Баудиярова қҰралай батырбекқызы оңтүстік Қазақстандағы бірұлтты және ұлтаралас некелердің тұрақтылығы мен сақталу мәселелері



бет3/3
Дата16.06.2016
өлшемі447.35 Kb.
#139298
түріАвтореферат
1   2   3

ҚОРЫТЫНДЫ
Оңтүстік Қазақстанда, тіпті республика бойынша қазір 1989 жылмен салыстырғанда некеге тұрушылардың санының азайғандығын көреміз. Оған қоса неке құру жасының біршама өскендігі байқалады. Қыздар көбіне 18-24 жас, ал ерлердің басым бөлігі 20-29 жас аралығында некеге отырады. Зерттеу мәліметтерінің негізінде неке тұрақтылығына әсер ететін мынадай факторларды анықтадық. Біріншіден, некенің тұрақты болуына этникалық құндылықтар, оның ішінде ата-анаға, үлкендерге, отбасы мүшелеріне деген құрмет әсер етеді. Аталған бағыт барлық құндылықтарды сақтаған жоғарғы ұрпақ өкілдері бар үш-төрт ұрпақты отбасыларда кең тараған. Екіншіден, біздің субъективті көзқарасымыз бойынша неке құндылығы жұбайлардың өскен этникалық ортасында қалыптасады. Мысалы, қазақтар шоғырланған аудан және ауылдық жерлердегі отбасының тұрақты болуына туысқандары, тіпті қоғам әсер етеді. Жоғарғы буын өкілдері бар ортадағы этникалық тәртіп отбасының тұрақты болуын қадағалайды. Бұл ережелерден бас тартқан жұбайлар сыртқы ортаның сөгісіне қалады.

Неке тұрақтылығына әлеуметтік, экономикалық-материалдық, шаруашылық-тұрмыстық, білімдік және мәдени, көршілік, достық, кәсіпкерлік байланыстар әсер етеді. Аталған факторлардың ішінде 1980 жылдардың екінші жартысынан, яғни «қайта құрудан» басталған экономикалық фактордың орны ерекше. Бұл ауыр бағыт 1990 жылдардың басынан бастап нарықтық қатынасқа көшкен республика, әсіресе ауыл тұрғындары үшін ауыр тиді. Біз зерттеп отырған Оңтүстік Қазақстан өңірінде тұрақты жұмыспен ер адам айналысып, әйел адам үй шаруашылығы, бала бағумен үйде отырды. Нарықтық экономика салдарынан ауылды жерлерде отбасын асыраушы ер адамдардың біразы тұрақты жұмысынан айрылды. Нәтижесінде неке тұрақтылығының бұзылуына жол ашылды. Осы кезеңдердегі барлық қиыншылықтар отбасының жағдайына, оның ішінде неке тұрақтылығына кері әсерін тигізді. Біріншіден, бұл отбасылардың объективті және субъективті қиыншылықтарға қарсы тұруына қиын болды. Екіншіден, отбасындағы дағдарыс әлеуметтік-аралас жұптарды да қамтыды. Жұбайлардың қалыптасқан статустары өзгеріске ұшырады. Өтпелі кезеңде әр түрлі қиыншылықтарға тап болды. Сондықтан оны барлығы дұрыс алып жүре алмады. Бұл олардың арасындағы қарым-қатынасқа әсер етті.

Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша біз тұрақты некемен қатар, тұрақсыз отбасыларды кездестіреміз. Нақты дәлелсіз бірұлтты немесе ұлтаралас тұрақты деп айта алмаймыз. Бұл жерде объективті сипат қажет. Біз зерттеген Оңтүстік Қазақстандағы этностардың мысалында мынадай бағыттарды көрсетуге болады. Бұл аймақтағы жергілікті қазақ этносы үшін зерттеу мәліметтері негізінде бірұлтты неке тұрақты. Әрі қарай тұрақтылыққа байланысты түркі этностарынан – өзбек, татар, ұйғыр, қырғыз, азербайжан, түрік, башқұрттан тұратын ұлтаралас неке тұрақты. Еуропалық этностар – орыс, украин, белорус, поляк, неміс, еврейден тұратын ұлтаралас неке тұрақсыз. Бұл этномәдени қарама-қайшылықпен қатар, ата-ана, туысқандарының ұлтаралас отбасына қарсы болуының нәтижесі.

Ұлтаралас некеге отыру объективті және субъективті факторларға байланысты түсіндіріледі. Біріншіден, республикамыздың тарихи, этномәдени дамуының нәтижесі. Бұл жылдар, ғасырлар бойғы Қазақстан халқының көпұлтты мемлекетке айналуы. Ол түрлі этникалық, антропологиялық, мәдени-тұрмыстық көрсеткіштерді бойына сіңірген көптеген этностардың араласу орталығына айналды. Бұл шығу тегі, діні, мәдениеті жақын этностардың (шығыссловян халықтары орыс, украин, белорус немесе түркі тілдес халықтардың арасындағы қазақ, өзбек, татар, ұйғыр арасындағы) ұлтаралас отбасын құруына әкелді. Этномәдени көрсеткіштері қарама-қайшы европалық этноспен түркі этносынан құралған отбасылардың тұрақты неке құруы қиын. Себебі, жұбайлардың отбасылық тәрбиесі, мәдени құндылықтары екі бөлек. Керісінше, туысқан этностармен құрған ұлтаралас отбасының тұрақты болуы әбден мүмкін. Екіншіден, саны жағынан аз этностардың неке құруда өз этносының өкілінен екінші жұбын таңдаудағы шектеулік. Кеңестік саясат негізінде күшпен Қазақстанға көшірілген басқа ұлт өкілдері саны аз болғандықтан басқа ұлт өкілдерімен некеге отырады. Үшіншіден, махаббат, рухани қажеттілік сияқты субъективті факторлардың болуы. Егер Кеңес үкіметі кезінде көптеген этностардың арасында титулды этнос орыстармен некеге отыру жиі көрініс берсе, XX ғасырдың 90 жылдарынан бері қарай керісінше бағыт орын алды. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері біз зерттеп отырған Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша жергілікті титулды қазақ этносымен некеге отыру көбейді.



Диссертациялық жұмыстағы бұл және т.б. мәселелерді көрсетудегі мақсатымыз неке тұрақтылығын анықтап ғана қоймай, толық емес отбасылардан шыққан балалардың жан-жақты дамып, өсуіне жағдай жасауға көмектесу, жастардың халыққа деген сүйіспеншілік қасиеттерін бойларына сіңіруге үлес қосу. Соған байланысты елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Жаңа жалпықазақстандық патриотизмнің іргетасын қалап, біздің Отанымыздың көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың, балаларымыздың тамаша келешегі бар екеніне сенімдімін. Біз бірлесіп ойға алғанды орындап шығамыз» – дейді [21]. Егеменді еліміздің азаматтарына ұлттық рух, Отан сүйгіштік тілейміз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Арғынбаев Х.А. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996. – 288 б.

  2. Байсақал Н. Отбасының бүтіндігі – бүгіннің өзекті мәселесі: Алматы қаласы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссиясы жүргізген әлеуметтік зерттеулер қорытындысы // Алматы ақшамы. – 2006. – 17 қаңтар.

  3. Диваев Ә.А. Сырдария облысы қазақтарының үйлену рәсімі туралы бірнеше сөз // Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. – Алматы: Арыс, 2006. – Т. 2. – 202-208-бб.

  4. Сабитов Н.С. Общественная жизнь и семейный быт казахов-колхозников (По материалам Алма-Атинской и Джамбульской областей) // Труды Института истории, археологии и этнографии АН Каз ССР. – 1956. – Т. 3. Этнография. – С. 190-230.

  5. Чебоксаров Н.Н. Комплексная антрополого-этнографическая экспедиция в Казахстане // Краткие сообщения Ин-та этнографии АН СССР. – 1949. – Т. 6. – С. 9-19.

  6. Корбе О.А. Программа этнографического изучения казахского колхозного аула // Краткие сообщения Ин-та этнографии АН СССР. – 1949. –
    Т. 6. – С. 37-46.

  7. Кармышева Д.Х. Семья и семейный быт // Культура и быт казахского колхозного аула. – Алма-Ата, – 1967. – С. 173-242.

  8. Шәлекенов У.Х. Казахи низовьев Амударьи. К истории взамоотношений народов Каракалпакии в 18-20 вв. – Ташкент: Фан, 1966. – 336 с.

  9. Евстигнеев Ю.А. Межэтнические браки в сельских районах северного Казахстана // Вопр. истории СССР. – М., 1972. – С. 466-474.

  10. Жакипова А. Развитие семейно-брачных отношений в Казахстане. – Алматы: Наука, 1971. – 232 с.

  11. Асанканов А.А. Социально-культурное развитие современного киргизского сельского населения. – Фрунзе: Илим, 1989. – 212 с.

  12. Кауанова Х.А. Образ жизни и быт рабочих семей. – Алматы: Наука, 1982. – 168 с.

  13. Кондратьев В.С., Калышев А.Б. Этносоциологическое исследование в Казахской ССР (методика и инструментарий) // Всесоюз. науч. сессия по итогам полевых этнограф. и антрополог. исслед. 1988-1989 гг.: тез. докл. – Алма-Ата, 1990. – Ч. 1. – С. 37-38.

  14. Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов. – Алматы: Ғылым, 1991. – 231 с.

  15. Әжіғали С., Байғабатова Н. Жетісу қазақтарының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары // Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. – Алматы: Арыс, 2005. – 175-200-бб.

  16. Калыш А.Б. Межнациональные браки в г. Алматы // Казахстан: этнография современности. – Алматы, 1995. – С. 23-31.

  17. Гриценко В.В. Факторы устойчивости национально-смешанных и однонациональных браков: Автореф. дисс. ... канд. ист. наук. – М., 1998. – С. 6-9.

  18. Жаназарова З.Ж. Современная семья в Казахстане и ее проблемы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 257 с.

  19. Краткие итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан: статист. сб. – Алматы: Гос РК по стат., 1999. – 211 с.

  20. Калыш А.Б. Дети и подростки в разведенных семьях // Вестн. КазГУ. – Серия историческая. – 2002. – № 2 (25). – С. 65-67.

  21. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егеменді Қазақстан. – 2007. – 1 наурыз.


ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША

ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ
1 Оңтүстік Қазақстандағы ұлтаралас отбасы тұрақтылығына әсер ететін факторлар // ҚазҰУ Хабаршысы. – Тарих сериясы. – 2003. – № 1 (28). – 151-153-бб.

2 Оңтүстік Қазақстандағы ауыл тұрғындарының отбасы құрамы // Қазақстан халықтарының мәдени мұраларын насихаттау мен зерттеудің өзекті мәселелері: Республикалық ғылыми конференция материалдары. – Алматы, 2004. – 61-66-бб.

3 Ұлтаралас некедегі ажырасу себептері және ондағы балалардың ұлтын таңдауы // Қазақстан және қазіргі әлем мәселесі: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2005. – 16-20-бб.

4 Неке тұрақтылығына ішкі отбасылық фактордың әсері // Қазақстан жалпы адамзаттық тарихи ойлау аясында: Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары, 25-26 мамыр 2005 жыл. – Алматы, 2005. – 480-484-бб.

5 Неке тұрақтылығын анықтау тәсілдері // ҚазҰУ Хабаршысы. – Тарих сериясы. – 2005. – № 1 (36). – 129-132-бб.

6 Оңтүстік Қазақстандағы неке және отбасының жағдайы // Жас ғалымдардың қазіргі кездегі ғылыми еңбектері: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары, 23 желтоқсан 2005 жыл. – Астана, 2006. – 145-147-бб.

7 Оңтүстік Қазақстан қазақтарының үйлену тойына байланысты әдет-ғұрыптарындағы ерекшелік // Отандық және әлемдік тарихтың маңызды мәселелерін қазіргі көзқарас тұрғысынан талдау: Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары, 25-26 мамыр 2006 жыл. – Алматы, 2006. – 585-589-бб.

8 Бала тәрбиесі және ажырасқан отбасылардағы жасөспірімдердің жағдайы // Гуманитарлық ғылымдар саласындағы жас ғалымдардың инновациялық идеялары: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары, 11 қараша 2006 жыл. – Астана, 2006. – 66-69-бб.

9 Оңтүстік Қазақстандағы ұлтаралас неке // ҚазҰУ Хабаршысы. – Тарих сериясы. – 2007. – № 1 (44). – 134-136-бб.

10 Ажырасуға әсер ететін факторлар және одан шығудың жолдары // Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары, 26 мамыр 2007 жыл. – Астана, 2007. – 73-77-бб.

11 Неке тұрақтылығына отбасындағы әлеуметтік-экономикалық және рухани жағдайлардың ықпалы // Отан тарихы. – 2007. – № 1. – 205-217-бб.

12 Неке тұрақтылығына ислам дінінің әсері // Отан және әлем тарихы XXI ғасырда: Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары, 22-23 қараша 2007 жыл. – Алматы, 2007. – 358-360-бб.

13 Оңтүстік Қазақстан бойынша ажырасудың статистикалық көрсеткіші // ҚМҚызПИ Хабаршысы. – Тарих сериясы. – 2008. – № 2. – 135-139-бб.

РЕЗЮМЕ
автореферата диссертации на соискание ученой степени

кандидата исторических наук по специальности

07.00.07 – этнография, этнология и антропология
БАУДИЯРОВА КУРАЛАЙ БАТЫРБЕКОВНА
Факторы устойчивости и стабильности однонациональных и национально-смешанных браков в Южном Казахстане
Цели и задачи исследования. Фактический историографический анализ показал, что научные работы, посвященные раскрытию особенностей семейно-брачных отношений в Южном Казахстане, не смогли в полной мере охватить все аспекты данного вопроса. Это, в первую очередь, связано с факторами, влияющими на стабильность однонациональных и национально-смешанных браков в моноэтнических и полиэтнических районах. Опираясь на историко-этнологические, этносоциологические материалы и сведения, собранные в исследуемом регионе, нами была предпринята попытка определить стабильность брака. Поднятая в работе проблема рассматривается с социально-исторической точки зрения. Для достижения цели были поставлены следующие задачи:

- подвергнуть анализу основные обязанности семьи, определить характерные национальные и современные связи, раскрыть содержание современной семьи;

- показать новые направления в межнациональных отношениях и межнациональном развитии брака;

- подвергнув анализу фактические статистические данные, подробно остановиться на особенностях национально-смешанных браков;

- определить возраст, виды заключения и стабильность брака в брачных отношениях;

- рассмотреть психологическое состояние детей в неполных семьях.



Актуальность темы. Исследование казахской семьи и брачных отношений с точки зрения этнографии имеет важное значение как для науки, так и для повседневной жизни. Переживший сложный переходный период рыночных отношений в Казахстане брак и семейное положение нуждаются в историко-этнографическом и этносоциологическом рассмотрении и изучении. Для будущего устойчивого развития Казахстана брак и семейные отношения в нем должны быть стабильными.

Объектом исследования является стабильность брака в Южном Казахстане. Это связано, во-первых, с тем, что в данном регионе в значительной степени соблюдаются обряды, обычаи и традиции казахского народа. Во-вторых, в нем наряду с казахами проживают представители других национальностей (узбеки, русские, курды, таджики и пр.). Стабильность брака и вопросы улучшения формирования брака, связанные с рождением ребенка, то есть демографией, имеют важное государственное значение. Формирование брака, внутрисемейные отношения, семейный состав, динамика развития исследуемого населения рассматриваются с точки зрения этнических особенностей. В процессе исследования национально-смешанного брака можно охватить в широком понимании как этнодемографические, так и этносоциологические процессы. Межнациональные процессы и этнокультурный характер, определение его динамики, места семейно-брачных отношений в развитии современного общества свидетельствуют об актуальности темы.



Научная новизна диссертации заключается:

- во-первых, в том, что в ней всесторонне рассматриваются место и особенности современной однонациональной и национально-смешанной семьи Южного Казахстана;

- во-вторых, исследованы факторы, влияющие на стабильность брака в Южно-Казахстанской, Жамбылской и сравнительно в Алматинской и Кзылординской областях названного региона;

- в-третьих, с учетом социально-демографических и территориальных показателей в определении факторов, влияющих на устойчивость, определена стабильность брака в Южном Казахстане;

- в-четвертых, изучены семейные расхождения в убеждениях и развод на примере Южного Казахстана.

Результаты исследования.

1. Мы видим, что в 1999 году по сравнению с 1989 годом количество вступивших в брак, уменьшилось. Девушки вступают в брак в 18-24 года, а юноши – в 20-29 лет.

2. В Южно-Казахстанской области часто встречаются национально-смешанные браки, что составляет 3-5% от общего числа зарегистрированных браков.

3. На стабильность брака влияют обычаи, традиции, состав семьи, внутрисемейные отношения, духовные запросы, социально-экономические и другие факторы.

4. На нестабильность брака в основном влияют социально-экономические, психологические и физиологические факторы. Высокие показатели развода встречаются в городах, крупных полиэтнических поселениях, а низкие – в сельской местности, особенно – в моноэтнических населенных пунктах, а также среди коренного казахского населения.

Диссертация состоит из введения, трех глав, заключения, списка использованной литературы и приложений.

RESUME
abstract of dissertation in search for the science degree

of the candidate of historical science, i.e.: specialty-

07.00.07 – ethnography, ethnology and anthropology.
Baudiyarova Kuralay Batyrbekovna
Factors of firmness and stability of mono-national and

mixed-nationality marriages in Southern Kazakhstan


Aims and objectives for the research. Factual historiography analysis showed that the scientific studies dedicated to the disclosure of the features of family-marriage relations in Southern Kazakhstan could not cover in full all the aspects of this issue. This is primarily due to the factors which affect the stability of mono-national and mixed-nationality marriages in the mono-ethnic and poly-ethnic regions. Relying on historic-ethnological, ethnosociological materials and information gathered in the explored region we undertook the attempt to determine the stability of marriage. The problem raised in this work is considered from a social history point of view. To achieve our purposes were set the following tasks:


  • to analyze the basic responsibilities of a family, to determine distinctive national and contemporary connections, to disclose the content of contemporary family;

  • to show new trends of the interethnic relations and interethnic development of marriage institution;

  • upon the analysis of factual statistical data, to thoroughly consider the details of mixed-nationality marriages;

  • to determine the age, forms of conclusion and stability of marriage in marital relations;

  • to examine psychological state of children in the incomplete families.

Actuality of the project. The study of a Kazakh family and marital relations, from the ethnographic point of view, is of great importance to both the science and to the daily life. Marriage institution and marital status in Kazakhstan has survived a difficult transitional period of market relations in and in great need of historic-ethnographical and ethnosociological consideration and research. Marriage and family relations must be stable for the future steady development in Kazakhstan.

The subject of this study is the stability of marriage in Southern Kazakhstan. First of all this is due to the fact that in this region customs, rituals and traditions of Kazakh people are held to a great degree. Secondly, in the region, next to Kazakhs dwell the representatives of other nationalities (Uzbeks, Russians, Kurds, Tajiks etc.) The stability of marriage and the issues of its improvement of marriage formation are connected to the birth of a child (demography) and of great priority. Marriage formation, intra-family relations, family composition, dynamics of the development of population studied are considered inclusive of ethnic aspects. It is possible to cover ethnodemographical and ethnosociological processes as a result of studying of mixed-nationality marriage. Interethnic process and ethnocultural character, determination of its dynamics, place of family-marriage relations in the development of contemporary society all are indicative of actuality of this project.



The scientific novelty of dissertation consists of:

  • 1st in it details, examined the place and the peculiarity of contemporary mono-national and mixed-nationality family of Southern Kazakhstan;

  • secondly, the factors investigated, which have influence on stability of marriage in Southern Kazakhstanean and Zhambylskoy compared to Almatinskie and Kzylordinskie regions of the named area;

  • thirdly, taking into account social-demographic and territorial indicators for the determination of the factors which influence stability of marriage in Southern Kazakhstan;

  • fourthly, on the example of Southern Kazakhstan, family conflicts followed by divorce are studied.

Results of study:

  1. We see that in 1999 compared to 1989 quantity of the married decreased. Girls get married when they are 18-24 years old and males in their 20-29‘s.

  2. In the Southern Kazakhstan nation-mixed-nationality marriages are often encountered. Their portion comprises 3-5% of the total number of registered marriages.

  3. Customs, traditions, composition of family, intra-family relations, spiritual demands, social and economic and other factors have influence on the stability of marriage.

  4. Social economic, psychological and physiological factors have a great influence on the instability of marriage. The high values of divorce are encountered in the cities, the large poly-ethnic settlements while the low ones are in the rural districts, especially in the mono-ethnic populated areas as well as amongst the native Kazakhs.

Dissertation consists of introduction, three chapters, conclusion, references used and addendum documents.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет