- Мәтінге сәйкес келетін мақал
Әр құс өз ұясын жақсы көреді.
Бірі - барлығы үшін, барлығы - бірі үшін
Құс патшасы – бүркіт, аң патшасы – арыстан
қыста қысыл, жазда жадыра
- Мәтінде қарамен берілген -
салыстыру
бейнелеу
метафора
эпитет
-Суықторғайлар қалай мекендейді?
топтасып
жалғыз
үйірімен
жұбымен
- Суықторғайлар қайда сұлулық береді?
қысқы табиғатқа
жазғы табиғатқа
күзгі табиғатқа
көктемгі табиғатқа
Қатты аязда суықторғайлар .…
ағашта қозалмай отырады
ағаштан ағашқа ұшады
жерге түседі
жорғалап жүреді
Үйірден бір суықторғай қақпанға түсіп қалса, қалғандары қайтеді?
жерге қонады
ағашқа қонады
бұталарда отырады
құтқаруға асығады
3.Әйгілі жазушы Г.Бельгер: «Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі - шабытымның үш қайнар бұлағы», - деген екен. Бүгінгі күні бірнеше тілді қатар игерген адамдар саны күн санап артуда деп әбден айтуға болады. Ондаған тілдерді қатар үйренуге қабілетті адамдарды «Полиглот» деп атайды.
Орыс жазушысы А.П.Чеховтың «Бірер тіл білмеген адам өзін құжатсыз жандай сезінеді» деген қанатты сөзі бар. Көп тіл игергісі келетіндерге бірнеше кеңес:
1) Үзбей жаттығу. Атақты неміс археологы Генрих Шлиман үнемі жаттығуының арқасында күніне прозалық мәтіннің жиырма бетін жаттап алуға қолы жеткен. Ол орыс тілін 6 апта ішінде үйренген.
2) Алдымен негізгі тілдерді, ал содан кейін сол тілдерге жақын тілдерді үйрену қажет екен. Әрине, адам көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады.
3) Ең бастысы - қорықпау керек. Тілді үйрене жүріп, өз ойыңызды сол тілде түсіндіруге тырысу керек. Үйреніп жүрген тілде сұрақ қоя отырып, тіл білетін және өзіңізге көмек көрсете алатын адаммен барынша көбірек сөйлесіңіз.
4) Музыканы көбірек тыңдап, есту қабілетіңізді дамыта беріңіз. Өйткені ол – шетел тілін үйренуде жақсы көмекші.
Олай болса, достар, полиглот болғыларың келсе, тек алға ұмтылыңдар! Антик философтарының «тілді бесіктегі деміңнен соңғы деміңе дейін үйренсең де аз» дегенін ұмытпайық!
|