Баяндама тақырыбы: «Ж. Аймауытов: ұлттық психология» «Психология»


Бұл пікір ұлт тілінің абыройын көтеру жөніндегі бүгінде жүргізіліп жатқан шаралармен терең үндесетін айқын ақиқат



бет4/4
Дата24.01.2024
өлшемі35.06 Kb.
#489704
1   2   3   4
55Ж.Аймауытов ұлттық психология ДЛЯ себя (1)

Бұл пікір ұлт тілінің абыройын көтеру жөніндегі бүгінде жүргізіліп жатқан шаралармен терең үндесетін айқын ақиқат.
Қорыта айтқанда, Жүсіпбек Аймауытов – психологияның сан түрлі мәселелерін көтере отырып, ғылымның төл атауларын жасаған ұлы қайраткер, шәкірттердің жеке тұлғалық қасиеттерімен санаса отырып, сәйкес мамандық таңдау маңыздылығын сол кездің өзінде-ақ күн тәртібіне қоя білген кемеңгер ұстаз.
Осы тұста, саналы ғұмырын білім-ғылым, оқу-ағарту саласына арнаған ғалым-ұстаз 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының оқытушысы, әрі директоры болып қызмет атқарғанын да айта кеткеніміз жөн.
Ал енді, сөз соңында, алаш зиялысы Ж.Аймауытовтың мына сөзі біз айтқымыз келген ойды түйіндеп тұрғандай:  «Қазақ күнелту жағының мәдениетінен мешеу қалса да, ақыл, қиял сезім жағына, білім тілімен айтқанда рух мәдениетіне кенде емес екендігі оның терең әдебиеті мен мәдениетінен танылып отыр. Қазақстан жерінің астында асыл қазына, кен байлығы мол деп аңыз қылысады. Сондай мол қазына қазақ елінің ішінде де жатыр. Ол не десеңіз – әдебиет, ән, күй. Күн көру тәсілін сырттан жұқтырып үйрене беруге болады. Рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беруге болмайды. Алса да, халықтың көкейіне көпке дейін қонбайды. Ендеше, өзіміздің бар дәулетті жарыққа шығарып, іске жаратуға талпыну керек» дейді. Міне, ұлттық психологияны дәріптеу мен дамыту ісінде оның іргетасын берік етіп қалап кеткен ғалым Ж.Аймауытовтың еңбектері мен идеяларын замана талабына сай жаңарта, жаңғырта отырып іске жарату да – сергек саналы жас ұрпақ, мына біздер үшін ұлы мұрат іспеттес.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет