жұмыс жасайтын 10 педагогты қосқанда барлығы 1404 педагог жұмыс жасады. (2011 жылы 1370 педагог ) Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 34 педагогқа көбейгенін байқатады, оның себебі Қызылтал ауылында мектепке дейінгі ұйымның ашылуы 28 тәрбиешіге көбейтсе, мектептен тыс жұмыс орталықтарында жұмыс жасайтын қосымша білім беру педагогтарының санының 6 адамға көбейген. Жалпы білім беретін мектептерде 2011-2012 оқу жылында 1018 педагог жұмыс жасаса, 2012- 2013 оқу жылына мектептердің берген есебі бойынша 1018 педагогты құрап өзгеріссіз қалып отыр. Олардың 2011 жылы 1005 –сі (73,0 %) жоғары білімді ал, 2012 жылы 1059-і жоғары білімді (75,4 %) пайызды көрсетіп, өткен оқу жылымен салыстырғанда 2,4 % көтерілгені байқалады.

Арнаулы орта білімді педагогтардың саны жыл санап азайып келеді. Олар 2011 жылы 365 болса , 2012 жылы 345-ті құрап, 20 педагогқа азайғаны байқалды. Орта білімді мамандар саны жоқ. Магистратураны бітірген мамандар саны аудан бойынша – 3.

Ұлт Көшбасшысы Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Әлеуметтік –экономикалық жаңғарту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында «Педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор..» дегендей ауданның барлық педагог қызметкерлерінің сапалық құрамы жылдан –жылға өсуде. Атап айтсақ 2011 жылы 150 педагог жоғары санатты болса, оның саны 2012 жылы 163 –өсті , 2011 жылы 413 -і бірінші санатты болса, 2012 жылы 398. Аудан бойынша педагог кадрлардың сапалық құрамы 2011 жылы – 41,1 % болса, 2012 жылы 40 % құрап, 1,1 % - төмендеп отыр. Бұл Ақсай қаласындағы № 6 МДҰ , №7 МДҰ және Қызылтал ауылындағы МДҰ жаңадан ашылып, жас мамандардың санының көбейуінде.

Елбасы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың негізгі міндеттерін айқындап берді. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында педагог мәртебесін көтеру атап көрсетілген.

Жаңа құрылым арқылы - Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы педагогикалық шеберлік орталығы және «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның филиалы БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты арқылы мұғалімдер үшін біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі енгізілуде.

3-ші базалық деңгейліктің үш айлық бағдарламасы бойынша 4 педагог педагогикалық шеберлік орталығында және 15 педагог «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының базасында біліктілігін көтерді. 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еңбекақысына 30 % қосымша ақы төленуде.

Ақсай қаласының №4 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірінші санатты мұғалімі Габдуллина Галия Гимеденовна Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің екінші(орта) деңгей бағдарламасы бойынша Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-нда біліктілік емтиханын тапсырып, біліктіліктің екінші деңгейін меңгергені туралы сертификат алды. Білім беру жүйесін жаңғарту барысында халықаралық стандарттар негізінде 2012 жылы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» «Өрлеу» біліктілігін арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы базасында 247 педагог біліктілігін арттыру курсынан өтті. Алматы қаласындағы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» «Өрлеу» біліктілігін арттыру Ұлттық орталығы» АҚ-да 27 педагог біліктілігін арттырды.

Ауданымызда жыл сайын мұғалімдердің беделін көтеру мақсатында аттестация өткізіліп тұрады.. Ауданымызда жыл сайын мұғалімдердің беделін көтеру мақсатында аттестация өткізіліп тұрады. 2012 жылы барлығы 234 педагогтің арызы қаралды. 21 педагогке жоғарғы санат тағайындалып, 20 расталды ал 4 педагогтің арызы мойындалмады. Бірінші санатты 36 педагог иеленіп 41 расталды. Үш педагогтің арызы мойындалмады. Екінші санатты 116 иеленді, 2 педагогтің арызы мойындалмады.

Аудандық әдістемелік кабинет әдістемелік жұмысына 12 жылдық білім беруге көшуді қолдау тәжірибе жұмысын, аудандық инновациялық кешенді дамыту, педагогтар қызметінің басты мәселелері орай әдістемелік оқулар ұйымдастыру, аудан мектептерінде әдістемелік қызметті қолдау, жүйелеу, тәжірибе бөлісу бағыттарында жұмыстанды.

2012 жылы 2011 жылымен салыстырғанда семинар жұмыстарының саны 8,3% көбейді.(2011 жылы жоспар бойынша 84, 2012 жылы жоспарға 91 семинар енгізілді). АӘК-тің 2012 жылға арналған семинар жұмыстарының бағыттары 12 жылдық білім беруге көшу бастауыш саты мұғалімдерінің кәсіптік құзіреттілігін арттыруға, тілдердің берілуінің әдістемелік негізіне, «Өзін - өзі тану» курсының берілуінің әдістемелік негізіне, мемлекеттік стандартқа сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымының теориясы мен әдістемесіне, 12 жылдық мектеп моделіне көшу жағдайындағы менеджмент, мұғалімдердің технологиялық мәдениеттілігіне арналды. Сонымен қатар «Дінтану негіздері», «Экономика негіздері мен қаржы сауаттылығы» курстарды оқыту т.б.қаралды. Семинар оқуларының негізгі тақырыптарының бірі- тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру. Қаралған тақырыптар: құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлық, шылым шегу, суицидтің алдын алу, тәрбие үрдісі тиімділігін бағалау және тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау.

Оқу жылы бойына «Бағдарлы оқыту мен бағдаралды дайындықты әдістемелік қолдау», «Оқушыларды ҰБТ-ге дайындау сапасын жетілдіру жолдары», «Педагогтардың құзіреттілігін және ақпараттық мәдениетін дамыту» жобалары бойынша жұмыстар жүргізілді.

2012 жылы ауданымызда мектепке дейінгі білім беру мекемелер саны – 28 (2011 жылы- 27), оның 10- ы балабақша (2011 жылы- 9), 3-і «мектеп –балабақша» кешені, 15-і шағын –орталықтарда 2742 балалар қамтылған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 368 балаға жоғары.

2012 жылдың 1 қазанындағы мәліметтерге сай 1 мен 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен орта қамту 66,8% (2011 жылдың 1 қазаны -65%), 3 пен 6 жастағы балаларды есептегенде мектепке дейінгі тәрбиемен орта қамту 96% (2011 жылдың 1 қазаны -94%) құрайды.

2012 жылы «Балапан» бағдарламасын орындау мақсатында төмендегі жұмыстар атқарылды:

- Қызылтал ауылынан РБ есебінен 320 орындық 1 балабақша ашылды.

ҚР «Білім туралы» Заңының 30-бабына сәйкес жаңа оқу жылында міңдетті мектепалды даярлықпен бес-алты жастағы 744 (100%) (өткен оқу жылында 695 бала) бала қамтылды.

Аудан бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында барлығы 293 педагог бар. Оның 256-ы балабақшаларда, 7-і мектеп –балабақшада, 30-ы шағын орталықтарда қызмет етеді. Бұл көрсеткіш былтырғы оқу жылымен салыстырғанда Қызылтал балабақшасының ашылуына байланысты 28 педагогке саны артып отыр. Жоғарыда көрсетілген 293 педагогтың 133-і жоғары білімді, (өткен оқу жылымен салыстырғанда-26 артық) ,160-ы арнаулы орта білімді (өткен оқу жылымен салыстырғанда-2 артық). 22-і жоғары санатты (өткен оқу жылында 23), 37-і бірінші санатты (өткен оқу жылында 42), 65- і екінші санатты (өткен оқу жылында 56), 169 - ы санаты жоқ педагогтар (өткен оқу жылында 144). Сапалық құрам аудан бойынша 20,1% құрайды (өткен оқу жылында-24,5%). Сапалық құрамның төмен түсуінің басты себебі Қызылтал балабақшасының ашылып, жас мамандардың қабылдануы болып отыр. Өткен оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдар бойынша 19 педагогтар аттестациядан өтсе, 53 педагог өз білімдерін жетілдіру курстарынан өтті.

Мектепалды даярлық сыныптарында барлығы 52 педагог,27-і жоғары, 25-і арнаулы орта білімді, санаты бойынша жоғарғы санатты -1, І санатты-5 , ІІ санатты 15 педагог жұмыс жасайды.

Балабақшалардың материалдық – техникалық базаларын нығайтуға аудандық бюджеттен 28 676 000 теңге, қысқы мезгілге көкөністерді дайындауға және вираждық топқа 10 000 000 теңге қаралып, облыстық бюджеттен жаңа ашылған мекемелерге 23 935 000 теңге көлемінде трансферттер бөлінді.

Ауданның мектепке дейінгі мекемелері мемлекеттік стандарт бойынша жұмыстарын жоспарлай отырып, «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз», «Қарлығаш» бағдарламаларымен жұмыстанып отыр.

Балабақша жасындағы балаларға компьютерлік технологияны таныстыру және оқыту Ақсай қаласының №4, №5 мектепке дейінгі ұйымдарында жүйелі жолға қойылған.

2010 жылдың қыркүйек айынан бастап барлық мектепке дейінгі мекемелерде «Өзін өзі тану» жаңа пәні енгізіліп, онда балалар мұғаліммен бірге қоршаған ортаны, өздерін тануды үйренеді. Қала балабақшалары төрт жылдан бері ауылдағы мектепке дейінгі мекемелерді қамқорлыққа алып, тьюторлық жобада жұмыс істеуде. Олар тәжірибелі семинарлар, мастер-класс, ашық сабақтарды жылжымалы түрде өткізеді. Тьюторлық жұмыс барлық қалалық балабақшаларда, соның ішінде №4МДҰ , №3МДҰ, №5МДҰ жоғары деңгейде жүргізіледі.

Мектепке дейінгі тәрбиеде баршаға арналған білімнің қолжетімділігін және барлық баланы түрлі қажеттілікке бейімдеу мақсатында инклюзивтік білім беру маңызды орын алады. Осы бағытта Мария Монтессори әдісімен №4МДҰда және №5МДҰ «Здоровый росток» авторлық бағдарламасымен жұмыс істейді, №6,7 МДҰ жанынан түзету топтары ашылды.

Өткен оқу жылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының бес қолданылу саласы бойынша барлық мектепке дейінгі мекемелердің қатысуымен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде аудандық деңгейде 10 семинар өткізілді.

Облыстық «Үздік педагог» атағын беру байқауында №5 МДҰ-ның тәрбиешісі Л.В.Локтева І орынға және №3 МДҰ-ның тәрбиешісі Г.М.Тажекенова ІІ орынға ие болды.

Ақсай қаласының №5 МДҰның «Еркетай» (жетекшісі Бисенғалиева С.Ж.), №4МДҰның «Айгөлек» (жетекшісі Баймағамбетова А.Ұ) би ұжымдары нәтижелі еңбектенуде.

Аудандандағы мектепке дейінгі мекемелердің барлығына бірдей материалдық техникалық жағдай жасалуда, алайда Ақсай қаласының №6,7 және Қызылтал балабақшаларында сапалық құрамның, сонымен қатар барлық шағын орталықтарда сапалық және шығармашылық мазмұнының әдістемелік жағы төмен екендігін көрсетеді.

Аудан бойынша бастауыш сыныптарда -211 (қазақ сыныптарында-117, орыс сыныптарында- 94) мұғалім жұмыс істейді. Олардың 137- сі (64,9%) жоғары білімді, ал 74-і арнаулы орта білімді (35,1%). Мұғалімдердің 24-і(11,4%) жоғары санатты, 68-і(32.2%) бірінші санатты, 68-і (32.2%) екінші санатты.Сапалық құрамы 43,6% құрайды. 2012 жылы жоғары санатқа 2 мұғалім өтіп, 1мұғалім растаса, бірінші санатқа 9 мұғалім өтіп, 3 мұғалім растады. 2011 жылы облыс бойынша 4 мұғалімнің, аудан бойынша 6 мұғалімнің іс- тәжірибесі таратылса, 2012 жылы облыс бойынша 5 мұғалімнің, аудан бойынша 11мұғалімнің іс- тәжірибесі таратылды, яғни 6 жұмысқа артық.

2012 жылы «12 жылдық білім беруге көшу» бағдарламасына байланысты 16 мұғалім Білім жетілдіру және қайта даярлау институтында, ал 71 мұғалім жылжымалы курста болып өз білімдерін шыңдаса, «Бастауыш білім беру тәжірибесінде оқыту тиімділігін арттыруға әсер ететін кіріктірлілген технологиялар» тақырыбындағы семинарға 66 мұғалім қатысып, Караевтың және «Денсаулық сақтау» технологиясын сабақта қолдану жолдарын игерді. Сонымен қатар З. А.Диярова (№2ЖББОМ), С. Б. Узыкова, Г.Н. Темченко (№3ЖББОМ), Б.Қ. Рыскулова (№4 ЖББОМ), Б. С. Қайырғалиев (№6 ЖББОМ) «Жаңа формат» бойынша 3 айлық курста болып білімдерін жетілдірді. «12-жылдық білім беру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру» тақырыбындағы облыстық ғылыми –тәжірибелік семинарда С.Н.Қарағойшиева, О.А. Борисова «Тұлғаның функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелері», М.Т. Калмакова «12 жылдық білім берудің мазмұны мен технологиясы» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Облыстық бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткізілген олимпиадада Диярова Г.А. «Шығармашыл ұстаз» аталымына ие болды. (№ 5 ЖББОМ). Дүниетану пәні бойынша республикалық қашықтан оқыту олимпиадасында О.А.Борисова (№ 5 ЖББОМ) ІІ орынды иеленді. М.С.Вовк (№ 5 ЖББОМ) www.pedaqoq.kz сайтында дүниетану пәнінен «Су» тақырыбында панорамалық сабағы дипломмен марапатталды.

12-жылдық білім беруге көшу жағдайында құзыреттілікке бағытталған білім берудің теориялық-тұжырымдамалық және нормативтік негіздерін талдау негізінде мұғалімдермен 6 семинар («Құзыреттілікке бағытталған білім берудің теориясы, технологиясы және әдістемесі», «Құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды өңдеу технологиясын қолдану қабілеттілігін қалыптастыру», «Сабақтарда құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды тәжірибелік қолдану әдістемесін үйрету», «Құзыреттілікке бағытталған технологияларды қолдану арқылы нақты тақырып бойынша сабақтың мазмұнын құру», «Құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолдану бойынша жобаны қорғау», «Құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды пайдалану сабағын моделдеу») және өз ара іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында 5 семинар («Сабақта дарынды балалармен жүргізілетін шығармашылық жұмыс нәтижесі», «Сабақта сыни тұрғыдан ойлау технологиясын тиімді қолданудың маңызы», «Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіндегі өзін-өзі бақылап, бағалауы», «Тиімді технолоялар мен әдістерді қолдану арқылы үлерімі төмен оқушылардың сабақ оқуға деген ынта- жігерін арттыру», «12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш мектеп пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық»), 1 мастер- класс («Дарынды бала – мақтаныш пен жауапкершіліктің, шабыттың көзі»), инклюзивті білім беру және дарынды балалармен жұмыс аспектілерін енгізу мақсатында 1 конференция («Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда жеке және топтық жұмыстарды енгізу»), 4 дөңгелек үстел («Шығармашылықты шыңдау- басты мәселе», «Құзыреттілікке бағытталған білім беруде оқушылардың кітап оқуға деген құштарлықтарын арттыру», «Оқушылардың кітап оқуға деген құштарлықтарын арттыру нәтижесі»), жас мамандармен «Менің алғашқы қадамым», 2 конкурс («Үздік бастауыш мектеп», «Жаңа формация мұғалімі») өтті.

Алған білімдерін байқап, шығармашылықтарын шыңдау барысында: 2- сынып оқушыларымен «Сөзмерген», «Қазақшаңыз қалай?», 3- сынып оқушыларымен «Жас математик», 4- сынып оқушыларымен «Пәндік интеллектуалдық олимпиада», «Абай оқуы», 3,4- сынып оқушыларымен «Жас дарын » ғылыми жобасы, ақындық, жазушылық қабілеттерін шыңдау барысында «Қауырсын қалам» (3,4-сынып) байқауы өткізілді.

Үлгерімі төмен оқушылардың оқуға деген құштарлықтарын арттыру және бәсекелестікті түсіндіру мақсатында: «Менің суретім сөйлейді»( 2-сынып), «Ойнайық та ойлайық» (3-сынып) тақырыптарында конкурстар өтті.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде «Дарын» орталығында өткен ІХ облыстық «InteI- junjor» интеллектуалдық олимпиадасында (2012) Абишев Шыңғыс (Бөрлі НМ) «Нақты ғылымдар» туры бойынша да, «гуманитарлық ғылымдар» туры бойыншада жүлделі ІІІ орын, Рыжих Анастасия (№6 ЖББОМ) «Нақты ғылымдар» туры бойынша ІІІ орынды иеленді. Ақсай қалалық № 3 ЖББОМ-тің бастауыш сынып оқушылары Халықаралық қашықтан оқыту интеллектуалдық және шығармашылық жобаға қатысып, «Смелый раунд» этапы бойынша : І орын -10, ІІ орын -3, ІІІ орын- 5 болса, «Эму- специалист» проектасы(математика, орыс тілі, орыс әдебиеті, дүниетану, ағылшын, информатика) бойынша көптеген жүлделі орындарға қол жеткізді. Атап айтар болсақ: І орын -18, ІІ орын -22, ІІІ орын- 17

Жетекші мұғалім- Есмагулова Гулнара Сергеевна. Ал И.А. Карагодинаның оқушылары «СОВЁНОК-ЛЕТО » олимпиадасына қатысып, 8 оқушысы І,ІІ,ІІІ орындарға ие болды. Халықаралық олимпиадаға Батыс Қазақстан бойынша тек Бөрлі ауданының № 3 ЖББОМ-нің оқушылары қатысып, үлкен жетістікке жетті.

Оқушылардың білім сапасын көтеру барысында «Құзыреттілікке бағытталған білім беру» Ж.Б. Тасанова (№ 1ЖББОМ), Б.Н.Балтиева, А.С. Дүйсембаева (№ 1ЖББОМ) және «Оқушылардың кітап оқуға деген құштарлықтарын арттыру» Ж.Ж. Шушаева (Қызылтал ЖББОМ), «Сыныптан тыс сабақ» Э.С. Алиева ( № 4ЖББОМ) жоспарлары құрылып, байқау сынағы жүргізілді. Сынақ оң нәтижесін бергендіктен, әрі қарай жалғасын табуда. 2011-2012 оқу жылы жалпы білім беретін Бөрлі негізгі мектебі педагогикалық кеңестің шешімімен оқушыларға сапалы білім беру мақсатында пәндік жүйге көшіп, білім сапасының көтерілгендігі, жетістіктері туралы аудандық кеңесте есеп берді. Биылғы оқу жылында бұл бастаманы Ақбұлақ ЖББОМ, Успен ЖББНМ, Тихонов ЖББНМ қолдап, пәндік жүйеде білім беруге көшті.

2012 жылы аудандық білім бөлімінің аппарат кеңесінде: ақпан айында Ақсай қаласының № 6 ЖОМ, Киров ЖББОМ, Облавка негізгі мектептерінде ҚР «Тілдер туралы» Заңының жүзеге асырылу жағдайы, сәуір айында Ақсай қаласының № 3 ЖББОМ, Приурал ЖОББМБ, Тихонов НМ қазақ тілі мен әдебиетінің берілу жағдайы, маусымда ҚР «Тілдер туралы» Заңының жүзеге асырылу жағдайы Ақсай қаласының № 4 ЖББОМ, Қызылтал ЖББОМ, Успен негізгі мектептерінде зерделенсе, қазан айында қазақ тілі мен әдебиетінің берілу жағдайы Пугачев ЖББОМ, Жарсуат ЖББОМ, Қарасу негізгі мектептерінде қадағаланды.

Аудандық әдістемелік кеңесте ақпан айында мектептерде мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын іске асыру барысы, сәуір айында қоғамдық –гуманитарлық бағыттағы мұғалімдерінің білімін жетілдірудегі жұмыстар жүйесі, қазанда аудан мектептеріндегі бағдарлы оқытуды жетілдіру жұмыстары зерделенді.

Ауданның Ақбұлақ ЖББОМ, Григорьев орта мектептерінде қазақ тілі кабинетіне тілді меңгеруге қажетті техникалық құралдардың бірі- интербелсенді тақта қойылған. Қазан айында облыстық әдістеме кабинеті тарапынан «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сай мемлекеттік тілдің берілу сапасын тексеру бойынша анықтамасында да аудан мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинеттерінің заман талабына сай жабдықталғандығы (компьютер, әдістемелік оқу құралдары, сөздіктер, электронды оқулықтар) атап өтілді. Сонымен қатар, өзге ұлтты сынып оқушыларының ауызекі тілінің дамуында және хаттамалар мен анықтамаларды толық жазбау кемшіліктері бар екендігі тексеріс барысында анықталды. Бұл мәселелерді шешу жолында әдістемелік жоспарлар бірізге салынып, мектеп мұғалімдеріне мемлекеттік тілді төмен дәрежеде меңгерген оқушылармен жеке жұмыстану, қосымша сабақтарға шақыру керектігі, хаттама, анықтамаларды толық жазу үлгілері семинар кезінде көрсетіліп, жұмысталынды.

2011 жылы қазақ сыныптарында 49 мұғалім жұмыс жасады, оның 46- ы жоғары білімді, 3- еуі арнаулы орта білімді. Жоғарғы санатты – 4, бірінші санатты-19, ІІ санатты- 15 мұғалім. 11мұғалімнің санаты жоқ. Сапалық құрамы – 45,8 %. Ал 2012 жылы 50 мұғалім жұмыс жасады. Қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің cапалық құрамы – 44 %. Оның 48- і жоғарғы білімді, 2-еуі арнаулы орта білімді маман. Жоғарғы санатты – 6, бірінші санатты- 18, ІІ санатты- 15мұғалім, 11 мұғалімнің санаты жоқ. Сапалық құрамы – 48 %. Алдыңғы жылмен салыстырғанда мұғалім саны 1 адамға, сапалық құрамы 4% - ға өсті.

2011 жылы орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 86 мұғалім жұмыс жасады. Оның 78-і жоғары білімді, 8-і арнаулы орта білімді. Жоғарғы санаттысы- 6, бірінші санатты мұғалім – 24, 2 санатты- 33. Санаты жоқ - 23 мұғалім. Сапалық құрамы – 34,8 %.

2012 жылы орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріннің саны- 79. Оның 70-і жоғары білімді, 9-ы арнаулы орта білімді. Жоғарғы санаттысы- 8, бірінші санатты мұғалім – 26, 2 санатты- 33. Санаты жоқ - 12 мұғалім. Сапалық құрамы – 43 %. Мұғалім саны 7 адамға кеміді, сапалық құрамы- 5,2 % - ға өсті.

Аудан деңгейде тіл мерекесі жыл сайын талапқа сай өткізіледі, мектеп оқушылары мен мұғалімдері түрлі шараларға қызыға қатысады, сондай- ақ, жыл сайын облыстық деңгейде өткізілетін «Мемлекеттік тіл- менің тілім» атты лингвистикалық турнирге Ақсай қаласының № 2 ЖББОМ 11 – сынып оқушысы Иргареев Тұран қатысып ІІ орын иеленді.

Ауданымызда «Абай оқулары», «Махамбет оқулары» байқауы жыл сайын жоспарлы түрде талапқа сай оздырылады. Облыстық «Абай оқулары» байқауында Ақсай қаласының № 6 ЖББОМ оқушылары Орынғалиева Дана «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша ІІІ орын иеленсе, Махамбет күйлерін орындаудан Ишанов Ермек ІІ орынға қол жеткізді. (Мұғалімі К.Акашева)

Облыстық «Махамбет оқулары» байқауында Ақсай қаласының № 1ЖББОМ 7 - сынып оқушысы Тілегенова Гүлдана қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді. (Мұғалімі А.Ж.Құлақова) «Жарқын болашақ» ІV республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде «Әнші бұлбұлдар» бөлімінде Ақсай қаласының № 4 ЖББОМ 9 – сынып оқушысы Коновалова Валерия ІІ орын (Жетекшісі А.Сатаева), «Сөз шеберлері» бөлімінде Ақсай қ. № 5 ЖББОМ 9- сынып оқушысы Орынбасар Дарын ІІ орын (Жетекшісі Н.Өтепова), «Жазушылар» бөлімі бойынша Ақсай қаласының № 2 ЖББОМ 11 – сынып оқушысы Иргареев Тұран жүлделі ІІІ орынды иеленсе (Жетекшісі А.Бураншеева) «Жас ғалымдар» бөлімінен Ақбұлақ ЖББОМ 10- сынып оқушысы Дистаева Әсел алғыс хат иеленді. (Жетекшісі А.Жантуреева).

Облыстық «Мұқағали оқулары» байқауынан 8 - сынып оқушысы Темьярова Разия қатысып, «Мұқағали мұрасын көп біледі» аталымын иеленді. (Мұғалімі Ә.Дәуленова)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында «Орыс тілді мектептерде мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері», «Қазақ тілін оқытудағы қиын сұрақтар бойынша ҰБТ- ге дайындық және оқу жетістіктерін сырттай бағалау жолдары», «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында АКТ пайдалану», «Қазақ тілінен синтаксисті оқыту бойынша ҰБТ-ға дайындық», «Қазақ тілінен оқу жетістіктерін сырттай бағалау сапасы мен нәтижесі», «Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері», «Мемлекеттік тілді оқытуда пәнаралық байланыс пен сабақтастық» тақырыптарындағы практикалық семинарлар өткізілді. Сонымен бірге жоспарлы «Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі мұғалімдері арасындағы панорамалық сабақтар»байқауында Ақсай қаласының № 3 ЖОМ мұғалімі А.Арыстанова өз сабақтарында панорамалық сабақтардың шебер үлгісін көрсетсе, № 1 ЖОМ мұғалімі Г.Е. Ахмет ізденімпаздығымен ерекшеленді.Қазақ сыныптарында «Қазақ тілі мен әдебиетінен интерактивті сабақтар фестивалі» байқауында Ақсай қаласының № 5 ЖОМ мұғалімі Н.Утепова, № 1 ЖОМ А.Кулакова, 3 ЖОМ Ж.Алыпсоқова,Березов ЖОМ Р.Мустажаповалар сабақтарында АКТ- ны тиімді қолданатындығын көрсетті.

Жоспарымыздағы «Орыс сыныптарына арналған қазақ әдебиетінен өлкетану материалдары бойынша электрондық әдістемелік құрал жасақтау» тақырыбында өткізілетін шара аяқталған жоқ, пән мұғалімдері әлі де бұл тақырыпта жұмыстануда, сондықтан биылғы жоспарға қайта енгізілді.

Озық тәжірибелерді тарату бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінен облыс көлемінде 5 мұғалімнің аудан көлемінде 8 мұғалімнің кітапшасы таратылды.

Аудандық әдістемелік кабинеттің жопарына сәйкес, «Көптілді кеңістікті дамыту» жобасы аясында нақты жұмыстар жүргізілуде. Негізгі мақсат аудан мектептертерінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытудың сапасын жетілдіру және педагог кадрлардың профессионалдық деңгейін көтеру. Ауданда ағылшын тілінің 65 мұғалімі жұмыс істейді, оның 32-сі қалада және 34-і қазақ ауылда. Олардың 6 жоғары және 16 бірінші санатты мұғалімдер, яғни мұғалімдердің сапалық құрамы 30,2% құрайды.

2012 оқу жылында халықаралық «British buldog» байқауда Ақсай қаласының №6 ЖББОМ оқушысы Хамзина Римма– І орын және «Полиглот» интеллектуалды лингвистикалық турнирде №3 ЖББОМ оқушысы Кусанова Самал –ІІІ орын иеленді.

Алматы қаласында өткен «Ағылшын тілін 1 сыныптан бастап сәтті енгізу ретінде халықаралық стандарттарға сәйкес оқыту» атты тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға № 3 ЖББО мектебінің ағылшын тілі пәні С.Я.Акиева қатысты.

Астана қаласында өткен «Использование адаптированных учебников английского языка в начальных классах» тақырыбындағы республикалық семинар-кеңеске № 3 ЖББО мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Б.Галиева қатысты.

«Қазіргі кезеңде шет тілін оқыту: мәселелер мен келешегі» атты аймақтық ғылыми- тәжірибелік конференцияға Қызылтал ЖББО мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ү.Ж.Оразова, № №6 ЖББО мектебінің мұғалімі Ж.А.Султангалива қатысты. Астана қаласында «Инновациялық білім беру негіздері» атты форумға Қызылтал ЖББО мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ү.Ж.Оразова қатысты.

Ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған І дистанциондық республикалық олимпиадаға қатысып, № 5 ЖББО мектебінің мұғалімі Г.Г.Султанмуратова -18 ұпай, Ж.Ж.Гильманова- 8 ұпай, В.А.Танцурина- 7 ұпай көрсетті.

Ауданымыздың 43 ағылшын тілі пәні мұғалімдері «Активные способы формирования методической компетенции учителей» тақырыбы бойынша «Евразия» институтымен Облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру институты бірігіп өткізген семинар курсынан өтті.

Ауданының жалпы білім беретін мектептерінде қоғамдық пәндерден 63 мұғалім сабақ береді , олардың 27-і қалада, ЗЗ-і ауылда. Олардың 9-ы жоғары, 14-і бірінші санатты, 26 - екінші біліктілік санатты мұғалімдер, яғни сапалық құрамы - 36,7% құрады.

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында түрлі шаралар мен семинарлар өткізілді. Сондай семинарлардың бірі - «Қазақ тілді мектептерде орыс тілді оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері», «Орыс тілін оқытудағы қиын сұрақтар бойынша ҰБТ- ге дайындық» тақырыптарындағы практикалық семинарлар.

Республикалық шығарма байкауларына аудан мектептерінің оқушылары белсене қатысты, олардың ішінде: «Город, в котором я живу» тақырыбындағы шығарма байқауында Стаднова Мария, №3 орта мектептің 10 «в» оқушысы жеңімпаз болып, облыстық кезеңге жіберілді. (Мұғалімі А.Б.Фролова) «Полиглот» облыстық сайыста 1 орынды №5 орта мектептің 9сынып оқушысы А Моторыгина иеленді. (Мұғалімі Сарамбетова Г.Ж.)

2012 жылы ауданда орыс тілі және әдебиеті пәндері бойынша 80 мұғалім жұмыстанды. Олардың ішіндегі 40 мұғалім – орыс сыныптарда, 40 мұғалім – қазақ сыныптарында. Олардың ішіндегі 79 мұғалімнің жоғары білімі, 1 мұғалімнің арнаулы орта білімі бар. Орыс тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімдердің сапалық құрамы 2011 жылы 64% құраса, 2012 жылы- 69% құрады, 5 % өскендігін көрсетеді.

2012 жылы қоғамдық пәндер бойынша 13 мұғалім аттестациядан өтті. Соның ішінде 7 мұғалім озық тәжірибесін таратты, 2 облыс көлемінде. Тарих пәні бойынша білімін жетілдіру курсын №3 ЖББОМ-нің мұғалімі Л.Х.Карманова өтті, «Дінтану негіздері» факультативтік курсын оқыту бойынша – Пугачев ЖББОМ-нің мұғалімі Ғ.С.Дуйсенбаева, «Экономика және қаржылық сауаттылық» курсы бойынша – 4 мұғалім курстан өтті.

Қоғамдық пәндер мұғалімдері арасында өзара іс тәжірибе алмасу, қоғамдық пәндерді оқыту барысындағы маңызды сұрақтарды талқылау мақсатында 2012 жылы 8 теориялық және практикалық семинарлар оздырылды.

2012 жылдың қазан айында Республикалық Қазақстан тарихы пәнінен интернет олимпиададан облыс бойынша І орынға иеленген №1ЖББОМ-нің жоғарғы санатты тарих пәнініің мұғалімі А.С.Абдрахманова, Ақтөбе қаласында өткен «Қазіргі замандағы діни ахуал жағдайлары» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан №3ЖББОМ тарих пәнінің мұғалімі Г.Е. Капанова, 2012 жылы тарих пәні бойынша ҰБТ-дан жоғары көрсеткіштер көрсеткен мұғалімдер: №5 ЖББОМ-нің мұғалімдері Н.Н:Проскрякова, Ш.Г. Доскалиева.

Тарихшылар қатарына сонғы жылдары қосылған жас мамандарда өздерін жан жақты көрсетіп, белсендік танытты. №4ЖББОМ-нің жас маманы Ж.А.Абулхаирова аудандық «Жас маман 2012» байқауына қатысып ІІ орынға ие болды.

Ауданда мектеп кітапханашылар саны -32. Жас кітапханашылар саны – 8. Кітапхана мамандарының саны -19, оның ішінде жоғары білімді-5, арнаулы орта-14, маман емес-13. Білімі бойынша сапалық құрамы 60% құрайды. Біліктілік санаты бойынша: жоғары-4, бірінші-6, екінші-4. Біліктілік санаты бойынша сапалық құрамы 32% құрайды.

Аудандық мектептердің кітапханашыларына әдістемелік көмек көрсету мақсатымен семинарлар мен байқаулар ұйымдастырылды.

Кітапхана жұмысын дамыту, ақпараттандыру және автоматтандыруға байланысты 2012 жылдың 10 тамыз күні Облыстық М.Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектеп-интернаты кітапханасы базасында, «Мектеп кітапханасында кітапханалық қызмет көрсету нысандары мен әдістерінің ерекшелігі» облыс кітапханашыларына арналған облыстық семинарға Ақсай қаласының №4 ЖОМ кітапхана меңгерушісі И.Жамбулованың «Мектеп кітапханасында кітапханалық қызмет көрсету түрлері» атты баяндамасы кітапханашының кәсіби шеберлігін шыңдауы болып табылды. Мектеп кітапханаларында жаңа ақпараттық технология ендіру мақсатында барлық кітапханашы мамандармен кітапхана ісінің негізгі бағыттарына арналған семинарлар, тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Атап айтсақ « Қазіргі кезеңдегі кітапхана бағдарламалары және оларды мектеп кітапханалары жұмысының тәжірибесіне енгізу», «Мектеп кітапханасы жұмысында ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету түрлері», «Мектеп кітапханаларын ақпараттандыру және автоматтандыру қазіргі жағдай және өзекті мәселелері», жас кітапханашыларды шыңдау мақсатында «Педагогтарға кітапхана – библиографиялық және ақпарат қызметін көрсетудің жаңа үрдісі», «Номенклатуралық іс-құжаттар тізбесінің дұрыс жүргізілуі» атты семинар өткізілді. Семинар өткізу барысында кітапханашылар құжаттар мен таблицалар, диаграммалар мен слайдттар құруды үйреніп, Интернет ресурстары бойынша сайттарға кіріп, ақпараттық технология жөнінде өз білімдерін шыңдай түсті.

Аудан көлемінде өткен семинарда № 6 ЖББОМ кітапхана меңгерушісі Г.Абишеваның «Мектеп кітапханасы ақпараттық- библиографиялық қызмет көрсету түрлері», Березов ЖББОМ кітапханашысы С.Рыбинскаяның «Школьная библиотека - творческая мастерская» атты тақырыптарда баяндамаларды атап көрсетуге болады. Атап айтсақ кітапханашылардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Ең үздік мектеп оқырманы-2012» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға ауданның жалпы білім беретін Ақсай қаласының №1 2,3, 4, 5, 6, Ақбұлақ, Бөрлі, Григорьев, Березов, Бумакөл, Жарсуат, Қызылтал, Пугачев орта және Канай, Тихонов, Қарасу негізгі мектептерінің 5-8 сынып оқушылары қатысты. 5-сыныптар бойынша «Әдеби кейіпкердің психологиялық портреті» оқырман өзінің оқыған көркем әдебиеттегі кейіпкеріне «Маған ұнады» ...., «Менің көңілімнен шықпады ...» деген тақырыптарда эссе қорытындысы бойынша I жүлделі орын – Ізімова Жеңісгүл Ақбұлақ ЖББОМ 5- сынып оқушысы, 6-7 сыныптар бойынша «Менің отбасым және кітап» номинациясының қорытындысы бойынша бас жүлде - Камалов Еркін Қызылтал ЖББОМ 7-сынып оқушысы, «Кітап жанашыры» номинациясымен Муканаева Наргиза Григорьев ЖОМ 7-сынып оқушысы, 8-сыныптар бойынша «Мектеп кітапханасындағы ғажайып әлем» номинациясының қорытындысы бойынша бас жүлде -Байниязов Аділет Ақсай қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектептің 8- сынып оқушысы, «Оқырманға ой тастар» номинациясымен Айтенов Алиъхан Ақсай қаласының №6 жалпы білім беретін орта мектептің 8- сынып оқушысы иеленді.

Жас кітапханашылардың оқырмандармен жұмыста жақсы қарым-қатынас орнатуы, олармен әңгімелесе білуі, пікір алмасуы, педагогикалық әдептілік, кәсіби шеберлік танытуы, оқырмандар психологиясын білуі, әртүрлі тақырыптағы сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында «Жас кітапханашылар» байқауы жоспарға сәйкес оздырылды. Байқауға 3 жыл еңбек өтілі бар №2, Березов, Қызылтал ЖББОМ, Қарасу, Облав НМ жас кітапханашылары қатысты. Бас жүлде - Березов ЖББОМ кітапханашысы С.Н.Рыбинская, I жүлделі орын – №2 жалпы білім беретін орта мектептің кітапханашысы Ж.Н.Салыхова; II жүлделі орын – Қарасу НМ кітапханашысы Қ.Салақбаева; III жүлделі орын –Қызылтал ЖББОМ кітапханашысы А.Мунтиева иеленді.

«Мұғалімдердің ақпараттық мәдениеттілігі мен құзыреттілігін дамыту» жобасы шеңберінде компьютерлік модельдеу негізінің теориясы мен мультимедиялық құралдарды қолдану бойынша семинарлар оздырылды.

Аудандық тәжірибе алмасу семинарлары «ҰБТ да оқушыларды математика, физика пәндері бойынша дайындауда қиын есептерді шығару әдістемесі»., «Физика, математика пәндері бойынша оқушыларды ОЖСБ, ҰБТ –ге дайындау ерекшеліктері», «Оқытудың әдіс тәсілдерін тиімді пайдалану», Физика пәнін оқытуда жаңа технологияның әдістерін қолданып, білім сапасын арттыру», Құзыреттілікке бағытталған білім беруде жаңа оқыту технологиясын тиімді пайдалану», «Оқу үрдісінде интерактивтік құрылғыны қолдану» , «12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жағдайында информатика пәнін оқытудың өзекті мәселері», «Педагогикалық шеберхана- педагогтың жаңа тәжірибеге өздігінен және ұжымдық ұйымдастыру жолымен көтерілу жағдайын қалыптастыру түрі» тақырыптарында өткізілді.

Бөрлі ауданында математика, физика пәндерінен сабақ беретін мұғалімдер саны – 131, оның 25-сі жоғары санатты, 44-і бірінші санатты, 23-і екінші санатты, 29 мұғалім соңғы 3 жылда келген жас мамандар. Сапалық құрамы – 53%.

Оқу жылы бойына «Бағдарлы оқыту мен бағдаралды дайындықты әдістемелік қолдау», «Оқушыларды ҰБТ-ге дайындау сапасын жетілдіру жолдары», «Педагогтардың құзіреттілігін және ақпараттық мәдениетін дамыту» жобалары бойынша жұмыстар жүргізілді. 2011-2012 оқу жылы математика пәнінен білім сапасы жылдық көрсеткіш бойынша – 60,24%, үлгерімі – 99,08%.

Білім сапасының көрсеткіші ұлттық бірыңғай тестілеу. Биылғы оқу жылында тестілеу жүйесіне енгізілген өзгерістер, бейнебақылаулар қойылғандығы оқушылардың жауапты істе әділеттілік пен қатаңдыққа үйренуге талап етті. ҰБТ қорытындысы бойынша математика пәнінен 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы – 4,67 ұпайға төмен көрсетті, физика пәнінен былтырғы жылмен салыстырғанда 1,8 ұпайға төмен болды.

2012 жылы математика пәні бойынша аттестациядан – 4 мұғалім жоғары санатқа (2-еуі санаттарын көтеруге, 2-еуі санаттарын растауға), 4 мұғалім 1 санатқа (2-растауға, 2 –көтеруге), 2 мұғалім 2 санатқа біліктілік санатын көтеруге арыздарын берді. Аттестация комиссиясының шешімімен: 4-уі –жоғары санатқа, 2 мұғалім 1 санатты растады, 3-еуі 2 санатты растады.

2011-2012 оқу жылы екі жас маман Бумакөл және Қанай негізгі мектептеріне математика пәнінен жұмысқа қабылданып, жыл бойы әдістемелік көмек көрсетілді.
Аудан бойынша математика пәнін тереңдете оқытатын мектептер: Ақсай қаласының 1,2,4,5,6 ЖББОМ-і. Сыныптар саны - 11, оқушылар саны - 195, қазақ тілінде оқытатын сыныптар: Ақсай қаласының № 4, 5 ЖББОМ-і. Оқушылар саны – 63 ( білім сапасы – 70%), орыс тілінде оқытатын (Ақсай қаласының № 1,4,5 ЖББОМ-і) мектептегі оқушылар саны – 64 (білім сапасы – 70%), аралас тілде оқытатын (Ақсай қаласының № 2,6 ЖББОМ-і) мектептердегі оқушылар саны 68 (білім сапасы – 50%) .

2012 жылы озық іс-тәжірибе облыс көлемінде 3, аудан көлемінде 2 жұмыс таратылды.

Химия пәнінен сабақ беретін мүғалімдер саны –30 , оның 6-ы (өткен оқу жылында 5-і ) жоғары санатты, 12-і бірінші санатты, 8-і екінші санатты, санаты жоқ - 4. Сапалық құрам –60%, білім сапасы -58%,(51,4%) үлгерім – 99,7%. Биология пәнінен сабақ беретін мүғалімдер саны –30 (2011 жылы- 28), оның 7-і жоғары санатты, 13-і бірінші санатты (2011 жылы – 8), 5-і екінші санатты (2011 жылы – 7),санаты жоқ - 6. Сапалық құрамы – 66,6%, білім сапасы -69%, (69%) үлгерім – 99,8%. География пәнінен сабақ беретін мүғалімдер саны –37(2011 жылы- 34), оның 5- і жоғары санатты, 17-і бірінші санатты, 8- і екінші санатты, санаты жоқ – 7. Сапалық құрамы –59,4%, білім сапасы -69%, үлгерім – 99,9%.

2012 жылы химия пәнінен 1 мұғалім жоғары санатқа , 2 мұғалім бірінші санатқа, биология пәнінен 1 мұғалім бірінші санатқа өтсе, 2011 жылы аудан көлемінде 6 мұғалімнің іс - тәжірибелері таратылса, (Максутова Г, Джумабаева А., Тургунбаева С ., Тарасенко Е., Бектурсинова К., Дишенова А.), 2012 жылы химия, биология пәндері бойынша облыста 2 мұғалімнің, ауданда 1 мұғалімнің іс- тәжірибесі таратылды.

Аудандық әдістемелік кабинеттің жоспарына сай география, биология, химия пәндерінің мұғалімдеріне тақырыптық семинарлар өткізілді.


  1. «География пәнін оқытуда интерактивті технологияларды қолданудың тиімділігі » семинар-практикум ( №1 ЖББОМ-де география пәнінің мұғалімдеріне )

  2. «Жаратылыстану пәндері мазмұнын жаңартуда электрондық оқулықтарды пайдалану жолдары нәтижелігі» практикалық семинар ( №4 мектепте , химия , биология пәнінің мұғалімдеріне).

  3. «География, биология, химия пәндеріне ақпараттық коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін қолдану формалары». (№2 ЖББОМ, семинар-практикум химия, биология, география пәндерінің мұғалімдеріне),

  4. «Оқыту технологияларын пайдалану арқылы білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері » (№6 ЖББОМ, география, биология пәндерінің мұғалімдеріне). т.б.

2012 жылы химия биология жылы болып есептелуіне байланысты аудан көлемінде жоспарға сай көптеген жұмыстар жүргізілді . Химия-биология пәндерінен өткізілген "Ең үздік сабақ-2012" аудандық сырттай байқауына 10 мектептен (№1,2,4, Акбулак, Бурлин, Бума, Жарсуат, Облавка, Пугачев, Успен ЖОМ)14 мұғалім қатысып , өз білімдерін сынады. «Жайық ұстазы» газетінде жарияланған «Ең үздік сабақ-2012" байқауы бойынша №2 мектептің биология пәні мұғалімі А.Айсагалиева алғыс хатқа ие болды. Химиядан ең үздік ОӘК( оқуәдістемелік кешен ) аудандық байқауына Ақсай қаласының №2,4, 5, Кызылтал, Пугачев ЖОМ-нің химия пәні мұғалімдері қатысты. Облысқа аудандық байқауда І орын алған №5 мектептің химия пәні мұғалімі Г.Абекенова өз жұмысын тапсырды. Сонымен қатар аудандық химия және биология пәндері бойынша ұлттық және экологиялық бағыттағы есептер жинағының сырттай байқауы оздырылып, оған Ақсай қаласының №2,4,3, 5 ЖББОМ-нің химия, биология пәні мұғалімдері қатысты. Аудандық байқауда І орынды №2 мектептің химия пәні мұғалімі Г.Сакимова және № 5 мектептің химия пәні мұғлімі З.Мурзагалиева иеленді.

Өскемен қаласында өткен химия биология пәні мұғалімдерінің І съезіне Пугачев ЖББОМ нің биология пәні мұғалімі У.Т.Дуйсенбаева қатысты.

Облыстық жас экологтар форумында №2 ЖББОМ-тің командасы түрлі номинациялар бойынша 1-ші, 2-ші, 3-ші орындарды иеленді.

І Республикалық қашықтан оқыту олимпиадасында № 5 ЖББОМ-нің химия пәні мұғалімі Мурзагалеева З.А. ІІІ орынды иеленді.

Ауандық химия, биология, математика пәндері бойынша қолданбалы курстар бағдарламасының оқу әдістемелік кешен сырттай байқауында жеңімпаз атанған №2 мектептің биология пәні мұғалімі А.Айсагалиева және № 5 мектептің химия пәні мұғалімі З. Мурзагалеева байқаудың екінші облыстық кезеңіне қатысып, ІІ орынды иеленді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет