4. Облыстың 2016-2018 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын іске асыруға бағытталған бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары, оның ішінде шығыстардың жаңа бастамалары
4.1. Облыстың салық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттары
Фискалдық саясат азаматтардың тұрмыстық жағдайын қалыптастыруда және тұтастай алғанда еліміздің, сондай-ақ оның аймақтарының дамуында шешуші рөл атқарады.
Орта мерзімді кезеңдегі фискалдық саясаттың басты мақсаты, әдеттегіше облыс халқының тұрмыс деңгейі мен сапасын өзара байланыста көтере отырып, аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Осы мақсаттарға қол жеткізуге келесі негізгі міндеттерді шешу ықпал етеді:
бюджеттік шығыстарды оңтайландыру және бюджеттік жоспарлаудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу жөнінде барабар шаралар қабылдау;
жүргізіліп отырған әлеуметтік реформаларды қаржылай қамтамасыз ету, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да басымды сала қызметін дамыту;
экономикада салық жүктемесінің ұтымды теңгерімін белгілей отырып, көлеңкелі экономиканың үлесін азайту;
мемлекеттік қызметтерге барлық әкімшілік-аумақтық бірліктегі халықтың тең қолжетімдігін қамтамасыз ете отырып, бюджетаралық қатынастардың ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;
бюджетті қалыптастыру және атқару үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету;
бюджет қаражаттарын аймақтың бағдарламалық құжаттарымен өзара байланыста басымды секторға бағыттай отырып, экономика салаларын әртараптандыру;
көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.
Орта мерзімді келешектегі фискалдық саясаттың негізгі міндеттері мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
салық салынатын базаны кеңейту және салық әкімшілігін жүргізуді жақсарту;
шығыстарды, бір жағынан, мемлекеттік функциялардың толық көлемде тиімді орындалуын және екінші жағынан, макроэкономикалық тұрақтылыққа жәрдемдесуді қамтамасыз ететін деңгейде ұстау;
дамуға бағытталатын бюджет шығыстарын тиімді қалыптастырудың жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық жобаларды дайындау, қарау және іріктеу үдерісін реттеу;
бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, бюджет жүйесінің түрлі деңгейлері арасында кіріс және шығыс өкілеттіктерінің аражігін нақты және тиімді ажырату.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы №590 Жарлығымен бекітілген Бюджеттік саясаттың жаңа тұжырымдамасына сәйкес орта мерзімді кезеңдегі бюджеттік саясат мемлекеттік қаржы теңгерімділігі мен әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталады.
Осыған байланысты, бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
бюджет шығыстарын әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыру;
бюджет қаражаттарын қолдану тиімділігін арттыру;
фискалдық орталықсыздандыру;
бюджеттің мұнай кірістерінен тәуелділігін азайту.
Мемлекеттік шығыстар жиынтық сұраныс пен инвестициялық белсенділікті қолдауды қамтамасыз ететін деңгейде сақталады.
Макроэкономикалық тұрақтылық пен мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында бюджет саясаты Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасымен белгіленген фискалдық шектеулердің тапшылығы негізінде қалыптастырылатын болады.
Бюджетаралық қатынас саясаты азаматтарға олардың тұрғылықты жеріне қарамастан Конституциямен және заңнамамен кепілдендірілген мемлекеттік қызметтер ұсынудың сапасын және жалпыға қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталады.
Әлемдік және қазақстандық экономикалардағы жағдай өзгерген кезде бюджет саясатын түзету бойынша жедел және икемді шаралар қабылданатын болады.
Салық саясаты шеңберінде мемлекеттің кірістерді қайта бөлу бойынша әділ құралы ретінде салықтардың әлеуметтік маңызы бар, ынталандырушы және фискалдық функциялары нығайтылатын болады.
Фискалдық саясат міндеттерін іске асыру шеңберінде облыстың салық жүйесі мемлекеттің қазынасын толықтыруға бағытталады. Сонымен қатар, аймақтық экономиканы басқарудың мықты құралы болып табылады.
Салық саясатының шаралары мыналарға бағытталады:
- экономиканың басым секторларын және инновацияларды ынталандыру мақсатында салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыруға;
- табыстан салық алу және жер пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектілеріне салық салуды реформалауға;
- бизнестің әлеуметтік бағдарлануына қажетті қосымша салық ынталандыруларын енгізуге;
- экономиканың шикізаттық емес секторының дамуын, әсіресе экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының инновациялық қызметін халықаралық бәсекелестіктің артуы мен елдер арасындағы капиталдың еркін ағылуы (қозғалысы) жағдайында ынталандыруға, ауыл шаруашылығын дамытуға;
- қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру, ішкі және сыртқы жеке инвестицияларды ынталандыруға;
- экономиканы одан әрі әртараптандыруға, бизнестің экономикалық белсенділігін ынталандыруға және оны «көлеңкеден» мына тәсілдермен шығаруға:
1) салық әкімшілігін жүргізудің тиімділігін арттыру және салық рәсімдерін оңайлату, соның ішінде салық органдары қызметінің әкімшілік регламенттерін енгізу және олардың жұмысының тиімділігін бағалау; салық төлеуден жалтару мүмкіндіктерін қысқарту арқылы негізгі салықтардың жиналуын жақсарту;
2) салық төлеуден жалтару негізгі ерекшеліктерін азайту арқылы салықтарды жинауды жақсарту
3) салықтық жүктемені төмендету және экономиканы әртараптандыруға көмектесу.
Салық әкімшілігін жүргізуді жетілдіру, камералдық бақылау жүргізудің сапасын арттыру және салық салынатын базаны төмендетудің факторларын анықтау мақсатында жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың нақты ұсынған салық есептіліктеріне тұрақты түрде нақты талдау жасау және бюджет түсімдерін ұлғайту.
Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшіру жөніндегі бекітілген, жеті жылға есептелген іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшіру жұмыстары кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда.
4.2. Облыс бюджетінің негізгі параметрлер болжамы
Кірістердің үш жылдық кезеңге арналған түсімдер болжамы Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджет және салық заңнамасы негізінде анықталған.
1-кесте
Облыс бюджетінің кірістері
млн.теңге
Көрсеткіштердің атауы
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
2018 ж.
|
Кірістер
|
51 136,0
|
53 168,0
|
52 167,0
|
салық түсімдері
|
50 422,9
|
52 412,8
|
51 419,7
|
салықтық емес түсімдер
|
328,1
|
365,5
|
359,6
|
жарғылық капиталды сатудан түскен түсімдер
|
385
|
389,7
|
387,7
|
Достарыңызбен бөлісу: |