Баяндама Мектеп физика курсында белсенді оқыту әдістерін қолдану



бет4/5
Дата11.12.2022
өлшемі29.96 Kb.
#467007
1   2   3   4   5
Мектеп физика курсында белсенді оқыту әдістерін қолдану

Миға шабуыл. Шығармашылық белсенділікті және жаңа идеяларды тез жасау іскерлігін дамытудың әдісі. Қолданылу уақыты: проблеманың шешімін табу үшін; жаңа тақырыпты ұсыну және оқушылардың іс-әрекетін өзектілеу, берілген проблемаға оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін. Әдістің басты міндеті – танымдық іс-әрекетті белсендендіру және оқушыларды өнімді оқыту процесіне қатыстыру. Технологиясы: сипаты бойынша әртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып берілген сұрақ немесе зерттелетін проблема бойынша көп идеялар жинақтау. Идеялар сыналмайды және комментарий берілмейді.
Миға шабуылды ұйымдастыру ережелері:
1. Миға шабуыл уақытында сыныптың барлық оқушылары қатысады.
2. Ұсынылған идеяларларға комментарий берілмейді және сынға алынбайды.
3. Идеяны нақтылау және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады.
4. Миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды.
5.Проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.
6. Ойлар нақты және қысқа болуы керек.
Іскерлік ойындар әдісі - бастапқыда білім саласында емес, басқарудың практикалық сферасында пайда болған. Қазіргі таңда түрлі практикалық салада қолданылуда: зерттеу жұмыстарында, жобалау жұмыстары барысында, өндірістік жағдайларда, ұжымдық шешім қабылдауда, сондай-ак, әскери істерде қолданылады. Қазіргі іскерлік ойындар ерте замандарда әскери ойындар әдісі ретінде соғыс тәсілдерін меңгеру үшін қолданылған. Яғни, командирлерді соғыстағы басқару әдістеріне, әскерлерді кескілескен майдан даласында өзін қорғауға үйретеді. Жоғарғы оқу орындарында іскерлік ойындар басқару әрекеттерін оқытуда қолданылады. Сондықтан да, бұл әдіс «басқарудың іскери ойындары» деп те аталады. Әлеуметтік –психологиялық тренинг- қарапайым түсініктегі жаттығу ғана емес, бұл нақты бір дағдыларды игеру ғана емес, тұлғаның адамдармен қарым-қатынас жасаудағы бағыттылығын белсенділігін, құзыреттілігін қалыптастыру, топтың әлеуметтік-психологиялық нысана ретінде даму деңгейін арттыру мақсатын көздейді. Студенттер педагогикадағы оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы, өзіндік бағасының дамуы оның әлеуметтік дамуына, болашақта қажетті дағдыларды жинақтауына, еңбекке бейімделуіне, өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына жағдай жасайды. Осы тұста Абай атамыздың: Іздеген жетер мұратқа, Өзіңе сен,өзіңді алып шығар. Еңбегің мен ақылың екі жақтан,- деген сөздерін мысалға келтіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет