Баяндама «отбасы – ТӘрбие бастауы»



бет2/3
Дата30.09.2024
өлшемі25.12 Kb.
#504128
1   2   3
Баяндама ата аналар жиналысы 1ші

Ата–аналардың міндеті

  1. Бала тәрбиесі негізі ата-анада жатқанын естен шығармауға;

  2. Мектеппен байланыста болып, баланың сабақтан қалмауын, кешікпей келуін қадағалауға;

  3. Балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың рухани дамуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға;

  4. Баланы оқулықтар мен басқа оқу құралдарымен толық қамтамасыз етуге;

  5. Салауатты өмірді насихаттауда баласына үлгі көрсетуге;

  6. Баланың жеке басын қорлайтындай жаза қолданбауға;

  7. Мұғалімдердің құқын, беделін, абыройын сыйлауға;

  8. Көше ережелерін сақтауды еске салып тұруға;

  9. Үнемі сынып жетекшісімен тығыз байланыста болып, ата–аналар жиналысына қатысып отыруға.



12-17 жас аралығында бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға кеңес:
Егер жасөспірім балаңыз туралы мазасыздана бастасаңыз, онда сізге өміріңізді өзгертіп, басқаша көзбен қарайтын уақыттың жеткені.
Алдымен балаңыз жасөспірім кезеңге аяқ басқанда оның бойында қандай өзгерістер болатынына назар аударайық. Сырт келбеті өзгереді. Жасөспірім үшін жаңа өзгерген дене бітімімен өмір сүру аса маңызды болып табылады. Оның үстіне сырт келбетке көпнәрсе байланысты екенін ұмытпайық. Әдетте әйел адам үшін уақыт өткен сайын ер адамның ақыл-парасаты маңызды болса, ер адам үшін әйелдің сұлулығы басты мәселе болып қала береді. Сондықтан бойжетіп келе жатқан қызыңыздың өзін, бет-әлпетін күтуіне баса назар аударыңыз. Жасөспірімдердің өзін салыстыра бастайтын өз сұлулық эталоны болатынын естен шығармаңыз. Кейде тіпті сырт келбеті оның келешек өміріне де әсер етуі мүмкін. Сондықтан олар көпшіліктен ерекшеленіп, көзге түсуді ойлайды.
Тәрбиеге қатысты кеңестер
Баланың тәрбиесін қолға алғанда жаман көңіл-күймен бастаған дұрыс емес.
Ең алдымен баладан не талап етесіз,сонны жақсылап анықтап алыңыз және балаға түсіндіріп, осы ұсынысқа қалай қарайды сол жайлы біліп алыңыз.
Балаңызға еркіндік беріңіз.Әрбір қадамын тексермей, тек қана тәрбиелей біліңіз.
Балаңызға дайын шешімді шеше білуге көмектеспеңіз, керісінше оған жетудің жолын көрсетіңіз, уақыты келгенде балаңызбен мақсатқа жетудің шынайы және өтірік қадамдарын ажыратыңыз.
Балаңыздың ең алғашқы арманына жеткен уақытты жіберіп алмаңыз.
Уақытында ескерту жұмыстарын жасаңыз, жағдайды бағалаңыз, содан соң пауза жасап, естілген сөздерді қабылдауға мүмкіндік беріңіз. Ең алдымен жеке тұлғаны емес, ал жағдайды бағалау керек. Баланың жасаған қателіктеріне қарамастан, балаға мейірім көрсетіңіз, жанынан табылыңыз.
Тәрбие бірнеше кезеңдерден тұрады. Тәрбие қатал болуы керек, сонымен қатар мейірімді де.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет