Сценарий 2023-2024 оқу жылы «мектебім-мейірім мекені»



бет1/3
Дата04.01.2024
өлшемі33.35 Kb.
#488460
түріСценарий
  1   2   3
1 қыркүйек сценарий Байғазы ом




«Бекітемін»
Мектеп директоры: А.Исабекова



«Байғазы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» тақырыбындағы алғашқы қоңырау салтанатты іс-шарасына арналған сценарий

2023-2024 оқу жылы
«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» тақырыбындағы салтанатты іс шара

Өтетін күні 1 қыркүйек 2023жыл


Өтетін орны мектеп ауласы
Басталуы: 9:00
Аяқталуы: 9:40


Безендіріледі
(мектептің кіре беріс екі жақ қанаты безендіріледі, баннер, жұлдызшалар , шарлар ілінеді)
Фанфар ойнайды


Жоспар
Салтанатты жиынының реті

  1. Алаңды безендіру;

  2. Оқушыларды сапқа тұрғызу;

  3. Фанфары жіберу ;

  4. Ашық деп жариялау;

  5. 1-сынып оқушыларын шақыру

  6. Ту кіргізу

  7. ҚР Мемлекеттік Гимні;

  8. Қонақтармен таныстыру;

  9. Директорға сөз;

  10. Қонақтарға сөз;

  11. Музыкалық номер;

  12. 1-сыныптардың құттықтауы /композиция/

  13. Музыкалық номер;

  14. Алғашқы қоңырау салтанаты;

  15. Ту шығару

  16. 1-сыныптарды шығарып салу;

  17. Жабық деп жариялау;



Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар , оқушылар !
Бүгін 1 қыркүйек-білім күні. Тәуелсіз еліміз-Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн.
Жүргізуші: Баршаңызды 1-қыркүйек Білім күнімен құттықтай отырып, бүгінгі «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» тақырыбындағы салтанатты іс шарамызды ашық деп жариялаймыз.
Міне білім күні де келді! Білім- игілік пен бірлік, байлық пен дәулеттің негізгі көзі. Кемел келешекке қадам басқан Тәуелсіз қазақ елінің әрбір азаматы терең біліммен қаруланып, туған жерінің айбыны, мектептің мақтаны болуға міндетті. Бұл білім күні әсіресе, мектеп өмірінің маңызды кезеңі. 1-сынып оқушылары үшін аса ұмытылмайтын күн.
Жүргізуші:
Мектеп – анаң бүгіннен,
Мектеп алтын босағаң.
Мектеп берген біліммен,
Марқаясың жас адам, - демекші ортамызға 1- сынып жетекшісі мен оқушыларымызды құрметпен шақырайық. 1-сынып жетекшісі Баратова Жанна Имиржанқызы. Педагог- Сарапшы. Еңбек өтілі 18 жыл. Оқушы бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіре отырып, олардың туған тілі мен дәстүрінің қадір-қасиетін дарыта білген,талай шәкірттерді білім нәрімен сусындатқан, білімді де, білікті ұстаз.
1-сынып оқушылары:
Нұртілеу Нұрдаулет
Қуаныш Жанайым
Сейсенбай Жәнібек
Темірхан Айсана
Досжан Еркежан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет