Батыс Қазақстан облыстық маслихат сессиясының 2002 жылдың 8 қазанындағы №25-2 шешімімен бекітілген батыс қазақстан облысының



бет3/15
Дата13.06.2016
өлшемі1.64 Mb.
#132884
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Батыс Қазақстан облысындағы суармалы жер көлемі 55,5 млн. гектар, 2001 жылы олардың 11,1 мың гектарына ғана нақты су жіберілді. Ал қалған 44,4 мың гектары суландыру жүйесінің ақаулылығы мен қаржы және материалдық –техникалық қорлардың болмауының себебінен пайдаланылған жоқ.


Ауыл шаруашылығында су пайдалану проблемалары:
ауыл шаруашылығында суды пайдалануды, жер суландыру құрылыстарына меншік қатынасын реттейтін заңнамалық базасының жоқтығы;

жер суландыру құрылыстарының әбден тозығы жетуінің салдарынан жүйелерінің ПӘК нормативтік көрсеткіштен 2-есе төмен;

Қазталов және Жәнібек аудандарының Кіші және Үлкен өзендері арқылы су бөлісуі жөніндегі және Ресей Федерациясының Палласов су жүйесі арқылы Жәнібек суландыру жүйесіне су берудің мемлекетаралық реттелуіне тәуелді болуы.
Су пайдалану жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар:
суды жеткізіп беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің жабылмайтын шығындарының айырмасын республикалық бюджеттен дотация беру арқылы ауылдағы су пайдаланушыларды, олардың тиімді қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік су шаруашылығы пайдаланушы ұйымдарды мемлекеттік қолдау;

шаруашылықаралық арналармен гидромелиорациялық құрылыстардың ерекше авариялық жағдайдағы телімдерін қалпына келтіру, гидромелиорациялық құрылыстарды жөндеуді ұйымдастыру мақсатында су пайдаланушылардың қауымдастығын құру, облыстық бюджеттен және фермерлермен шаруа қожалықтарының қаржы бөлінуі есебінен суландыратын жерлердегі су құбырларын жөндеу, арналарды тазарту.

Қаржылық қамтамасыз ету:

9-шы кесте


млн. теңге
Бюджеттік бағдарламаның атауы
Алқап, га

2002ж.

нақты


2003ж.

2004ж.

2005ж.

Республикалық бюджет

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізіп беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнына субсидия беру







4,08







Мемлекеттік меншіктегі шаруашылықаралық арналар мен гидромелиорациялық құрылыстардың ерекше авариялық жағдайдағы учаскелерді қалпына келтіру










20,0

127,5

Зайымдар













Алқаптардағы барлық суармалы учаскелерді қайта қалпына келтіру
















Қолданбалы жобалар
















Теректі ауданы «Жайық» шаруа қожалығы

670

263,4

5,7




-

«Бақтияр» шаруа қожалығы

558

202,1

3,8

-

-

Зеленов ауданы «Жүсіпов» шаруа қожалығы

991

200

20







Жиынтығы




665,5

29,5

20,0

127,5


Тиісті қаржы жылына сәйкес республикалық бюджет жобасын республикалық бюджеттік комиссияның қарау нәтижелері бойынша бекітілген заңнамалық ретте бөлінетін қаржы көлемі нақтылануы мүмкін.

Күтілетін нәтиже:

өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының рентабельділігін көтеру;

суландыру жүйесінің пайдалы әсер ету коэффицентін 80 пайызға дейін көтеру;

ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 25-30 пайызға көтеру;

ауылшаруашылық су пайдаланудың тиімді жүйесі мен ирригациялық құрылыстардың эксплуатациясы бойынша құрылымдарын дамыту;

мелиорация және ауыл шаруашылығының су пайдалану жүйесі кәсіпорындарында 220 жаңа жұмыс орындарын ашу.



    1. Өсімдік шаруашылығы

Батыс Қазақстан облысы құрғақшылық аймаққа жатады. Ол әсіресе 1995, 1996,1998 және 1999 жылдардағы жалпы астық жинаудың қысқаруына әкеліп соқты.

10-шы кесте
Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының жалпы жиналуымен өнімділігінің динамикасы.


Дәнді-дақылдар

Жалпы өнім, мың тонна

Өнімділігі, ц/га

1997ж

1998 ж

1999ж

2000ж

2001ж

2001ж

% 2000ж


1997ж

1998ж

1999ж

2000ж

2001ж

2001г в % к 2000г.

Астық

681,2

41,8

74,7

302,9

421,4

139

8,8

1,6

2,3

7,9

9,1

115

С.і. бидай

356,2

31,5

48,9

217,9

314,9

144

7,8

0,6

1,6

7,0

8,9

127

Майлы дақылдар, барлығы

5,6

0,2

0,8

1,7

0,9

53

1,8

0,9

0,9

1,5

1,6

106

Соның ішінде қыша

5,2

-

0,2

0,5

0,1

20

1,9

-

0,8

1,1

1,5

136

Күнбағыс

0,4

0,2

0,4

0,6

0,3

50

1,6

0,9

1,0

1,7

1,8

106

Картоп

25,0

19,0

19,8

25,2

28,3

112

76,0

57,9

63,4

69,7

76,5

110

Көкөніс

17,8

17,1

18,0

23,0

25,0

109

67,3

69,0

73,6

85,8

92,4

107

Бақша дақылдары

4,7

7,1

7,5

10,7

11,4

107

55,3

76,7

69,6

91,0

90,2

99

Соңғы екі жылда алынған шаралардың нәтижесінде өсімдік саласында тұрақтылық пен өнімдерді өндірудің өсімі байқалуда. 2001 жылы облыста 421,4 мың тонна астық өндірілсе, ол 2000 жылға қарағанда 1,4 есе көп деген сөз. Астық өнімдерінің өнімділігі 7,9 –дан 9,1 центнерге ұлғайды.

Осындай жағдай картоппен бақша дақылдарын өндіруде де байқалуда. 2001 жылы 28,3 мың тонна картоп өндірілді немесе ол 112 пайыз құрады, 25 мың тонна көкөніс өндірілсе ол 109 пайызды, 10,4 мың тонна бақша дақылдары өндірілсе, ол тиісінше 107 пайызды құрады. Майлы дақылдарды өндірудің көлемі қысқарды. Барлығы 0,9 тонна дақылдар жиналса, ол 2001 жылғы деңгейге қарағанда 53 пайыз болып отыр.

11-ші кесте

1990-2002 жылдардағы дақылдар бойынша егістік алқаптардың динамикасы

мың га





1990ж.


1995ж.

1996ж.

1997ж.

1998ж.

1999ж.

2000ж.

2001ж.

2002ж.

Егістік алқаптар, барлығы

2033,8

1550,0

1197,8

997,9

960,3

581,1

466,0

545,7

678,7

о.і. дәнді дақылдар

1556,4

1190,4

934,0

792,5

807,8

468,8

385,8

473,4

615,6

соның ішінде бидай

536,4

557,1

470,1

452,7

559,7

310,4

309,0

355,4

460,7

Арпа

538,1

498

305,8

284,6

190,4

129,4

49,4

85,9

128,5

Сұлы

3,1

3,0

7,7

5,3

1,2

0,8

4,1

3,5

0,8

Күздік қара бидай

348,5

63,2

42,1

8,9

32,8

6,4

3,1

7,8

16,6

Тары

114,2

54,5

101,4

39,1

23,1

21,3

19,7

20,0

8,3

Қара құмық

12,1

6,9

4,8

0,7

0,4

0,4

0,1

0,1

0,1

Астықты–бұршақ тұқымдастар

4,0

1,9

1,0

0,5

0,1

0,1

0,3

0,4

0,6

Майлы дақылдар

34,2

38,6

34,1

33,6

22,7

10,5

9,8

4,2

4,7

Соның ішінде күнбағыс

0,06

6,0

5,4

3,0

3,1

5,3

3,8

1,9

2,0

Қыша

0,06

32,3

28,5

30,6

19,4

4,4

5,0

0,7

0,2

Картоп

6,7

4,9

4,3

3,3

3,3

3,1

3,6

3,7

3,1

Көкөніс

3,5

3,0

2,5

2,7

2,5

2,7

2,6

2,7

2,9

Бақша дақылдары

1,2

0,9

0,8

0,9

1,0

1,1

1,2

1,3

1,2

Жем-шөптік дақылдары

431,8

312,2

222,1

164,9

123

95,2

63,0

60,4

51,2

Егістік алқаптардың динамикасын талдау 1990-2001 жылдары аралығында облыста егістік жерлердің 2033,8 мың гектардан 678,7 гектарға немесе 3 есе қысқарғанын көрсетеді. Соның ішінде дәнді – дақылдар 2,5 есе, майлы дақылдар 7,3 есе, картоп 2,2 есе, көкөніс 1,2 есе қысқарған. Әсіресе жем-шөптік дақылдардың алқабы күрт қысқарып отыр. Ол қазір бұрынғы болған 431,8 мың гектардың орнына 51,2 мың гектар алқапты ғана алады.

2001 жылдан бастап, дәнді –дақылдар егістік жерлерінің көлемінің өсе түскені байқалып отырғанын атап өткен жөн. Оның ішінде бидай, арпа және күздік қара бидайы бар. Осы уақыт ішінде тары мен сұлының алқабы кеміп кеткен, астық -бұршақ тұқымдастар (асбұршақ, аңқа) не барлығы 0,6 мың гектар, ал жарма дақылдары яғни қарақұмық небары 0,1 мың гектарға орналасқан.

Ауыл шаруашылығы дақылдары егістігінің жалпы көлемінің ішінде дәнді – дақылдардың үлесі 76,5 пайыздан 90,8 пайызға артып отыр, негізгі алқаптар бидайдың үлесіне тиеді, ол 1990 жылғы 26,4 пайыздан 67,9 пайызға дейін өскенін байқаймыз.

Дәнді – дақылдардың құрылымында бидай егістігі 75 пайыз болса, ол үстіміздегі жылы 460,7 мың гектарды алып жатыр.

Картоппен көкөніс алқаптарының көлемі 3,1 және 2,9 мың гектар алып отыр. Алайда олардың өндіріс көлемі тұрғындардың осы өнімге деген қажеттілігін жаба алмайды.


Проблемалар:

шұғыл континентальды климат, жиі қайталанып отырған құрғақшылық өндірістің тиімділігін төмендетуде;

майлы дақылдар мен күздік қара бидай және тары дақылдарының егістік жерлерінің анағұрлым қысқаруы облыстың қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ете алмай келеді;

өндіріске тиімділігі жоғары (күнбағыс, мысыр, дәнді бұршақ) тұқымдас дақылдарды енгізу жеткіліксіз;

картоп пен көкөніс дақылдарының егістік жер көлемін ұлғайтуға жете көңіл бөлінбеуде;

алқаптардағы жем-шөп өндірісінің мәселелері жеткіліксіз шешілуде;

ұсынылып отырған ауыспалы егіс әдісі сақталмайды;

облыстың егіншілігінің негізгі мақсаты, облыстың табиғи аймақтарының жағдайына биімделген биоклиматтық потенциалды толық және үнемді пайдаланудың есебінен өсімдік өндірісі өнімдерін тұрақтандырып, тиімділігін арттыру, дәнді–дақылдармен сорттылықты кеңейту, топырақтың құнарлылығын сақтау және көтеру, құрғақшылық нышандарын жою, ылғал үшін күрес, топырақ қорғау мен қор сақтау технологиясын жетілдіру болып табылады.

Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың қазіргі жағдайы егіншілікті дамытуды жетілдіруге жаңаша қарауды қажет етуде. Бұл бағытта облыста егіншіліктің аймақтық жүйеге негізделген ғылыми талдамалары жүргізілуде.
Шаралар:

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар негізіне келесі факторларды пайдалану қарастырылуда:


өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісін облыстың аймақтары бойынша мамандандыру;

ауыспалы егітің қысқа мерзімді айналымын игеру және қара сүрі жер алқабын ұлғайту;

дәнді –дақылдар өндірісіне қор және ылғал сақтау технологиясын енгізу.


      1. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруді облыстың аймақтары бойынша мамандандыру

12-ші кесте

мың га





2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

барлығы

Аймақтар бойынша

барлығы

Аймақтар бойынша

барлығы

Аймақтар бойынша

1 аймақ

2 аймақ

3 аймақ

1 аймақ

2 аймақ

3 аймақ

1аймақ

2 аймақ

3 аймақ

Егістік жер

846,6

724,9

112,5

9,2

884,1

761,9

112,5

9,7

948,1

825,9

112,5

9,7

Сүрі жер

140,5

120

19

1,5

145

124

19,0

2,0

155

134

19

2,0

Егістік алқабы

706,1

604,9

93,5

7,7

739,1

637,9

93,5

7,7

793,1

691,9

93,5

7,7

С.і. дәнді-дақылдар

620

536

78

6

650

566

78

6

700

616

78

6

Күздік қара бидай

7

4

2

1

30

23

5

2

52

44

5

3

Күздік бидай

64

54

10

-

95

85

10




105

95

10

-

Жаздық бидай

410

367

43

-

410

367

43




430

385

45

-

Арпа

124

99

20

5

100

79

17

4

95

77

15

3

Тары

12

9

3

-

12

9

3




15

12

3




Сұлы

2

2

-

-

2

2

-

-

2

2

-




Дәнді бұршақ тұқымдастар

1

1

-

-

1

1

-

-

1

1







Майлы дақылдар

15

13

2

-

15

13

2

-

15

13

2

-

Жем-шөптік

63

51

12

-

66

54

12




70

58

12




Картоп

4

3,2

0,5

0,3

4

3,2

0,5

0,3

4

3,2

0,5

0,3

Көкөніс

2,7

1,4

0,7

0,6

2,7

1,4

0,7

0,6

2,7

1,4

0,7

0,6

Бақша дақылдары

1,4

0,3

0,3

0,8

1,4

0,3

0,3

0,8

1,4

0,3

0,3

0,8

Облыстың Бөрлі, Зеленов, Теректі, Сырым, Тасқала, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласы жататын (солтүстік бөліктегі) I-ші ауыл шаруашылық аймағына негізінен дәнді-дақылдар, майлы және жем-шөптік дақылдар картоппен көкөніс орналастырылатын болады. Демек, 2005 жылға бұл аймақтағы дәнді –дақылдар егістігінің көлемі 616 мың гектарға жеткізіліп, облыстың барлық дәнді-дақылдар алқабының 88 пайызын құрамақ.

Бонитеті 23-25 баллды құрайтын қоңыр топырақ басым Ақжайық, Жәнібек, Қаратөбе, Қазталовка аудандары орналасқан облыстың орта бөлігіндегі құрғақты далаға жататын 2-ші ауыл шаруашылық аймағына мал шаруашылығының мұқтажына арналған жем-шөптік бағыттағы арпа, күздік қара бидай сияқты ландшафталық егіншілік және тұрғындарды нан өнімдерімен қамтамасыз етуге арналған күздік және жаздық бидай мен тары егу көзделуде.

Бөкейордасы, Жаңақала, Ақжайық ауданының оңтүстік бөлігі, Қазталовка және Қаратөбе аудандары орналасқан (облыстың оңтүстік бөлігі ) жартылай шөлейтті lll-ші ауыл шаруашылық аумағындағы егіншілік жүргізу құрғақшылықтың әсерін төмендетуге бағытталады. Мұнда жем-шөп дақылдары бағытындағы, топырақ қорғау жүйесіне арналған егіншілік қарастырылады; күздік қара бидай мен арпа 6,0 мың гектарға орналастырылмақ. Ішкі қажеттілікпен нарыққа шығару үшін көкөніс- бақша дақылдарын егуде белгіленуде.


3.3.2. Ауыспалы егістіктің қысқа мерзімді айналымын игеру және қара сүрі жердің

алқабын ұлғайту


Облыстың ғылыми мекемелерінің ұсынысына сәйкес тұқым ауыстыру мен классикалық жем-шөп өсірудің кейбір элементтерін пайдалана отырып, топырақ қорғаудың аймақтық жүйесін енгізу көзделеді. Өсу мерзімі ағымында әртүрлі ылғалдық жағдайды талап ететін күздік және жаздық дақылдардың алқабының арақатынасын оңтайландыру нәтижесінде астық өндірісін тұрақтандыру қамтамасыз етілмек. Облыстың барлық аймақтарындағы ауыспалы егісті жетілдіру мынандай бағыттарда жүргізілмек:

өңделетін егістерді таза және ықтырмалы сүрі жерлермен байытуды оңтайландыру (20 пайызға дейін).

Ғылыми мекемелердің зерттеулері анықтағандай, ықтырмалы сүрі жерлер таза сүрі жерлерден, ал қара сүрі жерлер ерте сүрі жерлерден бірқатар артықшылықтарға ие, ал орналастырылған сүрі жерлерге күздіктерді егуге болмайды;

астық өндірісінің аумақтық орналастыруды әрі қарай мамандандыру.

Қарақоңыр топырақты l-ші аймақтағы ауыспалы егіс азық-түлік егістігімен байытылады, ал ақшыл қоңыр түсті ll- ші аймаққа астықты жем-шөп бағытындағы дақылдар орналастырылады;

қысқа айналымды ауыспалы егіске көшу.

2003-2005 жылдардағы өтпелі кезеңде сүрі жерлердің алқабын 155 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда. Күздік дәнді-дақылдардың егістігі сүрі жерлерге, ал жаздық бидай 2 және 3 дақыл ретінде орналастырылатын болады. Сүрі жерлерді дайындаудың технологиясын сақтаудың арқасында күздік дақылдардан гектарына 20 центнерден жаздық дақылдарының гектарынан 14 центнердің үстінде өнім алуға болады.

шығарылған алқаптарға көпжылдық шөптер егістігін ұлғайту.

Топырақтың құнарлығы сақтау және эрозиядан қорғау алқаптарға көпжылдық шөптер егу арқылы жүзеге асырылады.
3.3.3. Дәнді –дақылдар өндірісіне қор және ылғал сақтау технологиясын енгізу

Облыстың астық бағытындағы шаруашылықтары орналасқан ылғал жетіспейтін аймақтар гидротермиялық қорлар астықтың әр гектардан 11-12 центнерге дейін өнім алуға қол жеткізу мүмкіндігін шектеп отыр, ал шамадан тыс жіберілген материалдық қаржылай шығын өндірілген өнімнің құны арқылы ақталмайды. Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты шығындарды азайту ауылшаруашылық кәсіпорындарының шаруашылық нысандары ретінде күнкөрістерінің факторына айналуда.

Нақты балама классикалық өңдеуге оның әртүрлі мөлтектеу варианттары болып табылады. Былайша айтқанда, барлық механикалық өңдеуден кетіп, топыраққа интенсивті ықпалын және төмен тереңдігін төмендету, көп жұмыс атқаратын жабдықтарды пайдаланудың әртүрлі операцияларын араластыру қажет болады. Егін ору кезінде алқаптардың бетқабатына ұсақталған егін сабанын, қыша аңқа сабандарын шашып, органикалық заттарды пайдалануға қайтып оралу. Бұдан басқа ұсақталған сабандар ылғалдың топыраққа сіңуі мен оның босқа ағуына және буға айналуын азайтады. Батыс Қазақстанның жағдайында осы факторлардың барлығы да өнімділікті реттеудің негізі болып табылады.

Солтүстік Қазақстан шаруашылықтарының мысалына сүйене отырып, үстіміздегі жылы «Ақсай құрама жем зауыты» ашық акционерлік қоғамы қазірдің өзінде 4 мың гектар алқапта қорлар мен ылғал сақтау технологиясын игеруге кірісті. 2003 жылы алқап көлемін 6 мың гектарға, ал 2004 жылы 10 мың гектарға жеткізу көзделуде. Осы мақсатта 2 «Челленджер – 85 Е» тракторы, 2 «Кейс – 5000» тұқым сепкіші , «Нью- Холанд» комбайндары мен т.б (бүріккіштер, топырақты терең босататындар мен соқалар) сияқты басқа да қажетті техникалар алынды.

Жаңа технология ауылды техникалық қайта жарақтандыруды, дәнді – дақылдар алқаптарымен қара сүрі жерлерде гербицидтерді жүйелі түрде пайдалануды талап етеді. Ауыл шаруашылығын техникалық қайта жарақтандыру жобасы шеңберінде келешекте дәнді –дақылдар егістігіне және ылғал қорларын сақтау технологиясын енгізу мақсатында 3 кусталық МТС құрып, оларға 40 «МТЗ 1522» тракторларын, 40 «Кейс-5000» тұқым сепкіштерін, 40 «БТП – 3,7» тырмаларын, 40 «КПН-3,5» қопсытқыштарын және 55 «Енисей-1200 М» комбайндарын алу белгіленуде. Осы техникаларды алу үшін 750 млн. теңге мөлшерінде мемлекеттік қолдау қажет.

Астық дақылдарын өндірудің ықшамдалған технологиясында арамшөптерді жоюға мынандай нәрселер қарастырылуда:

-егістік жерлерді гектарына 100-120 грамм келетін «Секатор» жүйелік гербициді арқылы егістік жерлерді (қара сүрі жерден кейін 3-4 қайтара) іріктеу ретінде химиялық жолмен өңдеу қажет.

-«Химиялық сүрі жерлерде» гектарына 2-3 кг келетін «Раундап» жүйелік гербицидің пайдалану.

Облыстық бюджет есебінен гербицидтер алуға 2003 ж - 47808 мың теңге, 2004 ж - 89000 мың теңге, 2005ж -134420 мың теңге қаржы қоры қажет.

Ылғал қорларын сақтау технологиясы топырақтың құнарлылығын сақтап, дәнді-дақылдар түсімділігін 30 пайызға дейін ұлғайтып, қосымша 25 мың тоннаға дейін астық алуға мүмкіндік жасайды.

Әйтседе жаңа технология біздің облысымыздың астық өндірісінде жеткілікті қолданылмай келеді, оның қарқыны толығымен қаржыландыруға байланысты болып отыр.
13-ші кесте

2003-2005 жылдарда дәнді –дақылдар өндірісіне ылғал

қорларын сақтау технологиясын пайдалану

мың га

Аудандар


2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

Бөрлі

6

10

25

Зеленов

20

25

25

Сырым

-

5

15

Тасқала

-

10

10

Теректі

10

15

15

Шыңғырлау

-

5

20

Жиынтығы:

36

70

110

Бағдарламада облыстың негізгі астықты аудандарында өндіріске жаңа технологияны қолдануды кезең-кезеңмен кеңейтуді көзделген. 2003 ж-36 мың гектарда, 2004ж -70 мың гектарда, 2005 ж-110 мың гектар алқапта қолдану белгіленген.


Күтілетін нәтиже:

бәсекеге қабілетті өсімдік өнімдерін өндіруді молайту;

ғылыми негізделген ауыспалы егісті игеру;

ылғал қорларын сақтау технологиясын енгізу топырақтың құнарлығын сақтап, дәнді- дақылдар егістігінің өнімділігін 30 пайызға дейін ұлғайту, бұл қосымша 25 мың тоннадан астам астық алуға мүмкіндік береді;





      1. Тұқым шаруашылығы

Тұқым шаруашылығының жай –күйі


Қазіргі кезде облыста тұқым өндіру 3 буынынан: бастапқы, элиталық және жоғарғы тұқымды қалыптастыруды көбейту. Бастапқы және элиталық тұқым шаруашылығы «Орал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» РМҚК-на жүктелген, ал жоғарғы қалыптастыру тұқымдарды көбейту 12 тұқым шаруашылығына берілген.

Егер бидай, арпа сияқты дақылдар бойынша бастапқы және элиталық тұқым шаруашылығы жұмыс істеп тұрса, ал дәнді-бұршақ тұқымдастар мен азықтық және картоп тұқымдары бойынша жұмыс жүргізілмей отыр. Соңғы жылдары шашылған тұқымдардың сапасы төмендеп, тексерілмеген тұқымдардың көлемі көбеюде.

14-ші кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет